"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы



жүктеу 3,71 Mb.
бет12/13
Дата21.01.2018
өлшемі3,71 Mb.
#7858
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Технологиялар және инновациялар
      Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жаңа технологияларды енгізумен және жоғары инновациялық белсенділікпен тікелей байланысты. Инновациялар саласында басым секторлар мен өзіндік инновациялық жүйелерді одан әрі сапалы дамыту, экономикада инновацияларға сұранысты арттыру, технологиялық өкілеттіктерді қалыптастыру үшін өзекті технологиялар трансферті шаралары көзделетін болады.
      Озық технологиялар трансфері
      Жабдықты қарапайым сатып алудан трансфердің барынша күрделі нысандарына және оларды жергілікті жағдайларда бейімделуіне өту негізгі міндет болады.
      Маңызды ынталандырушы қолдау құралдарының бірі инновациялық гранттар болып табылады. Осыған байланысты инновациялық гранттардың түрлерін нақтылау, оларды ұсыну схемалары мен рәсімдерін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
      Шетелдік технологияларды сатып алуға арналған инновациялық гранттарды беру арқылы стратегиялық жобаларды ілгерілету және қолдау жүйелік шара болады. Бұл ретте, инновациялық гранттың осы түрі бойынша лимит сомасын тиісті ұлғайту көзделетін болады. Жоғарыда аталған жобаларды іріктеуді «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі – «ТДҰА» АҚ) жүзеге асыратын болады. Жобалар тізбесін бекітуді кейіннен Индустрияландыру картасына енгізумен Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссиясы жүргізетін болады.
      Бұдан басқа, өнеркәсіптің басымды секторларындағы олардың технологиялық міндеттерін шешумен байланысты салалық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың тапсырысы бойынша әзірлеушілер командалары арасындағы конкурстар өткізуге инновациялық гранттарды бөлу көзделген.
      Технологиялық сипаттағы ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруға инновациялық гранттарды бөлу тетігі пысықталатын болады.
      Жүйелік негізде бизнестің басымды технологиялық міндеттерін іздестіру жөніндегі жұмыс, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың техникалық директорларының (R&D-директорлар) конференциялар өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады, ол ғылыми қызметті бағдарламалық-нысаналы, гранттық қаржыландыру үшін негіз болады.
      Инновациялық гранттарды ұсыну арқылы венчурлық қорлардың жобаларын қаржылық қолдау мәселелерін пысықтау қарастырылады.
      Сонымен қатар, технологиялар трансферті желісін дамыту және ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту жөніндегі халықаралық бағдарламаларға қатысу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
      Инновацияларға сұранысты арттыру
      Инновацияларға сұранысты қалыптастыруды мемлекет реттеуші және ынталандырушы шаралар есебінен қамтамасыз етеді.
      Инновациялар саласында шағын және орта бизнесті дамыту үшін салықтық ынталандыруларды дамытуды, энергия үнемдеу бойынша заңнамалық шектеулер мен нормативтерді енгізуді, техникалық және экологиялық стандарттар жүйесін КО және ЕО стандарттау жүйелерімен үйлестіруді көздеу қажет.
      Шығындарды, мысалы, коммуналдық секторда (SmartMetering) және т.б. ресурстар есебінің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу кезінде қысқартуға мүмкіндік беретін қалалық инфрақұрылым үшін (SmartСity) кешенді шешім мәселелері қарастырылатын болады.
      Технологиялық және басқару құзыреттерін арттыру
      Инновациялық гранттарды ұсыну есебінен өңірлерде құзыреттіліктің салалық орталықтарын құру жөніндегі мәселені пысықтау қажет. Бұл орталықтар тәжірибелік үлгілерді дайындау бөлігінде отандық кәсіпорындардың ішкі қажеттіліктерін шешуге және олардың тиімділігін растауға бағдарланған инновациялық жобаларды іске асыру үшін жабдықтарды бірлесіп пайдаланудың мамандандырылған орталықтарды, инновациялық шеберханаларды, эксперименттік полигондарды білдіреді.
      Техникалық машықтар мен мамандықтар негіздерін игерудің және оқудың, сондай-ақ біліктілікті арттырудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынатын онлайн құзырет орталықтарының ашылуы қағидаттық жаңа шара болады.
      Инноваторлардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру және жобаларды ілгерілету мақсатында жұмыс істеп тұрған технопарктерді, сондай-ақ құзыреттілік орталықтарын қайта ұйымдастыруды және оңтайландыруды жүргізу талап етіледі.
      Олардың жанынан тәжірибелік-эксперименттік учаскелерді құра отырып, жұмыс істеп тұрған салалық конструкторлық бюролардың функцияларын кеңейту қажет.
      Олардың инновациялылығын, рәсімдердің тиімділігі мен ашықтығын растауды қамтамасыз ету бөлігінде инновациялық әзірлемелерді және жаңа технологияларды сараптау жүйесі жетілдірілетін болады.
      Функцияларды айқын бөле отырып, Назарбаев Университет және Инновациялық технологиялар паркі екі негізгі инновациялық кластер ретінде басым түрде дамытылатын болады. Іргелі және қолданбалы ғылымды дамытумен Назарбаев университеті айналысады. Назарбаев Университетінің зияткерлік-инновациялық кластері негізінде жобалау-инженерлік орталықтарын құру қажет. Озық технологиялар трансфері, сондай-ақ зерттеулер нәтижелерін өнеркәсіптік енгізу жөніндегі міндеттерді шешу Инновациялық технологиялар паркіне беріледі.
      Кәсіпорындардағы кадрлардың құзыреттілігін арттыру мақсатында кәсіпорындарды ынталандыру тетіктері енгізіледі, атап айтқанда инженерлік персоналдың біліктілігін арттыруға гранттар бөлу, қызметкерлерге шет тілін оқыту мәселесі пысықталады. Сондай-ақ, шетелдік ұйымдарда инженерлік-техникалық қызметкерлердің тағылымдамадан өтуі, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқыту жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.
      Сонымен қатар, инновациялық дамудың халықаралық бағдарламаларына, инновациялық форумдарға қатысу, инновациялық қызметті танымал ету және талдамалық зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.
      Қосымша шаралар
      Аккредиттелген үкіметтік емес ұйымдар тарапынан тәуелсіз тексерудің тәжірибесін енгізуді көздейтін инновациялық жобалардың іске асырылуын тексеру жүргізудің жеке тәртібін заңнамалық деңгейде бекіту қажет. Бұл ретте, бақылаушы органның тексеруді жүргізуі инноваторлардың немесе іске асырылатын жобаның қатысушыларының өзінен бұзу туралы өтініштер болған кезде жүргізілуі және жобаны іске асыру кезінде рәсімдерді орындауды бағалауға емес түпкілікті нәтижеге бағытталуы тиіс. Аталған шара инноваторларға инновацияларды қолдау бағдарламаларына белсене қатысуға, ал жоба операторларына шешімдерді қабылдаудың неғұрлым икемді және қарапайым рәсімдерін енгізуге мүмкіндік бередіі.
      Қаржылық ресурстар. Қаржыландыру моделі
      Бағдарламаны табысты іске асыру үшін қаржыландырудың теңдестірілген үлгісі қажет. Мемлекеттің рөлі тікелей инвестицияларды тарту үшін ынталандыруларды қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді және арзан кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету бөлігінде сындарлы болып қалады.
      Инвестицияларға қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін мынадай қағидаттарда құрылған қаржыландыру үлгісі пайдаланылатын болады:
      мемлекеттің және жеке меншік сектордың қаржылық ресурстарын шоғырландыру қажет, ықпалдастырушы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ болуға тиіс;
      қаржылық тұтқа тәсілін қолдану көзделеді, мемлекеттік инвестициялардың әрбір теңгесіне жеке меншік қаржылық ресурстардың 4 теңгесінің келуі күтіледі;
      компанияларға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың кем дегенде 70 %-ға өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына ұсынылуы тиіс.
      Жеке меншік инвестициялардың ағыны үшін құралдары БЖЗҚ ұзақ мерзімді қаражатын тарту үшін пайдаланылуға тиіс қор нарығы іске қосылуы қажет. Атап айтқанда, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ купондық облигацияларды шығару және орналастыру есебінен БЖЗҚ-дан ақша қаражатын тартатын болады. Отандық қор нарығының төмен өтімділігі ұйымдастырылған нарықта айналатын жаңа қаржы құралдарын құру, экономиканың нақты секторынан жаңа эмитенттерді тарту, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру арқылы жақсартылатын болады. Ұзақ мерзімді қаржыға қолжетімділік сондай-ақ, инвестициялық келісімдерді жасау кезінде инвестициялық субсидиялар арқылы жеңілдетіледі.
      «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басымды жобаларын қолжетімді және ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында облигацияларды шығару жолымен Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асыратын болады.
      Мемлекеттік көздерден 2015 – 2019 жылдарға талап етілетін инвестициялар АЭА және ИА оқшау инфрақұрылымын қаржыландыруды қоса алғанда, қайтарымды қаржыландыру (кредит беру және тікелей инвестициялар) және қайтарымсыз қағидат (субсидиялау, сервистік қолдау) бойынша игеріледі.
      Қайтарымсыз топтарға мынадай құралдар бойынша бағытталатын бюджеттік қаражат жатады:
      АЭА және ИА оқшау инфрақұрылымын қаржыландыру, оның ішінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаржыландыру;
      «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Даму) арқылы ЕДБ кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау;
      «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы жекелеген жобалар бойынша көлік және энергетикалық шығындарды қоса алғанда, инвесторларға күрделі шығындардың бір бөлігін өтеу (объект пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвестициялық шығындарды 30 %-ға дейін өтеу) түрінде инвестициялық субсидиялар;
      Даму арқылы кредиттерге кепілдік беру;
      технологиялық құзіретті арттыру, инновациялық инфрақұрылымды дамыту, инновациялық гранттарды ұсыну, мемлекеттік тапсырыстар;
      АЭА дамыту, басқару және ілгерлету;
      Ұлттық қордан және бюджеттік қаражаттан қайтарымды топтар бойынша қажеттілік мынадай бағыттар бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы бөлінетін болады:
      1) ШОБ жобаларын Даму арқылы ЕДБ негізделген кредит беру арқылы қолжетімді және ұзақ мерзімді негізде қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;
      2) «Қазақстанның даму банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) арқылы, оның ішінде, банкаралық, лизингтік қаржыландыру және басқалары арқылы өңдеуші өнеркәсіптегі орта және ұзақ мерзімді қаржыландыру.
      Бюджеттік қаражатты және Ұлттық қордың қаражатын қоса алғанда, қаржыландырудағы қажеттілік Бағдарламаны іске асыру барысында және заңнамамен белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.
      Даму институттарының жаңа рөлі
      Бағдарламаны іске асыру үшін қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның даму институттарының жұмысы қайта қаралатын болады.
      2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы шеңберінде ҚДБ қолайлы шарттармен Бағдарлама үшін ұлттық валютада қаржыландыруды ұсыну бойынша басты қаржы институты ретінде әрекет етеді. Аталған шара теңгемен кредит беру көлемін ұлғайтуға алып келеді. Бұдан басқа, ҚДБ кредит беру тетігін оңтайландыратын болады, әкімшілік кедергілерді төмендету, артық бизнес процестерді автоматтандыру және жою, қарыз алушылармен жұмыс тәсілдерін жетілдіру және жаңа кредиттік құралдарды ұсыну жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кредит жүктемесінің жоғары деңгейімен, жеткілікті кепілдікті қамтамасыз етудің болмауымен байланысты ҚДБ қаржыландырудың жаңаларын қолдануды қазіргілерін неғұрлым белсенді пайдалануды, оның ішінде, мезониндік кредит беру мен жобалық қаржыландыруды жоспарлауда.
      Даму «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қолда бар құралдар шеңберінде және өңдеуші өнеркәсіпті қолдау үшін меншікті құралдар бойынша шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді жалғастырады. ШОБ субъектілерінің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру «Шағын және орта бизнесті қолдау» пакетінің шеңберінде жүргізілетін болады.
      «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның даму институттары Бағдарламаны қаржыландыруды қолдау үшін әртүрлі борыштық және үлестік құралдардың кең спектрін ұсынады. ҚДБ және Даму сыйақы берудің қолайлы мөлшерлемелері бойынша қарыз беру арқылы кәсіпорындар үшін кредит беру құнын айтарлықтай төмендететін болады. Инвесторларға күрделі шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде инвестициялық субсидиялар сияқты қолдаудың жаңа құралдары қосымша енгізілетін болады.
      «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚИҚ) 2010 – 2014 жылдарға арналған Индустрияландырудың республикалық картасына енгізілген проблемалық (стресстік) жобаларды сауықтыру және іске қосу арқылы 2015 – 2019 жылдарға арналған Бағдарламаның басым бағыттарының шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржылық қолдау жөніндегі жұмысты жалғастырады, бұл проблемалық активтерді экономика құрылымының өзгеруін, жұмыспен қамтудың, салықтық түсімдердің өсуін қамтамасыз ететін жұмыс істеп тұрған активтердің қатарына ауыстыруға, сондай-ақ, мемлекет бұрын инвестициялаған қаражатты қайтаруға жәрдемдеседі. ҚИҚ қызметі үлестік қаржыландыру құралдарын пайдалану жолымен өңдеуші өнеркәсіпте активтерді құруға және оларды сауықтыру арқылы өңдеуші өнеркәсіптегі проблемалық активтердің санын азайтуға бағытталған. ҚИҚ қазіргі сараптаманы және бұрынғы жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, есептелген сыйақыны, өсімпұлды, негізгі борыштың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігін, сондай-ақ тоқтап тұрған жобаларды қалпына келтіру үшін кепілдіктер ұсынуды көздейтін инвестициялық жобаларды сауықтыру және құрылымдау жөніндегі тетіктерді әзірлейді. Аталған тетікті іске асыру үшін тиісті жағдайлар жасалады.
      «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның (бұдан әрі – ҚКМ) қатысуымен кейбір қорларды басқару моделі бөлінген қаражатты игеру және осындай жобаларды қаржыландырудың жеткілікті болуы бөлігінде өзінің тиімсіздігін көрсетті, өйткені, ҚКМ қоржындық қорларының көпшілігінің мандаттарының Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларындағы жобаларды қаржыландыру бөлігінде белгілі бір шектулері бар. Осыған байланысты, жергілікті және халықаралық институционалдық инвесторлардың қаражатын жоспарланып отырғандай тарта отырып, Инфрақұрылымдық жобалар қорын (бұдан әрі – ИЖҚ) және Старттық жобалар қорын (бұдан әрі – СЖҚ) құру жөніндегі мәселе пысықталатын болады. Аталған қорларды басқару моделі неғұрлым икемді болады және олар Бағдарламаның басым салаларын: дамудың бастапқы кезеңіндегі жобаларды (СЖҚ), сондай-ақ инфрақұрылымды жасау және дамыту, оның ішінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ИЖҚ) тетігін пайдалана отырып іске асырылатын жобаларды қаржыландыру және инвестицияларды тартуға мамандана отырып, пайдаланылған қаржыландыру құралдарын толықтырады.
      Аталған құралдар «Өсуге арналған капитал», «Гринфилд-жобалар», және «Инфрақұрылымдық жобалар» пакеттері шеңберінде іске қосылған.
      Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қызметін қолдау мақсатында «Экспорттаушыларды қолдау» пакетінің қолдау құралдарын пайдалану мүмкіндігі болады.
      «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – ҚЭГ) Қазақстан Республикасының экспорттық-кредиттік агенттігінің функцияларын орындайды. Экспорттаушы кәсіпорындарға айналым қаражатын толтыруға кредит беру кезінде екінші деңгейдегі банктерді қаржыландыру және тәуекелдерін сақтандыру арқылы экспорт алдында қаржылық-сақтандыруда қолдау құралдарын енгізу жолымен экспорттаушыларды қаржылық-сақтандыруда қолдау құралдарының ассортиментін кеңейту жоспарлануда.
      Экспорттаушыларды қаржылай-сақтандыру мақсатында қолдаудың жаңа өнімдерін тиімді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне шартты банктік салымдарға ҚЭГ қаржы қаражатын орналастыру жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы экспорттық қаржыландыру алдындағы экспорттық өнімді отандық өндірушілерге ұсыну мүмкіндігін көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралатын болады.
      Экономиканың жаңа, қазіргі заманғы салаларын қолдау мен инновацияларды дамыту және ШОБ субъектілерінің инновациялық бағдарланған қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Инновациялық компанияларды қолдау» пакетінің қолдау құралдары ұсынылатын болады.
      «ТДҰА» АҚ басым секторлардағы инновациялық жобаларды қолдау және технологиялар трансфертіне жәрдемдесу жөніндегі жұмысты, оның ішінде, инновациялық гранттарды ұсыну және және инновациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы жалғастыратын болады. Бұл ретте, стратегиялық инновациялық жобаларды қолдау үшін технологияларды сатып алуға және өнеркәсіптік зерттеулерді жүргізуге арналған инновациялық гранттар ірілендірілетін болады. Бизнес пен ғылымың өзара іс-қимыл жасауын күшейту мақсатында нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруға гранттар беру көзделетін болады. Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыстарға қатысу үшін прототиптеуге, венчурлік қорлардың жобаларын қолдауға, құзыреттіліктің салалық орталықтарын құруға, сынақ базаларын құруға және өзгерістерді автоматтандыруға инновациялық гранттар беру мәселесі пысықталатын болады.
      Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық базаны одан әрі жетілдіру қажет. Индустриялық-инновациялық даму және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласындағы Үкіметтің құралы ретінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметі реттеуді талап етеді, ол мемлекеттік бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды күшейтеді, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіреді және Бағдарламаны іске асыруға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның неғұрлым оңтайлы қатысуын қамтамасыз етеді.
      Инфрақұрылым
      Өңдеуші өнеркәсіп секторларын көліктік және логистикалық инфрақұрылымдық қолдау Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 725 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының ережелерін ескере отырып; энергетикалық инфрақұрылымдық қолдау Отын-энергетикалық кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының ережелерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
      Қазақстанды үдемелі индустрияландыруды инфрақұрылымдық қолдауды қалыптастыру және жетілдіру бойынша міндеттер:
      1) көліктік, энергетикалық және өндірістік инфрақұрылым саласындағы қолжетімділік пен сапа;
      2) экономиканың қажеттіліктерін электр энергиясымен қамтамасыз ету және елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу;
      3) Қазақстанның тиімділігі жоғары көлік-логистикалық жүйесін құру және оны халықаралық көлік жүйесіне кіріктіруді қамтамасыз ету;
      4) индустриялық дамуға ықпал ететін тарифтердің негізделген деңгейлерін қамтамасыз ету болып табылады.
      Өңдеуші өнеркәсіп үшін мемлекеттік қолдау шаралары инфрақұрылымдық шығындарды басқару бойынша айқын шарттар қалыптастыруға бағытталған:
      1) табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтерді қалыптастыру тетігін белгілеу;
      2) қосымша энергетикалық қуаттарға қосылу рәсімін оңайлату;
      3) теміржол маршруттарының жекелеген учаскелерінде өткізу қабілетін кеңейту;
      4) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларындағы жаңа объектілерге инфрақұрылым жеткізу;
      5) жылжымалы теміржол құрамының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      6) өңірлік логистикалық орталықтарды құру.
      Бүгінгі күні Үкімет табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтердің болжамдылығын қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополиялар субъектілерін ұзақ мерзімді – бес және одан да көп жылдарға арналған тарифтер бойынша жұмысқа ауыстыру жөнінде шаралар қабылдауда. Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу көзделеді.
      Отандық кәсіпорындардың көліктік және логистикалық көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті өнеркәсіптік тораптық инфрақұрылымдық бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда, оның ішінде мыналарды салу жобалары пысықталатын болады:
      станцияны 3700 м дейін кеңейте отырып, кәсіпорындар тобы алаңдарына дейін Коршуново станциясынан теміржол кіреберіс жолдары және 1200 м-ден 3 қосымша тұйықтама, Шығыс Қазақстан облысы;
      өңірдің кәсіпорындары үшін дайын өнімді уақтылы тиеп жіберуді қамтамасыз ететін 1,5 км біріктіргіш теміржол желісі, Қостанай облысы;
      ұзындығы 115 км Жаңатас – Түркістан теміржол төсемі, Жамбыл облысы;
      кеңейту және дамыту:
      1) Тобыл теміржол торабы, Қостанай облысы;
      2) Ақсу-1 және Ақсу-2 теміржол станциялары, Павлодар облысы;
      3) Жіңішке станциясының өткізу қабілеті, Ақтөбе облысы;
      4) Оңтүстік Сарыбай карьерінің өндіру аймағынан ұзындығы 9 км «Рудный – Қашар – Федоровка» автомобиль жолының уческесін шығару, Қостанай облысы;
      5) 220/10 кіші станцияны салуды ұйымдастыру және «Қостанай 1150» КС кеңейту, Қостанай облысы;
      6) «Горностаевская» 110/10-10 кВ КС электрмен жабдықтау объектілерін салу, «№ 51» 220/110/10 кВ КС кеңейту; ұзындығы 32,5 км «Горностаевская-Шаған» 110 кВ біртізбекті ӘЖ салу, Шығыс Қазақстан облысы.
      Индустриялық даму үшін АЭА қызметінің тиімділігін арттыру бойынша топтастырылған және белсенді іс-әрекет қажет. АЭА одан әрі дамыту мақсатында АЭА әрекет ететін бүкіл кезеңде АЭА-ға қатысушылар үшін орнықтылықты қамтамасыз ету және преференциялар мен салықтық жеңілдіктердің сақталуына кепілдік беру, сондай-ақ АЭА таратылған жағдайда АЭА-ға қатысушылар үшін тұрақтандыру тетіктерін белгілеу, әрі Қазақстан Республикасында АЭА-ны басқару және дамыту жөніндегі бірыңғай оператор институтын енгізу мәселелері пысықталатын болады.
      Бұдан басқа, басқару, басқарушы компаниялардың қызметі, АЭА-ның, Бірыңғай оператор мен басқарушы компаниялардың қызметін бастапқы сатыларда мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен қаржыландыру, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін салуға қарыз қаражатын тарту мәселелерін қоса алғанда, АЭА-ның жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру, сонымен қатар басқарушы компаниялар мен басым қызмет түрлеріндегі ілеспе және аралас өндірістер үшін салықтық жеңілдіктер беру қажет.
      Кейіннен кешенді шаралар қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудан бас тартуға мүмкіндік береді, бұл бюджетке түсетін жүктемені азайтады.
      Адами ресурстар
      Озыңқы индустриялық даму адами ресурстардың қолжетімділігін артыруды және сапасын қамтамасыз етуді қажет етеді, білім беру сапасына талаптар қояды.
      Индустрияландырудың негізгі акценті өндірісті қарқынды өсіруге, атап айтқанда, еңбек өнімділігін өсіруге (1,4 есе) бағытталған. Сондықтан, адами ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі жалпы жүйелік шаралар жұмыс орындарын құру санына емес, біліктілігі жоғары, ғылыми және инновациялық кадрларды даярлау сапасына бағытталған.
      Экономика алаларын біліктілігі жоғары кадрлармен экономика салаларын қамтамасыз ету үшін кадрларды даярлау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.
      Өңірлердің мамандануын, аумақтық және инновациялық кластерлерді дамытуды ескере отырып, осы мақсаттар үшін металлургия, мұнай-газ химиясы, электр энергетикасы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, АӨК, машина жасау, ақпараттық -коммуникациялық технологиялар, ғарыш саласы сияқты басым секторлар үшін біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға бағытталған жоғары оқу орындары мен колледждер айқындалатын болады.
      Мұндай кадрларды даярлау жаңа технологиялық процестерді ескере отырып, жергілікті және шетелдік жетекші әріптестермен бірге жоғары оқу орындары мен колледждер әзірлеген жаңа білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын болады.
      Бұл жоғары оқу орындары мен колледждерге қомақты ресурстар жіберілетін болады және оларды жаңғырту жөніндегі жұмыс жүргізіледі. Жоғары оқу орны мен колледжді дамытудың жеке стратегиялық бағдарламалары әзірленетін болады, материалдық-техникалық база, оның ішінде, оқу-зертхана жабдығы күшейтіледі, басқару жүйесінде жаңа тәсілдер және нәтижеге бағытталған қаржыландырудың жаңа тетіктері енгізіледі.
      Қазақстан Республикасымен инвестициялық келісімдер жасаған инвесторлар, сондай-ақ АЭА аумағында базалық өнім шығару жөніндегі жобаларды іске асыратын операторлар үшін инвестициялық жоба іске асырылатын бүкіл кезеңге және объектіні пайдалануға бергеннен кейін бір жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотадан тыс және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартуға құқық берілетін болады.
      Бұдан басқа, өңдеуші өнеркәсіпте, агроөнеркәсіптік кешенде және геологиялық барлауда қызметін жүзеге асыратын ТҰК үшін Қазақстан Республикасында жұмысқа рұқсатты алусыз (кейбір талаптарды сақтау кезінде, оның ішінде, қазақстандық және шетелдік мамандардың теңбе теңдігі, еңбекті төлеуді кемсітушіліктің болмауы, белгілі бір біліктілік деңгейіндегі тартылатын мамандардың сәйкестігі) басқа елдердің филиалдарынан өз қызметкерлерін тарту мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда.
      Басым жобалар бойынша қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жылдарға бөліне отырып, басымды жобаны іске асырудың барлық кезеңіне белгіленетін болады.
      Мемлекеттік сатып алулар
      Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің инновациялылығы критерийлерін анықтау бөлігінде мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға жеке тәртіпті енгізу қажет. Технологиялық меморандумдар негізінде енгізілетін бұйымдарды жеткізуге ұзақ мерзімді шарттарды жасау тетігін әзірлеу талап етіледі.
      Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде сапасыз және қауіпті өнімнен қорғау үшін техникалық ерекшелікте олар болған кезде өнеркәсіп талаптарын немесе үкіметтік емес стандарттарды белгілеу қажет. Ол үшін квазимемлекеттік сектордың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, техникалық ерекшелікте олар болған кезде өнеркәсіп талаптарын немесе үкіметтік емес стандарттарды міндетті түрде белгілеу қажет.
      Қазақстанның өндіруші өнеркәсібіне шетелдік инвестицияларды арттыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында офсеттік келісімдер институтын енгізу туралы мәселе қарастырылатын болады. Мемлекеттік сатып алулар офсет тетіктерін пайдалану арқылы Қазақстанда түпкілікті өнімді шығару кезінде ҚҚТ дамыған өндірістер үшін пайдаланылуы тиіс.
      Сонымен қатар, индустриялық инновациялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен даму институттары арасындағы мемлекеттік тапсырыстар және мемлекеттік сатып алу шарттарында даму институттарының көрсетілетін қызметтерге төлеудің нақты тетігі жұмыс істеуі тиіс. Тұрақты (жалғасушы) сипатқа ие жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жүзеге асырылуы тиіс және тісінше шарттар қолданысы кезеңімен шектелмей, жылына он екі ай ішінде төленуі тиіс.
      Бұл ретте, даму институттарының негізгі қызметінен жалпы кірістеріне атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің пропорционалды көлемі есептелген, көрсетілген міндеттемелерді орындаумен байланысты даму институттарының тік және де жүктеме шығыстарын ескеру қажет. Сондай-ақ мөлшері даму институттарында корпоративтік рәсімдер (компаниялар дамуының стартегиялары мен жоспарлар және тағы басқалары) тұрғысынан анықталатын, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарлы рентабельдігін ескеру қажет.
      Кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнес
      ШОБ негізінде, оның ішінде басым секторларда өңдеші өнеркәсіппен байланысты жеткізушілер мен сервистік компаниялар жүйесі дамытылуға тиіс. Ұлттық холдингтердің және компаниялардың ірі кәсіпорындар төңірегінде ШОБ арасындағы жеткізушілер жүйесін дамытуға әсерін заңнамалық деңгейде шектеу қажет.
      Азаматтардың қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, бизнесті ашу және жүргізу кезінде рұқсат беру және бақылау-қадағалау жүйесі оңайлатылуға тиіс. Кәсіпкерлерге қатысты барлық рұқсат беру және келісу рәсімдері «бір терезе» қағидаты бойынша жергілікті деңгейді орындалуы керек.
      ШОБ субъектілері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы қаржылық ресурстарға қолжетімділікті ұсынуды жалғастыруы қажет. Кредиттік және лизингтік тетіктерді пайдалана отырып, Қазақстанда өндірілген өнімнің түпкілікті тұтынушыларын қаржыландыруды пайдалана отырып, ішкі сұранысты ынталандыру қажет.
      Бәсекелестікті ынталандыру
      Үдемелі индустрияландырудың сәтті бағдарламаларын іске асырған елдер тәжірибесі көрсеткендей, бәсекелі ортаны дамыту есебінен индустриялық даму бойынша шаралар тиімділігін арттыру үшін резервтер бар. Бәсекелестік экономикалық билікті бір қолға шоғырландыруды шектейді және тұтынушы мұқтаждығын, өнімнің арзандауын және оның сапасының артуын қанағаттандыруды ынталандырады.
      Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау міндетін шешуі және экономикадағы іскери ахуалдың сапасын арттыруы тиіс. Осы жұмысты ҰКП және кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдерін енгізетін, тұрақты жұмыс істейтін комиссияларды тарта отырып, өткізу қажет.
      Мемлекетітк бәсекелі саясат аумақтық, құқықтық, тарифтік және басқа экономикалық шектеулер түрінде нарыққа «шығу» үшін кедергілерді қысқартуға жәрдемдесуі тиіс.
      Квазимемлекеттік сектор өзінің бәсекелі нарыққа араласуын саналы түрде шектейтін болады, егео ол шағын және орта бизнеске теріс әсер е көрсетсе.
      Yellowpages қағидатын пайдалана отырып, жекешелендіру жүргізілуге тиіс және мемлекеттік компаниялардың индустрияға кіруі туралы одан әрі шешім осы қағидатты ескере отырып, қабылдануға тиіс.
      Өзінің үстеме және монополиялық жағдайымен нарық субъектілерінің асыра пайдаланудан экономиканы қорғаудың құқықтық тетігін жетілдіру көзделеді.
      Қойылған мақсаттарды іске асыру мақсатында өңдеуші өнеркәсіп салаларын демобилизациялау, республика нарықтарында мемлекеттің қатысу үлесін төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру талап етіледі:
      Осы міндетті шешу үшін мыналарға бағытталған шаралар қабылданатын болады:
      мұнай өнімдерін биржалық саудасын дамыту бойынша ұсыныстар енгізу;
      көмір өткізу нарығында өнімді емес мердігер құрылымдарды алып тастау;
      сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек өткізу қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру, оның ішінде 300 тонна көлемінде сақтау базаларының болуы, сондай-ақ кемінде 200 тонна көлемімен сақтау базалары бар газ желілік ұйымдардан Өнеркәсіп қауіпсіздігінің декларациясының болуы бойынша талаптарды жою жолымен оңтайландыру;
      электр энергетикасы биржалық саудасын дамыту бойынша ұсыныстарды енгізу;
      табиғи монополиялар субъектілері мен реттеуші нарық көрсететін қызметтерін (тауарларды, жұмыстарды) реттейтін тізбені кезең-кезеңмен қысқарту;
      жаңа квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мароторий енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;
      бәсекелестікті дамыту және салалар мен экономика секторларын демонополияландыру мақсаттарын, сондай-ақ тиісті салалық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруға олардың қатысуы бойынша нақты шараларды енгізу;
      нормативтік базаны бәсекелестікті, тауар нарықтарына кіру кедергілерін шектейтін, жаңа ойыншылардың пайдалболуына және бәсекелі ортаның дамуына барынша әсер ететін нормаларды анықтау және жою мәніне түгендеу жүргізу;
      табиғи монополиялар мәселелері бойынша заңнамаға ұзақ мерзімді кезеңге тарифтерді айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу.
      Мемлекетітк бәсекелі саясат аумақтық, құқықтық, тарифтік және басқа экономикалық шектеулер түрінде нарыққа «шығу» үшін кедергілерді қысқартуға жәрдемдесуі тиіс.
      Инвесторларды келісімшарттардың тұрақтылық қағидатына сәйкес заңнама тұрақтылығы кепілдіктерімен қамтамасыз ету қажет.
      Өндірісті, технологияларды, жабдықты және жұмыс орындарын сақтай отырып, дағдарысты еңсеру үшін көзделген нарықтық қатынастардың негізгі құралы банкроттық институты толық жұмыс істеуге тиіс.
      4. Өңдеуші өнеркәсіпті дамытудағы клатерлік әдістер
      Кластерлік әдіс негізінде бәсекелестікті арттыру әлемнің көптеген елдерінің даму стратегияларында кеңінен таралды. Кластерлер өнеркәсіптік дамуға, бәсеке қабілеттілікке және экономиканың тиімділігіне жәрдемдесудің маңызды құралы болып танылды.
      Мақсат
      Технологиялық тізбегін құру және оқшаулау, кооперация, интеграцияны дамыту және инновациялық дамуды жеделдету есебінен отандық өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттігін дамыту.
      Міндеттер
      1) Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларындағы орталықтармен біріктіріп, өсу жағынан озық аймақтарды құруды ескере отырып, оларды теңдестірілген дамытуды қамтамасыз ету үшін өңірлерде өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларының өндірістерін орналастыру;
      2) өңірлердің елдің өңдеуші өнеркәсіпке мамандануын тереңдету және кейіннен бәсекеге қабілетті кластерлерді қалыптастыру;
      3) кластерлік бастамаларды дамыту бойынша қолайлы жағдайлар жасау.
      Кластерлерді қалыптастыру салалық және өңірлік маманданудың индустриялық және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ескере отырып, елдің барлық өңірлерін дамыту қажеттіліктеріне сүйене отырып, жүзеге асырылатын болады.
      Қазақстан экономикасының кластерлеуге әзірлік деңгейінің жеткіліксіздігін ескере отырып, нақты өңірлерде кәсіпорындарды мамандандырудың сындарлы деңгейін құру қажет. Ол үшін Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы шеңберінде өңірде өңірлік маманданымға сәйкес бизнес жүргізіп отырған өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдаудың неғұрылым тартымды шарттары қалыптастырылатын болады.
      Кластерлік саясат ел экономикасын жаңа технологиялық платформаға көшіруге, өнімділік, қосылған құн деңгейі және өнім мен қызметтердің шекті дәрежесі жоғары салаларды қалыптастыруға бағытталады.
      Бағдарламаны іске асыру кезеңінде мемлекет мыналарды дамытуға және теңгерімді қолдауға шоғырландырылады:
      мұнайды және газды өңдеу, мұнай-газ-химия, мұнай-газ-химия машинасын жасау және мұнай-газ өнеркәсібінде сервистік қызметтерді өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты базалық ресурстық секторлардыі ішіндегі бір ұлттық кластер;
      конкурстық рәсімдер өткізу нәтижелері бойынша анықталатын өңдеуші өнеркәсіптің нарықтық бағдарланған секторларда үш аумақтық кластер;
      «жаңа экономика» секторларындағы екі инновациялық кластер - Астана қаласы («Назарбаев Университеті» кластері), Алматы қаласы (Инновациялық технологиялар паркі» кластері).
      Жаңа кластерлерді қалыптастыру және дамыту, және кластерлік бастамаларды қолдау шараларын жетілдіру туралы шешімдер Бағдарламада көзделген кластерлерді дамытудың әдеуметтік-экономикалық әсерін талдау және бағалау негізінде қабылданады.
      Ұлттық кластерді дамыту
      «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын ескере отырып, Қазақстан Республикасының перспективті ұлттық кластерлерін дамытудың мақсаты, міндеті және бағыттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 қазан 2013 жыл № 1092 (әрі қарай – Ұлттық кластерлер тұжырымдамасы) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының болашағы бар ұлттық кластерлерін 2020 жылға дейінгі қалыптастыру тұжырымдамасында анықталған.
      Бағдарлама шеңберінде мұнай-газ өнеркәсібі үшін мұнайды және газды өңдеу, мұнай-химия, олармен байланысты машина жасау және сервистік қызметтер бойынша бойынша ұлттық кластерды Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында дамыту бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
      Ұлттық кластерді дамыту орталық билік органдары және тиісті даму институттары деңгейінде үйлестірілетін болады. Оны қолдау үшін кластер қатысушыларының болжамдарын, жоспарларын және бағдарламаларын, сондай-ақ, оны дамыту стратегиясын келісуге арналған алаң ретінде арнайы басқару құрылымы (кластер кеңесі) құрылады.
      Ұлттық кластер кеңесін Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі басқарады. Мемлекет және жеке меншік бизнес мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету үшін оның екі орынбасары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы өкілдерінен анықталады.
      Кеңестің функцияларына мыналар жатады:
      1) ұлттық кластерлерді дамыту стратегиясы мен егжей-тегжейлі жол картасын әзірлеу және бекіту;
      2) кластерлерге қатысушылардың қызметін үйлестіру;
      3) кластерлерге қатысушыларға мемлекеттік және өзге қолдау алуға жәрдемдесу;
      4) кластер бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға бөлінген қаржының тиімді пайдалануына мониторинг жасау.
      Оның дамуын жедел ұйымдық-функционалдық қолдауды қамтамасыз ететін кластер интеграторыныңң функцияларын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді.
      Кластердегі бизнестің шоғырлануын үйлестіруді қамтамасыз ететін кластер интеграторының әріптестері Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қауымдастығы болады.
      Кластердің әлеуетін іске асыру үшін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және «Ақтау Теңіз порты» арнайы экономикалық аймақтарының қатысушыларына ұсынылатын инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етуді қоса алғанда, салықтық, кедендік жеңілдіктер және басқа да преференциялар қолданылуы мүмкін. Бұл әлемдік нарықтағы елдің бәсекеге қабілетті артықшылықтарын күшейтетін қосылған құнның жоғары деңгейі бар жаңа өндірістерді құру және дамыту кезінде шығындарды тиімді оңтайландыруға мүмкінік береді, экономиканың басым салаларында ілеспе және аралас өндірістердегі даму қарқынын береді.
      Кластерді дамыту үшін 3.2.4-бөлімде көрсетілген Кластерді дамытудың жол картасына сәйкес кластерлік бастамаларды бірлесіп қаржыландыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатын болады.
      Қаржы агенті Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде мемлекеттік қаржылай қолдау шараларын ұсынатын «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ болады.
      Аумақтық кластерлерді дамыту
      Мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін аумақтық кластерлер конкурстық негізінде іріктелетін болады. Бағдарлама шеңберінде конкурстық іріктеу жүйесінің тестілеуі өткізіледі. Өңірлерде қалыптастырылған аумақтық кластерлер қатарынан мемлекеттік қолдау қамтамасыз етілетін 3 дамыған пилоттық кластерлер іріктеп алынатын болады.
      Қазіргі уақытта өңірлерде кластерлендіруге дайындық факторларының бірі болатын азық-түлік өнімдерін және құрылыс материалдарын өндіру саласында бәсекелестік деңгейі жоғары.
      Аумақтық кластерлерді дамытудағы негізгі рөлді өңірлік бизнес-қауымдастықтар және жергілікті атқарушы органдар атқарады.
      Қазақстан өңірлерінің әкімдіктері Бағдарламаны жоспарлаудың және іске асырудың негізгі қатысушыларының бірі ретінде, индустриялық даму үшін оның ішінде келесі бағыттар бойынша қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етуі тиіс:
      1) Бағдарлама ережелеріне сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамыту, оның ішінде өнеркәсіп саласындағы өңірлік стратегиялық құжаттарды (аумақтарды дамыту жоспарлары) әзірлеу және іске асыру;
      2) жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығын арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу және қабылдау;
      3) басым кластерлерді қолдау және басым жобаларды іске асыру;
      4) өнеркәсіптік кәсіпорындарды қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
      5) адам ресурстарын және білім беру жүйесін дамыту;
      6) шетелдік инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету;
      7) кәсіпкерлікті ынталандыру және шағын және орта бизнесті дамыту.
      Өңірлердегі кластерлік бастамаларды дамыту орталықтары кластерлік қауымдастықтар болады, олардың қатысушылары өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары сияқты, сервистік кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары және орта кәсіби оқу орындары, консалтингтік компаниялар, инжинирингтік кәсіпорындар болуы мүмкін. Бастапқы кезеңде кластерлерді құру және конкурсқа өтінімдерді беру үшін бастамашының рөлін өңірлік кәсіпкерлер палаталары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары, АЭА компаниясының басқарушылары өздеріне алуы мүмкін.
      Аумақтық кластерлерді дамытуға арналған мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі принциптері:
      1) салалық басымдылықтардың есебі – ең бірінші кезекте Бағдарламада басымдылық берілгендерді өңдеуші өнеркәсіптің барлық салалары ішінен іріктеп алу;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген 2020 жылдарға дейін арналған Өңірлерді дамытудың біртұтас бағдарламасы мен Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың жобалық сызбасы жобасымен анықталған өңірлік маманданымға сәйкес;
      3) алдағы кезеңдерде Өндірістік қуаттарды тиімді орналастыру сызбасын ескере отырып, өңірлердің ресурстық, адами және инфрақұрылымдық әлеуеттерін тиімді пайдалану;
      4) мейлінше өсімділік тиімділігі бойынша белгіленген нәтижелерге қол жеткізу үшін қалыптасқан аумақтық кластерлерді дамытуға кететін шығындарды азайту;
      5) мемлекеттік-жеке әріптестіктің механизмін кең қолдану.
      Мемлекеттік қолдау көрсетілетін аумақтық кластерлердің конкурстық іріктеуінің негізгі критерийлері:
      1) қалыптасқан кластердің даму деңгейі – өңір үшін басым салаларда өзара байланысты және өзара толықтыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыптасқан тобы түріндегі бизнес-қауымдастықтың бар болуы;
      2) өңірде кластерді әрі қарай дамыту үшін жағдайдың бар болуы – шикізат, табиғи және қаржылық ресустар, өндірістік қуаттар, адами рестурстарының қолжетімділігі, көлік, энергетикалық пен инновациялық, білім инфрақұрылымы;
      3) кластерді дамытудың өңір және сала үшін маңыздылығы
      4) кластерді дамытудың келешегі - кластерді дамытудың нарықтық болашағы, экономикалық тиімділігі.
      аумақтық кластерлерді іріктеу бойынша конкурстық процедуралары және негізгі критерийлері, сондай-ақ конкурс жеңімпаздарына мемлекеттік қолдау көрсетудің тәртібі анықталды;
      Конкурстық іріктеудің дайындық кезеңінде (2014 жыл) болады:
      аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу критерийлері мен процедуралары, сондай-ақ конкурс жеңімпаздарына мемлекеттік қолдау көрсету тәртібі анықталды;
      аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысымен бекітілген Өнеркәсіптік дамыту комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) туралы Ережеге, оны территориалдық кластерлердің конкурстық іріктеуін өткізу жөніндегі құзыреттер мен өкілдіктер беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
      кластерлік процестерге қатысушылардың барлығын оқыту үшін білім беру бағдарламасын ұйымдастырылды;
      кластерге қатысушылардың барлығын біріктіретін және мүдделерін қорғайтын ұйым ретінде кластерлік ассоциация құрудың негізі қаланды;
      кластерлік процестерге қатысушылардың барлығына, оның ішінде аумақтық кластерлерді дамыту бойынша Тұжырымдаманы, Стратегияны және Жол картасын жасау бойынша әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетілді;
      мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілетін қанатқақты аумақтық кластерлерді іріктеу бойынша бірінші конкурс жарияланды.
      Конкурстық рәсімдер екі кезең бойынша өткізілетін болады.
      Конкурстың бірінші кезеңінде (кәсіпкерлердің өңірлік палатасы,әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация, АЭА компаниясының басқармасы, ассоциациялар өтініш тапсырады):
      1)конкурсты іріктеудің жоғарыда көрсетілген критерийлері бойынша аумақтық кластерлерді дамытудың қатысушылардың конкурсқа ұсынған Тұжырымдамаларына сараптама жүргізілді;
      2)Комиссия отырысында ұсынылған Тұжырымдамалар қаралды және бірінші кезеңнің жеңімпаздары анықталды.
      3)бірінші кезеңнің жеңімпаздарына кластерді дамытудың стратегиясын және жол картасын әзірлеуге қаржылық қолдау көрсетілді.
      Конкурстың екінші кезеңінде (өтінішті кластерлік ассоциациялар береді):
      1) кластерлік ассоциациялар – конкурстың екінші кезеңінің қатысушылары ұсынған кластерлерді дамытудың экономикалық тиімділін және оған қол жеткізу бойынша шараларды анықтайтын Стратегиясы мен Жол картасына талдау жүргізілді. Бұл жағдайда, екінші кезеңге тек Стратегиясы, Дамудың жол картасы бар, конкурстың бірінші кезеңіне қатыспаған кластерлік қауымдастықтар ғана жіберіледі.
      2) Түпкілікті қортындылар шығарылды және конкурс жеңімпаздары анықталды.
      Конкурстық іріктеу өлшемдері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
      Конкурстың жеңімпаздарына 5.3.4-бөлімде көрсетілген әрбір кластерді дамытудың Жол картасына сәйкес кластерлік бастамаларды бірлесіп қаржыландыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатын болады.
      Инновациялық кластерлерді дамыту
      Бағдарлама шеңберінде «Назарабаев Университеті» және «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерлері құрылады инновациялық кластері жаңа материалдар, энергия үнемдегіш технологиялар, биотехнологиялар өндірісіне мамандана отырып, тіршілік туралы ғылым, медицина, гендік инженерия, материалтану саласындағы іргелі зерттеулерді дамытуға күш салуға шоғырланады. Осы инновациялық кластерлер қалыптасуының құрылуы және тетігі ұлттық кластерлер тұжырымдамасымен белгіленді.
      Инновациялық кластерлердің мақсаты болып елдің әлемдік нарықта жаңа бәсекелестік артықшылқтарын елде бұрын болмаған ғылыми сыйымды өндірістер мен экономика секторлары, жаңа технологиялық құзыреттер, инновациялық алға ұмтылу қамтамасыз ету негізінде жаңа бәсекелестік артықшылқтарды қалыптастыру болады.
      Инновациялық кластерлер шеңберінде медицина саласында ғылыми орталықтар, «3 D-принтинг»,геология, металлургия, композиттік материалдар, энергияны үнемдеуші және құрылыс технологиялары қалыптастырылатын болады. Ғылыми орталықтарды құрудың негізгі принципі – білім, ғылым және өндіріс ұйымдары арасында кооперацияны дамыту (кластерлік саясаттың үштік спиралінің принципі).
      Кластер кеңесін ұлттық компаниялар, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, салалық, ғылыми-зерттеу институттары, технопарктер өкілдерінен «Назарабаев Университеті» АҚ Атқарушы кеңесі жасақтайды. Кластердің ықпалдастырушысы «Nazarbayev Research and Innovation System (NURIS)» жеке меншік мекемесі болады.
      NURIS-те Энергетикалық зерттеулер орталығы және Тәртіпаралық инструменталды орталық жұмыс істеуде, олар қалпына келетін технологиялар ды құру және іске асыру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп жатыр.
      «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА білім беру және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін және индустриялық инновациялық қызметті ынталандыруға шақырылған кәсіпорындарды біріктіру арқылы Алматы қ. құрылатын инновациялық кластердің негізі болады. оның дамуының басым бағыттары ұтқыш және мультимедиялық технологияларды, сондай-ақ, робот техникасын қамтитын басым ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болады.
      Кластер кеңесін Alatau IT City Инновациялық технологиялар паркін дамыту қауымдастықтары, қатысушы кәсіпорындар, ұлттық компаниялар, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, ЖОО, салалық, ғылыми-зерттеу институттары өкілдерінен Автономды кластерлік қор комитетінің басқарушысы жасақтайды. Кластердің ықпалдастырушысы қордың атқарушы органы («АТП басқарушы компаниясы» АҚ) не «ТДҰА» АҚ болады.
      Сонымен қатар бірге территоралдық кластерлердің ғылыми басқа орталықтарымен кооперация құрылатын болады.
      Астана қаласындағы «Назарабаев Университеті» Инновациялық кластер өмір, медицина, гендік инженерия, жаңа материалдар өндірісінде мамандырылуымен материалтану, энергия үнемдеу технологиялар, биотехнологиялар облысында, фундаменталды зертеулерді дамытуда күшті шоғырландырады.
      Кластерді интегралаушы болып NURIS болады. Назарабаев Университеті кластерінің қатысушыларын іріктеу ережелері унивеститеттің қамқоршылық кеңеспен бекітіледі.
      Назарбаев Университетінің кластері университет айналасында ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық компаниялардың белдеуін қамтамасыз етуге, ғалымдар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, университет базасында жаңа технологиялық зерттеулерге инвестицияларды тартуға, Қазақстанда инжинирингтік әлеуетті дамытуға, жаңа технологиялардың трансферті мен коммерцияландыруға, Назарбаев Университетінің түлектері үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға арналған. Бұл үшін құзыреттіліктің жаңа орталықтары, жобалық-инжинирингтік орталықтар құрылатын, шетелдерден әлемнің үздік ғалымдары шақырылатын, үздік ғылыми жобалар таңдалынатын, старт-аптар және спин-оффтар құруға жәрдемдесетін болады.
      Назарбаев университетінің коммерцияландыру офисі бастамашы-ғалымдармен тұрақты жұмыс істейтін, ғалым үшін «аялдаманың алғашқы бекеті» функциясын орындайтын және Назарбаев Университетінде коммерцияландыру үшін қолда бар мүмкіндіктер мен ресурстар саласында ол үшін қажетті ақпараттың барлық спекторын ұсынатын болатындықтан кластердің анағұрлым маңызды элементі болады.
      Коммерцияландыру офисі нарықтық табыстың жоғары патенттік қабілеті мен жоғары әлеуеті бар жобаларды іздеумен және бағалаумен белсенді айналысады және коммерцияландыруға арналған гранттарды тиісінше қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
      Бизнес-инкубаторда компанияларға технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтері ұсінілатын болады, оның барасында идеяларды формальдандыру жүргізіледі, жобаның бизнес-жоспары егжей-тегжейлі нақтыланады, зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қажетті сатылары жүргізіледі. Содан кейін жоба келесі кезеңге көшіріледі және өнеркәсіптік үлгілерді тәжірибелік және пилоттық өндірісті, қолданылатын жаңа технологияларды тестілеуді жүзеге асыру үшін технопаркке көшіріледі.
      Назарбаев Университетінің кластерін орнату мен дамытуда маңызды рөлді ғылыми парк атқарады. Ғылыми парктің миссиясы ғылымды, бизнес пен мемлекетті ықпалдастыру тұжырымдамасын іске асыруға және инновайциялық қызметті жандандыруға, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру мен ұлттық экономиканы әртараптандыруға бағытталған синергетикалық әсерге қол жеткізуге байланысты болады.
      Назарбаев Университетінің ғылыми паркі Қазақстан экономикасының нақты секторын дамытуға бағытталған қолданбалы R&D және жоғары технологиялы ШОБ орталықтарын орналастыру мен дамыту үшін құрылады.
      Ғылымии паркте ғылыми-зерттеу және білім беру қызметімен қатар инжинирингтік, тәжірибелік-өнеркәсіптік және инвестициялық қызмет белсенді жүргізілетін болады.
      Қазақстан Республикасының инновациялық дамытудың артықшылықтарын есепке ала отырып, бірінші кезеңде Ғылыми парктің мынадай кластерлерін құру жоспарлануда: геологиялық кластер, ақпараттық-коммуникациялық кластер, инжиниринг кластері (жаңартылатын энергетика, ғарыштық технологиялар), биомедициналық кластер.
      Назарбаев Университетінің зияткерлік-инновациялық кластері қатысушыларын іріктеу қағидасын Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді. Университет кластер қатысушыларына Университеттің қамқоршылық кеңесі белгілейтін тәртіпте қолдау шараларын ұқсынатын болады. Кластердің ықпалдастырушысы NURIS болады.
      «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері (бұдан әрі – «ИТП» кластері Алматы қаласында «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-ға қатысушы кәсіпорындарды, қаланың ірі ғылыми-білім беру институттарын және кластердің Қамқоршылық кеңесі мақұлдаған басқа да заңды тұлғаларды біріктіру жолымен құрылады.
      Ғылыми-білім беру институттарының базасында «идеялар» туындауы және дамуы, оларды зерделеу мен сынақтан өткізу жүргізілуі тиіс, содан кейін «ИТП» АЭА аумағында өндіріске енгізу үшін берілуі тиіс. Кластерді дамытудың басты бағыттары мобильді және мультимедиялық технологияларды қамтитын ғарыштық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болмақ.
      «ИТП» кластерін басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын Қамқоршылық кеңес жүзеге асырады. Қамқоршылық кеңестің функцияларына Кластерді дамыту стратегиясын бекіту, бизнес, кәсіпкерлік қауымдастықтар мен одақтардың өкілдерін шоғырландыру, қаржыландырылуы қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қатысушылардың жобаларын айқындау және оларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру және басқалары.
      Кластер және оны іске асыру Стратегиясы шеңберінде іске асырылатын бастамашылықтарды қолдау үшін автономды клстерлік қор құрылатын болады. Қор жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ғылыми-зерттеу қызметі субъектілерімен және өнертапқыштармен тығыз және өнімді ынтымақтастығы тетігін құруы, кластер қатысушыларына қолду құралдарын алдуда көмек көрсетуі тиіс.
      Ведоствоаралық өзара іс-қимылды реттеу, бюджеттік-қаржылық саясатты бекіту үшін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі басқаратын Қордың Басқарушы комитеті құралытан болады.
      Кластердің қамқоршылық кеңесі, Автономды кластерлік қордың басқарушы комитеті қоғамдық бірлестіктердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, жоғары оқу орындарының, салалық ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерінің ішінен құрылатын болады.
      Кластерді дамыту стратегиясы Алматы қаласының өңірлік мамандануын және Қазақстан Республикасының инновациялық саясатын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, ғылыми-білім беру қызметі мен «болашақтың» экономикасын есепке ала отырып, айқындалған үш бағытта негізделген болуы тиіс.
      Кластерлерді мемлекеттік қолдау шаралары
      Әрбір кластерді дамытудың стратегиялары мен жол карталарын іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары пысықталатын болады:
      1. Кооперацияны қолдау мен дамыту және кластерге қатысушылардың ынтымақтастығы. Негізгі мақсат – қатысушылардың ықпалдастығын арттыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жолдарын айқындау. Мысалы: кластер компанияларының, зерттеу ұйымдары мен әріптестердің шикізатты және жиынтықтауыштарын ұжымдық сатып алу үшін жеткізушілер мен ақпараттық тұғырнаманың бірыңғай базасын қалыптастыру.
      2. кластердің адам ресурстарын дамыту. Негізгі мақсат – кластерге қатысушыларға дағдылар жиынтығы мен мамандардың қолжетімділігін дамыту. Мысалы:
      барлық деңгейдегі (мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, КҰП, бизнес-қауымдастықтар) кластерлік процестің барлық қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру;
      кластердің құрамына енетін компаниямен бірлесіп жоғары және орта кәсіби мекемелерде компаниялардың бірлесіп қатысуымен кластер компанияларының басшыларына және мамандарына арналған оқыту бағдарламаларын әзірлеу;
      кластер компанияларының қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша орталықтар құру;
      кластер қажеттілігін ескере отырып, жаңа оқу орындарын ашу және жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіру;
      ЖОО студенттері мен басқа білім беру мекемелері оқушыларына арналған кластер компанияларының бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру.
      3. кластерді кеңейту. Негізгі мақсат – кластер қатысушыларының санын ұлғайту:
      жобаларға арналған бизнес-инкубатор құру;
      шетелдік инвесторларды тарту;
      кластерге жаңа қатысушылар тарту үшін халықаралық форумда ақпараттық-жарнамалық науқан өткізу;
      4. инновациялар мен технологияларды дамыту. Негізгі мақсат – қызмет көрсету саласында азық-түліктік, процестік инновациялар мен инновацияларды дамыту:
      мамандандырылған конструкторлық бюроны құру;
      жаңа өнімдерді (тәжірибелік үлгілер мен партиялар) әзірлеу үшін технологиялық алаңдар құру, кластер кәсіпорындарында жұмыс істеп тұрған технологияларды жетілдіру және қолданыстағы кәсіпорындардың жағдайларында үздік әлемдік технологияларды бейімдеу;
      кластерге қатысушылардың бірлескен ҒЗТКӘ жобаларын жасауды қамтамасыз ету (ЖИА, білім беру мекемелері мен кәсіпорындарын қатыстыра отырып);
      инновациялық гранттарды, оның ішінде өнеркәсіптік зерттеулерге арналған (нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруды қоса алғанда) ұсыну;
      өңірлік технопарктердің қызметтерін, салалық конструкторлық бюро қызметтерін ұсыну;
      өнертабысты патенттеу бойынша қызметтер көрсету;
      компанияның зерттеу бөлімі мен зерттеу ұйымы өкілдерінің кездесулерін ұйымдастыру;
      5. бизнес-климатты және инфрақұрылымды құру. Негізгі мақсат –кластер шеңберінде бизнес жүргізу жағдайын жақсарту:
      өңірлерде жұмыс істеп тұрған энергетикалық, телекоммуникациялық, коммуналдық және көліктік инфрақұрылымға, оның ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға, технопарктерге, конструкторлық бюроға, бизнес-инкубаторларға және кәсіпкерліктің басқа да объектілеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету;
      жалпыға ортақ пайдаланатын нысандарды бірлесіп салу, мәселен, ұжымдық пайдаланудағы логистикалық жүк тиеу кешені, арнайы жабдықтар;
      кластер кәсіпорындарының (сынақ базасының және/немесе зертханасының) шығаратын өнімдерінің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде Кедендік одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру;
      кластер өнімдерін сертификаттау жөніндегі зертхана құру;
      ақпараттарды сақтау үшін дата-орталығын құру;
      инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру;
      6. жылпы кластерге арналған басқа да арнайы нақты шаралар.
      Бұған қоса, аумақтық кластерлерді іріктеу бойынша конкурстық рәсімдердің бірінші кезегінің жеңімпазына стратегия мен жол какртасын әзірлеуге, шығыстарды өтеу түрінде кластерді дамыту мен кластерлік қауымдастықтарды құруға арналған қаржылық қолдау көрсетілетін болады.
      «ИТП» инновациялық кластерінде венчурлық қаржыландыруды дамыту мақсатында Автономды кластерлік қор шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың жиынтықты жылдық кірісінен 1% пайдалану тетігін жетілдіру мәселесін қарастыру қажет.
      Назарбаев Университеті кластеріне қатысушылар үшін зертханалық зерттеулер нысандарынан идеяларды патенттердің және өнім/проттотиптердің тәжірибелік нысандарына коммерцияландыру, кезең-кезеңмен трансляциялау мақсатында университет гранттар ұсынатын, сыртқы қаржыландыру тартатын болады. Кластер қатысушыларына университет ұсынатын қолдау шараларына: кластер қатысушыларының жобаларын тең қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, кластер қатысушаларының жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру, кластер қатысушыларына гранттар ұсыну, кластер қатысушыларын білікті кадрлық ресурстарымен қамтамасыз ету, кластер қатысушыларына ғылыми жобаларға тапсырыстар орналастыру, кластер қатысушыларын қажетті үй-жайлармен қамтамасыз ету, кластер қатысушыларына Назарбаев Университетінің және оның ұйымдарының зертханалық жабдықтарына және кітапханалық қорына қол жетімділікті ұсыну.
      Барлық кластерлік процестің қатысушыларына әдістемелік құжаттарды дайындау және ақпараттық бюллетеньдерді шығару, қатысушыларға кәсіпкерлерді қызмет көрсету орталықтары арқылы консультация беру жолымен әдіснамалық және ақпараттық қолдау көрсетілетін болады. Осындай қолдау шеңберінде кластерлік процесс қатысушыларына мамандандырылған оқыту орталықтары ұйымдастырылатын болады, кластерлік бастамаларға арналған веб-сайт құрылатын болады.
      Кластерлерді дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибені, оның ішінде грант негізінде зерделеу мүмкіндігі бойынша мәселелер пысықталатын болады.
      Кластерлерді дамыту бойынша мемлекеттік шараларды дамыту үшін қажетті бюджеттік қаражат, оның ішінде гранттың негізде немесе жекелеген бюджеттік өтінімдер бойынша айқындалады және көзделеді.
      Кластерлік қатысушы кәсіпорындарына қарастырылған түрлі бағдарламалар шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін мемлекеттік қолдау құралдарын алудың мүмкіндіктері беріледі.
      Кластерлерді дамытудың негізгі қаржылық агенттері «Байтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ болады.
      4 Басым және қалған салалық секторлардың кәсіпорындарын қолдау.
      Мемлекеттік қолдау шаралары мынадай бағыттар бойынша кәсіпорындарды дамыту үшін кедергілерді азайтуға бағытталады.
      Салалық реттеу
      Өтеуге ұсынылатын сомадан 50%, бірақ үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде халықаралық стандарттарға (API, ASTM, GMP, EN) сәйкес өнімді сертификаттау бойынша және сапа менеджменті жүйесінің шығындарын өтеу.
      Интернационалдандыру
      Экспортты қаржылық қолдау тетіктері пысықталатын болады экспортық қаржыландыру және сақтандыру; қазақстандық машина жасау өнімінің шетелдік тұтынушыларына кредит беру үшін экспортық лизингті пайдалану; құжаттық операцияларды сақтандыру немесе жабу арқылы экспортық операцияларды саудалық қаржыландыру.
      Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындары: шетелдегі отандық өңделген өнімдердің жарнамасына арналған шығындар; шетелдік көрмелерге қатысу; шетелде өкілдіктерді, қоймаларды, сауда нүктелерін ашу, ұстап тұру; шетелде тауар белгілері мен өнімдерін тіркеуге байланысты рәсімдерді өткізу; сондай-ақ шетелде өнімді сертификаттауға байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар өтелетін болады.
      Технологиялар мен инновациялар
      Өнеркәсіптік зерттеуге, оның ішінде нысаналы технологиялық бағдарламаларды гранттық қаржыландыруды пысықтауға инновациялық гранттар беру бойынша тетіктер пысықталатын болады.
      Технологияны сатып алуға инновациялық гранттарды ұсыну бойынша жұмыс басталатын болады.
      Технологияларды коммерцияландыру үшін инновациялық гранттарды беру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
      Өндірістің тиімділігін арттыруға (консалтингтік, инжинирингтік және жобалық ұйымдарды тарту; басқару және өндірістік технологияларды енгізу) инновациялық гранттар беру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
      Техникалық диагностика жүргізу кезінде ШОБ пен ірі кәсіпорындарды бірлесіп қаржыландыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Сондай-ақ, еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу бойынша ірі кәсіпорындар мен ШОБ шығындарын өтеу бойынша жұмыс жалғасатын болады.
      Енгізілген жаңа (импортталған) технологиялардың бейімделуі бойынша шығындарды һтеу бойынша тетіктер пысықталатын болады.
      Қаржылық ресурстар
      Мынадай тетіктер пысықталатын болады:
      инвестициялық мақсатқа және де басым секторларда айнымалы қаражатты толықтыруға және өңірлік тұрақтылықты ескере отырып, қаржы лизингінің кредиттері немесе шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
      басым секторларда және өңірлік мамандандырылуды ескере отырып, ЕДБ кредиттері бойынша кепілдіктер беру.
      Инфрақұрылым
      Инфрақұрылымды салынып жатқан және жаңғыртылатын объектілерге жүргізу мәселесі пысықталатын болады.
      Адами ресурстар
      Кәсіпорындардың басшылығын (топ-менеджерлерін) өнімділікті және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша оқыту бойынша жұмыс жалғасатын болады.
      Біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға, шетелде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға арналған гранттарды беру бойынша жұмыс жалғасатын болады.
      Мемлекеттік сатып алулар
      Мемлекеттік сатып алулар бойныша ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасасу тетігі пысықталатын болады.
      Төлеудің максималды мерзімдерін нормативтік реттеу тетіктері пысықталатын болады.
      Кәсіпкерлік және ШОБ
      Кәсіпорында дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуге арналған шығындарды өтеу бойынша жұмыс жалғасатын болады.
      Ірі кәсіпорындардың төңірегінде аралас өндірістерді құру мақсатында тапсырыс беруші мен өндіруші арасында келісімшарттарды жасасу жұмысы жалғасатын болады.
      Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қолданыстағы «Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік 2020», «Агробизнес 2020», «Экспорттаушы 2020», «Инвестор 2020», «Инновациялар 2020», сондай-ақ отандық өндірілген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ынталандыру және жылжыту және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекетітк қолдау бағдарламалары шеңберінде жүргізіледі. Қолданыстағы құралдарды ұсыну шарттары мен тетіктерін нақтылау және жаңа құралдарды ұсыну тетіктері мен шарттарын анықтау үшін Бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі.
      Кәсіпорындар мен олардың жобаларын қолдау мынадай әдістерге сәйкес жүзеге асырылады:
      1. Стандартты тәсіл – құралдардың стандартты пакетін ұсыну. Қолдау объектісі – өңдеуші өнеркәсіптегі жобаларды іске асыратын шағын, орта және ірі кәсіпорындар, стандартты қаржылық және сервистік құралдарды қолдана отырып, «Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік 2020», «Агробизнес 2020», «Экспорттаушы 2020», «Инвестор 2020», «Инновациялар 2020», сондай-ақ отандық өндірілген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ынталандыру және жылжыту және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекетітк қолдау бағдарламалары шеңберінде жүйелік негізде қолдау көрсетілетін болады.
      Барлық кәсіпорындар меншік көлеміне және нысандарына қарамастан инвесторларды сертификаттау, қолдау және тарту, экспортты ынталындыру бойынша сервистік шараларға, инновацияларды дамытуға, тиімділігін арттыруға, технологияларды дамытуға, адами капиталды дамытуға үміткер болуы мүмкін.
      Қаржылай қолдау шаралары жобаның құны және инвестициялардың көлемі бойынша қалыптасатын болады.
      750 млн.теңге дейін жобалар үшін кредиттер мен қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау және ЕДБ кредиттері бойынша кепілдіктер беру басым секторлар шеңберінде және/немесе өңірлік мамандануға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда және шағын қалаларда қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ бастаушы жас жеке кәсіпкерлер үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және ЕДБ кредиттері бойынша гранттар беру салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.
      Инвестиция көлемі 4,5 млрд.тг. дейінгі жобалар үшін (а) 14 басым секторларда және/немесе тиісті өңірлік мамандануда қызмет, (б) өндірілетін өнімнің жалпыға танылған халықаралық стандарттарына сәйкестігі, (в) еңбек өнімділігі, энергия тиімділігі, (г) шикізаттық емес тауарларды өткізу үшін нарықты кеңейту; (д) түпкілікті өнім шығару кезінде ҚҚТ өсетін өндіріс қосымша өлшемдері қолданылады.
      Осы санат үшін қаржы лизингі кредиттері/шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және ЕДБ кредиттері бойынша гранттар беру ерекше шарттар бойынша жүзеге асырылатын болады.
      2. Жекеше тәсіл стандартты тәсілден тыс республикалық деңгейде үйлестіруді және қолдауды қосымша мемлекеттік қолдау шараларын талап ететн өңдеуші өнеркәсіптегі басым секторларында ауқымды жобаларды іске асыратын ірі кәсіпорындар үшін қолданылады. Бұл жобалар Индустрияландыру картасының негізін құрауы тиіс. Осы тәсілді пайдалану бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
      Өлшемдері: (а) 14 басым сектордағы қызмет, (б) инвестициялар көлемі 4,5 млрд. теңгеден; (в) өндірілетін өнімнің жалпыға танылған халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі, (г) еңбек өнімділігі, энергия тиімділігі, (д) шикізаттық емес тауарларды өткізу үшін нарықты кеңейту; (е) түпкілікті өнім шығару кезінде ҚҚТ өсетін өндірі; (ж) Бағдарламаның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу.
      Жеке әдісті іске асыру құралы Индустрияландыру картасы болады.
      Қазақстанды индустрияландыру картасы алдағы кезеңде – бұл жаңа индустрияны қалыптастыратын, кластерлерді дамытатын, мемлекеттік қолдау шаралары берілетін 14 басым сектордағы басым ірі инвестициялық жобалар тізбесі.
      Индустрияландыру картасының жобаларын іріктеу процесі итерациялық болып табылады, Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар тізбесі өтінімдердің түсуіне қарай және олардың тісті қарауына қарай жылына бір реттен жиі емес жаңа жобалармен толықтырылуы мүмкін.
      Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу өлшемдеріне мыналар жатады:
      1) салалық басымдылықтар – Индустрияландыру картасының жобалары 14 басым секторлар тізбесіне сәйкес салалық басым Бағдарламаларға сәйкес келуі тиіс;
      2) жобаның ауқымы – Индустрияландыру картасына инвестицияның жалпы көлемі 4,5 млрд.теңгеден астам республикалық деңгейде үйлестіру мен қолдауды талап ететін ауқымды жобалар ғана енгізіледі;
      3) Бағдарламаның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үлесі – жобаны іске асыру Бағдарламаның нысаналы индикаторларына қол жеткізу арқылы Бағдарлама нәтижелеріне тікелей әсер көрсетуі тиіс;
      4) мемлекеттік қолдау шараларына қажеттілік.
      Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын болады.
      Жобаларды Индустрияландыру картасына енгізу бойынша, сондай-ақ келісім жобасының өтініш берушісімен келісім бойынша шешімді Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссия қабылдайды. Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссия жобаның өтініш берушісімен бірлесіп келісім жобасын әзірлеу үшін жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органды айқындайды.
      Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның шешімі бойынша Индустрияландыру картасына басым болып табылмайтын, бұл ретте Индустрияландыру картасының өзге де өлшемдеріне сәйкес келетін өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын жобалар енгізілуі мүмкін. Олар бойынша мемлекеттік қолдау шаралары басым болып табылмайтын өңдеуші өнеркәсіп секторларындағы жобаларды қолдауға арналған Бағдарлама бойынша бөлінетін 20% қаржылық ресурстарды бөлу шеңберінде көрсетіледі.
      Жобалар Индустрияландыру картасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен енгізіледі, онда Үкімет оны іске асыруға жауапты мемлекеттік органның жобаның өтініш берушісімен келісімге қол қоюға өкілеттік береді.
      Келісімге сәйкес мемлекеттік жауапкершілігі мемлекеттік қолдау шараларын уақтылы ұсынуға, жобаның өтініш берушісінің жауапкершілігі – уақтылы пайдалануға беруге байланысты болады.
      Индустрияландыру картасы жобаларының мониторингі Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты негізінде Бағдарламаны басқару кеңсесі шеңберінде жүргізілетін болады.
      Бұдан басқа, Индустрияландыру картасының жобаларына Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты қолдау көрсететін болады:
      1) жобаларды іске асыру кезінде әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұсынымдарды анықтау және ұсыну;
      2) жобаларды іске асырудағы проблемаларды анықтау және осы проблемаларды ведомствоаралық үйлестіру тетіктері арқылы шешу;
      3) жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде салалық сарапшылардың көмек көрсетуі.
      2015 жыл ішінде Индустрияландыру картасын жаңа тәсілдерге көшіру бойынша іс-шаралар өткізілетін болады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген 2010-2015 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасына 2015 жылдан бастап пайдалануға берілуі тиіс жобалар, басым болып табылмайтын секторларда іске асырылатын жобаларды қоспағанда, алдағы жылдарға арналған индустрияландыру картасының шеңберінде іске асырылады.
      Алдағы жылдарға арналған индустрияландыру картасына 2010-2014 жылдары өңірлік индустрияландыру картасына 2015 жылдан бастап пайдалануға берілуі тиіс енгізілген және алдағы жылдарға арналған Индустрияландыру картасының өлшемдеріне сәйкес келетін жобалар енгізіледі.
      2010-2014 жылдарға арналған өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген, 2015 жылдан бастап пайдалануға берілуі тиіс, сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларын талап ететін қалған жобалар Өңірлердің кәсіпкерлікті қолдау карталарының негізін құрайды, олар бойынша іріктеуді және мониторингті жергілікті уәкілетті органдармен бірлесіп өңірлік кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады.
      Өңірлердің кәсіпкерлікті қолдау карталарының жобалары бойынша жалпы үйлестіру және жауапкершілік Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жергілікті уәкілетті органдармен бірге өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға жүктеледі. Жергілікті уәкілетті орган тоқсан сайынғы негізде өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға Кәсіпкерлікті қолдау картасының жобалары туралы ақпаратты ұсынады, оның көшірмесі салалық мемлекеттік органға жіберіледі.
      5. Бағдарламаны іске асырудың тетігі, басқару және мониторингі 
жүктеу 3,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау