Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет2/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

  
7
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Бұл тенденциялар аса қауіпті болғанына қарамастан, оның 
оң  әсері  бар  екенін  де  естен  шығармаған  жөн.  Мұндай 
жағдайлар  жергілікті  журналистердің  жарқын  болашағына 
ықпал  етеді.  Кейбір  негізгі  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
маңызды  халықаралық  жаңалықтардан  бас  тартқанымен, 
бұл  жағдай  жергілікті  журналистердің  мемлекет  ішінде  оң 
өзгерістердің  енуіне  үлес  қосып,  халықаралық  дәрежеде 
кеңею  мүмкіндігін  арттырады.  Қазіргі  коммуникациялық 
құралдардың  мүмкіншілігіне  қарай,  бүкіл  әлем  бізге 
жақындай  түседі.  Бұл  өз  кезегінде  жергілікті  бұқаралық 
ақпарат құралдарына халықаралық күн тәртібіне әсер етуге 
мүмкіндік береді. 
Бұл  аралықта  жекеменшік  қорлар  мен  батыстық  үкіметтік 
ұйымдардың қолдауына сүйенген бұқаралық ақпарат құрал-
дарын дамытуды көздейтін халықаралық ұйымдар өз қызметін 
жандандыра  түседі.  Ондай  ұйымдар  бейбітшілікті  сақтап, 
даму  мен  демократияны  қамтамасыз  етуге  көмек  көрсету 
мақсатында  қаржыландырылады.  Ал  ол  қаржы  жергілікті 
бұқаралық ақпарат құралдарын нығайтуға жұмсалуы тиіс. 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт (IWPR) 
сондай    ұйымдардың  бірі.  Қазіргі  кезде  институт  оңтүстік-
шығыс Еуропадағы, Еуразия, Таяу Шығыс және Африкадағы 
жиырмаға  жуық  мемлекетте  жұмыс  істейді.  Оның  міндеті 
–  жергілікті  журналистердің  медиа  ұйымдарда  қызмет 
етуіне  жағдай  туғызып,  оларды  оқытуға  және  жазғандарын 
жариялауға қолдау көрсету.  
Біздің  тәжірибеміз  жергілікті  репортерлердің  толып  жатқан 
кедергілерге  төтеп  беруге  мәжбүр  екенін  көрсетеді.  Көп 
жағдайда  оларға  тікелей  қысым  көрсетеді,  ол  аз  болса 
журналистер  ресурс  тапшылығын  және  кәсіби  қолдаудың 
жоқтығын сезінеді. 
Соған  да  қарамастан,  біз  жергілікті  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының өздеріне көрсетіліп жатқан көмекке арқа сүйей 
отырып,  бар  мүмкіншіліктерін  көрсететінін  де  байқаймыз. 
Мұндайда журналистер қауымы ерекше батылдық танытып, 
халықаралық  нақтылық  стандарттарын  толыққанды  сақтай 
отырып, объективті әрі бейтарап ақпарат таратады.  


  
8
  
IWPR  жеңіп  алған  көптеген  халықаралық  сыйлықтар 
біздің  жүйемізде  жұмыс  істейтін  жергілікті  журналистердің 
жетістіктерінің мойындалуы деп білеміз.
БҰҰ  ДБ  деректеріне  сүйенсек,  соңғы  жиырма  жыл  ішінде 
«81  мемлекет  демократиялық  бағытқа  айтарлықтай  қадам 
жасаған,  бүгінгі  күні  әлемдегі  200  мемлекеттің  140-ында 
көппартиялы  сайлау  өткізеді.  Бұл  бұрынғыдан  әлдеқайда 
көп».  Дамушы  демократия  әлемнің  түкпір-түкпіріндегі 
жергілікті  журналистер  үшін  маңызды  рөл  атқарады.  Ол 
журналистердің  толыққанды  жұмыс  істеуіне  мүмкіндіктер 
туғыза отырып, өте үлкен жауапкершілікті де жүктейді. 
Жаңа  коммуникациялық  технологиялар  болса,  бірыңғай 
ойын ережесін қалыптастыруға ықпал етіп, тең мүмкіндіктер 
жасайды. Бүгінгі күні ақпаратты алу да, тарату да бұрынғыдан 
әлдеқайда  оңай.  Бір-бірінен  алшақтап  кеткен  бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  түрлі  салалары  қазір  жақындасып 
келеді.  Бұл  әрекеттер  мәтінге  де,  желіге  қосылған  аудио 
және бейнематериалдарға да қатысты (соңғысы, әрине, ин-
тернетке  қосылған  компьютердің  болуына  және  арнаның 
мүмкіншіліктеріне де байланысты). 
Бұл  жаңалық  журналистер  үшін  ғана  емес,  тұтастай  қоғам 
үшін үлкен қолдау болып отыр. 
Бірақ,  жаңа  мүмкіндіктер  кәсіби  біліктілікті  арттыру  мен 
оқиғаны  жауапкершілікпен  баяндауды  алдыңғы  шепке 
шығарып  отыр.  Қолдарыңыздағы  тәжірибелік  нұсқаулық 
ретінде  жазылған  осы  кітапта  дәл  осы  мәселе  туралы  сөз 
болады.  Мақсат  –  айтарлықтай  дағдарыс  аймағындағы  ел-
дерде  жұмыс  жасап  жатқан  жергілікті  журналистерге  көмек 
көрсету.
Бұл  оқу  құралы  журналистиканың  халықаралық  дәрежеде 
мойындалған  негізгі  стандарттарын  көрсетіп  қана  қоймай, 
журналистік  материалдар  дайындаудың  негізгі  тәсілдеріне 
байланысты құнды, пайдалы кеңестер береді. 
Кіріспе
Демократияның 
дамуы бүкіл әлемдегі 
журналистер қауымы 
үшін үлкен әрі маңызды 
рөл атқарып отыр


  
9
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Кітапта  жалпы  мәселелерге,  саяси,  экономикалық  және 
гуманитарлық  салаларға  байланысты  ақпараттарды  қалай 
беру керектігі сипатталған. Сондай-ақ, басылым қорғаныс пен 
қауіпсіздік турасынан кеңес беріп, қақтығыс аймақтарындағы 
оқиғаны  анық-қанық  суреттеуге  мүмкіншілік  ашады.  Жала 
жабу  мәселесіне  қатысты  да  құнды  деректер  бар.  Біздің 
оқытушы  бағдарламаларымыздың  бір  бөлігі  ретінде  жа-
зылып  шыққан  оқу  құралы  Соғыс  пен  бейбітшілікті  баян-
дау  жөніндегі  институтқа  мақала  жазудың  шарттары  мен 
талаптарын  да  қарастырады.  әр  бөлімде  жаттығулар  мен 
пікірталас тудыратын бөлімдер бар, сонымен қатар қосымша 
анықтамалық  ақпараттар  берілген.  Тәжірибелік  нұсқаулық 
халықаралық жаттықтырушымен бірге ғана емес, әркімнің өз 
бетінше қолдануына да ыңғайлы етіп құрастырылған. 
Оқу  құралы  бірнеше  тілге  аударылған  (толығырақ  мәлімет 
алу  үшін  www.iwpr.net  сайтына  кіруге  болады).  Беттерді 
бөлу  бірнеше  тілде  өткізілетін  оқыту  семинарлары  үшін  де 
қолайлы.  
Журналистердің  құқықтарымен  қатар  міндеттері  де  бар. 
Көптеген  қоғамда  бүтін  бір  буынның  ғұмырына  тең  немесе 
тіпті одан көп уақыттан бері журналистердің алғаш рет өздері 
тұрып жатқан елдегі оқиғалар туралы еркін ақпарат таратуы-
на мүмкіндігі туып отыр. Егер олар өздерінің кәсіби стандарт-
тары мен жұмыс істеу сапасын дұрыс белгілейтін болса, ол 
болашақ ұрпақтың дамуына жол сілтеумен ғана шектелмейді. 
Журналистердің сапалы жұмысы қоғамның көшбасшыларын 
сүт бетіне шығарып, түрлі қоғамдық топтардың арасындағы 
келіспеушілікті  жойып,  тұрақты  және  демократиялық 
дамудың іргетасын қалайды. Нұсқаулық журналистерге осы 
маңызды міндеттерді орындау барысындағы көмекші құрал 
ретінде пайдалануға арналған.
Энтони Борден, 
атқарушы директор
Бүтін бір буынның 
ғұмырына тең немесе 
тіпті одан көп уақыттан 
бері журналистердің алғаш 
рет өздері тұрып жатқан 
елдегі оқиғалар туралы 
еркін ақпарат таратуына 
мүмкіндігі туып отыр 


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау