228
Кез келген санды қайдан
алғаныңызды көрсетіп
отырыңыз. Ал ол санның
дұрыстығы күмән
тудырған жағдайда екі
есе мұқият болыңыз
Кез келген санды қайдан алғаныңызды көрсетіп отырыңыз.
Ал ол санның дұрыстығы күмән тудырған жағдайда екі есе
мұқият болыңыз. Мысалы, «үкімет жұмысқа 5,000 аса қызмет-
кер қабылданғанын мәлімдейді». Егер 5,000 қызметкерді
зауыттағы жұмыстан босатса, онда бұл жалпы жұмыс күшіне
қатысты нені білдіреді?
Экономикалық статистиканы қолданудың ең дұрыс ережесіне
сай, егер сандардың дұрыстығына күмән тудырсаңыз неме-
се олардың шын мәнінде нені білдіретінін түсінбесеңіз, онда
оларды қолданбаңыз.
Өзіміздің білмейтін нәрсемізді түсіндіру кейде аудиторияға
кәдімгідей көмектесе алады. Мысалы: «Биыл елде қанша
апиын өндірілетіндігін ешкім нақты білмейді. БҰҰ-ның баға-
лауы бойынша, 40,000 тоннадан 60,000 тоннаға дейін жетуі
мүмкін».
Бір ғана «бұлтартпас» сан он болжамды санға тең келеді.
Компаниялар, үкімет және үкіметтік емес ұйымдар болжам-
дар мен жобалардағы сандарды жұмыс, түсім және субсидия-
лар бойынша шығарады. Көбінесе бұл олардың дамуының,
ақпаратты беру немесе ашық насихаттау стратегиясының
бір бөлігі болып шығады. Олай болса, болжамдар мен ресми
жарияланған статистиканы қолдануда абай болыңыз.
13-тарау: Экономикалық журналистика
229
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
экономикалық ұғымдармен жұмыс істеу
Саяси журналистикада объективті шындықты табу қиын:
ақ пен қараның арасындағы нәрсе тым көп. Экономикада,
керісінше, сіздікі дұрыс немесе сандардың көрсеткішіне бай-
ланысты дұрыс емес болуы ықтимал.
Сонымен, «инфляция» немесе «жаппай ішкі өнім» термин-
дерінің белгілі бір айқын мағынаға ие екенін түсіну маңызды.
Көбінесе олар белгілі бір құрамдастары бар және дәл есеп-
телген индекстерге негізделеді.
Сондықтан да сіз негізгі экономикалық ұғымдар мен жеке-
леген терминдерді қолдануда оларды қателік жасамайтын-
дай дәрежеде меңгеруіңіз қажет. Осы жерде «жалаңаш»
сандардың артында тұрған тұжырымдаманы түсінудің маңыз-
дылығын ескеру үшін әзірленген екі мысал келтірілген.
230
Төмендегі мәлімдемелерді қарастырыңыз және олардың
дұрыс немесе қате екенін шешіңіз:
Инфляция деңгейі түсуде, себебі орталық банк көп ақша
шығаруда.
(Дұрыс емес: ақшаны көп шығару әдетте инфляцияның ар-
туына әкеледі)
Жалақы төмендеді, сондықтан да адамдардың көпшілігі
жұмысқа тұрды.
(Бұл шындыққа жақын келеді, өйткені еңбектің құны арзанда-
са, онда көп адамдар жұмысқа тұра алады.)
Шынайы көрініс кейде сандардың артында қалады. Үкімет
немесе қоғамның ой-пікіріне ықпал етуге тырысушы компа-
ниялар ұсынатын сандардың артында кейде одан да қызық
ақпарат тұрады. Журналистің шеберлігі осы сандардың жа-
сырын контексін анықтауға тіреледі.
Төменде келтірілген мысалға қараңыз және сол ақпарат
негізінде қысқаша ақпараттық мақала жазыңыз:
13-тарау: Экономикалық журналистика
231
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Митхалистанның Қаржы министрлігі биыл темекіге салы-
натын салықтан 25 миллион американдық доллар жинау-
ды ұйғарғанын жариялады. Министрлік Митхалистанда
бес миллион адам темекі шегетінін, орта есеппен алғанда,
олардың әрбірі күніне жиырма темекі тартатынын хабар-
лады. Жиырма темекіден тұратын бір қорапқа салынатын
салық 2,000 риалды құрайды (АҚШ-тың бес центі – 40,000
риал бір долларды құрайды). Министрлік темекі өнімдерін
сатудан түсетін табыс өткен жылғы 20 миллион доллар
көрсеткішке қарағанда 25 пайызға өскендігін мәлімдеді.
Сандар арқылы негізгі ұғымдарды түсінген соң ғана мақала
үшін тақырып табуға болады.
Қарым-қатынастар
Репортаждардың кез келген түрі сияқты экономикалық ма-
териалдар жазу кезінде де жазба кітапшаңыздағы қажетті
байланыстарға тәуелдісіз.
Өнеркәсіптік елдерде ресми органдармен (Қаржы министр-
лігімен, орталық банкпен, статистика қызметімен және т.б.),
өнеркәсіптік органдармен (қор биржасында тіркелген жетекші
компаниялармен), сізге экономикалық жаңалықтарды
түсінуге көмектесетін және оларға тәуелсіз комментарий
бере алатын беделді экономистермен қарым-қатынаста болу
қажет.
232
Дамушы елде қарым-қатынас орнатудың тәртібі де, жөні де
бөлекше. Қаржы министрлігі мен орталық банк негізгі ақпарат
көзі болады. Алайда, елде жұмыс істейтін даму жөніндегі
ұйымдарға – Бүкіләлемдік банктің өкілдігіне, Халықаралық
Қаржы Корпорациясының өкілдігіне, үкіметтік емес
ұйымдар мен Батыс елдерінің үкіметтері қаржыландыратын
жобаларға жауапты қайырымдылық ұйымдарына баруыңыз
керек. Бүкіләлемдік банк сияқты ірі ұйым көптеген елдер-
де қызметкерлер ұстайды, дегенмен Вашингтонның Ко-
лумбия округінде орналасқан орталық кеңседегі саясатты
бақылаушы адамдармен қарым-қатынас орнату да қажет.
БҰҰ-ның Даму бағдарламасы адам дамуы туралы жыл
сайынғы есеп шығарады.
Сауда қатынасы, қаржы және ауыл шаруашылығы салала-
ры да дамушы елдерде жоғары маңызға ие бола алады.
Егер ел экспортқа тәуелді болса (мәселен, шетел валюта-
сы үшін бидай алу), Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі
лауазымды тұлғалармен қарым-қатынас орнату қажет. Кей-
де ресми түсініктеме алу үшін министрмен сұхбат жүргізуге
тура келеді, мұндайда аса мұқият дайындалған жөн; ал
басқа уақытта астық түсімі туралы алғашқы мәліметтерді
бере алатын министрліктегі өзге жауапты қызметкермен бай-
ланысып отыру жеткілікті (министр мұнан да гөрі маңызды
мәліметтерді ғана беруі мүмкін).
13-тарау: Экономикалық журналистика
Достарыңызбен бөлісу: |