233
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Соғыс кезінде ел
экономикасының негізгі
тірегі жедел көмек қана
болуы мүмкін. Әрине,
есірткі, жезөкшелік пен
қару-жарақ саудасын
қоспағанда
Даму мәселелері
Соғыс кезінде ел экономикасының негізгі тірегі жедел көмек
қана болуы мүмкін. әрине, есірткі, жезөкшелік пен қару-жарақ
саудасын қоспағанда.
Көптеген елдерде даму экономиканың маңызды бір бөлігі
болып табылады. Мұндай елдерде бүтіндей оқулықтар мен
университеттегі курстар даму экономикасы мен «тұрақты
даму» тақырыбын зерттеуге арналады.
Алғашқы кезеңдерде, соның ішінде әсіресе мемлекет соғыс-
тан кейінгі күйзеліс немесе табиғат апатынан кейінгі ес жию
кезінде болса, даму үш кезеңнен тұруы мүмкін:
1. Жедел гуманитарлық көмек
2. Қайта құру (реконструкция)
3. Даму
Гуманитарлық көмек
Халықаралық ұйымдар әскери іс-әрекеттердің салдарынан
баспанасыз қалған он мыңдаған адамдар үшін азық-түлік
пен уақытша баспана ұсынады. Одан өзгені ойлауға уақыт
та, жағдай да жоқ.
234
Қарым-қатынас орнату қажет. Елде өз қызметін жүзеге асы-
рушы негізгі гуманитарлық ұйымдардың басшыларын тани-
тыныңызға көз жеткізіңіз. Саяси мәселелерге қатысты тү-
сініктеме алу үшін штаб-пәтерлердегі негізгі қызметкерлермен
байланыс орнатуға ұмтылудың пайдасы зор.
Аудандағы қайырымдылық қызмет туралы жазған уақытта
негізгі мәселелер мен сұрақтарға назар аударуға тырысыңыз.
Төменде көмек көрсету жөніндегі материалды жазу кезінде
қажет болатын барлық тармақтар келтірілген:
Күнделікті қандай көлемде гуманитарлық көмек жасалады
және ол қай жерге әкелінеді?
Көмек көрсетудің дәл осы түрі оңтайлы ма? Бұл үкіметтің
ұсынғаны ма, әлде одан мүлдем бөлек нәрсе ме? Үкімет
сұрамаған нәрселер болса, арада келіспеушілік жоқ па?
Гуманитарлық көмек шын мәнінде мұқтаж адамдарға
дейін жетіп жатыр ма, әлде ол сыбайлас жемқорлықтың
салдарынан басқа мұқтаждықтарға жұмсалып жүр ме?
Гуманитарлық көмек азаматтық соғысқа қатысушы әске-
рилер тарапынан қаншалықты қатты қадағаланады?
Қауіпсіздік мәселесі қалай? Аймақта көмек көрсететін
қызметкерлердің қауіпсіздігі сақтала ма немесе бұл
операцияға әскери қақтығыстар қауіп төндіре ме? Көмек
көрсететін қызметкерлер ату нысанына жата ма? Олар ел-
ден кету мүмкіндіктерін талқылай ма?
13-тарау: Экономикалық журналистика
235
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Қайта құру
Қайта құру – елдің қақтығыс аяқталғаннан кейінгі кезеңде қол
жеткізетін кезеңі. Негізгі инфрақұрылымдар, яғни жолдар,
энергия, канализация, сумен қамтамасыз ету, жерді сулан-
дыру (ирригация) және ауыл шаруашылығы тұтастай қайта
қалпына келтіруді қажет етеді.
Кейде бұл бағыттағы жұмыстарды халықаралық қаржы
ұйымдары немесе Бүкіләлемдік банк қаржыландырады. Кей
жағдайларда көмек көрсететін халықаралық консорциумдар
шақырылуы мүмкін.
Көмек көрсету бағдарламалары әртүрлі бағытта жүреді, атап
айтқанда құрылыс жобалары мен минадан тазартудан бас-
талып, денсаулық сақтау мен білім беру бағдарламаларына
дейін түрлене береді. Демократия үшін маңызды шарт бар
екенін білдіру мақсатында тәуелсіз бұқаралық ақпарат құрал-
дарын ынталандыру бағдарламалары да болады.
Қайта құрудың негізгі элементтерінің бірі – мемлекеттің
негізгі институттарын құру. Кейде ассамблеялар мен соттар
құрылатын болса, енді бір жағдайларда жаңа конституция жо-
басы жасалады. Берлин қорғаны құлағаннан кейін бұрынғы
Кеңестік Блокқа кіретін мемлекеттерде батыстық үлгідегі
еркін нарықтық экономика ұсынылды. Алайда, алғашқы
кездегі кейбір әрекеттер сәтсіздікке ұшырады. Өйткені, еркін
нарықтық экономиканы ұстап тұру үшін негізгі институцио-
236
Құқықтық шеңберді
нақтылы белгілей алмау
көп жағдайда сыбайлас
жемқорлықтың етек жа-
юына алып келеді
налды құрылым, соның ішінде, мәселен, банкроттық туралы
заң болмады. Құқықтық шеңберді нақтылы белгілей алмау
көп жағдайда сыбайлас жемқорлықтың етек жаюына алып
келеді.
Даму
Даму дегеніміз – қайта құру кезеңін артқа тастап, шын мә-
нінде экономикалық өсім басталатын кезең.
Даму кезеңінде бизнес көркейіп, денсаулық сақтау және білім
беру қызметінің сапасы артады. Банк жүйесі дами түседі, не-
сие алу жеңілдейді, ал қолда бар қорды мұқтаждықтарға
сәйкес жұмсау жоғары қарқынмен жүреді. Елдің осы даму
кезеңінде Бүкіләлемдік банк сияқты ұйымдардың экономи-
кадағы орны айшықтала түседі, жеке қаржыландыру мен
шетелдік инвестициялардың рөлі артады. Қаржы нарығы да
дамиды, ал оларға қолдау көрсететін қор биржасының беделі
арта түседі.
13-тарау: Экономикалық журналистика
237
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Сонымен бірге, мемлекеттегі құқықтық жүйе ашық болып,
валюта тұрақтанады. Мұның барлығы ішкі инвестициялар-
ды қолдай отырып, сырттан келетін инвесторлардың сенімін
арттырады.
Дамудың осы кезеңі туралы жазған уақытта инвесторлардың
өз табыстарын (бірлескен кәсіпорындардан түсетін табыс-
тар немесе акционерлік инвестициялардың дивидендтері
сияқты) қайтара алу мүмкіндігі мен валютаның тұрақтылығын
сақтап қалу мүмкіндігі туралы білу маңызды. Шетелдік ин-
вестиция тұрғысынан алғанда, елеулі бір сәт бар: елде
жоғары табыс табу мүмкін, бірақ валюта айырбасталымды
болмағандықтан, доллар, иен немесе еуро сияқты тұрақты
валютаға ауыстыру да мүмкін емес.
Ақшалай даму дамудың осы кезеңінде көбірек маңызды бо-
лады. Валютаның тұрақсыз болуы импортталатын тауардың
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қалыптастыру үшін
тым қымбатқа түсетінін аңғартады. Сондай-ақ, экономика-
ны басқару ісіне шетелдіктердің жеткілікті дәрежеде сенім
артпауы валюта қорларына деген тапсырысты арттырып,
девальвацияның қысымына әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |