"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы



жүктеу 3,71 Mb.
бет7/13
Дата21.01.2018
өлшемі3,71 Mb.
#7858
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
      Сектордағы экспорт көп емес, 2012 жылы 35 млн. АҚШ долл. құрды.
1-кесте. 2008 – 2013 жылдардағы сектор бойынша деректер



Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Машина жасау, млн. теңге

301 386

281 310

376 184

536 876

687 235

853 923

Өткен жылға НКИ, %

89,7

82,5

133,6

119,0

116,5

114,6

Автокөлік құралдары, олардың бөлшектері, керек-жарақты және қозғалтқыштарды, млн. теңге

13 565

6 347

15 768

35 404

78 423

156 563

Алдыңғы жылға %-ды автокөлік құралдарын, трейлерді және жартылай тіркемелерді шығару

54,0

36,8

210,6

210,7

198,3

178,9

ЖҚҚ, млн теңге

5 989,1

3 514,4

8 003,2

16 708,0

34 615,3

33 984,0

Жалдамалы қызметкерлердің тізімдік саны, адам

1 763

1 283

1 133

1 252

1 351

1 731

ҚР-да еңбек өнімділігі, мың теңге/адам*

3 398

2 740

7 064

13 346

25 623

-

ҚР-да еңбек өнімділігі**, $ *

28 101

18 463

47 922

90 145

170 484

-

ЭЫДҰ елдері бойынша еңбек өнімділігі, $.

82 915

75 482

83 368

90 822

91 293

-

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны

16

17

15

20

22

-

Қуаттардың жүктелу деңгейі, %**

18,3

9,6

14,3

22,2

36,9

-

Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %

21,9

29,1

32,4

33,7

30,9

-

Негізгі капиталға инвестициялар, млн теңге

156

828

537

12 550

2 234

9 468

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %

4,3

1,7

4,2

12,7

14,4

-

Бастапқы құны бойынша жылдың соңына негізгі құралдардың болуы, млн теңге

1 813

1 647

1 660

1 923

2 861

-

Экспорт, млн долл.

43,8

35,6

33,1

41,0

35,1

44,1

Импорт, млн долл.

2 378

1 408

1 236

1 816

3 202

4 285

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі


1-кестеге:
Ескертпе:
*Еңбек өнімділігі секторда жұмыспен қамтылған санға ЖҚҚ бөлуден жеке ретінде есептелген.
**Көрсеткішті «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептеген
      Жеңіл автомобильдер өндірісі Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, жүк автомобильдері - Ақмола және Алматы облыстарында шоғырланған. Арнайы және мамандандырылған автомобильдер Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шығарылады. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер негізінен Жамбыл облысында және Алматы қаласында шығарылады.
      Қазақстан Республикасының автокөлік өнеркәсібін одан әрі дамыту стратегиясы отандық компаниялардың General Motors, Hyundai, Kia, Peugeot, Renault-Nissan-Avtovaz, Skoda, Toyota, Iveco сияқты әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастығына негізделген. Бұл стратегия Қазақстанға қысқа уақытта орын алып отырған технологиялық артта қалуды еңсеруге, құзыретті жедел түрде ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жаһандық автокөлік экожүйесін қосылуға мүмкіндік береді.
      Әлемдік нарықта автокөлік құралдарына арналған жиынтықтауыштар өндірісінде Denso (Жапония), Magna International (Канада), Aisin Seiki (Жапония), Delphi Automotive (Ұлыбритания), TRW Automotive Holdings (АҚШ), Valeo (Франция) көшбасшылар болып табылады, оларды Қазақстанға тарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
      Сектордың негізгі проблемалары:
      1) ішкі нарық көлемінің шағын болуы;
      2) автомобильдерді ірі сериялармен3 шығарудың болмауы;
      3) жергіліктендірудің және қосылған құнның төмен деңгейі;
      4) техникалық реттеу саласында инфрақұрылымның болмауы;
      5) кәдеге жаратудың кешенді жүйесінің болмауы;
      6) қолжетімді қаржы ресурстарының болмауы;
      7) халықтың сатып алу қабілетінің жоғары еместігі;
      8) тиісті біліктілігі бар кадрлардың жетіспеушілігі;
      9) Ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) нашар дамуы.
      10) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы көлік құралдарын жеткізудің көліктік тарифтерінің жоғарылығы;
      11) Кеден одағы (бұдан әрі – КО) елдерінің нарығына қазақстандық өнімдерді экспорттаған кезде техникалық кедергілердің болуы, техникалық реттеу саласында Ресей Федерациясының техникалық сынақ базасына тәуелділік және омологация мүмкіндігінің болмауы.
      Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі отандық автокөлік өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларына белгілі бір талаптар қояды.
_______
3 Ірі сериялы өндіріс - өнім үздіксіз үлкен көлемде дайындалатын сериялық өндіріс түрі Ірі сериялық өндірісте мамандандырылған жабдық, толасыыз желілер мен автоматтандыру құралдары кеңінен пайдаланылады.
      Мақсаты
      Автокөлік құралдары өндірісінің бәсекеге қабілетті ірі сериялы өндірісін құру және жергіліктілендіру деңгейін жоғарылату.
                     Нысаналы индикаторлар
      Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің мынадай өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді (2-кесте):
      1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 4,9 есе өсуі;
      2) жұмыспен қамтудың кемінде 4,8 мың адамға өсуі;
      3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,1 есе өсуі;
      4) экспорттың 2019 жылға қарай өндіріс көлемінен 30% өсуі;
2-кесте. Нысаналы индикаторлар



Р/с


Нысаналы көрсеткіштер

Өлш. бірл.

2012 есеп

2013 күтіледі

2012 жылға қатысты болжам

2012 жылға қатысты 2019 ж., %-бен

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

1

Жалпы қосылған құн

%

100

185,5

201,3

257,6

310,9

386,8

411,3

487,1

4,9 есе

2

Жұмыспен қамтылғандардың саны

Мың адам

1,4

1,7

1,5

1,8

2,0

3,9

4,2

6,2

4,8 мың адамға

3

еңбек өнімділігі

%

100

144,8

181,2

193,4

211,4

132,6

133,5

106,9

1,1 есе

4

Шикізат емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі

%

100

125,7

128,9

135,4

140,8

149,6

157,6

168,5

жыл сайын өндіріс көлемінен 30%

2-кестеге:


ескертпе:
* 2012 жылдың салыстырмалы бағаларымен.
      Міндеттері
      1) автомобильдердің ірі сериялы өндірісіне бағытталған жобаларды қолдау;
      2) меншікті автоқұрамдауыш базасын құру;
      3) ішкі сұранысты ынталандыру;
      4) шикізат емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту;
      5) техникалық реттеу инфрақұрылымын жасау;
      6) ішкі нарықтағы өнім қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілерді еңсеру;
      7) кәдеге жаратудың кешенді жүйесін құруды ынталандыру;
      8) қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру;
      9) инфрақұрылымдық тарифтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау;
      10) автомобиль өнеркәсібі секторын білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
      11) саладағы технологиялар трансферті мен ҒЗТКЖ қолдау.
      Қызметтің басым түрлері
      Бағдарлама шеңберінде қызметтің басым түрлері айқындалды (3-кесте).
3 - кесте. Қызметтің басым түрлері



ЭҚЖЖ

Қызмет атауы

2910

Автокөлік құралдарын шығару

2920

Автокөлік құралдарына арналған шанақтар, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару

2931

Автокөлік құралдары үшін электр және электронды жабдықтар шығару

2932

Автокөлік құралдары мен олардың қозғалтқыштары үшін өзге де бөлшектер мен керек-жарақтарды шығару

3099

Басқа топтамаларға қосылмаған өзге де көлік құралдары мен жабдықтарды шығару

      Тауарлардың басым топтары


      Тауарлар топтарының дамуындағы басым бағыты автокөлік құралдарын, олардың бөлшектерін, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарын өндіру болып табылады (4-кесте).
      Белгілі бір әлеуеті бар отандық компаниялардың қатысуымен автокөлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтарының өндірісі саласындағы басым жобалар аккумулятор батареяларының, электр-техника бұйымдарының, шыны, резеңке-техникалық бұйымдардың, консистентті жағармайдың, мотор майының, сүзгілердің, тежегіш қалыптарының, отырғышты қаптауға арналған тоқыма бұйымдарының, сондай-ақ экстерьер мен интерьердің басқа да элементтерінің өндірісі болып табылады.
      Дамудың келесі басым бағыты сектор кәсіпорындарына сервистік, инжинирингтік қызмет көрсету болып табылады.
4-кесте. – Тауарлардың басым топтары



СЭҚН-6

Тауар тобының атауы

Ішкі нарықтың импортты қажет етуі, мың АҚШ долл.

Макроөңір елдерінің импортты қажет етуі *, мың АҚШ долл.

293210

8703 тауар позициясының моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар

104 853

3 800 300

293220

Шанақтардың өзге де бөлшектері мен керек-жарақтары (кабиналарды қоса алғанда)

17 494

6 889 033

291030

8701-8705 тауар позициялары автомобильдерінің өзге де бөліктері мен керек-жарақтары

77 399

4 623 022

292010

Жартылай тіркемелерге арналған дөңгелекті тракторлар

251 940

3 375 879

293241

Көлік құралының толық массасы 20 тоннадан көп, сығымнан (дизельмен немесе жартылай дизельмен) тұтанатын поршеньді іштен жану қозғалтқыштары бар жүктерді тасуға арналған өзге моторлы көлік құралдары.

280 869

3 394 797

293230

Аспалы амортизаторлар

45 941

2 131 760

292010

Қондырмалар (қораптар, борттар, күймелер)

21 214

438 232

292023

Сұйықтықты тасымалдауға арналған цистерналар

15 491

163 078

291041

Толық массасы 5 тоннадан аз жүк автомобильдері

63 680

1 926 059

291041

Толық массасы 5 тоннадан жоғары 20 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері

65 297

1 154 475

291030

Автобустар

78 878

835 069

291030

Тежегіштер мен сервокүшейткіші бар тежегіштер, олардың бөлшектері

27 878

2 147 263

293230

Жүріс дөңгелектері, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары

37 143

1 772 328

293230

Трансмиссияның басқа элементтерімен бірге немесе бөлек дифференциалы бар жетекші белдіктер

18 977

1 584 348

293230

Жүк тасымалдауға арналған өзге де тіркемелер мен жартылай тіркемелер

80 779

1 291 690

292023

Руль доңғалақтары, руль бағанасы және руль механизмдерінің картерлері

8 502

2 338 362

293230

Ілiнiсу жинағы және оның бөлiктерi

10 456

680 500

293230

Сөндiргiштер және газ шығаратын түтiктер

8 869

689 287

293230

Бамперлер және олардың бөлiктерi

7 644

647 948

293230

Радиаторлар

20 586

592061

293230

Стартерлер және стартер-генераторлар

11 256

307 904

293122

Оталу білтелері

8 780

257 774

293121

Моторлы көлiк құралдарында пайдаланылатын үлгiдегi отыруға арналған жиһаз

1 579

393 392

293210

Үрлеу жүйесі бар қауіпсіздіктің пневможастықтары, олардың бөліктері

3 620

719 656

293220

Бөлгiштер; оталу катушкалары

3 106

218 194

293121

Қауіпсіздік белдіктері

754

190 373

293220

Электр жарық беру жабдығы немесе сигнал беру бөліктері жабдығы

756

449 540

4-кестеге:


ескертпе:
* макроөңір елдері: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қытай, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан.
      Басым жобалар
      2015 – 2019 жылдар аралығындағы кезеңде Шығыс Қазақстан, Қостанай және Алматы облыстарында 2019 жылға қарай 190 мың автомобильдерді шығару жобалық қуатымен ірі сериялы өндірісті ұйымдастыруға және жергіліктендірудің 50 % деңгейіне қол жеткізу үшін жиынтықтауыштар шығаруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланады.
      Электр жабдығы
      International Energy Agency деректері бойынша электр машиналары мен жабдығына сұраныстың өсуі болжануда, бұл әлемде электр энергиясын тұтынудың өсуіне негізделеді, бұл ретте 2030 жылға дейінгі кезеңде өсіудің 80%-дан астамы дамушы экономикалар тарапынан қамтамасыз етілетін болады. Сектордың дамуында әлемдік жиынтық инвестициялар 2030 жылға дейінгі кезеңде 13,7 трлн АҚШ долларын құрайды.
      Сектор өндірісі өнімінің ішкі нарығы 3,5 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 2,9 млрд. АҚШ доллары импортқа тиесілі. Тауарлардың басым топтары бойынша ішкі нарықтың және макроөңір нарықтарының импортты қажет етуі тиісінше 1 және 38 млрд. АҚШ долл. құрайды.

жүктеу 3,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау