"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы



жүктеу 3,71 Mb.
бет5/13
Дата21.01.2018
өлшемі3,71 Mb.
#7858
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Агрохимия
      Агрохимиялық өнім өндірісінің секторын басым секторға жатқызу қажетті шикізаттың, жұмыс істеп тұрған ірі кәсіпорындардың және ел ішінде де, сол сияқты жақын маңдағы елдердің нарықтарында да агрохимиялық өнімге жоғары сұраныстың болуымен айқындалады.
      Қазақстандық агрохимия нарығының көлемі 2013 жылы шамамен 71,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 58 %-дан астамы импортқа тиесілі. Макроөңірдің тауарлардың басым топтары бойынша импорт сыйымдылығы шамамен 6,8 млрд. АҚШ долл. құрайды.
      Өңдеуші өнеркәсіптегі сектордың үлесі 2012 жылы 0,6%-ды құрады, химия өнеркәсібі өндірісіндегі көлемі шамамен 20%-ды құрады (1-кесте).
      Агрохимиялық сектордағы өндіріс көлемі 2008 – 2012 жылдар аралығында атаулы көріністе 1,7 есеге өсті және 34,7 млрд. теңгені құрады (1-кесте).
      Минералды тыңайтқыштарды тұтынудың әлеуетті қажеттілігі шамамен 1 млн. тонна жұмыс істеп тұрған затты құрады, олардың ішінде фосфор – 58,4%-ды, азот – 40%-ды, калий – 1,6%-ды құрады. 2013 жылы іс жүзінде 84,5 мың тонна енгізілді, бұл қажетті енгізу нормасынан 12 есе аз. Ауыл шаруашылығы пайдаланатын минералды тыңайтқыштармен тыңайтылған аумақ 2013 жылы 1,4 млн. гектарды құрады.
      ЖҚҚ агрохимиялық секторда 2008 – 2012 жылдардағы кезеңде 2,7 есеге өсті. Қазақстан Республикасындағы еңбек өнімділігі 2012 жылы 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,7 есеге өсті және 13,6 млн. теңгені құрады, ол ЭЫДҰ елдері бойынш еңбек өнімділігінің орташа көрсеткішінен 2,7 есеге төмен.
      Минералды тыңайтқыштар мен пистицидтерді экспорттау көлемі 2012 жылы 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,6%-ға төмендеді және 63,5 млн. АҚШ долларын құрады, аталған кезеңде импорттың көлемі аталған кезеңге 36 %-ға өсті және 117 млн. АҚШ долларын құрады. Агрохимия секторында өнім экспортының қысқаруы мен импортының өсуі ішкі сұраныстың өсуімен байланысты.
      Агрохимия секторының 2008 – 2012 жылдардағы дамуының негізгі көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте 2008 – 2013 жылдардағы сектор бойынша деректер





2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі, %

0,6%

0,5%

0,4%

0,6%

0,6%

0,7%

Химия саласындағы үлесі, %

18,9%

17,9%

14,9%

18%

19,4%

21,4%

Өңдеу өнеркәсібі, млн. теңге

3 359 551

2 945 966

3 844 658

4 801 407

5 446 749

5 882 456

Өткен жылға НКИ %-да

97,5

97,1

113,9

107,7

101,2

101,6

Химия өнеркәсібі, млн. теңге

106 157

85 542

104 107

147 929

178 971

184 919

Өткен жылға НКИ %-да

107,4

75,7

121,4

130,1

103,2

103,3

Агрохимия өндірісі, млн. теңге

20 089

15 331

15 509

26 584

34 664

39 480

ЖҚҚ, млн. теңге**

9 719

8 238

12 900

21 520

26 147

31 565

ҚР-дағы еңбек өнімділігі, мың теңге/адам.

4 964

3 999

6 939

11 772

13 618

15 557

ҚР-дағы еңбек өнімділігі
АҚШ долл./адам.

41 168

26 895

47 073

79 594

90 533

100 993

ЭЫДҰ бойынша орташа еңбек өнімділігі **, АҚШ долл./адам.

204 402

194 394

236 331

247917

248843



Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам.

1 958

2 060

1 859

1 828

1 920

2 029

Қолданыстағы кәсіпорындардың саны

24

22

21

25

28



Оның ішінде:













Ірі

3

3

3

3

2



Орта

1

1

1

2

2



Шағын

20

18

17

20

24



Қуаттардың жүктелу дәрежесі, %*

44,4

38,8

42,8

39,6

38,8



Жабдықтың тозуы, %

28,7

52,7

37,7

37,6

38,7



Инвестициялар, млн теңге

338

484

424

1 851

3 484

782

Негізгі қаражатты жаңарту коэффициенті, %

5,6

3,9

39,2

55,2

8,9



Жыл соңында бастапқы құны бойынша негізгі қаражаттың болуы, млн. теңге

4 254

4 090

6 358

10 213

16 954



Экспорт, млн долл.

74,1

17,1

28,5

72,8

64,3

70,7

Импорт, млн долл.

231,0

196,8

186,3

212,0

263,4

255,2

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі


1-кестеге:
ескертпе:
* - Көрсеткішті «ҚИДИ» АҚ-ның статистикалық деректері негізінде есептелді.
      Қазақстанда минералды тыңайтқыштардың өндірісін «Қазфосфат» ЖШС (суперфосфат, аммофос) және «ҚазАзот» ЖШС (аммони нитраты) фосфорлы және азотты тыңайтқыштардың өндірушілері ұсынады.
      Калийлі тыңайтқыштардың өндірісі бүгінгі күні жоқ, алайда Қазақстанның батыс өңіріндегі калий шикізатының кен орнында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.
      Азотты тыңайтқыштарды тұтыну 2012 жылы 403 мың тоннаны құрады, оның 165 мың тоннасы шығарылды, ал 319 мың тоннасы импортталды. Фосфорлы тыңайтқыштарды тұтыну 2012 жылы 60,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында 69,5 мың тонна шығарылды, ал импорт елеусіз. Калийлі тыңайтқыштарды тұтыну 2012 жылы 22 мың тоннаны құрады, оның барлық көлемі импортқа келеді. Қазақстан Республикасында кешенді тыңайтқыштардың нарығы толықтай импорттық өнімдерден тұрады және шамамен жылына 6 мың тоннаны құрайды.
      Пестицидтер өндірісінің сегментін негізінен өсімдіктерді қорғау заттарының формуляциясымен айналысатын шағын кәсіпорындар ұсынады: «Агрохимия» ЖШС, «КазТрастКем» ЖШС, «Бай Жер» ЖШС, «Astana-NanChemicals» ЖШС, «Гербициды»АҚ. Елімізде пистицидтерді тұтыну 2012 жылы 28,5 мың тоннаны құрады, ал 18 мың тоннасы импортталды.
      Халықаралық химялық компанияларды агрохимия секторына тарту қажет. Айталық, DuPont компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шарушалығы үшін химиялық өнімнің өндірісін құруды жоспарлап отыр. Ресейдегі минералды тыңайтқыштарды ірі өндірушілердің бірі «ЕвроХим» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ААҚ) кешенді тыңайтқыштар өндіру зауытын салуды жоспарлауда.
      Агрохимиялық секторға халықаралық трансұлттық компанияларды да (Mosaic, PotashCorp, Agrium, YaraInternational, Monsanto, Syngenta, «Фосарго» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі ЖАҚ) тартуға болады.
      Саланың түйінді проблемалары:
      1) сектор кәсіпорындарының өндірістік қуатын жүктеудің төмен деңгейі;
      2) сектор кәсіпорындарындағы өндірісті жаңғырту мен дамыту үшін қаржы қаражатының тапшылығы;
      3) жабдықтардың жоғары тозу деңгейі;
      4) агрохимия өндірушілерінің тарапынан минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді өткізуге/дистрибуциялауға арналған логистиканың әлсіз жүйесі;
      5) агрохимиялық өнімдерге зерттеулер жүргізу үшін сынау базасының дайын еместігі және болмауы;
      6) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы.
      Мақсат
      Ішкі сұранысты ынталандыру жолымен агорхимиялық секторды дамыту және сараптамалық әлеуетті өсіру.
Нысаналы индикаторлар:
      Бағдарламаны іске асыру 2019 жылы 2012 жылғы деңгейге қарай мынадай экономикалық көрсеткіштердің:
      1) жалпы қосылған құнның нақты тұрғыда кем дегенде 3 есеге;
      2) жұмыспен қамтудың 1,1 мың адамға;
      3) еңбек өнімділігінің нақты тұрғыда 1,9 есеге;
      4) шикізат емес (өңделген) экспорт құнды көлемінің кемінде 2,8 есеге өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді (2-кесте).
2-кесте. Нысаналы индикаторлар





Нысаналы көрсеткіштер

Өлшем бірліг.

2012

ж. есеп


2013 ж. күтілетін

2012 жылға қарағандағы болжам

2019 ж. 2012 жылға., %-да

2014

2015

2016

2017

2018

2019

1

Жалпы қосылған құнның өсімі

%

100

98,2

99,5

142,7

165,4

193,5

269,0

396,0

3,3 есе

2

Жұмыспен қамтылғандардың өсімі

мың адам.

1,9

1,9

2,0

2,0

2,3

2,3

2,3

3,0

1,1 мың адамға.

3

ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігінің өсімі

%

100

92,9

94,2

119,2

138,1

160,0

222,4

188,1

1,9 есе

4

Шикізат емес (өңделген) экспорт құнының көлемі

%

100

110,0

116,7

146,7

194,8

222,8

266,9

275,6

2,8 есе

      Міндеттер


      1) Қолданыстағы кәсіпорынды өндірістік тиімділігін арттыру үшін жаңғырту және шығарылатын өнімнің әртараптандырылуы;
      2) Ішкі сұранысты ынталандыру;
      3) Шикізат емес тауарды өткізу үшін нарықтарды ұлғайту;
      4) Жаңа кәсіпорындарды құру;
      5) Секторды білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету;
      6) Сынау және сертификаттау инфрақұрылымын құру.
      Қызметтің басым түрлері
      Бағдарлама шеңберінде қызметтің басымды түрлері айқындалған (3-кесте).
3-кесте – Агрохимия өнеркәсібі қызметінің басым түрлері



ЭҚЖ-4

Атауы

2015

Тыңайтқыштар мен құрамында азоты бар қоспалардың өндірісі

2020

Пестицидтердің және өзге агрохимиялық өнімдердің өндірісі

      Басым тауарлардың топтары


      Басым тауарлық топтар ішкі нарыққа ғана еме, сондай-ақ макро өңір нарықтарында ТМД елдеріне, Иранға, Қытай мен Түркияға бағдарланады. Басым тауарларды /тауарлық топтарды өндіру бойынша кәсіпорындардың жаңа қуаттарын салу немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту агрохимия импортын қысқартуға және экспортын ұлғайтуға ықпал ететін болады.
      4-кестеде импорттың анағұрлым жоғары құны бар тауарлық топтар тізбектелген.
4.2.6.4-кесте. Агрохимия өнеркәсібі басым тауарларының топтары



СЭҚТН -6

Тауарлық топтың атауы

Ішкі нарықтың импорттық сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.

Макро өңір нарығының импорттық сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.

201531

Карбамид

5,7

205,8

201532

Аммоний сульфаты

2,8

13,3

201551

Калий хлориді

5,1

3032,3

201552

Калий сульфаты

0,11

95,2

201559

Өзге калийлі тыңайтқыштар

17,3

33,5

201571

Кешенді тыңайтқыштар

6

1187,4

201573

МАФ/ДАФ

0,3

153,7

202011

Инсектицитер

18,6

439,5

202015

Фунгицитер

12,9

637,2

202012

Гербицитер

71,5

980,6

      Басым жобалар


      Агрохимиялық секторды дамытудағы мемлекеттік саясат бағдарламасы шеңберінде күрделі, калий тыңайтқыштарын (NPK-тыңайтқыштары), өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру жөніндегі басым бағыттарды іске асыруға бағытталатын болады.
      2015 – 2019 жылдар кезеңінде бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес өндіріс көлемін және өнімнің қосылған құнын арттыруға, секторда жаңа өндірістерді құруға бағытталған жалпы инвестициялар көлемі 454 млрд. теңге болатын ірі инвестициялық жобалар іске асырылады.
      Ақтөбе облысында Шилісай кенорнының кені негізінде күрделі минералдық тыңайтқыштар (МАФ/ДАФ) мен Жилян калий тұздарының кен орны негізінде калий тыңайтқыштары өндірісін іске қосу жоспарлануда.
      Жамбыл облысында агрохимиялық өнімдерді өндіру жөніндегі бірқатар жобалар жоспарланған. 2019 жылға дейін жылына 1 млн. тонна минералдық тыңайтқыштар өндірісіне қол жеткізу, калий сульфаты (жылына 300 мың тонна) мен глифосат (жылына 10 мың тонна) өндірісі бойынша жобаларын іске асыру жоспарлануда.
      Мынадай жобаларды пысықтау жүргізілуде: жем фосфаттарын одан кейінгі шығарумен экстрациялық фосфор қышқылын шығару, метанол және аммиак негізінде бірқатар химия өнімін шығару (формальдегид, уксус және перуксус қышқылы, аммиак селитрасы, азот қышқылы, карбамид, кешенді тыңайтқыштар және карбамидтік-формальдегидтік және меламиноформальдегидтік шайырлар), бір терезе қағидаты бойынша қызметтер кешенін ұсыну бойынша агрохимиялық сервистік орталықтарды құру.
      Өнеркәсіпке арналған химикаттардың өндірісі
      Өнеркәсіпке арналған химикаттарды өндіру секторы өнеркәсіптің дәстүрлі салалары (тау-кен-металлургиялық кешені (бұдан әрі –ТМК) және мұнайгаз саласы) үшін де, сол сияқты жоғары технологиялық секторлар (электрондық өнеркәсіп, аккумуляторларды, энергия тиімді және инновациялық құрылыс материалдары, машинажасау) үшін де шикізаттың, жартылай фабрикаттардың жеткізушісі болып табылады. Өнеркәсіпті дамыту жалпы сектор өніміне сұранысты ұлғайтуға алып келеді.
      Қазақстандағы өнеркәсіпке арналған жұмыс істеп тұрған химикаттардың өндірістері негізінен базалық химия өнімдерімен: пайдалы қазбаларды өндіру, минералды тыңайтқыштарды өндіру кезінде пайдаланылатын неорганикалық қышқылдар мен сілітілерді, сондай-ақ лак және бояу өнімін, жарылғыш заттар мен үстіңгі-белсенді заттарды (бұдан әрі – ҮБЗ) ұсынылған.
      2012 жылы ішкі нарықтың сыйымдылығы 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Басымды тауарлық топтар бойынша Қазақстан импортының көлемі 300 млн. АҚШ долл. асады, макроөңірдің сол тауарлар бойынша импорттық сыйымдылығы - шамамен 6 млрд. АҚШ долл.
      Сектордың үлесі орташа алғанда өңдеуші өнеркәсіпте 2 %-ды, химия өнеркәсібінде – 68 %-ды құрайды. Сектор өндірісінің көлемі 2012 жылы
118,5 млрд. теңгені құрады, ол 2008 жылға қарағанда 60 %-ға артық. 2012 жылы 2008 жылмен салыстырғанда сектордың ЖҚҚ 2,5 есеге өсті. Қорытындысында сектордың еңбек өнімділігі 2,3 есеге өсті. Дегенмен бұл ЫЭДҰ елдерінің ұқсас көрсеткіштерінен 2 есе төмен.
      Сектор кәсіпорындарындағы жабдықтардың тозуы 40%-ға жетеді, қарқынның жүктемесі 60% астамды құрайды. Қуаттың жоғары жүктемесі экспортаушы-кәсіпорындар: «АЗХС» АҚ мен «Қазфосфат» ЖШС тиесілі. Жаңғырту коэффициентін 2012 жылы 8,5%-ға ұлғайту жабдықтың тозу коэффициентінің 2011 жылғы 45 %-дан 2012 жылғы 30 %-ға дейін төмендеуіне ықпал етті.
      Өнеркәсіп үшін химикаттардың өндірісі секторындағы экспорт 2008 жылмен салыстырғанда 16,4 %-ға өсті және 600 млн. АҚШ долларын құрады. Экспортқа негізінен төменгі шектегі өнімдер шығады, ал сол уақытта импортты өте жоғары шектегі тауарлар құрайды.

жүктеу 3,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау