"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы



жүктеу 3,71 Mb.
бет1/13
Дата21.01.2018
өлшемі3,71 Mb.
#7858
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 627 қаулысы


       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту
туралы
      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi – Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-шаралары жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
      2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгiленген мерзiмде және тәртiппен Бағдарламаны мониторингтеу мен бағалау нәтижелерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне берсін.
      3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының
            Президенті                                    Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2014 жылғы « »  
№ Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН   
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
      1. Бағдарлама паспорты
      2. Кіріспе
      3. Ағымдағы жағдайды талдау
      4. Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелердің көрсеткіштері
      5. Негізгі бағыттар, Бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
      6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
      7. Қажетті ресурстар
1. Бағдарламаның паспорты



Атауы

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
2. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы
3. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI-ші пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырма

Жауапты орындаушы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Мақсаты

Өңдеу өнеркәсібін әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру.

Міндеттері

1) өңдеу өнеркәсібін озыңқы дамыту;
2) басым секторларда тиімділікті арттыру және қосылған құнды ұлғайту;
3) шикізат емес тауарларды өткізуге арналған нарықтарды кеңейту;
4) өнімді жұмыспен қамтуды ұлғайту;
5) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларын технологияландыруды жаңа деңгейге көтеру және инновациялық кластерлер қалыптастыру арқылы болашақтың секторларын дамыту үшін негіз жасау;
6) өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті ынталандырсын, шағын және орта бизнесті дамыту.

Іске асыру мерзімі

2015 – 2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылы мына экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:

1) өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін нақты мәнде 43 %-ға ұлғайту;


2) өңдеуші өнеркәсібінде жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,4 есе ұлғайту;
3) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,4 есе ұлғайту;
4) шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемін кемінде 1,1 есе ұлғайту.
5) өңдеуші өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын 2012 жылдың деңгейіне қатысты кемінде 15%-ға азайту
6) өңдеуші өнеркәсібінде жұмыспен қамтуды 29,2 мың адамға ұлғайту.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны 2015 – 2019 жылдары іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 643 909,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
2015 жылы – 327 506,3 млн. теңге*
2016 жылы – 111 324,6 млн. теңге*
2017 жылы – 74 464,6 млн. теңге*
2018 жылы – 64 785, 3 млн. теңге*
2019 жылы – 65 828,8 млн. теңге*

Ескертпе*
сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады

      2. Кіріспе


      Қазақстан Республикасын индустрииялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» деген түйінді бағытын іске асыру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI-ші пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – ҮИИДМБ) қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесі ескерілген. Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады әрі күш-жігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына, өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тәсілді қолдану арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға және тиімді салалық реттеуге бағытталған.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
31 желтоқсандағы № 1497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі қағидаттары мен тәсілдерінің негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының және индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың ережелері мен қағидаттары, сонымен қатар Қазақстан қатысушы болып табылатын халықаралық келісімшарттардың нормалары ескеріле отырып әзірленген.
      Бағдарлама бизнес ахуалға ықпал ететін мемлекеттік саясат аспектілеріне өте тәуелді болып табылады. Бағдарламаның сәтті болуы Қазақстан Республикасының бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту (Doing business), елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (Global Competitiveness Index), жасыл парақтар (Yellow Pages) қағидатын ескере отырып, жоспарлы жекешелендіруді жүргізу арқылы экономикаға мемлекеттік қатысу үлесін төмендету Қазақстанның ПИИ Инвестициялық сенім индексіне кіруі (FDI Confidence Index) адами капитал индикаторы бойынша алға қойылған міндеттерге қол жеткізуіне байланысты болмақ. Бұдан басқа, Бағдарламаны іске асыру тиімділігі қаржыландыру моделіне, оны іске асыруға бюджет қаражатын бөлудің толықтығы мен уақтылылығына тікелей байланысты.
      3. Ағымдағы жағдайды талдау
      1. Қазақстан Республикасындағы индустриялық дамудың ағымдағы жағдайын талдау
      Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының құрылымында өнеркәсіп шамамен үштен бір бөлігін алады. Кен өндіру секторы жұмыспен қамтудың 2,9 %-дан астамын және эконмикадағы жалпы қосылған құнының (бұдан әрі – ЖҚҚ) 18 %-ын қамтамасыз етеді. Өндіруші өнеркәсіптегі негізгі капиталға инвестициялар бүгінде жалпы көлемнің 30 %-ынан асады, ал өңдеуші өнеркәсіпте бар болғаны - 12 %. Қазақстан өндіру салаларының өнімін экспорттауда алда келеді (ең алдымен, мұнай есебінен), жан басына шаққандағы экспорт көрсеткіші бойынша ТМД елдерінің бәрінен алда. Алайда, Қазақстан Республикасындағы өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің жан басына шаққандағы экспорты Ресейге қарағанда екі есе төмен.
      2008 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ҮИИДМБ негізгі индикаторлары бойынша өсудің оң серпіні байқалып отыр: жалпы ішкі өнім (бұдан әрі - ЖІӨ) 22,5 %-ға; шикізат емес сектордың ЖҚҚ 23,4 %-ға; өңдеуші өнеркәсіптің ЖҚҚ 22,3%-ға; өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 70%-ға; шикізаттық емес экспорт көлемі 6,5%-ға; кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі 3,6%-ға; инновациялық өнім көлемі 240%-ға өсті, ЖІӨ энергия сыйымдылығы 13,6%-ға төмендеді. Мониторинг субъектілеріндегі сатып алуда тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жергілікті қамту үлесі 2010 жылғы 48,2 %-дан 2013 жылы 63,1 %-ға дейін ұлғайды.
      Сонымен қатар, халықаралық валюта қорының (бұдан әрі – ХВҚ) елдер бойынша 2013 жылғы қыркүйектегі есебіне1 сәйкес экономикада «голланд ауруының» белгілері, атап айтқанда сауда-саттықта қолайсыз жағдайлардың қалыптасқаны, экономикадағы шығыстар деңгейінің өскені және институционалдық проблемалар байқалады. Мұны сыртқы сауда құрылымы да айғақтайды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2003 – 2013 жылдары экспорт құрылымындағы минералдық өнімдердің үлесі 64,5%-дан 80%-ға дейін өсті. Ресурстардың әлемдік бағаларының өсуімен бірге бұл белгілер тереңдей түспек.
      Қазақстан «орташа кіріс тұзағы» проблемасымен бетпе-бет келеді. ЖІӨ-нің халықтың жан басына шаққанда 10 мыңнан 15 мың АҚШ долларына дейінгі аралығында әл-ауқаттың белгілі бір деңгейіне қол жеткізілген соң жалақының өсуіне, транзакциялық шығасылардың ұлғаюына және елдің бағалық бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты экономиканың өсуі бәсеңдеуі мүмкін. Мұндай жағдайда Қазақстан біліктілігі мен инновациялары жоғары дамыған экономикалармен де, кірісі төмен, жалақы деңгейі төмен әрі өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі арзан экономикалармен де бәсекеге түсе алмайтын болады. Өткен ғасырда кедергіден өткен елдер (Тайвань, Финляндия, Оңтүстік Корея және басқалары) мұны өңдеуші өнеркәсіпті қарқынды дамыту базасында экономикалық өсуді қамтамасыз ете алды.
      Индустриаландыру процесінде өнеркәсіптегі басты назар біртіндеп өңдеуші өнеркәсіпке қарай ауа бастады, дегенмен оның даму деңгейі салыстырмалы түрде төмен күйінде қалып отыр. Өңдеуші өнеркәсіп жұмыспен қамтудың 7%-дан азын және ел экономикасы ЖҚҚ 11 %-ын қалыптастырады. Салыстыратын болсақ, Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіндегі өнімділік деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі - ЭЫДҰ) мүше елдердегі орташа деңгейге қарағанда екі есе төмен, өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің үлесі жағынан Қазақстан ЭЫДҰ елдерінің бәрінен артта.
________
1 ХВҚ Ел бойынша есебі № 13/291, 2013 жылғы қыркүйек
      Салалық реттеу
      Қазіргі заманғы жағдайларда техникалық реттеу елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғау құралы және отандық өнімдерді нарықтарға жылжытудың барабар тәсілі болып табылады, ол технологияларға қойылатын техникалық талаптардың деңгейін белгілеп, техникалық шешімдерді таңдаған кезде индустрия үшін бағдар болып табылады.
      Жыл сайын жалпы жүйенің даму серпіні байқалуда:
      1) аккредиттеу субъектілерінің саны 20 %-ға өсті (сәйкестікті растау бойынша 87 орган, 657 сынақ, 332 тексеру және 31 калибрлеу зертханасы жұмыс істейді);
      2) менеджмент жүйелерін енгізген және сертификаттаған қазақстандық кәсіпорындардың саны 6 346-ға жетті;
      3) 2 800-нан аса сарапшы-аудитор сертификатталды.
      Нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры стандарттау жөніндегі 67 000-нан астам халықаралық, өңірлік және өзге де нормативтік құжаттарды қамтиды, олардың 5 223-і – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары. Оның ішінде олардың 70 %-дан астамы халықаралық талаптармен үндестірілген, бұл өз кезегінде машина жасауда, фармацевтикада, химия және тамақ өнеркәсібі мен басқа да секторларда 150-ден астам жаңа өнім түрлерінің өндірісін игеруге мүмкіндік берді.
      Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі интеграциялық процестерді тереңдету жағдайларында және Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсаңында мынадай бірқатар маңызды проблемаларды шешуге назар аудару керек:
      1) салалық мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастықтар мен өнеркәсіп тарапынан стандарттауға тиісті назар аударылмауы;
      2) ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үндестірудің әлсіз қарқыны;
      3) соңғы өнім шығаруға байланысты инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын талдау мен болжаудың болмауы;
      4) сынақ базалары мен сертификаттау орталықтары жүйесінің жеткіліксіз болуы;
      5) Қазақстанның батыс және орталық өңірлеріндегі метрологиялық инфрақұрылымның кенже қалуы;
      6) техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы кадрлардың тапшылығы.
      Интернационалдандыру
      2010 - 2013 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына 100 млрд. АҚШ долл. астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Бұл сомадан экономиканың шикізат емес салаларына 25 млрд. жуық АҚШ долл. инвестицияланды. Бұған экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын инвесторларға арналып жасалған базалық ынталандыру: кедендік, салықтық преференциялар, мемлекеттік заттай гранттар ықпал етті.
      Дегенмен, ағымдағы инвестициялық белсенділік Бағдарламаны іске асыру үшін жеткіліксіз. Бұл үшін мынадай тосқауылдарды жою қажет:
      1) ұзақ мерзімді инвестицияларды қорғау және қолдау бойынша нашар кепілдіктер;
      2) Қазақстанда шетелдік жұмыс күшінің болуы үшін кіру визалары мен рұқсат беру құжаттарын алудың күрделі рәсімдері;
      3) Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың перспективалары туралы шетелдік іскерлік ортаның хабардар болуының жеткіліксіздігі.
      Экпорттың көлемі бойынша Қазақстан экпорттаушы елдер арасында 42-орынды иеленіп отыр (2008 жылы – 48-орын). Өңделген тауарлар экспортының көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 3 %-ға төмендеп, 19,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Өңделген тауарлар экспортының дамуына белгілі бір тосқауылдар кедергі келтіреді:
      1) экспорттың тауарлық әртараптандырылуының әлсіз болуы;
      2) тауарлар экспортын ілгерілету үшін талап етілетін шығындардың жоғары болуы;
      3) шетелдік мемлекеттер тарапынан қазақстандық тауарларға қатысты тарифтік және тарифтік емес тосқауылдар;
      4) қазақстандық экспорттаушылардың әлсіз хабардар болуының нашарлығы.
      Технологиялар мен инновациялар
      ҮИИДМБ іске асырыла бастаған кезден бері жүргізілген реформалар нәтижесінде инновациялық белсенді кәсіпорындар саны 4%-дан 7,6%-ға дейін өсті, кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсайтын шығындары 3 еседен астам өсті (113,5-тен 326 млрд. теңгеге дейін), инновациялық өнім көлемі де осыған ұқсас 3 еседен астам өсті (111,5-тен 379 млрд. теңгеге дейін). Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің Форумының «Инновациялар» факторы бойынша Қазақстан рейтингін 18 позицияға жақсартты және «Технологиялық әзірлік» факторы бойынша 25 позицияға (57 орын) жақсартып, 84 орында орналасты.
      Инновациялық белсенділікті қолдау бойынша соңғы жылдары қабылданып жатқан шаралар ауқымының зор болуына қарамастан, мыналар бұрынғысынша түйінді проблемалар болып қала беруде:
      1) озық технологиялар трансфертін жеткіліксіз ынталандыру;
      2) кәсіпорындар мен бизнестің басым технологиялық міндеттерін шешуге және іздеуге арналған тектіктердің тиімсіз болуы;
      3) бизнестің технологиялық сипаттағы инновацияларды қабылдауының төмен деңгейі;
      4) технологиялық және басқарушылық құзыреттердің жетіспеуі;
      5) білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың дамымады;
      6) инновациялық жобалардың іске асырылуын бақылау жүйесінің жетілдірілмеуі.
      Қаржы ресурстары
      ҮИИДМБ іске асыру барысында қаржыландыру салалардың кең спектрін қамтыды, бұл секторалдық қолдау шараларын және жобалардың бір бөлігін қаржыландыруда қаражыттың жетіспеуіне әкеліп соқты. Сонымен қатар, жеткіліксіз қаржыландыру, көбінесе «ұзын» ақша қорлары қалыптастырылып, ұзақ мерзімді инвестициялар тартылатын отандық нарықтық қаржы инфрақұрылымының дамымуына байланысты болды.
      Коммерциялық қаржы институттары тарапынан тиісті қаржыландыру болмағандықтан, қазақстандық нарықтағы бұл тауашаны ұлттық холдингтер мен даму институттарының жүйесі арқылы мемлекет өзі иеленуге мәжбүр болды. Даму институттарының жүйесі кеңейтіліп, индустриялық-инновациялық даму қажеттіліктерін ескере отырып ретке келтірілді. Индустриялық дамуға қолдау көрсетудің түрлі құралдары сыналды: пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, шығындарды өтеу және инновациялар мен технологияларды енгізуге гранттар беру, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу, кредиттерге кепілдік беру және т.б.
      Мыналар түйінді тосқауылдар болып қалуда:
      1) акционерлік капиталды қалыптастыру үшін қаржы ресурстарының қолжетімсіздігі;
      2) ұзақ мерзімді кредиттердің қолжетімсіздігі;
      3) кредиттік ресурстардың құны;
      Өңдеуші өнеркәсіптің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының жоғары кредиттік жүктемесі және соңғыларында қарыздық қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін бос өтімді активтердің болмауы.
      Қазіргі уақытта Қазақстанның қор нарығы әлі толық қалыптаспаған институт ретінде бағаланады, өйткені ол қаржы саласының акционерлік капиталды толықтыру көзі болып табылатын құрамдас бөлігіне айнала қойған жоқ. Бұдан басқа, осы тетіктің дамымады көбінесе, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы ресурстарын индустрияландыру мұқтаждықтары үшін пайдалануды тежеп отыр.
      Қазақстандық қаржы институттарының кредит беруінің, әсіресе ұзақ мерзімді кредит беруінің жоғары құны маңызды тосқауыл болып қалуда. 2013 жылы ЕДБ ұзақ мерзімді кредиттері бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі ұлттық валютада жылдық 17,3 %-ды құрады. 2008 жылмен салыстырғанда ұлттық валютадағы кредит беру құны 1,1 пайыздық тармаққа өсті. Ұзақ мерзімді валюталық кредиттердің салыстырмалы түрде арзан болуы (2013 жылы орташа алғанда 10 %) жоғары валюталық тәуекелдермен нивелирленеді.
      ЕДБ тарапынан корпоративтік кредит берудің өсуіне кәсіпорындардың жоғары «кредиттелуі» мен проблемалық кредиттермен жағдайдың шешілмеуі бөгет жасап отыр. Банктердің несие қоржынындағы проблемалық кредиттердің жоғары деңгейі (90 күннен астам мерзімі өтіп кеткен) 2010 жылдан бастап сақталуда. 2014 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша проблемалық кредиттер жыл басынан бері 3,6 %-ға ұлғайып, 4,3 трлн. теңгені немесе ЕДБ несие қоржынының 32,2 %-ын құрады.
      Инфрақұрылым
      2014 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 10 еркін экономикалық аймақ пен 10 индустриялық аймақ (бұдан әрі – ИА) жұмыс істейді, бұлар химия және мұнай химиясы, металлургия өнеркәсібі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, тоқыма, логистика, туризм сияқты экономиканың әрқилы салаларында әрекет етеді. Арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА) аумағында инвестициялар көлемі 203 млрд. теңге 83 өндіріс жұмыс істейді, инвестиция көлемі 1,8 трлн. теңге 68 жоба іске асырылу сатысындағы, инвестициялар көлемі 571 млрд. теңге 348 жоба инвестициялық шешім қабылдау сатысында.
      2001 – 2013 жылдар кезеңінде АЭА-да 5967 жұмыс орыны құрылды, өндіріс көлемі 210,8 млрд. теңгені құрады.
      АЭА және ИА шеңберінде негізгі инфрақұрылымға қол жеткізу бөлігінде индустрияландыру субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
      2009 – 2014 жылдар кезеңінде бірқатар АЭА инфрақұрылымын дайындау аяқталды (1-кесте).
1-кесте. Кейбір АЭА дайындық пайызы





АЭА атауы

Инфрақұрылымның әзірлік пайызы

2009 жылға

2014 жылға

1.

ҰЖТИ

0%

10%

2.

ИТП

83%

100% (1 кезек.)

3.

Астана – жаңа қала

47%

80%

4.

Индустриялық парк (Сарыарқа АЭА)

10%

90%

5.

Ақтау теңіз порты

21%

30%

6.

Оңтүстiк

82%

100%

7.

Бурабай

0%

100%

8.

Павлодар

-

0%

9.

Қорғас-Шығыс қақпасы

-

0%

10.

Тараз химпаркі

-

0%

      АЭА және ИА инфрақұрылымын қалыптастыру аяқталған, АЭА инфрақұрылымын қаржыландыру жеткіліксіз. Сондай-ақ, АЭА мен ИА басқарудың тиімділігінде де проблемалар бар.


      Тұтастай алғанда, көліктік-логистикалық, энергетикалық және басқа да инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы өнеркәсіп секторларының дамуы үшін тосқауыл болып табылады.
      Бұдан басқа, табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне қатысты ұзақ мерзімді кезеңде болжанатын тарифтердің болмауы қазақстандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігіне келеңсіз әсерін тигізеді.
      Отандық кәсіпорындар бетпе-бет түйінді проблемалар:
      1) теміржол тасымалдарына, электр энергиясын тасымалдауға және жылу энергиясына жоғары тарифтер;
      2) көлік және энергетика монополистерінің тарифтік саясатының жиі өзгеруі;
      3) көліктік-логистикалық инфрақұрылымның төмен деңгейі.
      4) АЭА инфрақұрылымын, оның ішінде, өндірістік инфрақұрылымның жеткілікті қаржыландырудың болмауы.
      Адами ресурстар
      Өндірістегі жұмыс істейтіндер саны 2009 жылдан (921,9 мың адам) бері 12,7%-ға өсіп, 2013 жылы 1 млн. адамнан асты (1 039,1 мың адам). 2010 – 2013 жылдар кезеңінде Индустрияландыру карсатының шеңберінде 67 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды.
      Сонымен бірге Бағдарламаны адами ресурстармен қамтамасыз етуде проблемалар бар:
      1) АЭА-ға қатысушылардың инвестициялық кезеңде білікті жұмыс күшін квоталардан және арнайы рұқсат бермей тарту құқығының болмауы;
      2) техникалық және инженерлік машығы мен техникалық және кәсіби білім беру базасындағы мамандықтары бар кадрлардың жетіспеуі және біліктілігінің төмен болуы;
      3) техникалық, инженерлік мамандықтар мен инновациялық менеджмент бойынша ғылыми кадрлардың тапшылығы;
      4) кәсіптік стандарттарды білім беру стандарттарымен үндестірудің жеткіліксіз болуы;
      5) инженер-техник кадрлардың ағылшын тілін білуінің төмен деңгейі.
      Көші-қон проблемалары адами ресурстар саласындағы қосымша тосқауылдар болып табылады:
      1) жұмыс күшінің өңіраралық ұтқырлығының нашар болуы;
      2) шетелдіктердің жұмыс визалары мен Қазақстанда жұмыс істеуге ықтиярхат алу рәсімінің күрделі болуы.
      Мемлекеттік сатып алу
      ҮИИДМБ іске асырылған 4 жыл ішінде жергілікті қамтуды мониторингтеу субъектілері тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі - ТЖҚ) 31,2 трлн. теңгеге, оның ішінде отандық ТЖҚ-ны 17,6 трлн. теңгеге немесе 56,5 % сатып алды. ТЖҚ сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 48,2 %-дан 63,1 %-ға дейін өсті.
      Отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу жүйесі арқылы қолдауда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Сонымен қатар, жалпы өңдеуші өнеркәсіптің сатып алу жүйесіне қол жеткізу үшін мыналардың болмауынан кедергілер әлі де қалуда:
      1) сатып алынатын өнімнің инновациялылығы критерийлерінің;
      2) технологиялық келісімдер негізіндегі ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасу тетігінің;
      3) техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттар талаптарының;
      4) сапасыз және қауіпті өнімнен қорғаудың;
      5) офсеттік келісімдер жасасу тетігінің болмауына байланысты тосқауылдар әлі де сақталып отыр.
      Кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнес
      Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстан экономикасына үлесі едәуір өсті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша ел ЖІӨ-сіндегі шағын және орта бизнес (бұдан әрі –ШОБ) үлесі 17,3%-ды құрады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белсенді субъектілер саны 871 мыңнан асты, жұмыспен қамтылғандар саны - 2,6 миллион адам.
      Сонымен бірге, кәсіпкерлік пен ШОБ одан әрі дамытуға кедергі келтіретін бірқатар проблемалар бар:
      1) квазимемлекеттік сектор мен шикізаттық трансұлттық корпорациялардың (бұдан әрі – ТҰК) экономикада көп шоғырлануы;
      2) бизнесті ашу мен жүргізудегі рұқсат беру мен бақылау-қадағалаудың күрделі жүйелері;
      3) кәсіпкерлік және ШОБ субъектілерінің қаржы ресурстарына қолжетімділігі деңгейінің жеткіліксіз болуы.
      Бәсекелестікті ынталандыру
      Мыналар бәсекелестікті ынталандырудың түйінді тосқауылдары болып табылады:
      1) экономикаға мемлекеттің негізсіз қатысуы;
      2) инвесторлар үшін бизнесті қорғау бойынша қажетті кепілдіктердің болмауы;
      3) тиімсіз кәсіпорындарды нарықтан шығару жөніндегі тиімсіз тетік.
      2. Өңірлік мамандану
      Өңдеуші өнеркәсіптің өңірлік мамандануы тарихи қалыптасқан құрылым мен ҮИИМДБ-ны іске асыру негізінде айқындалған.
      Өңірлердің ұсынылып отырған мамандануы оны одан әрі тереңдетуді ескере отырып нақтылануы мүмкін.
      1. Ақмола облысы
      Тамақ өнімдерінің, құрылыс материалдарының өндірісі, түсті металлургия, теміржол және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау.
      2. Ақтөбе облысы
      Түсті, қара металлургия, мұнай-газ өңдеу, өнеркәсіпке арналған химикаттар, құрылыс материалдарының, тамақ өнімдерінің өндірісі.
      3. Алматы облысы
      Тамақ өнімдерінің, электр жабдықтарының, негізгі фармацевтикалық өнімдердің, құрылыс материалдарының, киім, жиһаз өндірісі.
      4. Атырау облысы
      Мұнай-газ химиясы, өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, мұнай өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі, құрылыс материалдарының өндірісі, тамақ өнімдерінің өндірісі.
      5. Батыс Қазақстан облысы
      Машиналар мен жабдықтардың, құрылыс материалдарының, тамақ өнімдерінің өндірісі.
      6. Жамбыл облысы
      Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, агрохимия, қара металлургия, құрылыс материалдарының, тамақ өнімдерінің, былғары және оған жататын өнімдердің өндірісі.
      7. Қарағанды облысы
      Қара, түсті металлургия, өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтардың, электр жабдығының, құрылыс материалдарының, тамақ өнімдерінің өндірісі.
      8. Қостанай облысы
      Қара металлургия, тамақ өнімдерінің, автокөлік құралдарының, ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі.
      9. Қызылорда облысы
      Құрылыс материалдарының өндірісі, тамақ өнімдерінің өндірісі.
      10. Маңғыстау облысы
      Мұнай өңдеу, мұнай-химия, газ өңдеу, мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі, тамақ өнімдерінің өндірісі.
      11. Оңтүстік Қазақстан облысы
      Тамақ өнімдерінің өндірісі, мұнай өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, негізгі фармацевтикалық өнімдердің, құрылыс материалдарының өндірісі, қара металлургия, электр жабдықтары, агрохимия.
      12. Павлодар облысы
      Қара, түсті металлургия, мұнай өңдеу, теміржол техникасының, өнеркәсіп үшін химикаттардың, тамақ өнімдерінің өндірісі.
      13. Солтүстік Қазақстан облысы
      Машина жасау (мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне, теміржол көлігіне, энергетикаға арналған жабдық), тамақ өнімдерінің өндірісі.
      14. Шығыс Қазақстан облысы
      Түсті металлургия, автокөлік құралдарының, ауыл шаруашылығы техникасының, электр жабдықтарының, бекіткіш арматураның, құрылыс материалдарының, тамақ өнімдерінің өндірісі.
      15. Астана қаласы
      Тамақ өнімдерінің, теміржол техникасының, электр жабдықтарының өндірісі, құрылыс материалдарының өндірісі.
      16. Алматы қаласы
      Тамақ өнімдерінің, электр жабдықтарының, мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтардың, кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтардың өндірісі, құрылыс материалдарының, негізгі фармацевтикалық өнімдердің, жиһаз өндірісі.
      3. Индустриялық даму саласындағы мықты, осал тұстарын, мүмкіндіктерін және қатерлерін талдау (SWOT-талдау)
      Мықты тұстары:
      1) минеральдық ресурстармен жоғары қамтамасыз етілушілік;
      2) макроэкономикалық және саяси тұрақтылық;
      3) іскерлік ахуалды жақсарту және реформалар жүргізу;
      4) өнеркәсіптік саясатты іске асыру үшін даму институттары жүйесінің болуы.
      Осал тұстары:
      1) өңдеуші өнеркәсіптегі төмен инвестициялық белсенділік;
      2) біліктіліктің талап етілетін деңгейіндегі адами ресурстардың төмен қолжетімділігі;
      3) инфрақұрылымдағы осал жерлердің болуы (көлік-логистикалық, энергетикалық, сумен жабдықтау);
      4) мемлекеттік компаниялар үстем болып, шағын және орта бизнестің дамуының төмен деңгейі;
      5) өңдеуші өнеркәсіптегі бәсекелестіктің төмен деңгейі;
      6) инновациялық жүйенің бәсекеге қабілеттілігінің төмен;
      7) өнеркәсіптің ресурс тиімділігінің төмен болуы және энергияны көп қажет етуі;
      8) техникалық реттеудің дамымаған жүйесі;
      9) экономикадағы құрылымдық проблемалар («голланд ауруы», орташа кіріс тұзағы, жұмыспен қамту проблемасы);
      10) экономикадағы «нашар» кредиттердің жоғары деңгейі.
      Мүмкіндіктер:
      1) Кеден одағының нарығына қолжетімділік, Қытайдағы, Орталық Азиядағы және Каспий маңы мелекеттеріндегі нарықтық мүмкіндіктер;
      2) ресурстық секторларға техникалық жабдыққа арнайы қызметтер мен инновацияларға сұранысы;
      3) өңдеуші өнеркәсіптегі қазіргі заманғы өндірістік және басқарушылық технологияларды енгізу;
      4) мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алуды және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуының тиімділігін арттыру.
      Қауіптер:
      1) Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына жаһандық және өңірлік дағдарысты құбылыстардың келеңсіз әсер етуі;
      2) әлемдік шикізат нарықтарындағы өзгермелі конъюнктура;
      3) Кеден одағы елдерінің компаниялары тарапынан Қазақстанның ішкі нарығында күшейіп келе жатқан бәсекелестік;
      4) ДСҰ-ға кіру.
      4. Басым секторларды таңдау
      Бағдарламада басым секторларды айқындау кезінде екі факторлы модельді пайдалана отырып, секторларға талдау жүргізілді. Біріншіден, жергілікті нарықтың, сол сияқты макроөңір нарығының көлемі мен өсімін қоса алғанда, сектор үшін нарықтық песпективалар, сондай-ақ секторды дамытудан болатын әлеуетті экономикалық әсер есепке алынды. Екіншіден, осы сектордың Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіктері, оның ішінде даму деңгейі мен перспективалары ескерілді.
      Талдау нәтижелері бойынша өңдеуші өнеркәсіптің металлургия, химия, мұнай химиясы, машина жасау, құрылыс материалдары, тамақ өнеркәсібі сияқты 6 басым саласы тандап алынды, олар 14 секторға бөлінген:
      1) қара металлургия;
      2) түсті металлургия;
      3) мұнай өңдеу;
      4) мұнай-газ химиясы;
      5) азық-түлік өнімдерінің өндірісі;
      6) агрохимия;
      7) өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі;
      8) автокөлік құралдарының, олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісі;
      9) электр машиналары мен электр жабдығының өндірісі;
      10) ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі;
      11) теміржол техникасының өндірісі;
      12) кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;
      13) мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;
      14) құрылыс материалдарының өндірісі.
      Инновациялық секторлар тұжырымдамалық және бағдарламалық құжаттарда, Мемлекет басшысының жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген басымдықтарға сәйкес айқындалған. Мұндай секторларға мыналар жатады: ұтқыр және мультимедиалық технологиялар, нано- және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақтың энергиясын іздеу және ашу салалары.
      
жүктеу 3,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау