Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет56/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

  
238
  
Бұқаралық ақпарат 
құралдары ашықтыққа 
ықпал етеді, ал ашықтық 
сыбайлас жемқор-
лықпен күреседі
Сыбайлас жемқорлық
Соңғы  он  жыл  ішінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  тәсілдері  туралы  көптеген 
зерттеулер  жүргізілді  және  оның  қорытындысы  мынадай: 
Бұқаралық  ақпарат  құралдары  ашықтыққа  ықпал  етеді,  ал 
ашықтық сыбайлас жемқорлықпен күреседі. 
Бүкіләлемдік  банк  дамушы  елдердегі  сыбайлас  жемқорлық 
мәселелері бойынша алдыңғы қатарлы сарапшы болуы мүм-
кін.  Банк  дамудың  барлық  саласын  қамтиды  және  сыбай-
лас жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың дамуына ықпал 
етеді. Ол, сондай-ақ, 50-ден аса мемлекетте үкіметтік рефор-
маларды жүзеге асыруға жәрдемдеседі.  
Дегенмен,  банк  басшылары  уақыт  өте  келе  «жергілікті 
дауыстарға» назар аудару керектігін түсінді. Сол арқылы аза-
маттар  үкіметпен  кері  байланыс  орнатады:  БАҚ,  ҮЕҰ  және 
азаматтық қоғам топтары.  
Осы тақырып бойынша есепте банк мынадай қорытынды жа-
сады: «Дұрыс басқаруды ынталандыру үшін және сыбайлас 
жемқорлықты  қадағалау  үшін  БАҚ  маңызды  рөл  атқарады. 
Ақпарат  құралдарының  тиімділігі  ақпаратқа  қол  жетімділік 
пен сөз бостандығына, сондай-ақ зерттеуші журналистердің 
кәсіби және этикалық құрамына тәуелді». 
13-тарау: Экономикалық журналистика


  
239
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Сыбайлас жемқорлық 
оқиғаларын жария етуші 
журналистер репортаж 
жасаған уақытта негізгі 
принциптерден аттамай, 
нақтылы деректерге 
сүйенеді. Соған қарамастан, 
қиындық пен қауіп 
арта түседі 
Басқа  зерттеушілер  де  осы  тәрізді  қорытындыға  келді. 
«Транспарэнси  интернэшнл»  тәуелсіз  ұйымы  өздерінің  сы-
байлас  жемқорлық  индексін  Бүкіләлемдік  еркін  баспасөз 
индексімен салыстырған уақытта екеуінің де БАҚ неғұрлым 
күшті  және  тәуелсіз  болған  сайын  сол  елде  сыбайлас 
жемқорлық аз болады деген тұжырым жасағаны анықталған.   
БАҚ  көзге  көрінетін  және  көрінбейтін  пайда  әкелуі  мүмкін. 
Мысалы, министрді әшкерелеу арқылы жұмыстан кетіру не-
месе  саясаткерлер  арасында  белсенді  қоғамдық  пікірталас 
тудыру.  
Сыбайлас  жемқорлықты  жариялаушы  журналистер  факті-
лерге сүйенген репортаждар жүргізудің негізгі қағидаларынан 
бастайды, бірақ та бұл жағдайда қиындық пен тәуекелділік 
деңгейі  артады.  Ақпаратты  қос  дереккөзден  алу,  ерекше 
ақпаратты және интервьюлердегі комментарийлерді «аулау», 
атап айтсақ, жала жабуды таратқаны үшін жауапкершілік ту-
ралы заңдарға айрықша назар аудару – мұның барлығы да 
аса  қажет.  Соғыс  аяқталғаннан  кейінгі  бірнеше  жыл  ішінде 
көптеген  журналистер  жергілікті  алыпсатар  саудагерлердің 
қудалау нысанына айналды. Тұрақты деген Батыс елдерінің 
өзінде  сыбайлас  жемқорлықты  тексерген  журналистер  кур-
бан болды. 


  
240
  
ОҚУҒА  АРнАЛҒАн  ҚОСЫМША  МАТЕРиАЛДАР 
МЕн АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Терминдер глоссарийлері: 
moneycentral.msn.com/investo/Glossary/glossary.asr
Рейтерс жариялаған Рейтерстің Қаржы глоссарийі 
Файнэншл Таймс Прентис Холл жариялаған Қаржы беттерін 
пайдалануға арналған Файнэншл Таймс анықтамалығы, ХВҚ 
(Халықаралық валюта қоры), әлемдік экономиканы шолу:
www.imf.org/external/pubs/ft/weo/2000/01/index.htm
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастап-
қы беті:
 www.worldbank.org
БҰҰ даму бағдарламасы: 
www.undp.org
Транспарэнси Интернэшнл: 
www.transparency.org
13-тарау: Экономикалық журналистика


  
241
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
14-тарау
Ж
урналистердің
 
қауіпсіздігі
АҚШ-тың Иракка 
басып кіргенінен бастап
Саддам Хусейн режимі 
құлағанға дейінгі 21 күн 
ішінде он журналист 
қаза тапқан екен 
с
оңғы
 
он
 
жыл
 
ішінде
 
өз
 
міндеттерін
 
атқару
 
барысында 346 
журналист қаза тапты, оның ішінде 37 журналист 2003 жылы 
өлтірілді. Ирактағы қақтығыс адам өлімі мен шығынға алып 
келді де, кейін аса қатерлі қарқынмен өсе бастады.  
Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау 
жөніндегі  комитет  ұсынған  статистика  көңілге  қаяу  түсіреді. 
АҚШ-тың  Иракқа  басып  кіргенінен  бастап,  Саддам  Хусейн 
режимі  құлағанға  дейінгі  21  күн  ішінде  он  журналист  көз 
жұмған екен. Олардың басым бөлігі шетелдік тілшілер (Басқа 
журналистік ұйымдардың мәліметі бұдан да жоғары). 
2003  жылы  әлемнің  басқа  бөліктерінде,  шайқас  даласына 
қатысы жоқ жерлерде бұдан екі есе көп журналистің қаза бол-
ғанын ұмытпау қажет. Кейбіреулері сыбайлас жемқорлықты 
жариялағаны  үшін,  тағы  бірі  әскери  құрылымдардағы  түйт-
кілді  мәселелер  туралы  репортаждар  жасағаны  үшін  қаза 
тапса, енді біреулері тонаушылардың құрбаны болды. 
Сондықтан да, журналистік қызмет – қауіпті кәсіп деген сөз 
аздық етеді: әншейін сөз ғана болып қалады. әсіресе, зама-
науи  қақтығыс  аймақтарында.  Шындығында,  қауіп-қатердің 
бар екенін ұдайы біліп жүресіз. Дегенмен, қатердің деңгейін 
азайту  үшін  төмендегі  қарапайым  қағидаларды  сақтап, 
нұсқауларға бағынуға тура келеді. 
 


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау