4. Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелердің көрсеткіштері
Мақсаттар, міндеттер және нысаналы индикаторлар жалпы, басымды секторлардағы және инновациялық секторлардағы болып бөлінеді.
1 Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін индустриялық дамытудың мақсаты, міндеттері және жалпы нысаналы индикаторлары.
Бағдарламаның мақсаты
Өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру.
Нысаналы индикаторлар
Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (1-кесте):
1) өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін нақты мәнде 43 %-ға ұлғайту;
2) өңдеуші өнеркәсіпте жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,4 есе ұлғайту;
3) өңдеуші өнеркәсібінде еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,4 есе ұлғайту.
4) шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемін кемінде 1,1 есе ұлғайту;
5) өңдеуші өнеркәсіптің энергияны қажет етуін 2012 жылдың деңгейіне қатысты кемінде 15%-ға азайту:
6) өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтуды 29,2 мың адамға ұлғайту.
1-кесте. Өңдеуші өнеркәсіптегі жалпы нысаналы индикаторлар
№
|
Нысаналы көрсеткіштер
|
Өлш. бірл
|
2012 есеп
|
2013 межелі
|
2012 жылға қатысты болжам
|
2012 жылға қатысты 2019 ж., %-бен
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
1
|
Өндірілген өнім көлемі
|
%
|
100,0
|
101,6
|
108,0
|
117,1
|
119,5
|
133,4
|
138,8
|
143,0
|
143,0
|
2
|
Жалпы қосылған құн
|
%
|
100
|
101,8
|
108,3
|
117,7
|
120,1
|
134,2
|
139,7
|
144,6
|
1,4 есе
|
3
|
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
|
%
|
100
|
100,8
|
105,5
|
113,2
|
114, 4
|
127,1
|
132,4
|
137,0
|
1,4 есе
|
4
|
Шикізат емес (өңделген) экспорт құны көлемінің өсуі
|
%
|
100
|
93,1
|
91,5
|
106,3
|
107,8
|
90,5
|
100,8
|
109,2
|
1,1 есе
|
5
|
ЖІӨ энергия сыйымдылығы
|
%
|
100
|
103
|
101
|
97
|
93
|
90
|
87
|
85
|
15%-ға
|
6
|
Жұмыспен қамтылғандар саны
|
мың адам
|
543,5
|
548,0
|
557,8
|
563,9
|
569,3
|
572,9
|
572,3
|
572,6
|
29,2 мың адам
|
Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің шамалы өсуі, бір жағынан, мұнай өңдеу секторының міндетімен байланысты, ол өз кезегінде ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттілігін 2020 жылға қарай толық қамтамасыз етуге байланысты. Бұл ретте, мұнай өңдеу секторы экпортының көлемін 2012 жылғы деңгейде сақтау өңдеуші өнеркәсіптің жалпы шикізаттық емес экспорты 2019 жылы 20,7 %-ға, ал 2014 жылдың деңгейіне қатысты – 37,0 %-ға өсуін қамтамасыз етер еді.
Екінші жағынан, Бағдарламаны іске асыру шеңберінде өз өндірісі есебінен ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және содан кейін ішкі нарықты молықтырған сайын, экпортты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетін болады. Осындай тәсіл кезінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық өнімін дамыту міндеті біршама шешілетін болады. Қазіргі уақытта өңдеуші өнеркәсіп өнімінің импорт көлемі өңдеуші өнеркәсіптің ЖҚҚ көлемінен 1,8 есе артық.
Міндеттері
1) өңдеуші өнеркәсіпті озыңқы дамыту;
2) басым секторларда тиімділікті жоғарылату және қосылған құнды ұлғайту;
3) шикізат емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту;
4) өнімді жұмыспен қамтуды сақтап қалу;
5) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларына технологиялылықтың жаңа деңгейін беру және инновациялық кластерлерді қалыптастыру арқылы болашақтың секторларын дамыту үшін негіз құру;
6) өңдеуші өнеркәсіпте кәсіпкерлікті ынталандырып, шағын және орта бизнесті дамыту.
2. Басым секторлардағы мақсаттар, міндеттер және нысаналы индикаторлар
Өңдеуші өнеркәсіптің орнықты өсуі үшін мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың, даму институттарының, қоғамдық бірлестіктердің, қаржы ұйымдарының, жеке және мемлекеттік меншік нысандарындағы кәсіпорындардың басым секторларды дамытуға бағытталған іс-қимылы үйлестірілетін болады.
Бағдарламаның іс-шаралары түйінді тосқауылдарды еңсеру жөніндегі міндеттерді шешуге және өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталатын болады, бұл нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларындағы Бағдарлама жобаларын сәтті іске асыру қолжетімді қаржыландырудың болуына, бәсекеге қабілетті тарифтер бойынша логистикалық, энергетикалық, коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге тәуелді болады және мынадай тәуекелдермен ұштасады.
Макроэкономикалық тәуекелдер: экономиканың өсуі қарқыны мен инвестициялық белсенділік деңгейінің төмендеуі, металл өнімдерінің, энергия жеткізгіштердің және көліктік тасымалдардың әлемдік бағаларының өзгеруі.
Геосаяси тәуекелдер: макроөңір елдеріндегі саяси ахуалдың тұрақтылығы және ЕурАзЭҚ-қа ықпалдасу тереңдігі.
Нормативтік-құқықтық тәуекелдер: Бағдарламаны қолайлы құқықтық және экономикалық ахуал жасайтын техникалық және нормативтік құқықтық қолдаудың жеткіліксіздігі.
Қаржылық тәуекелдер: қолжетімді қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі.
Қара металлургия
Қара металлургия өңдеуші өнеркәсіптің ірі секторы болып тарихи тұрғыдан қалыптасқан және оның өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі 13 % құрайды. Қара металлургия машинажасау мен металл өңдеуді дамыту үшін база болып табылады, оның өнімі экономиканың барлық дерлік салаларында қолданылады. Шикізат секторларын, машина жасау мен құрылысты дамыту ішкі нарықта да, сол сияқты макроөңір нарығында да орнықты сұраныс қалыптастырады.
Ішкі нарықтың және макроөңір нарықтарының басым тауар топтары бойынша импорт сыйымдылығы тиісінше 2,7 және 25,3 млрд. АҚШ долларын құрайды.
өндіру көлемі 2008 – 2013 жылдар аралығында нақты мәнде 6,2 % өсті және 632 млрд. теңгені құрады. Сонымен уақытта өңдеуші өнеркәсіптің құрылымындағы қара металлургияның үлесі 2008 жылы 20 %-дан 2013 жылы 10,7 %-ға дейін төмендеді.
Жалпы қосылған құн 2008 жылғы 393 млрд. теңгеден 2013 жылы 453,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2008 – 2013 жылдар аралығындағы кезеңде салада жұмыспен қамтылған адамдар саны 28 мың адамға қысқарды. 2013 жылы еңбек өнімділігі 89,9 мың АҚШ долл. құрап, 2008 – 2013 жылдар аралығындағы кезеңде 1,2 есе ұлғайды. Алайда, сала 2012 жылы ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткішінен (151,9 мың АҚШ долл.) бұрынғысынша 37 % артта болды. 2008 жылмен салыстырғанда қара металлургия экспортының көлемі 2013 жылы 47,3%-ға төмендеп, 3,4 млрд АҚШ долл. құрады (1-кесте).
1-кесте. Сектор бойынша 2008 – 2013 жылдардағы деректер
Көрсеткіштер
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013*
|
Өңдеуші өнеркәсіптегі қара металлургияның үлесі
|
20,0
|
16,1
|
17,9
|
16,5
|
13,1
|
10,7
|
ЖҚҚ, млрд. теңге **
|
393,0
|
311,4
|
388,0
|
495,1
|
453,2
|
308,8
|
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі
|
3 359,6
|
2 946,0
|
3 844,7
|
4 801,4
|
5 446,7
|
5 882,5
|
НКИ, өткен жылға %
|
97,5
|
97,1
|
113,9
|
107,7
|
101,2
|
101,6
|
Қара металлургия өндірісінің көлемі
|
670,8
|
474,7
|
687,4
|
785,4
|
712,5
|
631,9
|
НКИ, өткен жылға %
|
86,6
|
101,6
|
109,4
|
106,8
|
88,2
|
89,6
|
Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
|
65 622
|
62 038
|
60 005
|
58 398
|
38 038
|
36 831
|
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны
|
22
|
22
|
30
|
26
|
28
|
33
|
Еңбек өнімділігі, мың теңге
|
8 889
|
6 928
|
9 581
|
13 118
|
16 732
|
13 814
|
Еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл.
|
73,6
|
46,7
|
65,0
|
88,4
|
111
|
89,9
|
ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігі, мың долл.
|
148,3
|
120,0
|
143,2
|
153,2
|
152,0
|
д/ж
|
Есептік жылы орташа жылдық қуаттылықты пайдалану, %***
|
56,9
|
64,5
|
73,8
|
79,0
|
65,5
|
д/ж
|
Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %
|
33,92
|
30,23
|
38,21
|
32,30
|
35,27
|
д/ж
|
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
|
29,7
|
8,1
|
6,5
|
14,6
|
11,7
|
д/ж
|
Жылдың соңындағы теңгерімділік құны бойынша негізгі құралдардың болуы, млрд. теңге
|
126 242
|
84 303
|
97 279
|
89 630
|
115 468
|
д/ж
|
Негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге
|
26 849
|
36 715
|
83418
|
112378
|
125390
|
152149
|
Экспорт, млн. АҚШ долл.
|
6 530,8
|
3 069,1
|
3 765,0
|
4 875,6
|
4 030,8
|
2793,5
|
Импорт, млн. АҚШ долл.
|
5 570,9
|
5 192,6
|
2 222,5
|
3 040,8
|
4 743,0
|
5 407,8
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті
1-кестеге:
Ескертпе:
*мұнда және бұдан әрі салалық бөлімдерде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректері пайдаланылды
**мұнда және бұдан әрі салалық бөлімдерде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2013 жылдың 9 айы үшін жедел деректер пайдаланылды
***көрсеткіш «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ның (бұдан әрі - «ҚИДИ» АҚ) статитикалық деректері негізінде есептелген.
Сектордың дамуына негізінен сыртқы және ішкі факторлар әсер етті. Халықаралық нарықтардағы қиындықтар өнім экспортына және «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АҚ), «Кастинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС), «АЛЗ» ЖШС және «KSP Steel» ЖШС сияқты қара металлургия кәсіпорындарының өндірістік қуаттарына ықпал етті. Болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайту бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жаңғырту бағдарламасы іске асырылған жоқ.
Қазіргі уақытта Forbes – Global 2000 журналының нұсқасы бойынша әлемнің жетекші трансұлттық компанияларының тізіміне кіретін әлемдік нарықтың мынадай ірі ойыншылары бар: Posco (Оңтүстік Корея), ArcelorMittal (Люксембург), Evraz Group (Ресей).
Сектордың түйінді проблемалары:
1) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының төмен жүктемесі;
2) кәсіпорындардағы тозған жабдықтардың тозу дәрежесінің жоғары болуы, моральдық ескірген жабдықтардың болуы;
3) нашар дамыған ішкі нарық;
4) қосылған құны жоғары өнім экспортының төмендеуі мен импортының өсуі;
5) шығарылатын өнімнің төмен сапасы мен аз ассортименті;
6) теміржол тасымалдарына, электр энергиясы тасымалдарына жоғары тарифтер;
7) өнімді сертификаттау үшін сынақ базалары мен зертханалардың болмауы;
8) өнімнің жоғары энергия және еңбек сыйымдылығы;
9) көліктік-логистикалық инфрақұрылымның төмен деңгейі;
10) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы;
11) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базаларын жаңғырту қажеттілігі.
Мақсаты
Қара металлургияны орнықты дамытудың және оны әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.
Нысаналы индикаторлар:
Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылға қарай экономикалық көрсеткіштерді:
1) жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,3 есе;
2) жұмыспен қамтылуды 3,1 мың адамға;
3) еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,18 есе;
4) экспортты кемінде 1,04 есе өсіруге қол жеткізуге мүмкіндік береді (2-кесте).
2-кесте. Нысаналы индикаторлар
№
|
Нысаналы көрсеткіштер
|
Өлшем бірл.
|
2012 есеп
|
2013 күтілетін
|
2012 ж. қатысты болжам
|
2012 ж. қатысты 2019 ж., %
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
1
|
Жалпы қосылған құн
|
%
|
100,0
|
89,6
|
107,5
|
120,2
|
120,6
|
125,2
|
125,2
|
128,4
|
1,3 есе
|
2
|
Жұмыспен қамтылғандар саны
|
мың адам
|
35,8
|
34,6
|
34,9
|
37,0
|
39,7
|
40,1
|
39,6
|
38,9
|
3,1 мың адамға
|
3
|
Еңбек өнімділігінің өсуі
|
%
|
100
|
92,7
|
110,5
|
116,4
|
108,7
|
111,8
|
113,3
|
118,1
|
1,18 есе
|
4
|
Экспорт
|
%
|
100
|
69,3
|
68,1
|
91,1
|
93,1
|
98,2
|
99,8
|
103,7
|
1,04 есе
|
Міндеттері
1) әртараптандыру және жаңғырту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
2) өнімнің сапасын арттыруға, еңбек өнімділігін ұлғайтуға және өнімнің энергияны қажет етуін төмендетуге бағытталған инновацияларды енгізуді ынталандыруға жағдайлар жасау;
3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын ұлғайту және қосылған құны жоғары жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді жасау;
4) отандық бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту есебінен металл өнімдері импортының көлемін қысқарту;
5) жұмыс істеп тұрған өндірістер мен инвестициялық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
6) саланы орта техникалық буынның білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;
7) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базасын жаңғырту.
Қызметтің басымды түрлері
Бағдарлама шеңберінде қызметтің басымды түрлері айқындалды (3-кесте).
3-кесте. Қызметтің басым түрлері
ЭҚЖЖ-4
|
Атауы
|
2410
|
Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі
|
2420
|
Құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, болаттан жасалған фитингтер өндірісі
|
2431
|
Суықтай илеу (болат шыбық пен тұтас әзірлеме өндірісі)
|
2432
|
Таспалар мен жіңішке жолақтарды суықтай илектеу
|
2433
|
Суықтай пішіндеу немесе бүктеу
|
2434
|
Суықтай созу әдісімен сымдар өндірісі
|
Басымды тауарлар топтары
Басымды тауарлар топтары ішкі нарықпен қатар, макроөңір нарығына да: ТМД елдері, Иран және Қытайға бағдарланған. Басымды тауарларды/тауарлық топтарды өндіру жөніндегі кәсіпорындардың жаңа қуаттарын жасау немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту сектор өнімі импортының қысқаруына және экспортының ұлғаюына ықпал етеді (4-кесте).
4-кесте. Басымды тауарлар топтары
СЭҚ ТН
|
Атауы
|
Импорттың үлесі мен көлемі*
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
мың тонна
|
%
|
мың тонна
|
%
|
мың тонна
|
%
|
мың тонна
|
%
|
24.20.11
|
Түрлі диаметрлі құбырлар, болаттан жасалған іші қуыс жіксіз профильдер
|
468,6
|
66,1
|
467,9
|
80,3
|
1000,6
|
80,3
|
2064,5
|
87,1
|
24.20.40
|
Құбырларға арналған болатты, құйылмаған фитингтер
|
13,4
|
99,1
|
14,2
|
98,9
|
22,71
|
98,9
|
22 350
|
98,5
|
24.34.11
|
Суықтай тарту жолымен алынған сым
|
58
|
90,9
|
61
|
81,5
|
61
|
81,5
|
78
|
77,2
|
24.10.63
|
Ыстықтай илектенген серіппелер мен шыбықтар, тот баспайтын болаттан жасалған профильдер
|
618,9
|
87,3
|
620,8
|
71,9
|
696,1
|
71,9
|
754,6
|
68,8
|
24.10.74
24.10.75
|
Дәнекерленген профильдер мен болаттан жасалған тығын құрастырмалары және темір жолдарға арналған қара металдардан жасалған бұйымдар
|
138,9
|
99,6
|
97,3
|
100
|
151,1
|
100
|
244,9
|
100
|
28.22.20
|
Бұрғылау машиналарына арналған шөміштер, грейферлер, бөлшектер
|
5,58
|
100
|
3,65
|
100
|
5,58
|
100
|
3,5
|
100
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитеті
Басымды жобалар
2015 – 2019 жылдар кезеңінде қара металлургияны дамытудағы мемлекеттік саясат болат алу үшін сапасы жоғары шикізат өндіру жөніндегі басым жобаларды іске асыруға бағытталатын болады (түйіршіктелген шойын және брикеттелген ыстық темір, түсті және сирек кездесетін металдар қосылған ферроқорытпа өндірісі), сапалы болат өндірісі (құбырлық және тот басуға төзімді, ыстыққа төзімді және ыстыққа берік, құралдық, шар-мойынтірек, рельстік және рессорлық-серіппелі) және қосындыланған болат ассортиментін кеңейту, кемелерге арналған болат және т.б.
Бизнес-құрылымдардың өздерінің ұсыныстарына сәйкес жалпы инвестициялар көлемі 400 млрд. астам теңге, өндіріс көлемі мен өнімнің қосылған құнын арттыруға, сондай-ақ, қоршаған ортаға жағымсыз әсерді төмендетуге бағытталған ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.
Ақтөбе және Павлодар облыстарында инновациялық технология бойынша орташа көміртекті феррохром өндірісін құру жөніндегі бірқатар ірі жобалар іске асырылады.
Алматы облысында инновациялық технология бойынша қуаты жылына 400 мың тонна шойын болатын шекті шойын өндіруге арналған темір кенін қайта өңдеу жөніндегі жоба іске асырылатын болады.
Жамбыл облысында шикізат базасын кеңейту арқылы ферроқорытпа өндірісін жылына 300,0 мың тоннаға дейін жаңғырту өткізіледі.
Қарағанды облысында екі ірі жоба іске асырылатын болады: өндірісті жаңғырту арқылы болаттың өндірістік қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайту және қуаты жылына 75 мың тонна болатын кешенді қорытпалар өндірісі ұйымдастырылды.
Қостанай облысында қуаты 1,8 млн. тонна брикеттелген темір болатын металдандырылған өнім көлемін үш кезеңмен ұлғайту жобасын іске асыру жұмысы жалғастырылады.
Маңғыстау облысында қуаты 600 мың тонна төртбұрышты болат дайындамалар болатын электрболат балқыту кешенін салу жобасы іске асырылатын болады.
Павлодар облысында қуатын жылына 270 мың тонна құбырға дейін ұлғайта отырып, құбыр илектеу өндірісін дамыту жөніндегі бірқатар ірі жобалар іске асырылады.
Алматы қаласында қуаты жылына 200 мың тонна дәнекерленген болат құбырларының өндірісін құру жоспарланып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |