Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет60/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

  
254
  
Журналистік 
қызмет түрлі 
заттарды шамадан 
тыс алып жүруге 
мәжбүрлейді  
Ішімдік немесе есірткі пайдалану
Журналистерге  арналған  анықтамалықтарда  ішімдікті  не-
месе  есірткіні  пайдаланудан  сақтандырудың  мәні  зор. 
әсіресе, қақтығыс аймақтарында сақ болу керек. Журналис-
тер көбінесе темекі шегеді, ал Батыста спирттік ішімдікке де 
құмарлық байқалады. Енді біреулері есірткі пайдаланады. 
Кез  келген  жұмыста  кәсіби  ауыртпашылық  болады,  оған 
төтеп  беру  әркімнің  жеке  басына  байланысты.  Дегенмен, 
журналистің ішімдік немесе есірткіге әуес болуы оның табы-
сына едәуір зиян келтіреді және өміріне қауіп төндіреді. 
Кәсіби  әскери  тілшілерді  ерекше  тапқа  жатқызуға  болады. 
Олар  әлемнің  бір  шетіндегі  қақтығыс  аймағынан  екіншісіне 
сапар  шеге  жүріп  өз  бастарын  қатерге  тігеді.  Күн  сайын 
қансырап  жатқан  адамдарды  көреді,  күніге  өліммен  бетпе-
бет келіп жатады. Соған орай олардың арасында ішімдікпен 
немесе есірткімен әуестенетіндер де болады.  
әскери әрекеттер жүріп жатқан аудандарда адамдар өмірдің 
ауыртпалығынан  күйзеліске  түседі,  есеңгіреуді  бастан 
кешіреді.  Және  мұндай  жерлерде  қалаған  нәрсеңізге  оңай 
қол жеткізудің де мүмкіндігі бар. Қалай болғанда да, мұндай 
жағдайда  күш-қуатыңыз  бен  денсаулығыңызды  сақтап,  са-
бырлы  болған  жөн.  Майдан  даласынан  ұзап  шыққаннан 
кейін де көп нәрсе көз алдыңызға елестеуі мүмкін. Осындай 
жағдайлар кейбіреулерді әр нәрсеге итермелейді. Дегенмен, 
бөтелкенің түбінен құтқарушы іздеу – дұрыс шешім емес. 
14-тарау: Журналистердің қауіпсіздігі


  
255
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Журналист кез келген жерде қоғамдық ережелерді білуі ке-
рек және құрметтеуі тиіс, бұл баршаға аян. Олай болса, дін 
мен мәдениет ішімдік ішуге тыйым салатын жерлер де бар 
екенін есте сақтаған жөн. 
Көтерілістер мен шерулер
әрбір  репортаждың  қауіпті  екенін  ұмытпаңыз.  Адамдар
күдікшіл  әрі  күмәншіл  келеді,  кейде  олар  репортерлар  мен 
жаңалық  жаршыларына  жау  көргендей  қарайды:  кейде 
өздері әлденеден қуыстанса, кей жағдайда халық журналис-
тер қызмет ететін ұйымдарға өш болады. Сондықтан, кез кел-
ген оқиғаны жарияламастан бұрын соның салдарынан төнуі 
мүмкін қауіп туралы ойлау қажет. 
әсіресе, баспасөзде көтерілістер мен шерулердің нәтижесін 
жариялау  кезінде  абай  болған  жөн.  Тобырдан  бәрін  кү-
туге  болады,  дегенмен  кейде  олардың  жариялылықты 
қалайтынын  да  жоққа  шығаруға  болмас.  Мұндайда  тобыр 
ызаланып,  жаңалық  жаршыларына  қауіп  төндіруі  мүмкін. 
Ал  қауіпсіздік  органдары  өздерінің  әрекетінің  таспаға  түсіп, 
тасқа  басылғанын  қаламайды.  Кейде  шерушілер  мен  жур-
налистерді ажырата алмайды. Журналистер өздері үшін қай 
жердің қауіпсіз болатынын алдын ала ойлауы маңызды. 
Егер  мүмкін  болса,  дүйім  жұртқа  үстіңгі  жағынан  қарауға 
тырысқан жөн. Мүмкіндігінше шерушілер мен қауіпсіздік ор-
ганы қызметкерлерінің арасында болмаңыз. Бұл майдан да-
ласында бейтарап аумақта қалып қойып, нысана көзіне ай-
налумен бірдей нәрсе.    


  
256
  
Қажетті материалдарды 
алғаннан кейін дереу 
кейін қайту үшін 
қайтар жолыңыздың 
сызбасын алдын ала 
ойластырғаныңыз жөн 
Егер көзден жас ағызатын газды қолданулары мүмкін екенін 
байқасаңыз, оған да дайын болыңыз. 
Қажетті материалдарды алғаннан кейін дереу кейін қайту үшін 
қайтар жолыңыздың сызбасын алдын ала ойластырғаныңыз 
жөн. Құрал-жабдықтарға қатысты сақтық шараларын қолда-
нудың  қажеттілігі  туралы  ойланыңыз,  кейде  құрал-жабдық-
тарды  жасырып  қойған  дұрыс.  Егер  қолыңыздағы  құрал-
жабдығыңыз  бен  жеке  өміріңіз  таразыға  тартылса,  онда 
алдыңғысынан бас тартуыңыз шарт! 
Көліктеріңізді  оқиға  болып  жатқан  жерден  алыс  қойыңыз. 
Бұл  көлік  құралының  зақымдалмауы  үшін  ғана  емес,  оқиға 
болып  жатқан  жерден  тез  арада  кетіп  үлгеру  үшін  де  ке-
рек.  Көбінесе  елеусіз  көлікті  пайдаланған  дұрыс.  Қақтығыс 
аймақтарындағы нысана сияқты көзге түспеу үшін киім тура-
лы да алдын ала ойластыруға тура келеді. 
Қауіп-қатерлерді  бағалай  білу  соншалықты  құпия  емес, 
ықтимал  қауіп-қатердің  барлығын  алдын  ала  ойласты-
рып,  салқынқанды  әрі  сабырлы  болуға  үйрену  керек.  Өз 
әріптестеріңіздің  қай  жерде  жүргенін  білу  де  маңызды,  кез 
келген уақытта оларға көмек қолын созуға дайын болу қажет. 
«Сенімсізсің бе, онда дереу кетіп қал» деген ережеге арқа 
сүйеу керек.
 
14-тарау: Журналистердің қауіпсіздігі


  
257
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ЖАТТЫҒУЛАР
Репортаж  дайындау  үшін  белгілі  бір  мемлекетті  таңдаңыз 
және қажет болған жағдайда қандай сақтық шараларын қол-
дану керектігін әріптестеріңізбен бірлесе отырып талқылап, 
сценарий құрыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беруге тыры-
сыңыз:
 

Қандай  киім  кигеніңіз  дұрыс?  Сізге  газдан  қорғаушы  бас 
киім немесе басқа да қауіпсіздік құралдары қажет пе?
 

Қолыңыздағы құрал-жабдықтарды қалай қорғар едіңіз? 
 

Қандай көлік түрін қолдану тиімді?
 

Көлік  құралы  туралы  нені  білуіңіз  керек  және  оны  қалай 
тексересіз?
 

Сіз қай жерге тұрақтайсыз және ол жер қаншалықты қауіп-
сіз?
 

Төтенше жағдай болған күнде қалай құтылу қажеттігін бі-
лесіз бе?      
 

Алғашқы  медициналық  жәрдем  көрсету  курсынан  өттіңіз 
бе? Медициналық аптечкаңыз бар ма? Оның ішінде не бо-
луы керек?


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау