Ұйымдастырылған дүниежүзілік саммитке қатысып қайтты



жүктеу 106,35 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі106,35 Kb.
#23946

background image
Түркістан. - 2017. - №24. - 15маусым 

Иманғалиев  Б.,  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университеті 

Баспасөз орталығының директоры 

Қытай ғалымдарымен ынтымақтастық артуда 

 

   Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университетінің  ректоры 



А.Күрішбаев  жақында    Қытай    Халық    Республикасында  іссапарда  болып, 

сол  елдің  Ауыл  шаруашылығы  Ғылым  академиясының  60  жылдығына  орай 

ұйымдастырылған  дүниежүзілік  саммитке  қатысып  қайтты.  Бұл  маңызды 

жиынға  әлемнің  30-ға  жуық  халықаралық  аграрлық  ғылыми-зерттеу 

институттары  мен  ұйымдарының  жетекшілері,  білікті  ғалымдары  жиналып, 

ауыл шаруашылығына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. 

  ҚазАТУ  ректоры  А.Күрішбаев  осы  алқалы  жиында  Қазақстан  Рес- 

публикасының ауыл шаруашылығындағы соңғы жетістіктер туралы ағылшын 

тілінде  баяндама  жасап,  тың  ұсыныстар  айтты.  Ол  сондай  ақ,  Жібек  жолы 

белдеуінде  орналасқан  елдердің  қатысуымен  биылғы  жылдың  3-5  шілде 

аралығында  ҚазАТУ-да  өтетін  Халықаралық  альянс  жиынының  мақсатына 

тоқталды.  Осы  маңызды  шараға  Қытай  елінен  келетін  жұмыс  тобының 

өкілдерімен  кездесті.  Сапар  барысында  А.Күрішбаев  Қытай  Ғылым  және 

техника министрлігінің бас хатшысы Ванг Джыганмен кездесті. Тараптар екі 

елдің ынтымақтастығының жаңа белеске көтерілгендігін айта келе, болаша қа 

бірлескен  жоспарлар  жасады.  А.Күрішбаев  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ 

агротехникалық  университеті  кампусының  5  гектар  жерінде  суық  климатқа 

және шөлге төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын шы- 

ғару  үшін  бірлескен  технопарк  құруды,  ірі  қара  малдың  генетикалық  жаңа 

эмбрионын  шаруашылыққа  енгізуді,  көрші  елге  экспортталатын  таза 

органикалық  өнімдерді  бірлесе  зерттеуді,  білім  гранттарын  арттыруды 

ұсынды.  Қытай  министрлігі  тарапынан  бұл  ұсыныстар  қабылданып,  қолдау 

тапты. Көп күттірмей бұл мәселелер рәсімделіп, жақын арада бастау алатыны 

сөзсіз.  ҚазАТУ  басшысының  күн  шығыс  еліне  іссапары  осылай  баянды 

болып, екіжақты келісімге келді.  

   Айта  кету  керек,  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 

университеті соңғы уақытта Қытайдың белді жоғары оқу орындарымен, ауыл 

шаруашылығы  ұйымдарымен  тығыз  қарымқатынаста.  Мысалы,  ҚХР  Ауыл 

шаруашылығы  Ғылым  академиясына  қарайтын  Харбин  ветеринария 

институтымен  бірлесе  Агротехникалық  университетте  жақын  арада 

Биоқауіпсіздік ғылыми зертханасы ашылмақ. Университетте көп жылдан бері 


background image
Қазақ-Қытай  білім  беру  орталығы  жемісті  жұмыс  істейді.  Сондайақ, 

Қытайдың  Шисн  картоп  корпорациясы  университеттің  35  гектар  жеріне 

картоптың  жаңа  8  сортын  ғылыми  эксперимент  ретінде  өсіруде.  Егер  жаңа 

сорт  Қазақстанның  топырағына  қолайлы  болып,  зерттеу  өз  нәтижесін  беріп 

жатса,  картоптың  вируссыз  жаңа  сорттарын  жетілдіретін  университетте 

ғылыми-зертхана  құру  жоспарда  бар  екенін  мәлімдеді  корпорация  басшысы 

Лянг  мырза.  Көршілес  екі  елдің  арасындағы  ғылыми-  әріптестік  байланыс 

осылай өз нәтижесін беруде.  



жүктеу 106,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау