"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы



жүктеу 3,71 Mb.
бет8/13
Дата21.01.2018
өлшемі3,71 Mb.
#7858
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
      Жалпы қосылған құн 2008 жылдан бастап 2,3 есе өсіп, 2012 жылы 47,4 млрд теңгені құрады. Секторда жұмыспен қамтылған адамдардың саны да оң серпінге ие: 2008 жылдан бастап секторда жұмыспен қамтылған адамдар санының өсуі 1,5 мың адамды құрады, электр жабдығы өндірісінде жұмыспен қамтылған адамдардың жалпы саны 2012 жылы 9,2 мың адамды құрады.
      Сектордағы еңбек өнімділігі 2012 жылдың қорытындылары бойынша 34,6 мың АҚШ долларын құрады, бұл ЭЫДҰ елдеріндегі ұқсас сектор көрсеткіштерінен үш есе төмен.
      Экспорт 2009 жылдан бастап тұрақты өсіп, 2012 жылы 131,3 млн. АҚШ долларын құрады.
1-кесте. 2008 – 2013 жылдардағы электр жабдығы бойынша деректер



Көрсеткіштер

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 м

2012 ж.

2013 ж.

Машина жасау, млн. теңге

301 386

281 310

376 184

536 876

687 235

853 923

ФКИ, алдыңғы жылға %

89,7

82,5

133,6

119,0

116,5

114,6

Электр жабдығы, млн. теңге

49 040,05

43 949,83

57 742,48

72 869,69

80 603,58

88 113,40

электр жабдығы өндірісі, алдыңғы жылға %

109,6

102,2

121,1

98,0

106,8

109,3

Өңдеуші өнеркәсіптегі электр жабдығының үлесі

1,5%

1,5%

1,5%

1,5%

1,5%

1,5%

Машина жасау көлеміндегі электр жабдығының үлесі

16%

16%

15%

14%

12%

10%

ЖҚҚ, млн. теңге

20 355,7

19 342,8

44 104,5

43 260,8

47 437,3

40 259,90

Жалдамалы қызметкерлердің тізімдік саны, адам

9 425

7 402

8 073

8 870

9 207

9 561

Еңбек өнімділігі млн. теңге

2,6

2,6

5,4

4,9

5,2

-

Еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары

22,0

17,7

36,9

33,2

34,6

-

ЭЫДҰ елдері бойынша еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары

94,3

88,7

96,7

100,8

99,0

-

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны

59

52

48

64

65

-

Есепті жылы орташа жылдық қуат пайдалану, %

47,9

36,2

59,7

64,8

74,6

-

Жабдықтың тозу деңгейі, %

25,6

28,6

37,1

40,5

34,2

-

Негізгі капиталға инвестициялар, млн теңге

3 860,6

2 185,3

7 068,1

5 224,3

5 156,2

7 164,2

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %

24,8

20,0

13,2

12,3

19,4

-

Жыл соңында алғашқы құны бойынша негізгі құралдардың болуы, млн теңге

14 939,2

19 429,0

29 981,1

28 315,6

34 391,1

-

Экспорт, млн. АҚШ доллары

123,1

65,0

69,3

117,6

124,8

136,3

Импорт, млн. АҚШ доллары

2 585,9

2 221,5

2445,0

2 655,1

2857,0

2683,7

Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, TradeMap.


1-кестеге:
ескертпе:
*көрсеткішті «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептеді.
      Әлемде электр жабдығы өндірісінің секторында Global 2000-ға кіретін мынадай компаниялар жұмыс істейді: FujiElectric (Жапония), VestasWindSystems (Дания), WEG (Бразилия), Prysmian (Италия), LSCorp (Оңтүстік Корея), FurukawaElectric (Жапония), DongfangElectric (Қытай), Ametek (АҚШ), Nidec (Жапония), LeGrand (Франция), WWGrainger (АҚШ).
      Электр жабдығын шығаратын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға электр жабдығы өнімінің экспорттық нарығына қолжетімділік, технологиялық және инновациялық әлеует, өнім берушілердің экожүйесі және дамыған адами ресурстар сияқты бірқатар түйінді факторлар әсер етеді.
      Сектордың түйінді проблемалары:
      1) ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда электр жабдығы секторындағы төмен еңбек өнімділігі;
      2) техникалық реттеу жүйесінің дамымағандығы;
      3) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы;
      4) әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті әзірлемелердің жеткіліксіздігі және технологиялар импортына тәуелділік;
      5) техникалық реттеудің жеткілікті дамымауы;
      6) қолжетімді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
      7) Қытай, Ресей және Беларусь өндірушілері тарапынан бәсекелестіктің күшеюі.
      Мақсат
      Сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнім өндірісінің көлемін ұлғайту.
      Нысаналы индикаторлар
      Бағдарламаны іске асыру 2019 жылы 2012 жыл деңгейіне қатысты экономикалық көрсеткіштердің мынадай өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді (2-кесте):
      1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 2,1 есе өсуі;
      2) жұмыспен қамтудың 2 мың адамға өсуі;
      3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,7 есе өсуі;
      4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 1,9 есе өсуі.
2-кесте. Нысаналы индикаторлар



р/с


Нысаналы көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж. есеп

2013 ж. күтіледі

2012 жылға қатысты болжам

2012 ж. қатысты 2019 ж. %-де

2014 ж

2015 ж

2016 ж

2017 ж

2018 ж

2019 ж

1

Жалпы қосылған құн

%

100

96,1

119,1

136,1

163,6

196,3

201,6

200,7

2,1 есе

2

Жұмыспен қамтылғандар саны

мың адам

9,2

9,6

9,9

10,1

11,2

11,7

11,5

11,2

2 мың адамға

3

еңбек өнімділігі

%

100

92,5

111,2

124,1

134,0

153,8

161,3

164,7

1,7 есе

4

Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі

%

100

109,2

119,3

130,4

142,4

156,6

170,0

185,7

1,9 есе

      Міндеттер


      1) еңбек өнімділігін арттыру;
      2) шикізат емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту;
      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын жаңғырту;
      4) ішкі нарықта өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілерді еңсеру;
      5) қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру;
      6) жаңа өндірістердің пайда болуы үшін жағдайлар жасау;
      7) технологиялар трансфертін және ҒЗТКЖ қолдау;
      8) секторды жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
      Қызметтің басым түрлері
      Бағдарлама шеңберінде қызметтің басым түрлері айқындалды (3-кесте).
3-кесте. Қызметтің басым түрлері



ЭҚЖЖ

Қызмет атауы

2521

Радиаторларды және орталық жылу қазандықтарын өндіру

2529

Өзге металл цистерналарды, ыдыстарды және контейнерлерді өндіру

2530

Орталық жылу қазандықтарынан басқа бу қазандықтарын өндіру

2711

Электр моторларын, генераторларды және трансформаторларды өндіру

2712

Электр таратқыш және реттегіш аппаратура өндіру

2720

Батареялар мен аккумуляторлар өндіру

2731

Талшықты-оптикалық кәбіл өндіру

2732

Электр сымы мен кәбілдің басқа түрлерін өндіру

2733

Электр құралдарын өндіру

2740

Электр жарық беру жабдығын өндіру

2790

Басқа да электр жабдығын өндіру

2811

Авиациялық, автомобильдік және мотоциклдық қозғалтқыштардан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндіру

2825

Өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдеткіш жабдығын өндіру

      Тауарлардың басым топтары


      Секторды дамытудың басым бағыттарына жоғары ішкі, сол сияқты экспорттық әлеуеті бар машиналар мен жабдықтарды, олардың өндірісіне арналған жиынтықтауыштар мен құрауыштарды өндіру (3-кесте), сондай-ақ базалық өндірістерді ұйымдастыру (құю, соғу, металл өңдеу және т.б.) жатады. Машиналар мен жабдыққа сервистік және техникалық қызмет көрсету жөніндегі өндірістерді ұйымдастыруда секторды дамытудың басымдығы болып табылады.
3-кесте. Тауарлардың басым топтары



СЭҚТН-6

Тауар тобының атауы

Ішкі нарықтың импортты қажет етуі, мың АҚШ

Макроөңірлер нарығының импортты қажет етуі*, мың АҚШ доллары

271150

статикалық түрлендіргіштер

102 868

7 893 433

271231

пульттар, панельдер, консольдар, үстелдер, таратқыш қалқандар және кернеуі 1000В аспайтын электр аппаратурасына арналған негіздер

165 345

5 840 562

273313

электр тізбектерін коммутациялау немесе қорғауға арналған немесе электр тізбектеріне қосуға арналған немесе кернеуі 1000В аспайтын электр тізбектеріндегі өзге электр құрылғылары

34 283

8 611 164

273213

80В кернеуге арналған өзге электр өткізгіштер

186 969

2 975 706

282514

газды сүзуге не тазартуға арналған өзге жабдық

84 793

1 752 718

282512

бірыңғай корпустағы ауаны баптауға арналған терезе немесе қабырға типіндегі қондырғылар немесе 'сплит-жүйелер'

81 849

1 099 735

281142

тек қана немесе негізінен 8407 немесе 8408 тауар позициясы қозғалтқыштарына арналған өзге де бөліктер

51 405

1 463 087

273311

1000В аспайтын кернеуге арналған өзге ажыратып қосқыштар

15 973

2 026 312

282513

басқа да тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтар, жылу сорғылары

23 566

1 161 948

271141

қуаты 10000кВ аспайтын сұйық диэлектригі бар трансформаторлар

112 547

892 735

273313

1000В аспайтын кернеуге арналған шамдардың патрондары, ашалар мен розеткалар

12 405

2 018 679

271132

ұшқынды іштен жану поршенді қозғалтқышы бар электр генераторлық қондырғылар

23 163

515 226

271125

қуаты 75кВт артық көп фазалы ауыспалы токтың өзге де қозғалтқыштар

61 981

927 476

271124

қуаты 750Вт асатын, бірақ 75кВт аспайтын ауыспалы тоқтың басқа да қозғалтқыштары

28 900

833 747

271131

сығылудан тұтанатын іштен жану қозғалтқышы бар электр генераторлық қондырғылар

12 556

164 159

271141

қуаты 650 кВА асатын, бірақ 10000 кВА аспайтын сұйық диэлектригі бар трансформаторлар

10 515

175 233

271142

қуаты 1 кВА аспайтын өзге де трансформаторлар

21 126

889 823

271143

қуаты 16 кВА асатын, бірақ 500 кВА аспайтын өзге де трансформаторлар

22 610

107 202

282960

Температураның өзгеруін пайдаланатын процестермен материалдарды өңдеу үшін электрлі немесе электрлік емес қызуы бар өзге де машиналар, агрегаттар және өнеркәсіптік немесе зертханалық жабдықтар

36 099

2 236 126

271210

72,5В аспайтын кернеуге арналған автоматты ажыратқыштар

16 539

186 467

271210

Өзге автоматты ажыратқыштар

17 698

146 683

271210

1000В асатын кернеуге арналған айырғыштар және үзгіштер

21 527

129 494

271222

1000В аспайтын кернеуге арналған айырғыштар және үзгіштер

21 194

522 980

271223

1000 В астам емес кернеуге арналған электр тізбектерін қорғау үшін өзге де құрылғылар

10 802

1 259 729

271224

Өзге де релелер

11 335

407 805

271232

1000 В астам кернеуге арналған электр аппаратурасы үшін пульттер, панельдер, консолдар, ажыратқыш қалқандар мен негіздер

61 801

1 180 772

      Басым жобалар


      Бес жылдық кезеңде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында трансформаторлар, ал Астана, Алматы қалаларында және Ақмола, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысы және басқа да облыстарда кәбіл өнімдерін, бақылау-өлшеу аппаратурасын, басқару элементтерін және басқа да өнімдерді өндіруге бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
      Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі
      Президент өзінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуді арттыру және жаңа жабдықтарды, жаңа технологияларды және ауыл шаруашылығына жаңа тәсілдерді енгізу есебінен аграрлық-индустриялық әртараптандыруды құру міндетін қойды.

жүктеу 3,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау