ҚОӘБ бойынша жария тыңдауының хаттамасы Өткізілген күні: 2014 жылғы 19 желтоқсан Өткізілген жері



Дата24.11.2018
өлшемі53 Kb.
#24525

«Павлодар қ. 3-ЖЭО күл жинағышының (күл үйіндісінің)

арынды жер құрылмаларын қайта жаңарту» жобасына

ҚОӘБ бойынша жария тыңдауының

хаттамасы
Өткізілген күні: 2014 жылғы 19 желтоқсан

Өткізілген жері: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 3-ЖЭО мәжіліс залы.

Жария тыңдауын ұйымдастырған: «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ

Жария тыңдауын өткізу туралы ақпарат мына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жеткізілді: «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа самалы» газеттерінің 2014 ж. 27.11-дегі №135 сандарында мемелекеттік және орыс тілдерінде жария тыңдауының өткізілетін күні мен орны, сондай-ақ жобаға ҚОӘБ-ті сұратуға болатын интернет-ресурс көрсетілген хабарландыру жарияланды.

Қатысқандар:

Жергілікті атқарушы органның өкілі Мамедова А.Г. - «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы (2014 ж. 26 қарашадағы № 9-8028 хабарлама, апарушы арқылы жолданды), Орлик Т.Ю. – ҚР ЭМ Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің аға мемлекеттік инспекторы (2014 ж. 26 қарашадағы № 9-8029 хабарлама, апарушы арқылы жолданды); Балтабаева М.К. - «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ экологиялық сараптау және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімінің бас маманы (2014 ж. 26 қарашадағы № 9-8025 хабарлама, апарушы арқылы жолданды); Дербич И.Ю. - «БИОСФЕРА» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС инженер гидробиологі (2014 ж. 26 қарашадағы № 9-8026 хабарлама, апарушы арқылы жолданды), Дудоладов А.А. – «БИОСФЕРА» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС жетекші инженер-экологі (2014 ж. 26 қарашадағы № 9-8026 хабарлама, апарушы арқылы жолданды), Богомолов С.В. – 3-ЖЭО бас инженерінің орынбасары, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО персоналы – 4 адам, жұртшылық өкілдері - 2 адам (қатысушылардың тізімі қоса берілген).



Сөз сөйлегендер:

Богачонок Е.В. – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары, жария тыңдауына қатысушыларды қарсы алып, жария тыңдауын ашу үшін жергілікті атқарушы органның өкілі «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Аягюн Годжаткызы Мамедоваға сөз берді.

А. Г. Мамедова – «Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы-заңгер күн тәртібінің мәселелерін атап өтті:

Жария тыңдауының күн тәртібі:

  1. Жария тыңдауының төрағасын және хатшысын сайлау.

2. «Павлодар қ. 3-ЖЭО күлжинағышының (күл үйіндісінің) арынды жер құрылмаларын қайта жаңарту» жұмыс жобасы бойынша баяндама.

  1. Жобаны талқылау, баяндамашыға сұрақ қою, сұрақтарға жауап.

Сөз сөйлеу регламенті ұсынылды - баяндамаға 10 минут, талқылауға – 15 минут.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары Е.В. Богачонок сөз алып, жария тыңдауының төрағасы етіп 3-ЖЭО бас инженерінің орынбасары Сергей Витальевич Богомоловты, хатшысы етіп – ҚОҚБ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер Е.В. Харченконы сайлау жөнінде ұсыныс жасады.

Дауыс берудің нәтижесі бойынша жария тыңдауының төрағасы болып Богомолов С.В., хатшысы болып Харченко Е.В. бірауыздан сайланды.



Төраға Богомолов С.В. «Павлодар қ. 3-ЖЭО күлжинағышының (күл үйіндісінің) арынды жер құрылмаларын қайта жаңарту» жұмыс жобасы бойынша баяндама жасау үшін «БИОСФЕРА» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС инженер гидробиологі И.Ю. Дербичке сөз берді.

И.Ю. Дербич «Павлодар қ. 3-ЖЭО күлжинағышының (күл үйіндісінің) арынды жер құрылмаларын қайта жаңарту» жұмыс жобасы бойынша баяндама жасады (баяндаманың материалдары хаттамаға қоса берілген).

И.Ю. Дербичтің баяндамасынан кейін.

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

Төраға Богомолов С.В. «Павлодар қ. 3-ЖЭО күлжинағышының (күл үйіндісінің) арынды жер құрылмаларын қайта жаңарту» жұмыс жобасының бөлімі бойынша баяндама жасау үшін «БИОСФЕРА» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС жетекші инженер –экологі А.А. Дудоладовқа сөз берді.

А.А. Дудоладов «Павлодар қ. 3-ЖЭО күлжинағышының (күл үйіндісінің) арынды жер құрылмаларын қайта жаңарту» жұмыс жобасының бөлімі бойынша баяндама жасады (баяндаманың материалдары хаттамаға қоса берілген).

А.А. Дудоладовтың баяндамасынан кейін.

Жария тыңдауына қатысушылардың сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

Сұрақ: Орлик Т.Ю., ҚР ЭМ Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің аға мемлекеттік инспекторы

Күл үйіндісінің толып қалуы күтіле ме?



Жауап: Дудоладов А.А. – «БИОСФЕРА» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС жетекші инженер –экологі

Күл үйіндісі толып қалмайды.



Сұрақ: Орлик Т.Ю., ҚР ЭМ Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің аға мемлекеттік инспекторы

Арынды құрылмалардың сенімділігін қалай қамтамасыз ете аласыздар?



Жауап: Дудоладов А.А. – «БИОСФЕРА» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС жетекші инженер –экологі

Күлдің күл үйіндісінің аумағына шығып кетуін болғызбау үшін сыртқы жақтаулар жасалуда. Күл үйіндісінің жер бөгеттерін толтыра себу құрылыс объектісінен шығысқа қарай орналасқан (615 м) кеніштен құм топырақпен жүргізіледі. Біз зертханалық зерттеулер жүргізіп, кеніштен қазылатын топырақтың жақтауларды салғанда берік екендігін анықтадық, бұл осы құрылмалардың қосымша сенімділігін қамтамасыз етеді.



Сұрақ: Орлик Т.Ю., ҚР ЭМ Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің аға мемлекеттік инспекторы

Ал осы жоба бойынша жұмыстар енді жүргізіліп жатыр ма?



Жауап: Дудоладов А.А. – «БИОСФЕРА» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС жетекші инженер –экологі

Рұқсат алынбағандықтан, жоба бойынша жұмыстар жүргізілмей жатыр. Бүгінгі күні 3-ЖЭО күл шлактарын орналастыру үшін артық орындар бар, ал қаралып отырған жоба 2015 жылдың аяғына дейінгі кезеңге көзделген.



Төраға Богомолов С.В.: (талқылаудан кейін) Барлықтарыңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Жария тыңдауының нәтижесі жасалған ескертулер мен бүгінгі талқылаудан кейін түскен ұсыныстар ескеріліп, хаттамамен ресімделеді. Сондай-ақ, жария тыңдауының хаттамасы Павлодар қаласы кәсіпкерлік бөлімінің интернет –ресурсында тыңдау өткізілген күннен соң Жария тыңдауын өткізу ережесінде көзделген мерзімде жарияланатынын хабарлаймын.


Құрметті жұртшылық, сіздер Жария тыңдау хаттамасының мазмұны бойынша өздеріңіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 7 күнтізбелік күннің ішінде беруге құқылысыздар.

Жария тыңдауының төрағасы ______________________________ Богомолов С.В.

Жария тыңдауының хатшысы _________________________________ Харченко Е.В.

Қосымша:



  1. Жария тыңдауын өткізу туралы газетке берілген хабарландырудың көшірмесі;

  2. Жария тыңдауының материалдары (2 баяндама);

  3. Жария тыңдауға қатысушылардың тізімі.


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау