242
Ешқашан репортажды
жеке қауіпсіздігіңізден
жоғары қоймаңыз
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге және қауіпсіздікті
қамтамасыз ету құралдарын алып жүруге дайын болыңыз;
Өзіңіз бара жатқан, жүретін аумақты білетін болыңыз,
өзіңіздің жолсеріктеріңіз бен делдалдар турасынан да ха-
бардар болғаныңыз жөн. Үйден шықпай тұрып-ақ мұқият
дайындық жүргізіңіз;
Ашушаң болмаңыз, өзіңіздің физикалық және психикалық
күйіңіздің дұрыс екеніне көз жеткізіңіз;
Бірінші кезекте өз өміріңізге көңіл бөліңіз – ешқашан ре-
портажды жеке қауіпсіздігіңізден жоғары қоймаңыз: бірде-
бір ақпар адам өміріне тең келмейді; басқаша айтқанда,
өлген адамға репортаж жүргізетін мүмкіндік берілмейді.
Көптеген халықаралық БАҚ ұйымдары әскери тілшілер
үшін міндетті оқу жүргізеді. Ондай оқулар негізінен жеке
қауіпсіздікке құрылады. Қақтығыс аймақтарын түсіну, негізгі
заттарды қарау және жабдықтаумен қатар, негізгі шұғыл
медициналық жәрдемнің қандай болатыны үйретіледі. Қажет
болған жағдайда, ұйымдар күйзеліске түскен репортерлер
мен жарақат алу мәселесі бойынша да журналистерге кеңес
беруді қамтамасыз етеді.
Кішігірім ұйымдарға жұмыс істейтін журналистер мен фри-
лансерлер көбіне-көп мұндай оқулардан тыс қалып жата-
ды. Алайда, мұндай курстарды қаржыландыру мақсатында
бөлінетін стипендиялардың көлемі жылдан-жылға артып
келе жатқанын естен шығармау керек.
14-тарау: Журналистердің қауіпсіздігі
243
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Шайқас даласында
ешқашан да ойланбастан
біреудің артынан
еріп кетуге болмайды,
мейлі ол журналист
болсын, мейлі
сарбаз болсын
Кейбір ұйымдар журналистердің қауіпсіздігін ынталанды-
ру бойынша көмек көрсетеді, ал күйзеліске түскен немесе
жарақат алған журналистермен жұмыс істейтін ұйымдар осы
тараудың соңында келтірілген.
Төменде толыққанды және дұрыс оқытудың орнын алмас-
тырмаса да, ненің болатынын немесе не нәрсенің болмайты-
нын көрсететін ережелер беріліп отыр.
негізгі ережелер
Шайқас даласында ешқашан да ойланбастан біреудің арты-
нан еріп кетуге болмайды, мейлі ол журналист болсын, мейлі
сарбаз болсын. әрдайым өз бетіңізбен шешім қабылдаңыз:
нақтылы жағдайда неден қауіптену керек және не істеуге бо-
лады?
«Мақалаға қажетті материалды қалай алуға болады және
өзім материалға айналып кетпеуім үшін не істеу керек?» де-
ген сұрақты ұдайы өзіңізге қойып отырыңыз. Сіз жазғалы
отырған мақала тәуекелге бел бууға тұра ма, тұрмай ма,
оның да жауабын өзіңізден сұраңыз.
Көшедегі шеруде де, шайқас даласында да адреналиннің
әсерімен ақыл-ойдан адасып қалу оп-оңай. Ешқашан
басқа адамдардың сіз туралы не ойлайтындығына назар
аудармаңыз. Өз өміріңіз өзіңіздің қолыңызда, сондықтан да
өзіңіз шешім қабылдаңыз. Ешқашан қорқыныш сезімі үшін
244
Ешқашан қорқыныш
сезімі үшін ұялмаңыз,
сақтықтың ең дұрыс
белгісі – қорқыныш
ұялмаңыз, сақтықтың ең дұрыс белгісі – қорқыныш. Бір топ
солдат майдан сызығымен келе жатып, сізді шақырды делік.
Бару немесе бармау туралы шешім қабылдағанда олардың
сіз туралы не ойлап қалатынын ойламаңыз. Тәуекел етуге
тұра ма? Соны ойлаңыз. Репортаж немесе суреттер осындай
қатерге бас тігуге тұра ма? Егер бармасаңыз, не жоғалтасыз?
Ақпаратты жариялап қана қоймай, кез келген қатерді азай-
ту жолдарын ойластырыңыз. Қобалжымауға тырысыңыз,
әйтпесе ойыңызды жинақтай алмайсыз.
Бұл жеке адамның батырлығына қатысты мәселе емес. Сіздің
жұмысыңыз әскерилердің жұмысына ұқсамайды. Олардың
жұмысы – өліспей беріспеу. Сіздің міндетіңіз – тірі қалып,
әлемге көрген-білгеніңізді хабарлау. Кейде журналистер өз
бастарын өздері қатерге тігеді. Бір мақала үшін өмірмен қош
айтысуға тұра ма, тұрмай ма, мәселе сонда.
14-тарау: Журналистердің қауіпсіздігі
245
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Әскери іс-әрекеттерге жақын болу
Қатерге қарсы жүру репортажға септігін тигізе ме? әрдайым
осы тұрғыдан ойланыңыз. Көп жағдайда оның түкке қажеті
жоқ екенін аңғарасыз. Бейнежазбалар жасап, фотосурет
түсірушілер үшін бұл сұраққа жауап беру соншалықты оңай
емес. Бірақ, принцип біреу: түсірілім қатерді ақтай ма?
Журналистің жұмысы – болып жатқан оқиғаны жан-жақты
білу, жалпы көріністі бажайлап, репортаж жасау. Тәжірибелі
әскерлер шайқастың алдыңғы шебінде жүргендердің сол
сәтте тура алдында немесе дәл танауының астында не бо-
лып жатқанын білмейтінін жақсы біледі. Қозғалыс та, шу да
көп. Олар кең ауқымды қақтығыстың көп сәттерінің біріне
ғана куә бола алады.
Қандай да бір қашықтықта, мәселен, командир лауазымында
отырып, жағдайды терең түсінуге болады.
Халықаралық жаңалықтар жасайтын ірі ұйымдар шайқас да-
лаларынан, жергілікті жердегі штаб-пәтерлерден, саясат-
керлерден ақпарат жинау мүмкіндігіне ие. Бұл кез келген
ұйымның қолынан келе бермейді, сондықтан да сіз ең жақсы
репортажды қай жерден алуға болатындығын өз-өзіңізден
сұрауыңыз тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |