Сабақ жоспары: Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен жолдары Халықты қорғаныс құрылыстарына паналату



жүктеу 1,7 Mb.
бет1/6
Дата21.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#34129
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары.

  • Тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары.
  • Кафедра: Өмір тіршілік қауіпсіздігі
  • Сабақ жоспары:
  • 1. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен жолдары
  • 2. Халықты қорғаныс құрылыстарына паналату
  • 3. Жұмысшыларды таратып орналастыру және эвакуациялау
  • 4. Жеке қорғаныс құралдары
  • 4.1. Газқағарлар
  • 4.2. Респираторлар
  • 4.3. Арнайы киімдер
  • 1.Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен жолдары
  • Бейбіт өмірде және соғыс жағдайында болатын төтенше жағдайлар кезінде елді мекендерде, яғни қалаларда, ірі өндірістерде, кәсіпорындарда халықты қорғап, аман сақтап қалу, немесе адам шығынын барынша азайту төтенше жағдай комиссияларының, басқармаларының және азаматтық қорғаныс жүйелерінің негізгі міндеті . Ол үшін бейбіт өмір кезінде қала халықтары, ірі өндіріс, кәсіпорын жұмысшылары арасында жүйелі жоспарланған арнайы шаралар жүргізілуі тиіс.
  • Бұл шаралар - халықтар, жұмысшылар, студенттер, оқушылар арасында, жүргізілуі ықтимал, төтенше жағдайлар туралы арнайы сабақтар, әңгімелер өткізіліп, кинолар көрсетілуі тиіс. Мұнда төтенше жағдай түрлері, олардың адамдарға әсері жараланған адамдарға жедел көмек көрсету тәсілдері, құтқару, қираған кәсіпорындардың ішінен халыққа тамақ өндіретін, күнделікті керек жарақ заттармен қамтамасыз ететін кәсіпорындарды қалпына келтіру сөз болуы тиіс.
  • Осы жүргізілген шаралар нәтижесін беру үшін, халықты алдын ала ескерту, дабыл беру жүйесі сақадай сай, дайын болуы керек. Халық неғұрлым ертерек ескертілсе сол құрылым халық арасында шығын аз болтатындығы сөзсіз. Бұған қоса халық дабылдың түрлерін, қандай құралдардың көмегімен дабыл беретіндігін және дабыл беру тәсілдерін білуі тиіс.
  • Төтенше жағдай туралы дабылды көрінген адам бере алмайды. Дабыл жоғарыдан келген хабарға сүйеніп, немесе өздерінің анықтауларына сүйеніп, облыс орталығында әкімшілікпен келісіліп төтенше жағдай басқармасының төрағасының келісімімен азаматтық қорғаныс штабы ғана бере алады. Дабылды берудің әртүрлі тәсілі бар. Оларды теледидар, радиолардың көмегімен беру, электр дыбыс беру құралдарымен (сирена), ірі кәсіпорындардың дыбыс беру жүйесінің (гудок) көмегімен беру, ракетницалардың, дыбыс шығаратын заттарды соғу арқылы беруге болады. Теледидар, радио жүйесінен дабыл берілгенде, дабыл мына ескертулерді үш рет қайталаудан басталады, яғни «Тыңдаңыздар барлығыңызға» -деп одан кейін төтенше жағдай түрі және болуы ықтимал жағдайлар туралы айтылып халық ескертіледі.
  • Әpi қарай халық не істеуі керектігі, өздерін қалай ұстаулары т.б. айтылады. Бұл дабыл бейбіт өмір кезінде беріледі. «Төтенше жағдай» кезінде берілетін бірден-бір дабыл болып есептеледі.
  • Негізінен халықтарды, кәсіпорын жұмысшыларын «төтенше жағдай» әсерлерінен қорғау, тұратын орындары мен жұмыс істейтін кәсіпорындар орналасқан жерлерде қорғау принципінде жүргізілуі тиіс. Бейбіт өмір кезінде халықтарды, кәсіпорын жұмысшаларын «Төтенше жағдай» (ТЖ) әсерлерінен қорғау негізінен төменде көрсетілген тәсілдермен жүргізіледі:
  • Оларға:
  • -халықтарды, кәсіпорындар жұмысшыларын қауіпті жерлерден дереу қаупсіз алаңдарға, жерлерге, аймақтарға көшіру;
  • -халықтарды, кәсіпорындар жұмысшыларын жеке адамдар қорғанатын құралдармен, киімдермен қамтамасыз ету.
  • -ТЖ жағдайларда кәсіпорын жұмысшылары, елдімекендер халқы жұмыс істейтін, тұратын жерлерінде арнайы жер астындағы адамдарды қорғауға арналған жайларда қорғалады. Қазіргі жағдайда әскери соғыс қаупі болмағанмен, халыққа қауіп төнген жағдайда қандай іс әрекет жүргізуі керектігін, ол үшін бейбіт өмір кезінде хабардар болулары әскерлері ракеталармен, ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулармен қаруланғандығы олардың әскери жағдайда қолданылатындығы баса ескерілуі керек. Халықтарды жоғарыда аталған жаппай қыруға арналған қарулардан қорғау мақсатында жүргізілетін шаралардың көлемі мемлекетіміздің экомикасын, қорғауға тиісті және географиялық аймақтардың маңыздылығы, қаруларды қолдану қаупі барлығы, немесе жоқтығы ескеріліп жүргізілуі тиіс.
  • 1. Жер сілкінісі. Жер сілкінісі кезінде адамдардың топырақ қабатындағы қозғылыстан өлім жітімге ұшырауы өте сирек кездеседі.
  • Олардың мұндай жағдайдағы өлім-жітімге көбіне күшті сілкіністер кезінде шайқатылған немесе қираған үйлердің құлап түсетін тастары, шыны сынықтары, қабырғалық материалдары себеп болады.
  • Жер сілкінісі кезінде бақытсыздыққа душар ететін басты-басты себептері мыналар болып табылады:
  • - үйлердің жеке бөлектерінің қирауы, кірпіштердің, мұржалардың, карниздердің, жапсырылған өсімдік заттардың, қабырғаларды қаптаған тас тақталардың, балкондардың, есік- терезе жақтауларының шамдалдардың, статуялардың, сәндік әшекейлердің құлап түсуі;
  • - қираған шынылардың жан-жаққа ұшуы, әсіресе, үйдің жоғарғы қабаттарынан түсетіндері ерекше қауіпті;
  • - үзілген электр желілерінің көшедегі адамдар көп жүретін жерінде жатауы;
  • - бүлінген газ құбарларымен тұйықталған электр желілерінен пайда болатын өрттің шығуы: су құбырларының бүлінуі салдарынан су келмей қалуы мүкін жағдайларда мұндай өрттің қатері күшейе түседі;
  • - шектен тыс дүрлігіп, асып -сасқан адамдардың орынсыз әрекеттері.
  • 2. Су тасқыны кезінде. Адамдары, малдарды, жеке мүліктерді және материалдық бағалы заттарды құтқарып қалу үшін қоғамдық меншіктегі, сондай-ақ , жеке адамдардың да меншігіндегі суда жүзу құралдары -теплоходтар, баржалар (сүйретпе қайықтар), катерлер, баркастар (көп ескекті қайықтар), паромдар, моторлы қайықтар мен желқайықтар т.б. да құралдар түгелдей пайдаланылуы тиіс. Егер ондай жүзу құралдары дер кезінде табыла қоймаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда қарапайым жүзу құралдарын, әртүрлі салдар жасау керек. Сал жасау үшін, тақтайларды, бөренелерді, автомобиль камераларын, бос бөшкелерді, бидондарды, местерді, қамыс пен құрғақ бұталардың буындыларын пайдалануға болады.
  • 3.Дауыл соққанда. Дауылдың таянып келе жатқаны туралы хабар ала салысымен-ақ бой тасалайтын қолда бар баспаналарды, еден астындағы қуыстарды, погребтерді әзірлей бастаңыз. Үйде болған жағдайда газдың, электр энергиясың келуін тоқтатыңыз, cy келетін кранды да бекітіңіз, пештегі отты өшіріп, бой тасалайтын баспанаға тығылыңыз. Өндіріс орнында болсаңыз, сыртта атқарылатын жұмыс атаулыны түгелдей тоқтатыңыз, тасып әкетуге болатын жабдықтарды мықтап тұрып бектіңіз, электр қуаты берілетін каналдарды, өрттің шығуына, жарылыстың болуына әсері тиетін агрегаттар мен механизмдердің электр желісімен байланысын үзіп тастаңыз. Содан кейін ғана бой тасалайтын баспанаға барып жайғасыңыз.
  • 4.Өрт шыққан кезде. Ормандағы өртті өшіру кезінде лаулаған жалынды жас жапырақты бұтақтармен, ылғал кенептермен басқа да лайықты құралдамен өшіруге тырысыңыз-жанып жатқан отқа топырақ тастаңыз. Жана бастаған ағаштарды өрттің келе жатқан жағына қарай аралап немесе балталап шауып құлата беріңіз. Ормандағы өрт аймағынан жел соғып тұрған жаққа қарай шығуға тырысыңыз. Сондай -ақ, қылқан жапырақты ағашы мол учаскелер жағына шығуға тырысыңыз.
  • Өртті өшіру кезінде ең алдымен сумаңдаған жалынның өріс алуына жол бермей, қалай да тоқтату керек, содан кейін оттың неғұрлым күшті жанып жатқан учаскелерін өшіруге кірісу қажет. Мұндай кезде шапшыған су ағыны лаулаған жалынға емес, лапылдап жанып жатқан заттың өзіне қарай бығытталуы тиіс. Егер тікесінен тік тұрған нәрсе жанып жатса, онда шапшыған су ағыны әлгі заттың жоғарғы жағынан төменгі жағына қарай бағытталуы керек.
  • 5.Химиялық улы заттармен залалданған жерлерде жасайтын әрекеттеріңіз. Өндірісте қолданылатын мейілінше көп таралған өте-мөте күшті улы заттар хлор мен аммиак болып табылады.
  • Хлормен, аммиакпен немесе басқа да күшті әсер ететін улы заттармен зақымданған кезде химиялық зақымданған ошақтардың пайда болғаны жөніндегі хабарды ести салысымен өзіңіз тұратын аудандағы немесе жұмыс орнындағы үйдің есік-терезелерін неғұрлым тығыздап жабыңыз, газ құбарларын және электрмен жылытатын құралдарды тез өшіріңіз. Егер уақыт мұрша беретін болса, есіктердің, терезелердің қуыс-қуысының бәрін де ескі -құсқы қалдық заттарды суға малып алып, мұқият бітеп тастаңыз. Егер қажет болса, әлбетте улы заттың буын байқасыныз немесе иісін сезсеңіз, өндіріс орнында "В" маркалы Сары түсті қорапқа салынған (хлорға қарсы) немесе "КД" маркалы сұрғылт түсті қорапқа салынған (аммиакқа қарсы) өнеркәсіптік противогазды киіңіз.
  • Зақымданған аймақтан шыққан бойда жақындарыңызға, балаларға, қарттаға, әсіресе уланып қалған адамдарға көмек көрсетуге тырысыңыз.
  • Егер сіз қауіпті химиялық кәсіпорындарда жұмыс істейтін болсаңыз, апат бола қалған жағдайда техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі нұсқауда көрсетілген шараларды орындауға тырысыңыз.
  • Хлордың буымен уланған адамды зақымданған аймақтан тезірек алып шығу керек, сөйтіп, мүсәтір спиртін иіскету қажет. Ac содасының ерітіндісімен оның көзін, мұрнын, аузын және тамағын жуып-шаю керек. Ыстық сүт немесе шай ішкізіп, жылы орынға жайлы жатқызуға тырысу керек.
  • Аммиактің буымен уланған адамды зақымданған аймақтан тез алып шығып, оған сірке қышқылының еретіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Қажет болған жағдайда жасанды түрде тыныс алуына жәрдемдесу қажет.
  • Ауылшаруашылық малдары уланып қалатыңдай кауіп төнген кезде оларды мал қораларына қамап, оның есік - терезелерін, қуыс -қуыстарын мықтап бекіту керек..Сондай -ақ, қауіпсіз аймаққа, жел жақсы соғатын орынға айдап шығу қажет.
  • 6.Бактериологиялық тәсілмен уланған жерлерде жасайтын әрекеттеріңіз. Бактериологиялық тәсілмен уланған жерге тап болған кезіңізде медицина қызметкерлері мен әкімшіліктің барлық нұсқауларын орындауға тырысыңыз. Егер қажет болса, пәтерді дезинфекциялаңыз, жұрт ортақ пайдаланатын орындарды, мебельдерді, ыдыс -аяқтарды, киім -кешектерді, төсек - орандарды, және басқа заттарды хлорлы, әкті, фенолды, лизолды қолдана отырып, дезинфекциядан өткізіңіз. Ал, өзіңізге өзіңіз санитарлық сақтық шараларын қолданыңыз (бүкіл денеңізді жылы сумен сабындап жуыңыз).
  • 7. Радиациялық қауіпті объектідегі апаттар кезінде және радиоактивті заттармен уланған жерлерде жасайтын әрекеттеріңіз. Сіздің мұндай кездегі жасайтын әрекеттеріңіз ең алдымен өзіңізге берілген барлық тапсырмаларды мейлінше тез тиянақты және мұқият орындауға саятын болуы тиіс. Соның өзінде де екі түрлі әрекет ету мүмкіндігін есте ұстауға тиістісіз. Алғашқы жағдайда көрсетілген мерзім ішінде шектеу шараларын жүзеге асыруға тиістісіз: ашық жатқан су көздерін пайдалануға болмайды, азық-түлік заттарын мұқият жуып-тазарту керек, үй ішінің есік-терезелерін жабық ұстау қажет, ары-бері жүрісті азайту керек.
  • Мұндай шектеу шараларының бәрі де сізге хабарланады және түсіндіріледі. Соның өзінде сіз жеке өзіңіздің және коллективтік қорғаныс құралдарын қолдану және радиациядан сақтау ережелерін бұлжытпай орындау, йодты профилактика жасау, тұрғын үйлер мен өндірістік үйлерді, сондай -ақ су көздерін зақымданудан сақтайтын бекіту шараларын іске асыру жөніндегі нұсқауларды неғұрлым тез және. толық орындауга тиістісіз.
  • Қазіргі жайдайда халықтарды жаппай қыруға арналған қарулардан қорғау төмендегідей 3 түрлі тәсілмен жүргізіледі:
  • 1.Қалалық жерлерде, елді мекендерде, кәсіпорындарда халықтарды, жұмысшыларды арнайы жер асты жайларында қорғау. (убежище, ПРК, укрытие). Ол жайларға: арнайы жер асты жайлары; радиоактивты сәулелерден қорғайтын жайлар, қарапайым жайлар жатады.
  • 2. Халықтарды қауіпті аймақтардан (ірі қалалар) кәсіпорындардан қауіпсіз қала сыртындағы ауылдарға көшіру.
  • 3.Халықтарды, жұмысшыларды жеке адамдар қорғанатын құралдармен, киімдермен қамтмасыз ету тәсілмен. Әскери жағдайда халықтарды, жұмысшыларды жаппай қыруға арналған қарулардың әсірінен қорғау, оларды тұратын, жұмыс істейтін жерлерінде арнайы жер асты жайларында қорғау принципінде жүргізіледі.
  • Азаматтық қорғаныс жүйесінде тіркелген мұндай жайлар:
  • 1.атқаратын қызметіне қарай:
  • адамдарды қорғауға арналған;
  • басқару органдарын орналастыруға арналған болып бөлінеді;
  • Орналасуына қарай: көп қабатты үйлердің астына;
  • өз алдына бөлек салынған жайлар болып бөленеді;
  • Салынатын уақыттарына қарай:
  • асықпай бейбіт өмір кезінде;
  • қауіп төнген кезде жылдам салынатын жайлар болып бөлінеді.
  • Қорғау қасиеттеріне қарай:
  • арнайы жер асты қорғану жайлары;
  • радиоактивті сәулелерден қорғайтын;
  • қарапайым жайлар болып бөлінеді.
  • Қорғануға арналған арнайы жер асты жайы деп (убежище) жер астында өте мықты құрылыс материалдары темір бетоннан салынған, сырттан ауа кіргізбейтін, қорғанған адамдарды жаппай қыруға арналған қарулардың барлық әсерлерінен қоғайтын жайларды айтады.
  • Ядролық жарылыс кезіндегі ауа қысымынан қорғау дәрежесіне қарай бұл жай (убежище) 5 түрге бөлінеді:
  • I - 5кг/см2 одан жоғары
  • II- Зкг/см2
  • III- 2кг/см2
  • ІҮ -1 кг/см2
  • Ү- 05кг/см2
  • Сыйымдылығына қарай кіші, орташа үлкен жайлар болып бөлінеді:
  • Кіші жайлар -1 50 адамға дейін;
  • Орташа жайлар -1 50 ден 450 адамға дейін;
  • Үлкен жайлар - 450 одан да жоғары адамға есептелген.
  • Ауаны тазалау құралдарымен қамтамасыз етілгеніне қарай:
  • -өндірісте дайындалған ауа тазалағыш орнатылған;
  • -қарапайым ауа тазалағыш орнатылған;
  • -ауа тазалағышсыз жайлар болып беленеді.
  • Радиоактивті сәулерден қорғайтын жайлар (ПРУ).
  • Мұндай жайлар адамдарды радиоактивті сәулелерден және жеңіл қирау аймағында қираған жайлардың бөлшектерінен сақтап қорғайды. Гамма сәулелерінен адамдарды қорғау мүмкіндіктеріне қарай 3 топқа бөлінеді:
  • I - топқа 200 еседен жоғары;
  • II- 50 ден 200 ге дейін;
  • III- 20 еседен 50 ге дейін
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау