Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мемлекет қайраткері және журналист Темірбек Жүргеновтың өмірі мен қызметін таныстыру



жүктеу 27,59 Kb.
бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі27,59 Kb.
#42133
түріСабақ
  1   2
Открытый урок на тему Темірбек Жүргенов


Тәрбие сағатының тақырыбы: "Сыр бойының саңлағы"


Сынып: 5 "Б"


Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға мемлекет қайраткері және журналист Темірбек Жүргеновтың өмірі мен қызметін таныстыру.

  • Туған жерін сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Суреті, кітаптары, плакаттар, интербелсенді тақта


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру
Топқа бөлу (стикерлер арқылы 3 топқа бөлінеді)
Оқушыларды топқа бөлген соң тақырып ашу үшін Темірбек Жүргенов туралы бейне фильм көрсетіледі.
/Қалила Омаровтың Темірбек Жүргенов туралы деректі фильмі/

Талай ғасырлардан бері басын алыстан тартқан Сыр өзені сылдырлай ағып, талай құпияны бойына бүгіп жатыр. Сан ғасырлар бойы Сырдария алабында әртүрлі аталып келген көшпелі халықтар тұрды. Оғыз, ғұн, сақ тайпалары біздің сонау түпкі аталарымыз болғандықтан, ежелге «Яксарт», «Сейхун» бойынша қазіргі ата –бабаларымыздың жалғасы-біздер тұрып жатырмыз.


Сыр бойы – талай аңыздар мен тарихи оқиғаларға бай өңір. Шашақты найза көтеріп, кеудесін жауға тосып, елін, жерін қорғаған хас батырлар мен толқынды жырлар, тақпақтап келетін назымдарды шығарған ақындар шоғыры өте көп.
Бүгінгі сөз еткелі отырған көрнекті қайраткер Темірбек Қараұлы Жүргенов те осы өңірде туған.


  • "Т.Жүргеновтің өмір жолдары"

  • "4000 мектеп салдырған"

  • "Жүргенов есімі берілді... "

тақырыптары бойынша оқушылар зерттеп келген мәліметтерімен таныстырады.


ІІ. Мемлекет қайраткерінің өмір жолдары:

  • Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашады.

  • Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде оқыған.

  • Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атынд. училищеде бастауыш білім алған.

  • 1917 ж. Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады.

  • 1918 ж. “Қазақ мұңы” газеті редакциялық алқасының құрамына енді

  • Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды.

  • 1919 ж. Ырғыз уезі Кенжеғара болысы рев. к-тінің төрағасы қызметіне тағайындалған.

  • 1920 ж. БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік рев. к-тінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару к-тінің төрағасы болып сайланды

  • 1921 — 23 ж. Орынборда жұмысшы ф-тінде оқиды.

  • 1923 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тінің құқық ф-тіне оқуға жіберіледі. Осында оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының ОАК-теріне мүше болып сайланады, өлкелік және респ. партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. Орталық Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне ат салысады. Бұл мәселе төңірегінде “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” газеттеріне мақалалар жариялады.

  • 1926 ж. Ташкенттегі Қазақ пед. ин-тының директоры болып тағайындалады. Институтқа акад. В.В. Бартольд, проф. С.Е. Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты.

  • 1929 ж. Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары

  • 1930 — 33 ж. Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары

  • 1933 — 37 ж. Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С.Аспандияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей ат салысуымен “Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы” қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артуына негіз қаланды. Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдениетті өркендету штабына айналдырды.

  • 1934 ж. Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 ж. Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жүргенов — ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орт. қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. Мұхтар Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасады. Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В. Затаевичке көптеген мәліметтер берді.

  • 1937 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы жылы 3 тамызда “халық жауы” деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының 1957 ж. 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып, ақталған

ІІІ. Жүргенов есімі берілді...

  • 1993 ж. Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Жүргенов есімі берілді.

  • Алматы мектептер мен көшелер

  • Қызылорда қ-ларында мектептер мен көшелер

  • Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мектептер мен көшелер

  • Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ж. есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар.

  • 1998 ж. Жүргеновтің 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.

  • Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды


жүктеу 27,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау