Жастар саясаты



жүктеу 40,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі40,5 Kb.
#22007

Жастар саясаты
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы жұмыс «Қазақстан Республикасындағы мемлекттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының негізгі бағыттарына негізделеді. Жастар орталығының мақсаты - жастарға дұрыс тәрбие беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу, жастар арасындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында жастар қоғамдық ұйымдарындағы, білім мекемелеріндегі және еңбек коллективіндегі жастарды іс-шараларға тарту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Күршім ауданында халық саны 28823 оның ішінде 14-29 аралығындағы жастар саны - 6424, яғни халық санының 22 пайызын жастар құрайды. Оның ішінде ер балалар -3782, қыздар - 3313. Осылардың ішінде 3250 жас аудан орталығының өзінде тұратын болса, 3220 жас ауылдық округтерде тұрады. Мемлекеттік қызметкерлер саны 110, оның ішінде жастар-25, жалпы кәсіпкерлер саны – 2115, оның ішінде жастар-38, шаруа қожалықтар саны 964, оның ішінде жастар – 17. Күршім ауданы бойынша 12 ауылдық округте 12 жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар жұмыс атқаруда.

Ауданда «Жас Отан» жастар қанаты, «АРС» (ауылдың рухы самғасын) үкіметтік емес жастар ұйымы бар. «Жас Ұлан» ұйымына -2936, «Жас қыран» ұйымына-1314 мүше қабылданды.

«Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар – Отанға!» сияқты бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары іске асырылуда.

Сондай-ақ аудан әкімі жанындағы қоғамдық ұйым, әйелдер, ардагерлер кеңестерімен іс-шаралар бірлесіп атқарылуда.

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын, жастар арасында жұмыспен, тұрғын үймен қамтылу, діни сауаттылық, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс кестесі жасалып, бекітілді.

2015 жылдың 9 айында 6 кездесу, 5 дөңгелек үстел отырысы, 2 акция, 10 спорттық жарыстар, 1 дебат, 2 флеш-моб, 6 мерекелік кеш өткізілді. Барлығы 32 іс-шара өткізіліп, оған 4800-тей жас қамтылды.

ҚР Президентін сайлау 26 ақпан-26 сәуір күндері де іс-шараларға жастар белсене қатысты. «Передай добро по кругу», «Мерейлы отбасы», «Менің елім» атты жастар арасында патриоттық әндер, әскер қатарындағы жастар арасында «Отаныма қызмет етемін» атты патриоттық акция, «Мамыр жеңісі» атты әдеби-музыкалық кеш, спорттық ойындар, жастардың штаб өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды. Сайлау кезінде дауыс берген 18-29 аралығындағы жастар 4680. Сайлау науқанында барлығы 53 шара өткізіліп, оған 4470 жас қамтылды.

«Сайлау», «Сыбайлас жемқорлық», «Дін» туралы жастар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 150 жас қатысты.

2015 жылдың 30 қаңтары күні Жастар орталығы және «Жас Отан» жастар қанаты филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері Корнева Прасковья Дмитриевнаның үйіне барып кездесу өткіздік.

18 ақпан күні Күршім ауданының «Жастар орталығы» ғимаратында «Қазіргі жастар қаншалықты патриот?» атты пікір-сайыс, 19 наурыз күні «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс І конференциясы,








20 наурыз күні Күршім ауданының орталық алаңында «Жастар терроризмге қарсы» атты флэш-моб өтті. Флеш-мобқа «Терроризмге жол жоқ!», «Біз діни терроризмге қарсымыз!», «Экстремизм жақандық мәселе» атты ұрандар, жалаушалар ұстаған оқушылар, жастар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты. Шараға барлығы 100 жас қатысты.

17 сәуірі күні Жастар орталығының ұйымдастыруымен орталық саябақта сенбілік жұмыстары жүргізілді.

2015 жылдың 1 маусымы күні Дүниежүзілік балаларды қорғау күні мерекесі Күршім ауданының барлық ауылдық округтерінде, мектептерде, балабақшаларда, 29 тамыз күні Күршім №4 орта мектебінің кіші футбол алаңында Коституцияның 20 жылдығына орай Жастар орталығының ұймдастыруымен дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен «Жастар» айналмалы кубогі үшін тұрғандар арасында кіші футболдан жарыс өтті.

2015 жылдың 10 қыркүйек күні Күршім аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде «Отбасы» күніне орай Жастар орталығының ұйымдастыруымен іс-шара өтті.

10 қыркүйек күні аудандық кітапханада «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Отбасы-адамзаттың алтын ұясы» атты дөңгелек үстел өтті. 2015 жылдың 19 қыркүйегі күні Спорт модулінде мекемелер мен қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті.

2015 жылдың 28 қыркүйегі күні аудандық Мәдениет үйінде «Бақытты шаңырақ, бақытты ел» атты Отбасылық форум ұйымдастырылды.



Аудандық «Рауан-Заря» газеттерінде «Встреча с ветераном», «Ұлы Отан соғысының ардагері Корнева Прасковья Дмитриевнамен кездесу өтті», «Встреча с воинами-интернационалистами», «Ауған ақиқаты атты кездесу», «О патриотизме и любви к Родине», «Партия тобында өткен кездесу» атты т.б. мақалалар жарық көрді. Аудан әкімінің сайтына 25 мақала берілді. Жастар арасындағы саяси ахуал тұрақты.
жүктеу 40,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау