Бағдарламаны іске асыру тетігі
Бағдарламаны іске асырудың тиімділігін арттыру үшін күтілетін нәтижелер бойынша өзара келісілген бірқатар бағдарламалық және өзге де құжаттарды жүйелі қабылдау қажет:
1) Бағдарламаны іске асыру бойынша алдыға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін нақты әрекеттер егжей-тегжейлі көрсетілген, мерзімдері, орындаушылары, аяқтау нысандары, оны жүзеге асыруға кететін шығындар анықталған шаралардың жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Республиканың орталық атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары;
3) өңірлердің мәслихаттары мен әкімдері бекіткен аумақты дамыту және оларды іске асыру бойынша шаралар жоспары;
4) Бағдарламаны іске асыруға қатысатын ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың, мемлекеттен бақыланатын өзге де акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің стратегиялары мен жоспарлары;
5) саясатты іске асыруға қатысатын ұлттық даму институттарының, мемлекеттен бақыланатын өзге де акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің даму стратегиялары мен жоспарлары.
Аталған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар тиісті кезеңнің өзекті болмысын есепке ала отырып, қажет болған жағдайда енгізілетін болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды әзірлеу мен қабылдаудың осындай тәртібі Бағдарламаны саттылай және деңгейлік дәреже іске асырудың тиімділігін және ашықтығын арттырып, іс-шараны іске асырудың жүйелілік пен үндестікті қамтамасыз етеді.
Бағдарламаны дамытуға әзірленген арнайы салалық бағдарламаның жоқтығы қағидаттық болып табылады. Бағдарлама мен жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің және оларды әзірлеу және өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде күтілетін нәтижелер бойынша өзге де құжаттар арасындағы нақты өзара байланыстардың сақталуы маңызды болып табылады.
Бағдарламаны іске асыруды басқару
Бағдарламаны іске асыруды басқару үшін оны іске асырудың, мониторингілеу мен қаржыландырудың негізгі қатысушылары арасында жауапкершілік пен институциональдық тетіктерді нақты бөлу бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінен басқа, орталық және жергілікті басқару органдары, ұлттық холдингтер мен даму институттары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бағдарламаны іске асыруға, оның ішінде ұлттық және аумақтық кластерлерді дамыту мәселелері бойынша стратегиялық құжаттарды талдауға және әзірлеуге белсенді қатысады.
Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласында ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссиясының маңызы зор.
Өнеркәсіп саласын дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру, индустрияны дамыту саласында Ұлттық даму институты базасында даму институты арқылы қолдау көрсету жүйесін реттеу үшін индустриялық саясат саласында белгіленген тәртіппен төмендегідей қызметтік бағыттар енетін құзырлық орталығын қалыптастыру қарастырылған: елді индустриялық дамытуды ақпараттық-талдамалық қолдау; Бағдарламаны іске асыру мониторингі; өнімділікті арттыру бағдарламасын дамыту; өнім беруші жүйесін дамыту және жаһандық салалық тізбекке ықпалдасу; кластерлерді қолдау бойынша мемлекеттік саясатты үйлестіру; әкімшілік кедергілерді азайту үшін жол картасын әзірлеу; Индустрияландыру картасын сүйемелдеу; жедел қызметтерді қолдау және Комиссияны талдамалық қамтамасыз ету; Бағдарламаның басқару кеңсесін құру және дамыту.
Бағдарламаны іске асыру мониторингі
Бағдарламаны іске асыру барысы туралы жедел (жыл сайынғы) деректерді, сондай-ақ оны іске асыруға тартылған министерліктер мен даму институттарының іс-шаралар жоспарын тиімді үйлестіру, мониторингілеу және қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін оны іске асыру мониторингілеу және бағалау жүйесі жетілдірілетін болады.
Бағдарламаны іске асыруды мониторингілеу жүйесінде қол жеткізілген нәтижелерге байланысты фактілерге және орындаушыларды қаржыландыруға негізделген бағалау негізгі тетік болуы тиіс. Осы тәсілді енгізу, бірінші кезекте талдау мен бағалаудың жаңа түрлері – бағдарламалар мен жобаларды алдын ала бағалау, мемлекеттік ресурстардың шығындарымен салыстырғанда оларды іске асырудың нәтижелілігін бағалау сияқты Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Тиімді ведомствоаралық үйлестіруді іске асыру үшін бағдарламаларды басқару саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес оны іске асыру индустрия саласында Ұлттық даму институты базасында бағдарламаларды басқару кеңсесін құру жоспарланған. Ол нысаналы көрсеткіштердің орындалуын бағалауды, жекелеген іс-шараларды іске асыру дәрежесін жүзеге асыратын болады. Бағдарламаны іске асыру мониторингі қиыс кеткен жерді анықтап, осы кемшіліктерді жою шаралар жоспарын ұсынады, соның негізінде Бағдарламаға түзетулер жасалады.
6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу қадамдық жүзеге асырылатын болады:
Бірінші кезеңге экономиканың ресурстық базалық секторынан ұлттық кластерді дамыту бойынша іс-шараларды, экономиканың нарыққа бағытталған секторының 3 кластерін және «жаңа экономика» секторынан екі инновациялық кластерді қамтиды. Басым бағыттағы секторларда индустриялық дамуды қолдау бойынша пилоттық құралдар іске асырылады.
Іске асырудың екінші кезеңінде басым секторларға индустриялық дамытуға қолдау көрсетудің барлық құралдары пайдаланылады. Базалық ресурстық секторлардан, нарыққа бағытталған секторлардан және инновациялық кластерлерден басым кластерлерді дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады. Даму институттары жүйелерін жаңарту аяқталады. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда, Саясат өзектендіріледі, ал бұл кезеңнің аяқталмай қалған сатысында Қазақстан Республикасы индустриялық дамуының үшінші бесжылдығы бағдарламасы әзірленетін болады. Бұдан басқа, өнеркәсіптің базалық және нарыққа бағытталған секторларының кластерлері, сондай-ақ «жаңа экономика» секторының инновациялық кластерлері үшін ТМД және Орталық Азия мемлекеттері енетін макроөңірде халықаралық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
Саясаттың сыртқы өзгерген жағдайларға сай келуін қамтамасыз ету мақсатында ол қайта қаралады, оның ішінде Саясатты іске асыратын министрліктердің стратегиялық жоспарлары, үш жылдық және бес жылдық жоспарлары (бюджеттік циклді есепке ала отырып), сондай-ақ стратегиялық даму, үш жылдық және бес жылдық іс-шаралар жоспарлары (бюджеттік циклді есепке ала отырып) қайта қаралады.
Іске асырудың аяқталу сатысы – үшінші кезеңде Саясатты іске асыруды кешендік бағалау жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2024 жылдарға арналған үшінші бесжылдығы бағдарламасын әзірлеу ұйымдастырылатын болады.
7. Қажетті ресурстар
Бағдарламаны табысты іске асыру үшін мемлекеттің және жеке сектордың қаржы ресурстары топтастырылатын болады, бұл ретте мемлекет жеке инвестициялардың кірісі үшін жағдай жасайтын қолдау шараларын қаржылай қолдауға назар аударады.
1-кесте. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестицияларға жалпы қажеттіліктер, млрд. теңге
|
2015 ж
|
2016 ж
|
2017 ж
|
2018 ж
|
2019 ж
|
2015-2019 жж.
|
Қара металлургия
|
89
|
53
|
84
|
72
|
93
|
390
|
Түсті металлургия
|
361
|
400
|
216
|
59
|
66
|
1102
|
Мұнай өңдеу
|
48
|
50
|
514
|
68
|
70
|
750
|
Мұнай-химия
|
14
|
284
|
264
|
582
|
144
|
1289
|
Тамақ өнімдері өндірісі
|
59
|
61
|
66
|
73
|
82
|
341
|
Агрохимия
|
30
|
12
|
18
|
361
|
96
|
517
|
Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі
|
16
|
18
|
23
|
29
|
36
|
121
|
Автомобильдер өндірісі
|
17
|
31
|
44
|
24
|
49
|
164
|
Электр жабдықғы
|
23
|
34
|
42
|
34
|
36
|
169
|
А/ш техникасын шығару
|
19
|
13
|
14
|
16
|
18
|
80
|
Т/ж техникасын шығару
|
53
|
64
|
76
|
86
|
107
|
385
|
Тау-кен жабдығы
|
17
|
17
|
18
|
21
|
18
|
90
|
Мұнай өңдеуші және мұнай-газ өңдеуші жабдық
|
8
|
9
|
9
|
11
|
14
|
51
|
Құрылыс материалдары өндірісі
|
124
|
77
|
77
|
77
|
83
|
436
|
Басым секторлар бойынша жиыны
|
876
|
1121
|
1464
|
1512
|
912
|
5885
|
Өзге де секторлар
|
144
|
152
|
165
|
124
|
130
|
715
|
Өңдеуші өнеркәсіп
|
1020
|
1273
|
1629
|
1636
|
1042
|
6600
|
Бағдарлама бойынша бөлінетін мақсатты бюджеттік қаржы ресурстарының 80 % -ы басым секторларды қолдауға бағытталатын болады. Қалған 20 % -ы өңдеуші өнеркәсіптің басқа секторларының табысты жобалары мен кәсіпорындарын қолдауға бағытталады.
Пайдаланылатын терминдер
Аддитивті технологиялар – бөлшегі дәстүрлі дайындамаға салынбай, материалды күшейте отырып қалыптастырылатын технологиялар класы.
Голландтық ауру – екі белгісі бар экономикалық ахуал. Бірінші – шикізат өндірісі мен экспортын арттыру. Екінші – отандық өнеркәсіп өндірісінің көлемін азайту. Бұл ретте, екінші белгінің пайда болуы біріншісімен тікелей байланысты. Басқаша айтқанда, «голландтық ауру» - шикізат экспорты ел экономикасының дамуын баяулататын экономикалық ахуал.
Іскерлік ахуал – елдің шетелдік инвестицияларға басымдығын, сонымен қатар, кез келген саладағы ірі және ұсақ ұлттық компаниялардың ел дамуына инвестиция салуға бейімділігін айқындайтын саяси, экономикалық, заңдық және материалдық факторлар жиынтығы.
Әртараптандыру – экономикалық тәуекелдерді азайту мақсатында қаржы салымдарының әртүрлі нысандары арасында капиталды бөлу.
Ұлттық даму институттары – дауыс беру акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) елу немесе одан да көп бөлігі тікелей немесе жанама мемлекетке тиесілі, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға өкілетті заңды тұлғалар.
Интернационалдандыру – өнімді басқа өңірдің тілдік және мәдени ерекшеліктеріне бейімдеуді жеңілдететін технологиялық әзірлеу тәсілдері.
ПИИ жанындағы сенімділік индексі (FDI Confidence Index bу A.Т. Kearney) – ірі халықаралық инвесторлардың пікірлерін жүйелі сұрау кезіндегі деректерге негізделген A.Т. Kearney компаниясымен әзірленген индекс.
Кластер – түпкілікті немесе аралық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерді, жиынтықтаушы, мамандандырылған қызметтерді, өндірістік және өзге де жабдықтарды өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылыммен жабдықтаушыларды, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын және белгілі салалық мамандықтарды оқытатын өзге де ұйымдарды қамтитын өзара байланысы бар әрі бірін-бірі толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық шоғырланған тобы.
Коммодитиз – сапалы біртектілікке ие және сипаттамалары мен үлгілері бойынша сауда жүргізуге мүмкіндік беретін және ұзақ уақыт кезеңдері ішінде сапалы сипаттамалармен салыстырылатын жеке партиялары бірін-бірі алмастыратын, жаппай шығарылып, белсенді экспортталатын тауарлар.
Орташа табыс түсіретін қақпан – белгілі табысы бар елдің дамуын бір деңгейде ұстап қалатын экономикалық ахуал.
Оқшаулау – бастапқыда шетелде шығарылған өнімнің өндірісін ел аумағында орналастыру.
Макроөңір – Қазақстан Республикасымен интеграциялық деңгейіне байланысты бес деңгейден тұратын өңір.
Бірінші деңгей Ресей Федерациясының шекара маңы өңірлерін қамтиды: Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстары, Башқұртстан Республикасы, Челябі, Қорған, Түмен, Омбы, Новосібір облыстары, Алтай өңір, Алтай Республикасы.
Екінші деңгей Ресей Федерациясының барлық өңірлерін, Украина мен Беларусияны қамтиды.
Үшінші деңгей Қытайдың Қазақстан Республикасымен шекаралас батыс өңірлерін қамтиды.
Төртінші деңгей Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстанның барлық өңірлерін қамтиды.
Бесінші деңгей Түркия, Иран, Ирак, Әзірбайжан өңірлерін қамтиды.
ЭЫДҰ елдері – Жапония, АҚШ, Асвтралия, Германия, Италия, Канада, Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея, мексика, испания, Турция.
Берекелі өндіріс әдісі – тұрақты түрде барлық шығын түрлерін жоюға негізделген өндіріс кәсіпорнын басқару тұжырымдамасы.
Yellowpages қағидаты – мемлекет жеке бизнес айтарлықтай шоғырланған секторларда бизнес ойыншы ретінде қатыспауы тиіс.
Өнеркәсіп – өнеркәсіптің өзімен қатар, өзге де халықтық шаруашылық салаларына еңбекке қажетті құрал-жабдықтар шығарумен, сондай-ақ, шикізат, материал, отын өндірумен, энергия шығарумен, ағаш кесумен, өнеркәсіптен алынған немесе ауыл шаруашылығында шығарылған өнімдерді одан әрі өңдеумен айналысатын кәсіпорындар жиынтығы (зауыттар, фабрикалар, кен орындары, шахталар, электр станциялар) (БЭС).
Трансұлттық компания – екі және одан да көп елдерде өндіріс бөлімшелері бар компания, сондай-ақ жалпы активтердің шамамен 25-30 %-ын шетелдік активтер құрайтын компания.
ҚҚТ – қосылған құн тізбегі (сондай-ақ бизнес жүйесі ретінде мәлім) сипаттайтын модельді білдіреді, ол өнімнің жеткізушіден тұтынушыға дейін қозғалысын осы өнімге құны немес тұтастығын қосатын кезең арқылы процесті сипаттау үшін қолданылады. ҚҚТ талдау барлық сектордың жұмыс істеу тиімділігін арттыра отырып және оның бәсекеге қабілеттігін нығайта отырып, тиімділігін арттыруы мүмкін салаларды анықтау үшін өндірістік процестің құрылымына түсініктеме береді.
Ескертпе: аббревеатуралардың толық жазылуы
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
КО – Кеден Одағы
ЖІӨ – Жалпы ішкі өнім
ЖҚҚ – Жалпы қосылған құн
ҚҚС – қосылған құн салығы
ХВҚ – Халықаралық Валюта қоры
ЭЫДҰ – Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы
СЖМҰК – Сирек жер металлдарының ұжымдық концентраты
МӨЗ – Мұнай өңдеу зауыты
МХЗ – Мұнайхимия зауыты
ЭҚЖЖ – Экономикалық қызметтік жалпы жіктегіші
ЭҚТӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктегіші
СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметтік тауар номенклатурасы
ААҚ – Ашық акционерлік қоғамы
ЖАҚ – Жабық акционерлік қоғам
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
АҚ – Акционерлік қоғам
ТКМК – Тау-кен металлургия кешені
ББЗ – Беткі-белсенді заттар
ҒЗТКӘ – Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер
ДСҰ – Дүниежүзілік сауда ұйымы
АӨК – Агроөнеркәсіптік кешен
ТҰК – Трансұлттық корпорация
ЮНИДО – Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы
ХҚДБ – Халықаралық қайта құру және даму банкі
ҰБХ – Ұлттық Басқарушы Холдинг
АЭА – Арнайы Экономикалық аймақ
ИА – Индустриялық аймақ
ШОБ – шағын және орта бизнес
ЖОО – Жоғары оқу орны
ТжКО – Техникалық және кәбіи оқу
ҚР ҰКП – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ҒЗИ – Ғылыми-зерттеу институты
ТЖҚ – Тауарлар, жұмыстар, қызметтер
ЕДБ – Екінші деңгейлі банктер
РМК – Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
ҚҚТ – қосылған құн
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |