"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы



жүктеу 3,71 Mb.
бет11/13
Дата21.01.2018
өлшемі3,71 Mb.
#7858
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Инновациялық секторлар
      Инновациялық сектор – «жаңа экономика» деп барлық секторды білдіреді, оның дамуы көбінесе ғылыми зерттеу және әзірлемелер нәтижелерімен айқындалады, атап айтқанда: мобильдік және мультимедиялық технологиялар саласы, нано- және ғарыш технологиялары, робототехника, генн инженериясы, болашақ энергиясын іздестіру және ашу.
      Жаңа инновациялық секторды дамыту және ғылымды қажетсінетін салаларды құру отандық ғылымның дамуынсыз шешу мүмкін емес.
      Осыған байланысты, «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның елеулі қатысуы, оның ролі энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, жаңартылған энергетика және қоршаған ортаны қорғау, перспективті материалдар және энергия көздері, Қазақстан Республикасында биомедециналық индустрияның негіздерін құру үшін трансляциялық және персонализациялық медицинаның дамуы салаларында іргелі, қолданбалы және технологиялық зерттеулер мен әзірлемелер дамуына байланысты болады.
      Мынадай өзекті және перспективті бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыруға аса назар аударылатын болады: ғарыш техникасы және технологиясы, жаңартылған энергетика технологиялары және ақылды желілер, күн энергиясын пайдалану технологиясы, энергетика жүйелерін дамытуды модельдеу, ақпараттық және коммуналдық технологиялар, есептеу зерттеулері және робототехника, табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау экономикасы, электр техникасы (оптоэлектронды аспаптар үшін материалдар), регенеративтік медицина және жаңа биопрепараттарды әзірлеу бойынша зерттеулер, туберкулез детекциясы үшін биосенсорларды әзірлеу, инфекциялық агенттер және ісік биологиясы, ақуыз экспрессиясы, остео-артикулярлық аурулар модельдері мен механизмдер, органикалық химия және химия технологиялары салаларындағы қолданбалы зерттеулер.
      «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ны ғылыми-зерттеу базасы мен ғылыми және инновациялық қолдау жүйесін бөлу жолымен әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде қалыптастыру оқытушылық және ғылыми-инновациялық қызметті біріктіретін, халықаралық кластың ұлттық ғылыми кадрларын дамытумен, сондай-ақ үздік отандық және шетелдік ғалымдарды тарту үшін қолайлы жағдай жасаумен тығыз байланысты.
      Ұлттық ғылыми кадрларды дайындаудың тиімді жүйесін дамыту мақсатымен ғылым магистрлерін, Ph.D. докторларын дайындау және ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру бойынша шетелдік әріптестермен бірлескен бағдарламалар әзірленді және іске асырылды, ғылыми қызметкерлердің ғылыми жобалары шеңберінде олар үшін бірлескен Ph.D. бағдарламалары ұйымдастырылды (Қазақстанда ғылыми-зерттеу қызметінен босатпай).
      Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды (инженерлік-техникалық кадрлар, әкімшілік-техникалық қолдау қызметі және сүйемелдеу және басқалары) ұйымдастыру мен іске асыруға қатысқан қызметкерлер құзіреті мен дағдыларын дамыту үшін тұрақты негізде «Назарбаев Университеті» ДБҰ қызметін дамытудың негізгі және перспективалық бағыттарына сәйкес қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын жүргізу қажет.
      Ғарыш технологиялары секторы
      Ғарыш технологиялары секторы – «білім экономикасын» қалыптастыру көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Республикасында дамыту үшін перспективалық сектор.
      ҮИИДМБ орындау қорытындылары бойынша «KazSat» байланыс және хабар таратудың ұлттық ғарыш жүйесі (ҒЖ) жобалық қуатқа шықты, екінші ҒА «KazSat-3» және резервтік жерүсті басқару кешені пайдалануға енгізілді. «KazSat» сериясының ҒА сыйымдылықтарын жалға беру қызметтерін ұсынудан бастап 3,5 млрд. теңгеден астам сомаға осы көрсетілетін қызметтерді импорт алмастыру жүргізілді. «KazSat» ҒЖ өндіріс көлемінің серпіні 1-кестеде келтірілген.
1-кесте. «KazSat» ҒЖ өндіріс көлемінің серпіні, млн теңге.



Атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

«KazSat» сериялы ҒА сыйымдылықтарын жалға беру қызметтері

12,97

1 156,15

2 004,45

341,44

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі


      1-кестеге:
      Ескертпе: * жедел деректер
Ғарыш саласындағы ЖҚҚ бойынша деректер 2-кестеде келтірілген:
2-кесте. Ғарыш қызметінің ЖҚҚ, млн теңге.



Көрсеткіш

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

ЖҚҚ, млн. теңге

8 903,0

13 472,6

7 633,9

2 721,8

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі


      Ғарыш саласында инновацияларды дамытудың негізгі драйвері қолданбалы ғылыми зерттеулер болып табылады. Отандық ғарыш техникасының бірінші тәжірибелік үлгілерін жасау бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орындалды, дәлдігі жоғары жолсеріктік навигация жүйесіне (бұдан әрі – ДЖЖНЖ) арналған саралау станциялары (бұдан әрі – СС) өндірісі ұйымдастырылды және 50 дана көлемінде СС бірінші партиясы шығарылды.
      Егер моральдық және физикалық тұрғыдан айтарлықтай тозуына байланысты жаңғыртуды талап ететін ғарыштық зерттеулердің зертханалық және тәжірибелік-эксперименттік базасын жаңартудың бұрыннан қордаланған мәселесі шешілетін болса, ғарыш ғылымының жетістіктері әлдеқайда салмақты болар еді. Қазақстан Республикасының ғарыш техникасы мен технологияларының отандық үлгілерін, ғарыш өнімдері мен көрсетілетін қызметтерін түпкі пайдаланушылардың аппараттық-бағдарламалық құралдарын құру саласында маңызды ғылыми-техникалық серпіліс жасау жағдайы туындады.
      ТМД-ның Үкіметтер басшылары кеңесінің 2011 жылғы 18 қазандағы шешімімен қабылданған 2020 жылға дейінгі кезеңінде ТМД қатысушы мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығының мемлекетаралық бағдарламасы шеңберінде екі инновациялық жобаны іске асыру жоспарланған:
      1) болжамдық мониторингінің көп нысаналы аэроғарыштық жүйесін әзірлеу мен сертификаттау;
      2) халықаралық көлік дәліздерін басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешенін әзірлеу.
      Түйінді проблемалар
      1. ғарыштық зерттеулердің заманауи тәжірибелік-эксперименттік базасының болмауы; ғарыштық өнімдер мен қызметтерді түпкі пайдаланушыларға дейін жеткізудің толыққанды инфрақұрылымының болмауы; Қазақстанның ғарыштық саласының шетелдік әріптестерге технологиялық тәуелділігі.
      Мақсаты
      Республиканың индустриялық-инновациялық дамуын жеделдетуге, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты нығайтуға, ғылым мен жоғары технологияларды дамытуға ықпал ететін экономиканың ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялық секторы ретінде толыққанды ғарыштық саланы құру.
      Нысаналы индикаторлар
      Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
      1) 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2019 жылы нақты мәнде ЖҚҚ-ның 30 %-ға өсуі;
      2) 2019 жылға қарай ғарыш саласында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар санын 300 адамға арттыру;
      3) 2019 жылға қарай ғарыштық зерттеулердің жалпы көлеміндегі ғылыми-техникалық әзірлемелердің үлесін 50 %-ға дейін жеткізу;
      4) 2019 жылға қарай ғарыштық техниканы өндірістік құру тәжірибесі бар ғалымдар үлесін 25 %-ға дейін жеткізу;
      5) 2019 жылға қарай ғылыми-техникалық әзірлемелердің жалпы көлеміндегі коммерцияландырылған жобалардың үлесін 25 %-ға дейін жеткізу.
      Міндеттер
      1) байланыс, Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) және ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш аппараттарының (бұдан әрі – ҒА) орбиталық топтамасын дамыту және олардың пайдалануын кеңейту;
      2) ҒА құрастыру-сынау кешенін, тәжірибелі өндірісі бар ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын, ДЖЖНЖ, «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін, байланыс және ЖҚЗ ғарыш жүйелерінің жерүсті сегменттерін қамтитын жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін дамыту және олардың пайдалануын кеңейту;
      3) ғарыш саласының ғылыми-технологиялық базасын дамыту, ғарыштық зерттеулердің зертханалық және тәжірибелік-эксперименттік базасын жаңғырту мен кеңейту;
      4) тиісті оқу орындары мен ғылыми орталықтарда, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде ғарыштық қызмет саласында инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауды, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды көздейтін ғарыш саласының кадр әлеуетін дамыту;
      5) ғарыш саласының нормативтік базасын жетілдіру.
      Ғарыш саласын дамыту басымдықтары
      Ғарыш саласындағы қызметтің басым түрлері ғарыш техникасы мен технологиялардың отандық үлгілерін құру бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер, байланыс, ЖҚЗ және навигация ғарыштық жүйелерінің өндірісін және техникалық пайдалануын қамтамасыз ету, осы ғарыштық жүйелердің өнімдері мен көрсетілетін қызметтерін ел экономикасының түрлі салаларындағы түпкі пайдаланушыларға дейін жеткізу болып табылады.
      Бесжылдық кезеңде Индустрияландыру картасы (бұдан әрі – ИК) шеңберінде 2015 - 2019 жылдар кезеңінде іске қосылуы жоспарланатын 10 жобаны іске асыру көзделеді.
      5. Негізгі бағыттар, Бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар.
      Бағдарлама шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес көрсетілуі тиіс.
      1. Инвестициялық ахуал
      Бағдарлама жеке инвесторлардың өңдеу өнеркәсібіне келуін ынталандыруға арналған. Мемлекеттің маңызды рөлі жеке инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау болып табылады. Инвестициялық ортаны бағалау бойынша жалпымен танылған дүниежүзілік индексті жақсарту үшін ұдайы жұмыс істеу қажет. Бизнесті жүргізу жағдайын (Doing business), елдің бәсекеге қабілеттілігін (Global Competetivness Index) жақсарту, шетелдік тікелей инвестицияларды көбірек тарту (World Investment Report), Yellow Pages қағидатын ескере отырып, жоспарланған жекешелендіруді өткізу арқылы экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін азайту қажет.
      Индустриялық даму басымдықтарын іске асыруға жәрдемдесу үшін Қазақстан Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – ЮНИДО), Халықаралық қайта құру және даму банкі (бұдан әрі – ХҚДБ) және басқа да халықаралық институттар сияқты беделді ұйымдармен белсенді ынтымақтасатын болады. Елдік бағдарламалар шеңберінде ұлттық экономиканың, атап айтқанда өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған озық халықаралық тәжірибе пайдаланылатын болады.
1-кесте. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингілерінің нысаналы көрсеткіштері (рейтингтегі Қазақстанның орны)



Санаты

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

Институционалдық дамуы

55

52

49

47

45

Инфрақұрылым

62

59

56

54

52

Макроэкономикалық орта

23

23

23

23

23

Денсаулық сақтау және жалпы білім беру

97

93

89

85

82

Жоғары және кәсіби-техникалық білім

54

51

48

42

44

Тауарлар нарығының тиімділігі

56

54

52

50

48

Еңбек нарығының тиімділігі

15

15

15

15

15

Қаржы нарығының дамуы

103

97

91

85

80

Технологиялық әзірлік

57

54

51

49

45

Нарық көлемі

54

54

53

53

52

Бизнестің дамуы

94

92

90

88

86

Инновациялар

84

82

79

76

74

      Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстанның позициясы үнемі жақсартылатын болады. Кейінгі институциональдық реформалар жеке меншіктің берік мемлекеттік қорғанысын қамтамасыз етеді. Кадр саясаты меритократия қағидаттары бойынша жүргізілуі керек. Инклюзивтік қағидатын ескере отырып, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейіндегі ашықтық мемлекеттік жүйедегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін барынша төмендетеді.


      Экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін маңызы зор болатын көлік, энергетика және өндіріс инфрақұрылымдарының сапасы жақсартылады, өйткені ол экономикалық қызметтің, сондай-ақ ел экономикасының басым секторларының дамуын айқындайтын маңызды фактор болып табылады.
      Макроэкономикалық орта ұзақ мерзімді инвестицияларға қолайлы болып қалуы тиіс, өйткені экономика түйінді макроэкономикалық көрсеткіштер тұрақсыздығы жағдайында өсе алмайды.
      Денсаулық сақтау саласының сапасын айтарлықтай жақсарту қажет. Ұлт саулығы, сонымен бірге сау жұмыс күші елдің бәсекеге қабілеттілігі мен өнімділігі үшін зор маңызға ие. Халықтың жалпы бастауыш білімінің көлемі мен сапасын жақсарту қажет, ол әрбір жекелеген қызметкердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
      Жоғары білім және техникалық кадрларды кәсіптік даярлаудың сапасын арттыру қажет. Бұл өндірістік процесте құнды құрау тізбегін дамыту үшін шешуші рөл атқарады.
      Бизнестің нарықтық тиімділігі мен өнімділігін дамыту қажет. Дамыған бәсекеге қабілетті нарық экономикада тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тиімді алмасуға жәрдемдеседі.
      Қызметкерлер өндірістік қызметті неғұрылым тиімді пайдалануы үшін еңбек нарығын әрі қарай да дамыта түсу маңызды. Еңбек нарықтары икемді болуы және жұмыскерлердің ынталандырулары мен олардың қызметі арасындағы пәрменді байланысты қамтамасыз етуі тиіс.
      Қазақстанның қаржы жүйесін жетілдіру қажет. Ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін нарықтық қаржы инфрақұрылымы қалыптасуы тиіс.
      Қазақстанда жаңа технологияларды енгізу үшін бизнес пен тұрғындардың озық техникалық әзірлемелерді пайдалануға әзірлігін арттыру қажет. Интернеттің және сонымен байланысты ақпараттық ресурстардың қолжетімділігі бүкіл ел аумағы бойынша географиялық қамту тұрғысынан анағұрлым жеңілдетіледі және кеңейтіледі.
      Отандық өндірушілердің үлесін ішкі нарықта, сол сияқты сыртқы нарықта да ұлғайту қажет. Бағдарламаның Қазақстан Республикасының аумағында өндірістерді дамытуға экспортқа бағыттылығын ескере отырып, сыртқы нарықта тауарларға қол жеткізуді арттыру және, әсіресе, макроөңірлік нарықты, кемсіту тосқауылдарын төмендету қажет.
      Жалпы кәсіпкерлік ортаның сапасын, сондай-ақ жекелеген фирмалардың стратегияларының сапасын қосы алғанда, бизнестің даму деңгейін көтеру маңызды. Аталған құрамдауыш кластерлерді дамыту арқылы, сондай-ақ фирмалар стратегияларының сапасын жақсарту үшін жағдай жасап, ынталандыру қажет (брендинг, маркетинг, қосылған құн құрау тізбегіне кіру, айрықша және күрделі тауарларды өндіру).
      Мемлекеттік және жеке сектор қолдау көрсететін қолайлы орта қалыптастыру үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін көтеру қажет. Атап айтқанда, бұл әсіресе бизнес тарапынан ғылыми зерттеулерге, жоғары сапалы зерттеу институттарына, зерттеулерге университеттер мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастыққа, сондайқ-ақ зияткерлік қорғауға жеткілікті инвестициларды білдіреді.
      Doing business индексінде Қазақстанның барлық көрсеткіштері де жақсартылуы тиіс. Ол үшін құрылыс жүргізуге рұқсат алу бойынша рәсімдердің санын азайту, стратегиялық жобаларды іске асыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тарту, коммуналдық қызметтерге, атап айтқанда электр энергиясына қосуды арзандату, халықаралық сауданы жүргізумен байланысты шығындарды азайту керек. Экспорттық-импорттық операциялар кезінде талаптарды қысқарту бөлігінде халықаралық сауданы енгізуді оңтайландыру қажет. Маңызды емес фактордың бірі экспорт пен импортқа рұқсат беру құжаттарын ұсыну және алу кезінде уақыттың қысқаруына ықпал ететін, ақпараттық жүйені енгізу болып табылады. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, бірыңғай электрондық терезе мен тауарларды электрондық декларациялауды енгізу экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруды анағұрлым оңтайландырады. Сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының көліктік шығыстарын төмендету қажет. Қаржы жүйесінде кредит алушылардың (жеке немесе заңды тұлғалар) кредит төлеу қабілеттілігі туралы неғұрылым қолжетімді және шынайы ақпараттарды ескере отырып, қаржы институттарымен жүзеге асырылатын кредит сапасын арттыру маңызды. Банкроттық институтының тиімділігі мен толыққанды жұмыс істеуін арттыру қажет. Қайта құрыру, тарату және берешекті мәжбүрлеп қайтару процесі салдарынан қаржыны қайтару коэффициентін артуы қажет.
      Нәтижесінде қабылданған шаралар шетелдік инвестицияларды тартуға, бизнес-ортаны жақсартуға, сондай-ақ бәсекелестікті дамытуға ықпал етуі тиіс.
      2. Индустриялық дамуды қолдаудың жалпыжүйелік шаралары
      Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі бағыттары мен жолдарын айқындау кезінде өңдеуші өнеркәсіптің дамуы және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы арасындағы байланысты ескеру қажет.
      Осылайша, Бағдарламаның қойылған мақсаттарына және міндеттеріне қол жеткізумен бірге Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасының стратегиялық бағыттарын қалыптастыратын мемлекеттің басқа да әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын іске асыруға тұтастай байланысты болады. Атап айтқанда, бұл мынадай аспектілерге қатысты:
      дамыған елдердің білім берудегі, денсаулық сақтаудағы, әлеуметтік қорғау саласындағы және еңбек нарығындағы деңгейіне қол жеткізу арқылы адами капиталдың деңгейін арттыру;
      бизнесті және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру.
      ҮИИДМБ іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары айқындалды. Секторалдық қолдау шаралары 27 салалық бағдарламаларды және оларға мастер-жоспарларды іске асыру, бизнесті қолдау бағдарламаларының көмегімен қолдау шаралары арқылы жүзеге асырылды: Бизнестің жол картасы 2020, Өнімділік 2020, Агробизнес 2020, сондайқ-ақ отандық өңделген таураларды, көрсетілетін қызметтерді ынталандыру және экспорттау және шетелдік инвестицияны тарту бойынша мемлекеттік бағдарламалар.
      ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылған кәсіпорындарды қолдау бағдарламаларының және бағыттарының артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, бағдарламалар шеңберінде және кәсіпкерлерді қолдау бағыттарында шараларды ұсыну құралдары, тетіктері және шарттары қайта қаралуы тиіс. Ұсынылатын қолдау шараларының жиынтығы компаниялардың көлеміне байланысты болмауға тиіс, өйткені барлық кәсіпорындар бизнесті дамыту үшін қаржылық ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін қаржылық құралдарға да, сол сияқты инвестициялық ынталандыруларды жасауға, инновацияларды ынталандыруға; өнімділікті және ресурс тиімділігін арттыруға; адами капиталдың сапасын арттыруға; экспорттық әлеуетті дамытуға және т.б. бағытталған сервистік құралдады да қажет етеді.
      Қолдау шаралары қаржылық және қаржылық емес сипатқа (сервистік құралдар) ие. Қаржылық шаралар бизнесті дамыту үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Қаржылық емес шаралар жобаларды іске асыру үшін тиімді инвестициялық ынталандыру жасауға бағытталған, сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларды енгізу және инновацияларды ынталандыру саласындағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнімділікті және ресурс тиімділігін арттыру, адами капиталдың сапасын арттыру, экспорттық әлеуетті және басқа да басым бағыттарды дамыту үшін мамандандырылған қызметтерді көрсетуді қолдайды.
      Негізгі айырмашылықтар ұсынылатын шаралардың көлемінде және осы немесе өзге де шараларды ұсыну туралы шешімдер қабылдау деңгейінде болады.
      Бағдарлама ҮИИДМБ-мен сабақтастығын сақтайды және құрылған қолдау инфрақұрылымын және дамыту институттарын барынша пайдалануға тиіс.
      Бағдарламаны іске асыру тікелей және жалпыжүйелік мемлекеттік қолдау шараларының көмегімен жүзеге асырылатын болады.
      Жалпыжүйелік қолдау шараларының объектісі өңдеуші өнеркәсіп, оның ішінде 14 басым сектор болып табылады.
      Өңірлерге арналған тікелей қолдау шараларының объектісі ұлттық кластерлер кеңестері және өңірлік кластерлік қауымдастықтар болып табылады.
      Кәсіпорындарға арналған тікелей қолдау шараларының объектісі өнім шығару кезіндегі қосылған құн тізбегінің кең ауқымымен инвестициялық жобаларды іске асыратын компаниялар болады.
      ҮИИДМБ-ны іске асыру нәтижелері қазіргі уақытта көптеген өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының кредитті көп алып қойғандығын, екінші деңгейдегі банктерде ұзақ мерзімді және орта мерзімді, оның ішінде Бағдарламаға енгізілген инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «ұзын» ақшаның жоқтығын көрсетті. Осыған байланысты даму институттарының қатысуымен Бағдарламаны қаржыландыру көлемдері мен құралдарын ұлғайтуға өткір қажеттілік туындайды.
      Бағдарламаны қаржылай қолдаудың негізгі міндеті – қаржыландыру көздерінің құралдарын және қолжетімділігін кеңейту арқылы экономиканың басым секторларына инвестицияларды ұлғайту болып табылады. Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану саясатының негізгі екпінін жеке меншік қаржы ресурстарын жұмылдыру арқылы жасау және екінші деңгейдегі банктердің және басқа да қаржы институттарының кредиттік қызметін индустрияландыру мақсаттарына шоғырландыру қажет. Бұл қаржылық институттардың тек қана өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларында ғана инвестициялық жобаларды қолдауға тиіс екендігін болжайды.
      Қаржылық қолдау жүйесі өндірушілер үшін қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыруға, инвестициялық жобалардың қажеттіліктеріне, олардың өтімділік және тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландырудың тимді шарттарын ұсынуға топтастырылады.
      Мемлекеттік қаржылық ресурстар мемлекеттік және жеке меншік операторлар арқылы бағытталатын болады. Мемлекеттік сектор операторларына олардың құрамына кіретін даму институттарымен «Байтерек» ұлттық басқарушы холдинг (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) және «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – «Қазагро» ҰБХ АҚ), «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «ҚИДИ» АҚ, «NADLoc» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және басқалары жатады.
      Жеке меншік операторларға екінші деңгейлі банктер, лизингтік компаниялар, инвестициялық компаниялар және қаржылық сектордың басқа да ұйымдары жатады. Бұл ретте, жеке меншік операторларды іріктеу критерийлері жұртшылық үшін айқын және ашық болады және жобаларды іске асыруға әлеуетті қатысушылардың тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
      Қайталануды болдырмау және кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында («бір терезе» қағидаты) бизнес қажеттіліктеріне шоғырландыра отырып, кейбір даму институттарының қызметі құрылымданатын болады.
      Өңдеуші өнеркәсіптің жалпы инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған жалпыжүйелік шаралар. Бағдарламада 9 негізгі бағыттарға топтастырылған.
      Салалық реттеу
      Экономика салаларын үдемелі индустриялық дамыту үшін бүгінгі таңда салалық зертханаларды, сынақ орталықтарын техникалық жарақтандырудың жаңа деңгейіне шығуын қамтамасыз ету, техникалық реттеудің неғұрлым жоғары стандарттарын қабылдау қажет. Салалардың тиісті нормалануын қамтамасыз ету үшін инвестициялар – әзірлеу – енгізу процесі (өндіріс) – сапалы жақсартуды алу процесін іске асыру талап етіледі.
      Осылайша, мемлекет техникалық реттеу тұтқасы ретінде стандарттауды тиімді қолдануға тікелей мүдделі болуға тиіс. Стандарттау процесіне мамандарды кеңінен тарту қажет, осыған әзірленетін және қолданылатын стандарттардың сапасы байланысты болады.
      Озық халықаралық стандарттарды (API, ASTM, GMP, EN, ISO және басқа) ескере отырып, қолданыстағы ұлттық стандарттарды үйлестіру және жаңаларын қабылдау қажет. Ол үшін басым секторларда стандарттарды әзірлеумен байланысты сарапшылардың шығындарының бөлігін субсидиялау және өтеу тетіктерін пайдалану, сондай-ақ секторлардағы стандарттарды талдауды және жүйелендіруді жүргізу керек.
      Өнімді бөлу туралы келісімдермен (бұдан әрі – ӨБК) реттелетін жобалар шеңберінде мұнай-газ саласының жабдықтарын, жинақтаушыларын және материалдарын жеткізу кезінде кәсіпорындар үшін тең экономикалық жағдайлар жасау қажет.
      Кеден Одағының техникалық регламенттерін іске асыру, бәсекеге қабілетті және сапалы өнімді шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасында берілген сәйкестік сертификаттарын және сынақ хаттамаларын тану тетіктерін жасау мақсатында Қазақстанның ДСҰ мен ЭЫДҰ кіруіне байланысты экономиканың басымды салаларындағы жаңа сынақ зертханаларын құру, жұмыс істеп тұрған кеңейту және жете жарақтандыру көзделеді. Қойылған міндетті іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      қауіпсіздікпен тікелей байланысты жеке сектор үшін рентабельді емес салалардағы бюджеттік қаржыландыруды пайдалану;
      кәсіпкерлікті дамыту институттарының гранттық қаржыландыруды пайдалануы;
      жоғары оқу орындарының зертханалық базасын пайдалана отырып;
      аккредиттеу жөніндегі халықаралық стандарттардың және халықаралық ұйымдардың (ILAC, IAF) аккредиттеу талаптарына ұлттық жүйесінің сәйкестігін растау.
      Жыл сайын халықаралық талаптарды ескере отырып, кемінде 1000 стандарттар әзірленетін және қабылданатын болады.
      Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы қызметкерлерді (жыл сайын кем дегенде 1300 маман) даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын болады.
      Стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардағы стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге қатысу үшін экспорттаушы-өкілдерді тарту көзделеді.
      Шығарылатын соңғы өнімнің техникалық реттеу және метрология жүйесінің талаптарына (техникалық регламенттерге, стандарттарға, сынақ зертханасымен қамтамасыз етілуіне және т.б.) сәйкес болуы тұрғысынан жобаларды бағалау жүргізіледі.
      Интернационалдандыру
      Шетелдік инвестицияларды тарту үшін ынталандырулардың жаңа топтамасын, заңнама мен инвестициялық субсидиялардың тұрақтылығын көздейтін инвестициялық келісімшарттарды енгізуді қамтитын нақты жоспар әзірленген.
      Forbes Global 2000, ТҰК тізімінен компанияларды тарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілетін болады. Қазақстанда өндірісті ұйымдастыру үшін ЭЫДҰ елдерінен инвесторларды тартуға барынша қолайлылық режимін, сондай-ақ басым елдерден инвестициялар тарту бойынша ұлттық оператор өкілдіктерінің халықаралық желісін қалыптастыру қажет. ЭЫДҰ елдерінен азаматтардың Қазақстанға кіруін және онда болуын реттейтін визалық тәртіп оңайлатылуы тиіс. ЭЫДҰ-ға мүше елдердің инвесторлары үшін визасыз режимге рұқсат беру және көші-қон қызметтерінде тіркеуді алып тастау қажет.
      Мынадай құралдарды қолдана отырып, шетелдік инвесторларға сервистік қызметтерді көрсету бойынша жұмыс жалғастырылады: ақпараттық-талдамалық қызмет; шетелдік инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар, Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық климатын шетелде ілгерлету мақсатында ақпараттық-таныстыру іс-шаралары; Қазақстанның шетелдегі инвестициялық имиджін қалыптастыру және ілгерлету жөніндегі қызметті күшейту. Ол үшін Қазақстанда бірыңғай Brand Book құру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Дипломатиялық өкілдіктерді, мемлекеттік мекемелерді, әкімдіктерді қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілердің ауқымды тобын қазақстандық Brand Book таныстыру өнері бойынша оқыту жоспарлануда.
      Неғұрлым ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша, оның ішінде ТҰК қатысуымен мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын көздейтін инвестициялық келісімшарттар жасалатын болады.
      Инвестициялар комитеті негізінде инвесторлар үшін бір терезе құру жоспарланған.
      Қазақстанда шетелдік инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде инвесторларға туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде шетел көмек көрсету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерін алдын алу мақсатында Қазақстанда инвестициялық Омбудсмен институтын құру жоспарланып отыр.
      Өңірлерде инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі Ғ ИҚО) желісі негізінде инвесторлар инвестициялықтан кейінгі қолдау бойынша қызметті күшейту қажет.
      Экспортты дамыту және ілгерілету жүйесіне жалпыұлттық тәсілді қолдану қажет. Ол үшін тауарлық белгілерді ілгерілету, бірыңғай ұлттық стенд форматында халықаралық көрмелердегі тұсаукесерлер, шетелдік көрмелердегі компаниялардың қатысуын, шетелге сауда миссияларын ұйымдастыру, экспорттаушыларға көмек ретінде экспорттық өнім анықтамалығы мен әдебиетін басып шығару; экспорттаушыларға ақпараттық-талдау жәрдем көрсетуді; оқыту тренингтерін, сондай-ақ экспорттық өндірістерге шетелдік турларды өткізу; экспорттық қаптама саласын дамыту; экспорттаушылар мен сатып алушылар үшін интернет-ресурсты ілгерілету; экспортқа бағдарлану идеологиясын қалыптастыру; гуманитарлық көмек шеңберінде өнімді берушілер қатарына Қазақстанның ықпалдасуы жөніндегі іс-шараларды қамитын экспортты сервистік қолдау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы жұмыс істеп тұрған экспорттаушылар Кеңесінің жұмысы жалғастырылатын болады. Нысаналы нарықтарда промоутерлік қолдау желісі құрылатын болады.
      Экспорттың негізгі бағыты Ресейдің шекаралас аймақтары, КО мен Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Иран, Кавказ елдері, Қытайдың батыс өңірлері болады.
      
жүктеу 3,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау