«тарих» кафедрасы



жүктеу 41,5 Kb.
Дата18.05.2023
өлшемі41,5 Kb.
#42646
Тарих



Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ



«ТАРИХ» КАФЕДРАСЫ

ПӘНІ: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ТАПСЫРМА: ШАҒЫН ЖОБА

ТАҚЫРЫБЫ: «XVIIғ. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ»

ОРЫНДАҒАНДАР: ЮП-22-1 ЖӘНЕ ПД-22-1 (4 шағын топ) оқу тобының студенттері:

  1. Жұбатханов Нұрдәулет

  2. Аманова Шырын

  3. Орын Айна

  4. Келдібай Арайлым

  5. Елдашбаева Ұлмекен

  6. Усабаев Азамат

  7. Аманов Ернар



ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ: аға оқытушы, магистр Қамиева Г.Б

Ақтау 2023
Жоспары
Кіріспе
1 тарау. XVIIғ. Қазақ хандығының сыртқы саясаты

1.1. Тәуке ханның саясаты.
2.2. Қазақ хандығының қауіпсіздікті күшейтуі.
2 тарау.Тәуке ханның сыртқы саясаты.
1.2 бөлім: Дипдоматиялық қарым-қатынастар.
2.2 бөлім: Жоңғар хандығының Қазақ хандығына төндірген қауіп-қатері.


ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер.
Тәуке хан - 1680-1715/18 жылдары билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпа аралық алауыздық азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.
Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Оның кезінде құрамында қазақ даласының данышпандары атанған аса беделді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар билер кеңесі құрылды. Олардың жеке тұлғалары мен аттарының өзі бүкіл қазақ халқының және Қазақ хандығының бірлігі мен біртұтас топтасқандығын білдірді. Тәуке ханның кезінде қазақтардың үш жүзінің ең таңдаулы да беделді деген өкілдері жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдап отырды. Ондай жиын Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы Күлтөбе деген жерде өтіп тұрды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды. Қазақтар Сырдария өзенінің өңіріндеп 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол оларды, тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарган әділеттілігімен өзіне бағындыра білді». Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Сөйтіп ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға қол жеткізді. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатерді тоқтатудың сәті түсті.

Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және Қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды. Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді. XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ мемлекетінің іштен ыдырауы күшейе түскен жағдайда, ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің тарапынан ерекше қызығушылық тудырған нысанға айналды. Өйткені бұл кез империялық мемлекеттердің жаңа отарларды басып алуды күшейткен тұсы еді. Егер Үндістан аумағында Англияның отаршылдық экспансиясы ұлғая түсіп жатса, Ресей Швециямен соғыс әрекеттері (1701—1721 жылдар) аяқталғаннан кейін, Қазақстан мен Орта Азияға қарай көз алартты.
Қытай мен Ресей империясы Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемлекеттердің әлсіреуіне бірдей мүдделі болды. Ресей империясының Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы негізгі қызметі дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуды және әскери барлау шараларын жүргізуді еселеп күшейтуге бағытталды. Бұл шаралар қазақтар көшіп-қонып жүретін шекарада әскери бекіністер желісін салуды жиілендіріп жіберді. Мәселен, 1716-1720 жылдардың кезеңінде Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында Омбы, Черкасск, Железинск, Жәмішев, Семей, Өскемен сияқты және басқа да әскери бекіністер тізбегі салынды. Кейінірек олардың ара-арасына шағын бекіністер - редуттер мен форпосттар салына бастады. Бұл кезде қазақтар Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Орал және Сібір Қазақтарының тарапынан мезгіл-мезгіл жасалып тұрған шабуылдардың ауыр зардаптарын бастарынан кешірумен болды. Ал олардың бәрі де патша үкіметінің қол астына қарайтын орыс бодандары еді. Қазақтарды оңтүстіктен Орта Азия хандықтарының билеушілері, ал Оңтүстік-шығыстан жауынгер жоңғар қалмақтары ығыстыра түсті. Жалпы алғанда, бұл кезде Қазақ мемлекетінің шекараларында өте күрделі де қауіпті жағдай қалыптасты.


Қазақстанға нақты қауіп-қатер қуатты көшпелі Жоңғар мемлекетінің тарапынан төнді. Жоңғар қонтайшылары Қазақстанның кең-байтақ аумағын басып алуға талай рет белсене әрекет жасады. Сөйтіп қазақтар мен жоңғарлар арасындағы билік жолындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Қазақтардың жоңғарларды «ата жауымыз» деп атауы сондықтан болатын. Екі мемлекеттің арасындағы бақталас жанжалдың негізіне шұрайлы мал жайылымдарына қызығушылық жатты.
1697 жылы жоңғар хандығының басына жас әрі қуатты билеуші Цеван-Рабтан (1663-1727) келді. Ол қысқа мерзімнің ішінде өз хандығының әскери күш-қуатын нығайтып алды. Цеван-Рабтан өзінің билікке кіріскен кезін Қазақстанның аумағына баса-көктеп кірген шапқыншылықтан бастады. Сөйтіп 1698 жылы 40 мың жауынгері бар жоңғар әскері Ұлы жүздің көшіп-қонып жүрген шұрайлы мал жайылымы аумағына ойран салған қырғын шапқыншылық жасады. Қаһарлы дұшпан қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлеріне бұдан кейінгі жылдарда да талай рет әскери жорықтарға шықты. Жоңғар әскерлерінің Қазақстан аумағына баса-көктеп кірген ең ірі жорықтары 1710 және 1717 жылдары болды. Жау әскерлері өздерінің көптігі мен әскери-техникалық жағынан басымдығы арқасында Жетісу жерінің бір бөлігін басып алды, Жоңғар хандығы қуатты мемлекетке айналды. Ол енді Қазақ хандығына ғана емес, сонымен қатар Орта Азия мемлекеттеріне де қауіп төндіре бастады. Ресей империясы мен Қытай сияқты күшті мемлекеттерге де едәуір қауіп төндірді.


Сыртқы жауларға қарсы тұру үшін қазақтардың бүкіл үш жүзінің күш-жігерін біріктіру өте-мөте қажет болды. Осы мақсатпен 1710 жылы қазақ халқының беделді өкілдері жиынға шақырылды. Қазақ ақсүйектерінің құрылтайы Қарақүмда өткізілді. Онда Бөгенбай батыр бастаған бүкілқазақтық жауынгерлік жасақ құру жөнінде шешім қабылданды. Құрылтайда Бөгенбай батыр жалынды сөз сөйледі: «Таланған көштің, тұтқындалған бала-шағаның бейшара бақылаушысы болып отырман. Жаудан кек аламыз, өлсек, қару ұстап өлеміз! Қыпшақ даласының сарбаздарының жалтарған кезі болды ма?! Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман?! Жауға мінер түлпар құрып па?! Сұр жебе толы қорамсақ қаңырап бос қалып па?!» — деді. Жоңғарлар тарапынан күшті қауіп-қатер төніп келе жатқан сол бір қиын-қыстау жағдайда құрылтай жиналысы Кіші жүздің ханы етіп Әбілқайырды сайлады және оған бүкілхалықтық жауынгерлік жасаққа жалпы басшылық етуді сеніп тапсырды. Біріккен қазақ жасақтары 1711 жылы жауға тойтарыс берді. Жоңғарлар шығысқа ығыстырылып тасталды.
1717 жылы қазақ әскерлері мен жоңғар әскерлерінің кескілескен қанды шайқастары болып өтті. Біріккен, орталықтан басшылықтың болмауы себепті қазақ жасақтары жеңіліп қалды. Жоңғар әскерлері Қазақстанның Оңтүстік аймақтарына бойлап ене бастады. 1718 жылдың көктемінде жоңғар әскерлері Жетісу жерінен енді Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойына, одан әрі Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына дейін жорық жасады. Сол бір күрделі де қатерлі қиын-қыстау жағдайда қазақтар жалпы саны 30 мың адамдық әскер жинауға мүмкіндік таба алды. Сөйтіп жоңғар әскерлерін Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігінен ығыстыра қуып шықты. Бірақ жоңғарлардың тағы да шапқыншылық жорық жасауының қауіп- қатері сақталып қала берді.

Пайдаланылған әдебиет:
Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл).Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.


жүктеу 41,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау