Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет53/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61

  
224
  
13-тарау
э
КоноМиКалық
 
журналистиКа
  
Экономикалық мәселелер 
бойынша қоғамдық 
пікірталастар шын 
мәніндегі түйткілді 
мәселеге назар аудартып, 
оны шешудің жолдарын 
табуға көмектеседі
Э
кономикалық
 
мәселелер
 
бойынша
 
қоғамдық
 
пікірталастар 
шын мәніндегі түйткілді мәселеге назар аудартып, оны ше-
шудің жолдарын табуға көмектеседі.  
Экономиканың ең қарапайым анықтамасы – адамдардың та-
бысына ықпал ететін нәрсені зерттеу. 
Сайлаулар экономикаға байланысты жеңіске жетеді немесе 
жеңіліс табады. 1992 жылғы Билл Клинтонның президенттік 
сайлау  науқанындағы  аңызға  айналған  сөзді  еске  түсіріңіз: 
«Бұл  экономика  дегеніңіз  нағыз  ақымақтың  өзі».  Көбінесе 
ұлттық, жергілікті және халықаралық әл-ауқат пен еліміздің 
тұрақты жай-күйі оның әлемдік рынокта қаншалықты жетіс-
тікке жеткендігіне байланысты. 
Кедейшілік,  шиеленіс  немесе  қақтығыс  жағдайын  бастан 
кешіріп отырған дамушы елдерге экономикалық мәселелер 
жөнінде  жақсы,  айқын  мақалалар  қажет,  өйткені  қоғамдық 
пікірталастар шын мәніндегі түйткілді мәселеге назар аудар-
тып,  оны  шешудің  жолдарын  табуға  көмектеседі.  Құқықтық 
және  реттеуші  құрылымдар  әлсіз  болған  кезде  сыбайлас 
жемқорлықпен  күресте  баспасөздің  назары  қажет  болуы 
мүмкін. 
Экономикалық  саясат  пен  экономикалық  қызметті  түсіну 
үшін және оны басқаларға анық түсіндіру үшін журналистер-
ге  айрықша  еңбектену  керек.  Егер  соғыстағы  оқиғаларды 
көрсеткіңіз келсе, онда қақтығыстар теориясын оқуыңыз ке-
рек. Ал экономика туралы жазбас бұрын тілші осы пән бо-
йынша бастапқы білім алуы тиіс. 


  
225
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
не қажет?
Экономикалық журналистикада кез келген басқа да мате-
риалдарды  дайындау  қабілетімен  қатар,  негізгі  үш  нәрсе 
керек:
1. Сандарды қалай пайдалануды білу
2. Экономикалық ұғымдармен жұмыс істеуді білу
3. Іскерлік ортамен және қаржы әлемімен қарым-қатынас ор-
нату
Осы  салада  маманданып  жүрген  барлық  жақсы  журналис-
тер сияқты сізге де тақырып бойынша көп оқуға, түсінбеген 
жерлеріңізді қорықпай сұрауға тура келеді. Егер тілші расы-
мен де осы салада жоғары деңгейге жетуге тырысса, онда 
«орталық  банкирлерден»  бастап,  экономист  мамандарға 
дейін тілшінің түсінбеген сұрағын түсіндіруден қашпайды. 


  
226
  
Бір ғана санның 
бүтін бір оқиғаның 
тууына себепші 
болатын жағдайы көп 
Сандармен жұмыс істеу
Сізге тұтынушы бағалар индексін есептеуді немесе М3 ақша 
агрегатының өзгеру жылдамдығы туралы әңгімелеуді үйрету 
бұл тараудың мақсатына жатпайды. Бұл жерде экономикалық 
сандармен  қалай  жұмыс  істеудің  кейбір  негізгі  бағыттарын 
баяндауға ғана талпыныс жасалады. 
Көбінесе бір сан бір оқиғаның басталуына себепші болады. 
Мысалы,  «зерттеу  нәтижесі  бойынша  білім  беруге  қолдау 
көрсету  үшін  донор  елдердің  ұсынған  құралдарының  жеті 
пайызы ғана елге жетті». Немесе «жаңа зерттеу соңғы жыл 
ішінде баспана құны елу пайызға өскендігін көрсетті». 
Бірақ,  «пайыз»  деген  сөз  дәйекті  сандарсыз  аз  көрсеткішті 
білдіреді. Жоғарыда келтірілген мысалда «жеті пайыз» деге-
німіз миллионның пайызы ма немесе жүз миллионның пайы-
зы ма? Бұл үлкен айырмашылықты білдіреді! Оқырмандарға 
пайыздық өсім мен түсім түсінікті болуы үшін контекст ұсыну 
қажет. 
Мәтінді қиындатпаңыз. Қажет болған жағдайда дәл айтыңыз, 
бірақ егжей-тегжей жазып, оқырмандардың  миын қатырмау 
үшін  негізгі  мақалада  сандарды  дөңгелетіп  беруге  бола-
тынын  ұмытпаңыз.  Шынайылықты  көрсету  үшін  ақпарат 
көздерін дәл және өз уақытында көрсетіңіз және мақаланы 
түсінуге жеңіл, қарапайым етіп жазыңыз.  
13-тарау: Экономикалық журналистика


  
227
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Қандай да бір матери-
алды жазбас бұрын өз 
еліңіздегі өлшем жүйесін 
білуіңіз және сол өлшем 
бірліктерінің біреуін 
ғана ұстануыңыз керек 
Мәселен, «ресми мәліметтер бойынша, өткен жылы 180,000 
тоннаға жуық бидай сыртқа шығарылды». Бірақ, бұл «өткен 
жылы  бидайды  сыртқа  шығару  177,823  тонна  болды»  де-
ген сөз емес. Енді осы көрсеткішті салыстыра отырып беру 
маңызды.  Алдыңғы жылы импорт аз ба еді, көп пе еді? Астық 
жетпей  қалды  ма?  Импорттың  жоспардан  көп  болуы  неге 
әкеліп соқтырды? Елдің шетелдік валютасын сақтай отырып, 
сыртқа шығару көлемін қысқартатындай, астық соншалықты 
жақсы шықты ма? Осы сауалдардың жауабы экономикалық 
мақаланың салмағын ауырлатады.  
Қандай да бір материалды жазбас бұрын өз еліңіздің өлшем 
жүйесін  білуіңіз  және  сол  өлшем  бірліктерінің  біреуін  ғана 
ұстануыңыз керек. Бұл сандарды және бір өлшем жүйесінен 
екіншісіне ауыстыруды білдіреді. Мәселен, сізге АҚШ долла-
ры және оның жергілікті валютадағы эквиваленті қажет бо-
луы мүмкін. Бір өлшем бірлігінен басқасына көп рет ауысты-
ра беруде шатасудан сақ болу керек, айқындық енгізу үшін 
қажетті сандарды ғана қолданыңыз. 
«Орта қызметтегі адам айына 1,500 лир (25 доллар) жала-
қы  алатын  болса,  парацетамол  сияқты  сырттан  келетін 
препараттың өзі 180 лир (3 доллар) тұрады». 
Осылайша салыстырып беріңіз. Егер сіз инфляция (ақшаның 
құнсыздануы) туралы репортаж жазсаңыз, онда қазіргі бағаны 
өткен жылғы бағамен салыстыруға тырысыңыз, мәселен, бір 
ай немесе жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырыңыз. 


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау