246
Жеке басыңызды
куәландыратын
құжатты жаныңыздан
тастамаңыз, ал қару
ұстауға әуестенбеңіз
Репортер жұмысының фотограф жұмысына ұқсамайтынын
есте сақтаңыз. Фотограф немесе оператор түсірілімдерді
қақтығыстың мәнін көрсету үшін жасайды. «Түсірілімдер мен
ақпаратты алған соң, тез арада кетіп қалыңыз» деген ұранды
сіз де ұстаныңыз.
Тағы да қайталап айтайық, әлдекімдерге өз батылдығыңызды
көрсетудің түкке керегі жоқ. Көпшіліктің артынан ергеннен
гөрі, өзіңіз тәуелсіз шешім қабылдаудың үлкен ерлік екенін
ұмытпаңыз.
Міндетті түсіну
әрқашан өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын
қужат алып жүріңіз. Қару ұстауға әуестенбеңіз. Егер сізді
әскерлер ұстап алса, қолыңыздан қару көрсе, журналистпін
деген сөзіңізге қалай сенеді? Қарсы тараптың қолдаушысы
еместігіңізді қалай дәлелдейсіз? Бұл халықты қорғау
жөніндегі халықаралық конвенцияларға да қайшы келеді.
Журналист екеніңізді бірден айтыңыз, өйтпеген жағдайда,
сізді тыңшы деп қалуы мүмкін. әдетте қасақана өтірік айту-
дан гөрі, бақылау-рұқсат беру бекетінен өткен дұрыс. Деген-
мен, белгілі бір журналистік себептерге орай осы ережені
бұзуға тура келетін жағдайлар болады. Жергілікті жағдайдан
хабардар болу және тәжірибелі әріптестеріңізбен бірге тексе-
ру сізге дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
14-тарау: Журналистердің қауіпсіздігі
247
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Қою жасыл түсті,
яғни әскерилердің
формасына немесе
әскери топ мүшелерінің
киіміне ұқсас түсті киім
кимеуге тырысыңыз
әрқашан бос жатқан жолдарға сақтықпен қараңыз. Неге олар
босаңсып қалған? Айнала туралы көбірек мағлұмат білуге
тырысыңыз, екінші жақта ату нысанасы болатындай не
бар екенін қарап шығыңыз. Алайда, жан-жақта снайперлер
болса немесе демонстранттар ақпарат құралының өкіліне
наразылық тудырған жағдайда, тым ашық киім де сізді оңай
нысанаға айналдыруы ықтимал.
Қою жасыл түсті, яғни әскерилердің формасына неме-
се әскери топ мүшелерінің киіміне ұқсас түсті киім кимеу-
ге тырысыңыз. әскерилер оқ атқан тұсқа жақын тұрсаңыз,
олардың қайтадан оқ атуы мүмкін екенін назарда ұстаңыз.
Алыстан адамның жанында тұрған бейнекамера зымы-
ран құрылғысы немесе снайпердің қаруы сияқты көрінуі
мүмкін. Егер қауіпті сезсеңіз, онда қарсы жақтың көруі үшін
иығыңыздан камераны алып, оны жан-жаққа көрсетіңіз.
248
Көлік мәселесінде
әскерлерге тәуелді
болудан қашыңыз, көлік
құралдарының әскери
нысана екені
есіңізде болсын
Майдан даласында неғұрлым аз уақыт болыңыз
Көлік мәселесінде әскерлерге тәуелді болудан қашыңыз,
көлік құралдарының әскери нысана екені есіңізде болсын.
Алдыңғы шепке тек нақты мақсатыңыз болған жағдайда
ғана барыңыз. Мысалы, қақтығыстың мәнін түсіну үшін
әскерлерден немесе майдан даласында жүргендерден
интервью алуүшін баруға болады. Майдан сызығының
әрдайым дәл белгіленуі мүмкін емес екенін есте сақтаңыз,
екі жақтың ортасындағы аумақта қолға түсуден сақтаныңыз.
Сапарыңызды алдын ала ойластырыңыз және қалаған
уақытыңызда кете алатыныңызға көз жеткізіңіз. Майдан
сызығына жай ғана қыдырып баруға немесе тәжірибе жинау
үшін баруға болмайды.
Көлік құралыңыздың қауіпсіздігіне, оның қалай жұмыс
істейтініне, қайтып келуге жанармайдың дәл жететініне көз
жеткізіңіз. Көлік мәселесінде әскерлерге тәуелді болудан
қашыңыз, өйткені олардың көлік құралдары әскери нысана
болып табылады. Егер сізге асығыс кету керек болса, онда
құтқарудың немесе орын ауыстырудың (эвакуация) жақсы
тәсілдерін білетініңізді анықтаңыз.
Қоршаған адамдарыңыздың сіздің сапарыңыздың жоспары
туралы білетініне көз жеткізіңіз, егер жазатайым жағдай бол-
са дер уақытында дабыл көтеру үшін айналаңыздағыларға
сапарыңыздың жай-жапсарын тегіс түсіндіріп, жиі есеп беріп
отырыңыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне
арналған көлік құралдарымен және басқа журналистермен
бірге жол жүрген қауіпсіз. Тәжірибелі адамдарға құлақ асыңыз
және тым тәуекелшіл болып көрінгендерден бойыңызды
аулақ ұстаңыз.
14-тарау: Журналистердің қауіпсіздігі
249
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Қару-жарақтарды танып білу
әскери іс-әрекеттер болып жатқан аумақта оқиғаға әскердің
көзқарасы тұрғысынан қарауға тырысыңыз. Жағдайдың
қаншалықты қауіпті екеніне талдау жасау үшін қару-жарақ ту-
ралы кейбір қарапайым жайттар мен заманауи шайқастың
қару-жарақтары туралы білгеннің артығы жоқ.
1. Ауыр калибрлі қару
Арнайы киім қорғайтынына қарамастан, ауыр калибрлі қару
әрдайым қауіп төндіреді. Ауыр калибрлі қарудың артил-
лериялық немесе минометті екенін де ажырата білу қажет.
Артиллерия – дала қару-жарағының артиллериялық снаряд-
тары. Оның траекториясы аса жоғары емес. Одан төбешіктің
артына тығылып та қорғана аласыз. Минометтер қысқа әсер
ету радиусына ие, бірақ олардың жоғары траекториясы анау-
мынаудың артына тығыла алмайтыныңызды білдіреді.
Қарсы оқтың тіке атылғанын, шолу сәулесі бар-жоғын не-
месе тіке еместігін анықтауға тырысыңыз, бұл үшін көздеу
(дәлдеу) механизмі қолданылады. Егер ол тіке емес болса,
онда ерекше нысанаға туралау баяу жүреді. Жетілдірілген
басқару жүйесі болмаса, зақымдау дәлдігі 100 метр шама-
сында ғана болады, яғни бұл межеленіп отырған нысан-
нан 50 метр қашықтықта болған жағдайда, тура тиюі мүмкін
екенін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |