250
Көлік құралдарының
көмегіне жүгінген
уақыттарда көштің
басындағы және көш
соңындағы көлікке
мінбеуге тырысыңыз
Автомат кезегінің түсу қағидасын есептеңіз. Бірінші оқ алыс
жерге түседі, өйткені ол алысты көздеуге бағытталған. Егер
келесісі жақынырақ болса, үшінші оқ өз нысанасына жеткен-
ге дейін ол жерден кетіп үлгеруіңіз керек.
Ауыр калибрлі қарудың автоматты кезегі әртүрлі болып
келеді, ол әр жерде әрқалай түрленеді. Қатты әрі жазық жерде
әсері көбірек болады. Ең дұрысы, қиылыспаған жерде тұру.
Себебі оқ ондай жерге тисе, қиғаш кетеді де жарықшақтар
ұшады. Егер сіз оқ атылған мезетте тасадан алыс жердегі
жазықтықта болсаңыз, онда келесі оқ атылғанша бірінші
снарядтың шұңқырына түскеніңіз дұрыс. Түйсікке салса,
қашып кеткіңіз келеді. Бірақ, қашқаннан гөрі, атылып жатқан
жерде жатқаныңыз дұрыс болады.
Ғимараттың ішінде болған жағдайда, баспалдақтың немесе
бөрененің артына тығылған қауіпсіздеу. әйнек терезелерден
алыс болыңыз. Жарықшақтары ұшпасын десеңіз, терезені
сындырған дұрыс.
Көлік құралдарының көмегіне жүгінген уақыттарда көштің
басындағы және көш соңындағы көлікке мінбеуге тырысыңыз.
Артиллерияның немесе тікұшақтың дәстүрлі тәсілі – бірінші
немесе соңғы көлік құралын зақымдауға тырысу, осылайша,
қалғандарының барлығын қақпанға түсіруге болады.
14-тарау: Журналистердің қауіпсіздігі
251
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Көлік құралының сыртында қалып қойсаңыз, мүмкіндігінше
жолдан шетке қарай қашыңыз. Ал қалып қойсаңыз снайпер-
лердің нысанасына айналатыныңыз сөзсіз. Дегенмен, жолда
жүргенде миналардан абай болыңыз.
2. Жеңіл калибрлі қару
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жеңіл калибрлі қарудың
(винтовкалар мен пулеметтар) миллиондаған түрі
шығарылды, оларды әрбір өлген жан басына шағуға болады.
Арнайы оқудан өткен әскерлер тәжірибесі жоқ әріптестеріне
қарағанда жақсы атады. Батыс елдерінің армиясы ар-
найы оқу-жаттығудан өткен солдаттардың 100 метрге дейін
дәл ататынын есептеп шығарыпты. Басқа армиялар мен
милицияның ату дәлдігі бұдан төмен.
Калашников автоматы (АК-47 және одан кейінгі үлгілері)
дүниежүзі бойынша көптеген қақтығыстарда қолданылатын
жеңіл калибрлі қару болып табылады. Ол өте танымал қару.
Себебі, пайдаланылуы қарапайым және сенімді әрі әсер
ету диапазоны да тиімді. Дегенмен, Калашников автоматы
«бетпе-бет қақтығысқа арналған қару», алыс қашықтықта дәл
тигізе алмайды. Мұндай қаруды қолданған уақытта оқ 1,000
метрден нысанаға дөп түссе, ол елеулі зиян келтіретінін
естен шығармаған жөн.
252
Калашников автоматының оң жағында сақтандыратын ілмегі
бар, адамдардың басым бөлігі оңқай болғандықтан, ілмекті
көре алады. Жоғарғы қалып автоматтың сақтандырғышта
тұрғанын және оның атпайтынын білдіреді. Бірінші төменгі
қалып – толық автоматты кезек үшін, ең соңғы төменгі қалып
бірді-екілі оқ атуға арналған. Сақтандыруға қатысты қателік
жіберуге болмайды.
3. Фугастар
Екі тарап та мина қоюы мүмкін, ал мина едәуір қауіп төнді-
реді. Оның үстіне, қақтығыс аймақтарында олар көбінесе
белгіленбейді. Соған қарамастан, үнемі белгілерді іздестіріп,
миналардың болуы ықтимал жерлерді тап басып тануға
тырысыңыз. әдетте, жабық жолда «дақтарды» оп-оңай көре-
сіз. Басқа жерлерде, әсіресе далалық жерде оларды байқау
қиындау. Мұндай аймақтарда ештеңеге тиісуге немесе жерде
жатқан затты алуға болмайды.
Миналанған учаскелер әрқашан қорғаныс нүктесіне немесе
қараусыз қалған жерлерге жақын орналасады. Өңделген учас-
кеге жақын орналасқан айдалмаған дала миналардың бо-
луы мүмкін екенін көрсетеді, бірақ жеке құрамды жою үшін
тұзақтар өңделген учаскелерде де болуы мүмкін.
Фугастардың екі түрі бар: жаяу әскерге қарсы және танкілік
әскерге қарсы. Танкілерге қарсы фугастардың көлемі үнемі
үлкен болады. Олар көбінесе кез келген әсердің салдарынан
жарылуы мүмкін жаяу әскерге қарсы миналармен қорғалады.
14-тарау: Журналистердің қауіпсіздігі
253
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Жазатайым жағдайдан
немесе жарақат
салдарынан зардап
шеккен уақытта алғашқы
бес минуттың ішінде
жаныңыздағылардың өлі
не тірі екенін анықтап
алуыңыз қажет
Миналар уақыт өте келе деқаупін жоғалтпайтынын есте
сақтаңыз. Қақтығыс аяқталғаннан кейін де талай жылдарға
дейін ол миналар өз күшінде жата береді.
Алғашқы жәрдем
Бұл тақырыпқа арнайы анықтамалық шығару қажет. Деген-
мен, алғашқы жәрдем көрсетудің қаншалықты маңызды
екенін бағалау қиын емес. Кейде жазатайым жағдайлар мен
кездейсоқ қауіптердің салдарынан зардап шеккенде сіздің
аман қалуыңызға дәл осы алғашқы жәрдем әсер етуі мүмкін.
Соғыс кезінде қаза болғандардың көпшілігі тікелей шайқастан
емес, ауру-сырқаудан немесе жарақаттардың салдарынан
көз жұмған. Жазатайым жағдайдан немесе жарақат сал-
дарынан зардап шеккен уақытта алғашқы бес минуттың
ішінде жаныңыздағылардың өлі не тірі екенін анықтап
алуыңыз қажет. Алғашқы жәрдем көрсетудің екі күндік кур-
сы қан жоғалтуда, жаралануда, сынықта, күйікте және басқа
да жағдайларда не істеу керектігін үйрете алады. Яғни, өз-
өзіңізге және басқаларға көмектесе аласыз деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |