ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА
БОЙЫНША ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ
ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
ҚАЛДЫҚТАРМЕН
ЖҰМЫС
ҚАЛПЫНА
КЕЛТІРІЛЕТІН
ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ
ЖАСЫЛ КӨЛІК
Калмыков Д.Е. Жасыл экономика бойынша қысқаша
нұсқаулық.– Қарағанды: ЭкоМұражай, CINEST, 2017 ж. – 32 б.
Аударма: Гульмира Жумадилова
Басылым «Азаматтардың құқықтарын іске асыру
және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер
қабылдауға қоғамдық қатысу – Маңғыстау
облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске
асыру» жобасы аясында дайындалды.
Аталған басылым Европа Одағының қолдауымен дайындалды.
Басылым мазмұнына Қарағанды экологиялық мұражайы мен
Экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы жауапты және
Европа Одағының көзқарасын білдірмейді.
© «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» ҚҰ
© «Жаңа, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы» ҚҚ
ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
ҚАЛДЫҚТАРМЕН
ЖҰМЫС
ҚАЛПЫНА
КЕЛТІРІЛЕТІН
ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ
ЖАСЫЛ КӨЛІК
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА
БОЙЫНША ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.........................................................................................................
5
Бұрынғы «жасыл емес» экономика неліктен қанағаттандырмады?......
7
Жасыл Экономика деген не,
оның адам мен табиғатқа не пайдасы бар?..........................................
10
Жасыл технологиялардың мысалдары..................................................
15
Жасыл Экономикаға көшу үшін заңнаманы өзгерту.............................
21
Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшу туралы шешім қабылдауына
қоғамның қатысуы және ақпаратқа қол жеткізуі..................................
26
Бұл жұмыста кейінде Жасыл Экономика деп аталынып жүрген
қазіргі қоғамның экономикалық құрылымына деген ерекше көзқарас
қарастырылады.
Жасыл Экономика табиғат қорларын ұтымды пайдалану және
оларды сақтау мен қалпына келтіруді қамти алған жағдайда, қоғамның
тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге
бағытталады.
Бұл қысқаша нұсқаулық экономика мен қоршаған ортаны қорғау
мамандарына емес, өмірдегі Жасыл Экономика ұстанымдарын түсініп,
пайдалануды жеңілдету үшін қарапайым адамдарға арналған.
Қойылған мақсаты мен шағын көлеміне қарай бұл жарияланым
академиялық бағытқа, толық әрі қателіксіз пікірге ұмтылмайды. Бұл
нұсқаулық қоғамның басым бөлігін ақпараттандыру- ағарту мақсатында
және Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшуін жеңілдету үшін
дайындалды.
Нұсқаулықта Жасыл Экономикаға көшу әдістері мен жолдарының
сәтті және сәтсіз мысалдары келтіріліп, Жасыл Экономиканы енгізуге
бөгет болатын, қазірдің өзінде бар кедергілер көрсетілді.
Бұл басылымның құрастырылуы мен жариялануы «Азаматтардың
құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша
КІРІСПЕ
5
шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу –Маңғыстау облысында Орхус
конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы аясында, Қазақстан
Республикасындағы Европа Одағының өкілдігінің¹ қолдауымен және
«Arnika - - Center for Citizens' Support»² (Прага, Чехия), «ЭкоМаңғыстау»³
үкіметтік емес ұйымы (Ақтау, Қазақстан), «Қарағанды облыстық
экологиялық мұражайы»⁴ мен Жаңа, экологиялық қауіпсіз техноло-
гияларды енгізу орталығының (Қарағанды, Қазақстан) қатысуларымен
жүзеге асырылуда.
Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудағы көп жылдық
қолдауы мен зор жігері үшін авторлар Arnika үкіметтік емес ұйымының
(Прага, Чехия) қызметкерлері – Martin Skalsky, Jindrizh Petrlik мырзаларға
ерекше алғыстарын білдіреді.
Сонымен қатар авторлар мен құрастырушылар Deutsche
Gesellschaft fur Zusammenarbeit (GIZ)⁵ германиялық қоғамының
халықаралық ынтымақтастық бойынша өкілдері Ilka Starrost, Andre
Fabian, Дана Ермоленок пен Германиядағы ядролық реакторлар
қауіпсіздігі мен Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау мен құрылыс
министрлігіне техникалық көмек көрсетіп отырған Батыс-Балкан елдері,
Орталық және Шығыс Европа мен Орта Азия елдеріндегі климат саясаты
мәселелері бойынша әлеуетті дамыту GIZ аймақтық бағдарламасына
Қазақстан Республикасындағы Жасыл Экономиканы жылжыту мен
дамыту мәселелері бойынша көрсеткен ақпараттық қолдаулары үшін
ерекше ризашылықтарын білдіреді.
6
¹www.eeas.europa.eu
²www.english.arnika.org
³www.ecomangystau.kz
⁴www.ecomuseum.kz
⁵www.giz.de
7
БҰРЫНҒЫ «ЖАСЫЛ ЕМЕС»
ЭКОНОМИКА НЕЛІКТЕН
ҚАНАҒАТАНДЫРМАДЫ?
Бір нәрсенің пайда болып, дамуы үшін, оның біреуге қажет болуы
шарт екендігі баршаға аян. Жай ғана, «еріккеннен» бір нәрсе пайда
болса да, ол ешкімге қажет болмағандықтан, тез жоғалады, сондықтан
біз «ешкімге керек болмағаны ғой» дейміз де қоямыз.
Соңғы жылдары Жасыл Экономика ұғымы қоғамда кеңінен пайда
бола бастағандықтан, бұрынғы экономиканың несі кем? Жаңа
экономика неге қажет, неліктен ол жасыл? Қазіргі бар экономика сонда
қандай түсте болғаны? – деген сияқты маңызды сұрақтардың пайда
болуы заңды.
Қазіргі экономикадан ерекшеленетін жаңа экономиканы құрудың
себептері мен қажеттілігін көп іздеудің қажеті жоқ. Ол үшін кейде
терезеден ешқандай құралсыз қаланы жауып тұрған тұмшаны, яғни
өндірістің, жылыту мен көліктің ластауыштары шоғырланған ауа
қабатына назар салсаңыз жеткілікті. Өндіріс шығарылымдары әсерінен
көз алдымызда өзгеріп жатқан климат, су мен топырақ ресурстарының
ластануы мен жұтаңдануы, жануарлар мен өсімдіктердің мүлдем
жоғалуы, қоршаған ортаның ластануы әсерінен әр түрлі аурулардың
Достарыңызбен бөлісу: |