Баспасөз релизі аудандарда кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау бойынша мүмкіндіктер ашылады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Халық банкі ынтымақтастық жоспарын іске асырудың екінші кезеңін бастайды



жүктеу 17,49 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.02.2018
өлшемі17,49 Kb.
#9842


                                      

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 



Аудандарда кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау бойынша мүмкіндіктер ашылады. Ұлттық кәсіпкерлер 

палатасы және Қазақстан Халық банкі ынтымақтастық жоспарын іске асырудың екінші кезеңін 

бастайды 

 

2014 жылғы 08 қыркүйек                                                                                                            

            Алматы қ. 

Екінші  кезең  шеңберінде  аудандардағы  ШОБ  даму  деңгейі  бойынша  тартымды  болуы 

ықтимал  кәсіпкерлерді  белсене  тарту  жоспарлануда.  Осыған  орай  Қазақстан  Халық  банкі 

облыстық  және  өңірлік  филиалдарында  «Кеңес  беру  топтары»  құрылып  жатыр,  оның 

құрамындағы  Өңірлік  кәсіпкерлер  палаталарының  басшылары,  Халық  банкі  филиалдарының 

директорлары,  «ДАМУ»  кәсіпкерлікті  дамыту  қорының,  «ҚазАгро»  холдингінің  өкілдері 

кәсіпкерлермен  Банктің  аудандық  басқармаларында  және  кәсіпкерлер  палатасының  жергілікті 

өкілдіктерінде    жұмыс  жүргізу  үшін  аймақтарға  баратын  болады.  Бұған  қоса,  ай  сайынғы  кезең 

бойынша, әр айдың үшінші сәрсенбі күнінде аудандарға кеңесшілердің баруы ұйымдастырылады. 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Халық банкі, «Даму» КДҚ, «ҚазАгро» холдингі еншілес 

компанияларының,  әкімдіктердегі  кәсіпкерлік  басқармаларының,  облыстық  БАҚ  өкілдері  ай 

сайынғы  негізде  «Кеңес  беру  топтары»  мен  «Кеңес  беру  орталықтарының»  ағымдағы 

жұмыстарының нәтижелерін «Кәсіпкерлер күніне» шығарып отырады. 

Бірінші  кезең  қорытындысы  бойынша  2014  жылғы  6-13  тамыз  аралығында  еліміздің  ірі 

қалаларында  22  кеңес  беру  орталығы  ашылды,  қазіргі  кезде  онда  кәсіпкерлерге  «Бизнестің  жол 

картасы  -  2020»  (БЖК  -  2020),  «Өңдеу  өнеркәсібі  саласында  жұмыс  істейтін  шағын  және  орта 

кәсіпкерлік субъектілерін қолдау» атты мемлекеттік бағдарламалар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту 

қоры  іске  асыратын  өзге  де  бағдарламалар,  «Бизнестің  жол  картасы  2020»,  «Агробизнес  2020», 

экспортты,  инвесторларды  қолдау,  инновациялық  гранттар  алу  бағдарламалары    шеңберіндегі 

бизнесті қолдаудың әр түрлі өзекті мәселелері бойынша кеңестер беріледі. 

Кеңес беру орталықтары жұмысының бірінші апталары бойынша кәсіпкерлер тарапынан ең 

көп  қызығушылық  тудырғаны:  мемлекеттік  қолдау  бағдарламаларының  шарттары  бойынша 

ақпарат, және де бизнесті жүргізудің жалпы мәселелері болды.  

Осылайша,  кеңес  беру  орталықтарына  келген  70%  аса  кәсіпкер  мемлекеттік  қолдау 

бағдарламаларына қатысу жөнінде ақпарат алғысы келді, кәсіпкерлердің үштен бір бөлігі бизнесті 

жүргізудің өзге де мәселелері жөнінде кеңес алу үшін келді. Кеңес беру орталықтары жұмысының 

нәтижесінде  қызығушылық  білдірген  кәсіпкерлер  жалпы  сомасы  490  млн.  теңгеден  асатын 

қаржыландыруға өтінім берді.   

Мемлекеттік  бағдарламаларға  қатысу  шарттарына  қызығушылық  білдірген  кәсіпкерлердің 

санынан  57%  өңдеу  өнеркәсібі  саласында  ШОБ  субъектілерін  қолдау  Бағдарламасы  туралы, 

қалғандары    (33%)    –    Бизнестің  жол  картасы  -  2020  (БЖК  -  2020)  бағдарламасының  шарттары 

туралы толығырақ ақпарат алғысы келді. 

 Естеріңі

зге  түсіріп  кетейік,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасы  мен 

«Қазақстан  Халық  Банкі»  АҚ  арасындағы  ынтымақтастық  туралы  меморандумға    Қазақстан  Ұлттық 

кәсіпкерлер  палатасының  басқарма  төрағасы  Аблай  Мырзахметов  және  Қазақстан  Халық  банкінің 

басқарма  төрайымы  Үміт  Шаяхметова  2014  жылы  25  маусымда  қол  қойды.  Ол  кәсіпкерлер  үшін 

ақпараттың  қолжетімділігін  ұлғайтуға  және  ШОБ  қолдау  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламаларды 

ілгері бастыруға бағытталатын іс-шаралар кешенін іске асыруды қарастырады.

 

Толық ақпарат алу үшін байланыс деректері: 



ҚР ҰКП Бұқарамен байланыс жөніндегі Департаменті: +7 (7172) 91 93 67, 

pr@palata.kz

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Баспасөз қызметі: тел. +7 727 2 590 816, 

ermekk@halykbank.kz

 

 

    

 

 

жүктеу 17,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау