Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет61/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

  
258
  
ОҚУҒА  АРнАЛҒАн  ҚОСЫМША  МАТЕРиАЛДАР 
ЖӘнЕ АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Журналистерді қорғау жөніндегі комитет: 
www.cpj.org
«Қауіпті жағдайларда репортаждар жүргізу бойынша тапсыр-
ма»:
Cpj.org/Briefings/2003/safety/journo_safe_guide.pdf
Халықаралық баспасөз институты: 
www.freemedia.at/indexl.
html
Шекарасыз журналистер: 
 www.rsf.org/
Халықаралық Ньюс Сэйфти институты:
www.newssafety.com/index01.html
«Дарт» журналистика орталығы:
www.dartcenter.org/index.html
және Дарт Юроп: 
www.dartcenter.org/europe/
Роури Пек Траст: 
rorypecktrust.org/
Курт Шоркты еске алу қоры: 
www.ksmfund.org/
14-тарау: Журналистердің қауіпсіздігі


  
259
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Қауіпсіздік шараларын оқытатын кейбір ұйымдар:
 
 

AKE – 
www.akegroup.com
 

Центурион – 
www.akegroup.com
 

Пилигримс – 
www.piligrimsgroup.co.uk/index.html
әскери тілшілердің қолынан шыққан түрлі мақалалар майдан 
сызығынан репортаж жүргізудің  қауіптілігі мен қысымдарды 
көрсетеді:
«Бац-бац»  клубы:  Жасырын  соғыстың  түсірілімдері
,  ав-
торлары: Грег Маринович пен Жуау Силва (Негізгі кітаптар)
Менің  соғысым  өтіп  кетті,  мен  оны  сағынамын
,
 
авторы: 
Энтони Лойд (Пингвин)
Чарли Джонсон от пен оқтың ортасында
, авторы: Майкл 
Игнатьефф (Гроув Пресс), Косоводағы әскери тілші туралы 
роман


  
260
  
15-тарау
iwpr 
үшін
 
қалай
 
жазу
 
КереК
?
Соғыс пен бейбітшілікті 
жариялау жөніндегі 
институт дағдарыс 
және қақтығыс 
аймақтарындағы 
жергілікті журналис-
терге қолдау көрсету 
мақсатында құрылған 
с
оғыс
 
пен
 
бейбітшілікті
 
жариялау
 
жөніндегі
 
институт
 
көбіне-
көп  қақтығыс  пен  дағдарыс  мәселелері  бойынша  жергілікті 
және халықаралық талқылаудан сырт қалған аймақтардағы 
жергілікті жауапкершілігі мол журналистерге қолдау көрсету 
мақсатында құрылды. 
Бұл жұмыстың мақсаты:
 

Демократия мен азаматтық қоғамды күшейту;
 

Қауымдастықтар арасында сенім орнату;
 

Халықаралық көзқарастан хабардар ету.
Біздің бағдарламаның негізгі салалары:
 

Оқиғалар мен зерттеулерді суреттеу;
 

Оқыту;
 

Кең ауқымды мүмкіндіктер туғызу.
      
Бір мезгілде бірнеше басылымда жариялау үшін газеттердің 
қосымшалары  мен  мақалаларды  сату,  бұқаралық  ақпарат 
құралдарына  шығу,  конференциялар,  семинарлар  және 
басқа да қоғамдық маңызы бар оқиғалар қоғамдық пікірталас 
пен диалогқа үлес қоса отырып, Соғыс пен бейбітшілікті жа-
риялау жөніндегі институттың материалдарын кеңінен тара-
тады. 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт тәжіри-
белік  тәсілді  қолданады.  Біз  журналистиканы  оқудың  ең 
дұрыс тәсілі – онымен айналысу деп есептейміз. Бастапқы 
біліктілігіңіз  бен  қабілетіңізді  шыңдау  үшін  семинарларға 
қатысу  немесе  біз  жариялап  отырғандай  журналистика 


  
261
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
саласының  нұсқаулығына  сүйене  отырып,  өз  бағытыңызды 
айқындау – мәселенің бастамасы ғана. Нағыз оқу журналистің 
жазба кітапшасын алғаш бастаған кезіңізден немесе алғашқы 
репортажды жазуға отырған сәтіңізден басталады. 
IWPR-дың  көптеген  штаттық  қызметкерлері  –  журналистер. 
Біз барлық мәліметке өз тәжірибеміз арқылы қол жеткіземіз. 
Біз әрдайым көмек қолын созуға дайын үзеңгілес әріптестен 
және кейде тым қатал көрінетін білікті редактордан көп нәрсе 
үйрендік.  Осылайша,  өзіміздің  біліктілігімізді  арттырып,  қа-
білетімізді жетілдірдік.  
Ұдайы қателесу және сынақ жасау, егжей-тегжейлі коммента-
рийлер алу, конструктивті ұсыныстар, тіпті дәл сол оқиға тура-
лы үздік репортаж жасаған әріптеске қызғанышпен қараудың 
өзі де сіздің көңіліңізге қаяу түсіреді және көп уақытыңызды 
алады. Бірақ, бұл сабақ алудың ең жақсы тәсілі. Соғыс пен 
бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институттың  қамтамасыз 
ететін оқу ордасы дегеніміз де осы. 


  
262
  
Нақтылы фактілерге 
негізделген журналистік 
ұстанымдар бұқаралық 
ақпарат құралдарының 
дағдарыстан шыққан 
аймақтарда демократия-
ны қалыптастыруына 
мүмкіншілік туғызады 
халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарымен 
жұмыс істеу
Жергілікті журналистер үшін Соғыс пен бейбітшілікті жария-
лау  жөніндегі  институтпен  бірге  жұмыс  істеу  тәжірибесі 
бұқаралық ақпарат құралымен жұмыс істегеннен өзгеше бо-
луы мүмкін. Қырағы қадағалау, оқиға болған жерлерден ре-
портаж жүргізу, бір репортажды қайта жасау, деректерді тек-
серу және кейде адамды зеріктіріп те жіберетін экстенсивті 
редакциялау... Бұл мәселелерге қатысты сауалдар журналис-
тер тарапынан көп қойылады. Біздің айтарымыз, Соғыс пен 
бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институттың  жүйесі  шын 
мәнінде  көптеген  халықаралық  және  соның  ішінде  англо-
американдық бұқаралық ақпарат құралдарының стандартты 
әдіс-тәсілдері мен дағдыларын қолданады. 
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институт  ре-
дакциялаудың  осы  жүйесі  мен  журналистиканың  негізгі  ха-
лықаралық стилі басқа елдер үшін де негізгі ұстаным болуы 
керек  деуден  аулақ.  Себебі,  сөз  басында  айтқанымыздай, 
әлемнің  әр  түкпірінде  әртүрлі  қалыптар  мен  дағдылар 
қолданылады. 
Дегенмен,  нақтылы  деректерге  сүйене  отырып  сенімді  ре-
портаж жүргізу жұмысы жалпыға ортақ принциптер негізінде 
жүреді.  Қолдарыңыздағы  анықтамалықтың  бас  жағында 
айтылғандай, бұл жұмыс қақтығыс пен дағдарыстан шыққан 
(немесе осындай қауіп төніп тұрған) аймақтарда демократия-
ны қалыптастырып, сенім орнатуға үлкен көмегін тигізеді.  
Репортаждар жүргізу мен редакциялаудың халықаралық сти-
лі – осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған басым бағыт. 
15-тарау: IWPR үшін қалау жазу керек?


  
263
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
СТАРТ
10. Баа беру
1. Жергілікті
жағдай
9. Аймақтық 
талқылау
2. Хабарды 
жоспарлау
7. Веб мақала
4. Кеңес беру, қайта 
қарап шығу
6. Қорытынды
5. Мәселе көтеру
Репортажды 
жүргізудің динамикасы
Жазылмаған заңға сай, жұмыс істеу тәжірибесі – кез келген 
журналист үшін ең құнды сабақ. әрине, БАҚ қызметкерлері 
осы ережелерді өздерінің жұмыс жасау жағдайы мен ортала-
рына бейімдеуі мүмкін. 
Репортаждар жүргізу/оқу қарқыны
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт мақала 
жазу  процесін  бірнеше  құрамдас  бөліктерге  бөледі  және 
осы жолдың кез келген қадамында жергілікті журналистерге 
қолдау көрсетуге тырысады. 
Алғашқы қадам баспасөзде жариялайтын жергілікті түйткілді 
мәселені анықтап алуға тіреледі. Яғни, оқиғаның жаңашылдық 
құндылығын түсіну (8-тарауды қараңыз), оқырманның бағасы, 
басқа  ақпарат  құралдарында  оқиғаның  қалай  көрсетілгенін 
анықтау  және  жалпы  редакторлық  қызығушылық  деген 
сөз.  Бұл  процесс  журналистің  құрастыруымен  жазылатын 
қысқаша  түйіндемемен  немесе  мақаламен  аяқталады.  Бұл 
процесс  барысында  көтерілетін  мәселенің  немесе  болып 
жатқан оқиғаның жалпы көрінісі, тәсілі, деректер, кейбір мән-
жайлардың  ашылуынан  бастап,  мақаланы  жазуға  берілген 
уақыт пен оның көлемін сақтауға дейін маңызды. 
Екінші  қадам  –  жазылатын  материалды  жоспарлау.  Бұл 
дереккөздер  мен  негізгі  материалды  анықтауды,  шектеулі 
мерзім ішінде ақпарат алу үшін стратегия жасауды білдіреді 
(4-тарауды  қараңыз).  Бұл  процеске  тепе-теңдікті  сақтау,  екі 
жақты комментарийлер беру, екі дереккөз ережесі бойынша 
сенімділікті қамтамасыз ету жатады. 
3. Оқиғаны 
баяндап жазу
8. Жергілікті 
мақала


  
264
  
Ұдайы кеңес сұрап 
отыру және тексеру – 
жолма-жол, сөзбе-
сөз редакциялау 
процесінің бейнетті 
жұмыстарының бірі  
Үшінші  қадам  –  ең  маңызды  қадам,  яғни  оқиғаны  суреттеу. 
Осы  кітапта  көрсетілген  жайттарды  мүлтіксіз  орындаған 
сайын  процесс  оңай  өтеді.  Дегенмен,  басқа  халықаралық 
ақпарат  құралдарының  редакторлары  сияқты  Соғыс  пен 
бейбітшілікті жариялау жөніндегі институттың редакторлары 
да  сізге  материалыңызды  қайтадан  толықтыру,  деректерді 
тексеру немесе дәл ақпаратты әрі қарай іздестіру жұмысын 
тапсырып,  кері  қайтаруы  мүмкін.  Бұл  өте  қиын  процесс, 
кейде  оның  түкке  қажеті  жоқ  сияқты  болып  көрінуі  мүмкін. 
әрине,  жоспарыңыздың  быт-шытын  шығарған  редакторға 
да  «түк  түсінбегені  үшін»  ренжисіз.  Бірақ,  олардың  міндеті 
–  материалыңыздың  кәсіби  болуы,  онда  тепе-теңдік 
принципінің сақталуы, оқырман үшін бәрінің түсінікті болуы. 
Редакторлар  осы  шараларды  жүзеге  асыру  арқылы  сіздің 
жұмысыңызды мазмұнды ете түседі.  
Ұдайы кеңес сұрап отыру және тексеру – жолма-жол, сөзбе-
сөз редакциялау процесінің бейнетті жұмыстарының бірі. Бұл 
белгілі бір дәрежеде күш-қуатты қажет етуі мүмкін, сонымен 
бірге  тығыз қарым-қатынасты талап  етуі  мүмкін. Соғыс пен 
бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институтта  бұл  процесс 
әдетте екі кезеңді қамтиды: біріншісінде негізгі деректер мен 
мақаланың  құрылымын  тағайындалған  редактор  (көбінесе 
бағдарламалар  менеджері  немесе  кейде  сізбен  бірге  жер-
гілікті  тілде  жұмыс  істейтін  елдегі  жаттықтырушы)  редак-
циялап  шығады;  бұдан  кейін  редакциялаудың  келесі  саты-
сы жүзеге асырылады. әдетте ағылшын тіліндегі меңгеруші 
редактор  немесе  ассистент-редактор  стиль  мен  жалпы 
түсініктілігіне  қатысты  жұмыс  істейді  (сондай-ақ  олар  жала 


  
265
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
жабу белгілері мен мәтіндегі басқа да елеулі мәселелер ту-
ралы атқарушы директорды, адвокатты хабардар етеді). Осы 
кезең финалдық редакциялау деп аталады. 
Қайталап айтайық, осы нұсқаулықтағы ережелерді неғұрлым  
мұқият  орындасаңыз,  редакциялау  процесі  де  соғұрлым 
жеңіл  болады.  Қысқаша  кіріспе  жазбаға,  соның  ішінде 
оның көлеміне назар аударыңыз: 800 сөзден тұратын мәтін 
жазу  тапсырылып,  сіз  оның  орнына  2000  сөз  жазсаңыз, 
әрине,  репортажыңыз  айтарлықтай  қысқартылады  неме-
се  толығымен  жарамсыз  деп  табылады.  Өте  өкінішті  жайт, 
дегенмен  шыдамды  болыңыз:  редактордың  жұмысы  – 
мәтіннің  айқын  әрі  түсінікті  болуын  қамтамасыз  ету,  сіздің 
материалыңыздың  сапасын  арттыру  және  аудиторияңызды 
көбейту. 
Мақаланы  жазуға  жұмсаған  күш-жігеріңіз  мақала  жарыққа 
шыққан  соң-ақ  ақталады:  барлық  журналистердің  талпына-
тыны да осы. Сонымен қатар, мақала IWPR сайты мен элек-
тронды таратуға шыққан соң редактор сізбен еңбегіңіз үшін 
ақшалай сыйақы төлеуге келісім жасайды.  
(Төлем бір ай ішінде жүргізілуі тиіс екенін есте сақтаңыз; қандай 
да бір сауалдар туындаған жағдайда, Соғыс пен бейбітшілікті 
жариялау  жөніндегі  институттағы  өз  әріптестеріңізбен 
сөйлесу керек). Электронды ақпарат құралы арқылы тараған 
материал елшілердің, журналистердің, академиктердің және 
осы мәселемен жұмыс істейтін аналитиктердің қолына тиеді. 
Қысқаша,  ауқымды  аудиторияны  қамтиды.  Бұл  жергілікті 


  
266
  
журналистерге  өздерінің  елдеріне  қатысты  халықаралық 
пікірталастарға ықпал ете алуы үшін қажетті жағдай туғызуды 
көздейтін Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі инсти-
тут жұмысына да арқау болады. 
Алайда,  журналистика  жергілікті  сипатқа  да  ие.  Бұл  ретте 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институттың бас-
ты  мақсаты  –  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  жергілікті 
болуын күшейту. Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі 
институт  жергілікті  және  аймақтық  ақпарат  құралдарымен 
өзара  байланыс  орнатып,  сіздің  репортажыңыздың  өз  елі-
ңізде кеңінен таралып, үлкен мәнге ие болуына ықпал етеді. 
Сіздің  материалыңыз  жергілікті  баспасөзде  жариялануы 
үшін  жергілікті  тілге  аударылады  немесе  сол  тілде  дайын-
далады.  Тек  финалдық  шығарылымды  қайтадан  ағылшын 
тіліне  аудару  немесе  ағылшын  тіліндегі  нұсқаның  қандай 
да  бір  өзгерістерін  жергілікті  тілдегі  сіздің  мақалаңыздың 
нұсқасымен  «араластыру»  аздаған  қиындықтар  тудыруы 
ықтимал. 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт халық-
аралық  синдикацияны  арттырады.  Бұл  мүмкіндік  жергілікті 
журналистерге өз репортаждарын ірі ұлттық және аймақтық 
газеттерде, әсіресе Солтүстік Америка мен Еуропада басып 
шығаруына септігін тигізеді, яғни жергілікті журналистер үшін 
халықаралық  платформа  құрады.  Түсініспеушілікті  болдыр-
мау үшін Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі инсти-
тут синдикация үшін ақыны сирек алады, ал алған жағдайда 
институт синдикация бойынша шығындарды төлеу бойынша 
теңгерімді сақтай отырып, бастапқы авторға соманың жарты-
сын төлейді. 


  
267
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Мықты азаматтық 
қоғам шынайы 
пікірталасқа зәру, 
ал мұндайда сіздің 
репортажыңыз қоғамдық 
диалогты қамтамасыз 
етеді
Мықты азаматтық қоғам шынайы пікірталастарға мүдделі, ал 
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институт  сіздің 
репортажыңызды  осындай  талқылаудың  негізіне  айналды-
рып, әлемдегі түйткілді мәселелер мен демократия жағдайын 
жергілікті деңгейде талқылауға жұмыс істейді. Ол аймақтық 
конференция,  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  тығыз 
жұмыс  немесе  Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі 
институттың  өкілдіктерінде    жергілікті  билік  өкілдерімен, 
ҮЕҰ  өкілдерімен,  журналистермен  және  редакторлармен 
өткізілетін семинар болуы мүмкін.  
Сіздің жұмысыңызды бағалау өткен сабақтарды бекіте түседі, 
кез  келген  қателікті  немесе  түсінбеушілікті  (Соғыс  пен  бей-
бітшілікті жариялау жөніндегі институт тарапынан), сондай-
ақ жарияланымның салдарын анықтайды. Бұл бағалау редак-
тордың қысқа жазбасы немесе сіздің жаттықтырушыңызбен 
немесе  тағайындалған  редакторыңызбен  әңгімелесу  ре-
тінде  болуы  мүмкін.  Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау 
жөніндегі  институттың  академиясы  арқылы  қашықтықтан 
оқытуға арналған Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі 
институттың баяндамалары қатысушы журналистерге он-лайн 
режимінде редакциялық нұсқаларды қайта қарастыруды, кері 
байланыс  орнатуды  және  ортақ  даму  курстарын  белгілеуді 
ұсынады (Баға беру екіжақты болуы керек, егер сіз Соғыс пен 
бейбітшілікті жариялау жөніндегі институттың жұмысы туралы 
әлдене  айтқыңыз келсе, оған жол ашық).
Мықты  азаматтық  қоғам  табиғи  пікірталастарға  мүдделі,  ал 
сіздің  репортажыңыз  осы  қоғамдық  сұхбатты  қамтамасыз 
етеді. 


  
268
  
Соғыс пен бейбітшілікті 
жариялау жөніндегі 
институтпен жұмыс 
істеудің негізгі кілті 
репортаждар 
жасау кезінде нақтылы 
фактілерге сүйеніп, оны 
үйлесімді жеткізу 
білуге негізделеді 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі ин-
ститутпен жұмыс істеуге арналған кеңестер
Жоғарыда  атап  көрсетілгендей,  редакторлық  жұмыс  –  өте 
күрделі процесс. Кейде тез және оңай, кей уақытта күрделі де 
азапты болуы мүмкін. Осы жұмысты неғұрлым жиі орындаған 
сайын, мақсатқа жету соғұрлым оңайырақ болады. 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институтпен жұ-
мыс істеудің негізгі кілті репортаждар жасау кезінде нақтылы 
фактілерге сүйеніп, оны үйлесімді жеткізу білуге негізделеді. 
Егер  сіздің  материалыңыз  кіріспе  жазбаға  сәйкес  келіп, 
түзетілген  қысқаша  мазмұнды  қамтып,  репортаждар  мен 
журналистиканың басқа да қағидаларын басшылыққа алса, 
онда айтарлықтай проблема туындамауы тиіс. 
Сіз  өз  қалаңыздан,  еліңізден  немесе  аймағыңыздан  да 
ауқымды, кең аудитория үшін жазатыныңызды естен шығар-
маңыз.  Негізгі  фактілерді  суреттеңіз,  ә  дегеннен  тұлғалар 
мен тараптарды белгілеңіз, оқырманға жай уағыз оқып қана 
қоймай,  оқуға  қызықты  болатындай  етіп  жазыңыз.  әділетті 
және  ізетті  болыңыз,  сабырлы  қалыпты  ұстаныңыз.  Редак-
торлар мәтінді түсінікті және үйлесімді жасауға тырысып, көп 
уақыт жұмсайды. Ал сіз мұны өз бетіңізше жасауды үйренген 
жағдайда, материалыңыз әлдеқайда жақсы шығады. 


  
269
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Редакторлардың  бір  ғана  материалмен  жұмыс  істемейтінін 
түсіну қажет. Олар өз жұмысын қолдарынан келгенше тез жа-
сайды.  Сондықтан,  жазған  мәтініңіз  неғұрлым  жақсы  және 
анық болса, соғұрлым редакторлардың жұмысы азаяды. 
Өкінішке  қарай,  кез  келген  материал  сәтті  шықпайды.  Тә-
жірибелі  журналист  уақыт  өте  келе  материалдың  «жа-
рамсыз»  (қолданусыз)  болатынын    түсінеді.  әлбетте,  бұл 
жағымсыз  жайт,  бірақ  ол  да  мамандықтың  бір  қыры.  Кей 
уақытта бұл материалдың жақсы өңделмеуі салдарынан бо-
лады.  Алайда,  көбінесе  материал  келіп  түскен  кезде  басқа 
бір    жаңа  оқиғалар  өрбіп,  алдыңғы  материалдың  ескіруі 
себебінен де болады.  
Егер  мақала  пайдаланылмаса,  онда  сіз  тағайындалған  ре-
дактордан  ол  үшін  төлемақы  берілетінін  не  берілмейтінін 
сұрауыңыз қажет. Егер материалдың сапасы нашар болуы-
нан,  кеш  дайындалуынан  емес,  редакциялық  шешім  неме-
се жаңалықтар шешімі салдарынан басылмай қалса, ол үшін 
негізінде жартылай ақы төленеді.  
Алайда, осының өзінен сабақ алыңыз, ал кейіннен оны естен 
шығарыңыз. Сіз поэзиямен емес, журналистикамен айналы-
сасыз; ертеңгі күн де, ол күннің жаңалығы да басқа болады.  


  
270
  
Соғыс пен бейбітшілікті 
жариялау жөніндегі 
институттың 
қоры майдан дала-
лары мен дағдарыс 
аймақтарындағы 
жергілікті журналистер-
ге жәрдем 
жасауға жұмсалады 
Қорлар
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институттың 
қоры  майдан  далалары  мен  дағдарыс  аймақтарындағы 
жергілікті журналистерге жәрдем жасауға жұмсалады. 
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институттың 
оқыту бағдарламаларына далалық тәжірибе сабақтары мен 
семинарлар, репортаждар жүргізу туралы бірлескен жобалар 
негізінде жұмыс орнында оқытудың жан-жақты стилі, он-лайн 
режимдегі  оқыту  жұмыстары,  қолдарыңыздағы  нұсқаулық 
секілді  жарыққа  шыққан  материал,  сондай-ақ  Соғыс  пен 
бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  инстиуттың  он-лайн 
қашықтықтан оқыту жүйесі жатады (
www.iwpr.net қараңыз).
Веб-сайт  басқа  да  салалардың  кең  диапазоны  мен  негізгі 
дағдылардан бастап қоршаған орта мен әскери қылмыстар 
туралы оқиғаларды суреттеуге дейінгіні қамтитын оқыту веб-
сайттарына  сілтеме  береді.  Бұл  –  түрлі  мамандықтар  мен 
негізгі оқыту анықтамалықтарының ауқымды библиография-
сы, олардың көпшілігі он-лайн режимінде беріледі.  
Негізгі  және  мамандандырылған  оқыту  бойынша  семинар-
ларды жергілікті және халықаралық жаттықтырушылар мұқ-
таждықтарға  сәйкес  жүргізеді;  біз  кері  байланыс  пен  біздің 
жергілікті қатысушылардың және серіктестердің идеяларын 
қуана  қабыл  аламыз.  Сондай-ақ,  аталған  нұсқаулықтың 
жаңа шығарылымдарын дайындаймыз және бағдарламала-
рымыздың  пайдалы  болуы  үшін  қатысушылардың  олармен 
танысуын асыға күтеміз. 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институттың жо-
балары  мүмкіндігінше  жергілікті  бұқаралық  ақпарат  құрал-
дары мен медиа ұйымдарды нығайтуға бағытталған. Мейлі 
ол  оқытушы  ұйым  болсын,  сөз  бостандығын  қолдаушы  топ 
немесе жергілікті газет пен ақпарат агенттігі болсын, бәрібір. 
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институттың 
бағдарламалары  туралы  толық  ақпарат  алу  үшін,  сондай-
ақ,  бізбен  бірге  қалай  жұмыс  істеуге  болатынын  білі  үшін 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институттың веб-
сайтын қараңыз. 


Қосымша мәліметтер үшін


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау