Сорос-Қазақстан Қорының 20 жылдық қызметі АшыҚ ҚоғАмғА ҚАрАй



жүктеу 3,54 Mb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата14.11.2018
өлшемі3,54 Mb.
#19804
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Сорос-Қазақстан Қоры

Сорос-Қазақстан 

қорының 20 жылдық 

қызметі 

АшыҚ ҚоғАмғА ҚАрАй:


 

М

азМұны

:

Кіріспе



Мәдениет және өнер 

10 

Білім беру



14 

Басқару


18 

Адам құқықтары

22 

БАҚ


26 

Қоғамдық денсаулық

30 

Жаңа стратегия



миССия

Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) – 1995 жылы «Ашық қоғам» институтымен 

құрылған үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Қор миссиясы – Қазақстанда 

ашық қоғам құндылықтарын жылжыту. Қазақстанда өз қызметін бастаған 

уақыттан бері СҚҚ ВИЧ/СПИД індеттерінің алдын алу, шетелде оқуға 

бағытталған стипендиалық бағдарламалар, дебат, сыни тұрғыдан ойлау 

бойынша білім беру бағдарламалары, мәдениет пен өнерді қолдау сынды 

кең ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыру үшін шамамен 70 миллионнан 

астам АҚШ доллары мөлшерінде гранттық қаражат бөлді.

Мұқабадағы сурет: Аңшы мен құс

Фото: Кэвин Фрайер/Getty Images



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

1

«Біздің әлеуметтік институттар 

толық жетілмеген және әрдайым 

жетілдіруді талап етеді. Ашық қоғам 

идеясы да осында жатыр». 

ДжорДж СороС,

  Ашық Қоғам қорларының құрылтайшысы және төрағасы.  



2

ҚұрМетті 

әріПтеСтер Мен 

ДоСтАр!


КіріСпе


СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

3

Б

із үлкен қуанышпен назарларыңызға Сорос-Қазақстан 



қорының мерейтойлық есебін ұсынамыз! есепте қорымыз 

жұмыс жасап келе жатқан жиырма жыл ішінде елімізде Ашық 

қоғамды дамыту жолындағы басты жобалар мен бағыттарға 

қысқаша шолу жасалады. 

осы уақыт аралығында елімізде жас азаматтардың 

үлкен буыны өсті. Біз жастарға шәкірталық бағдарламалар, 

дебаттар мен азаматтық қоғам бағытындағы жобалар 

арқылы қолдау көрсетіп, олардың дүниетанымы мен 

құндылықтық бағыттарына әсер ете білдік.

1995 жылы Ашық қоғам қорларымен құрылған 

қорымыздың бағдарламалары осы уақытқа дейін 

бірқатар стратегиялық өзгерістерге ұшырады. Бастапқы 

бағдарламаларымыз еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы 

жылдары орын алған саяси және экономикалық 

реформалардың қиындықтарын жеңуге көмектесуге 

бағытталды. Қазақстан үшін жеңіл болмаған сол 

жылдары қор гранттары қазақстандық ғалымдар мен 

мәдениет қызметкерлерін қолдап, әлемнің түкпір-

түкпіріндегі әріптестерімен байланыс орнатуға көмектессе, 

шәкіртақылық бағдарламаларымыз көптеген жастарға 

шетелде білім алуға мүмкіндік берді. Бүгінде біздің 

бағдарламалардың стипендиаттары мемлекеттік қызметте 

және бизнес саласында жауапты қызметтерде отыр. 

Қазақстанда құқыққорғаушылардың қозғаласын 

қолдау және күшейту біздің басты мақсаттарымыздың бірі 

болып келеді. Адам құқықтары мәселесіне кең қарайтын біз 

паллиативтік көмек көрсету, инклюзивтік білім беруді енгізу, 

дәрі-дәрмектерге қолжеткізу, сөз бостандығын қорғау және 

сот әділдігіне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша 

бағдарламаларымызбен мақтанамыз. 

Жаңа ғасырдың басы мұнай бағасының өсуімен тұспа тұс 

келіп, елімізге кен орындарын өңдеуден үлкен табыс алуға 

мүмкіндік берді. Бұл ретте, жаңа әлеуметтік-экономикалық 

жағдай қызметімізге жаңа көзбен қарауды талап етті. 

нәтижесінде ашықтықты, есептілікті және лайықты басқаруды 

дамытатын бағдарламалар пайда болды. Біз үкіметке Кен 

табушы орындарының ашықтық бастамаларын жүзеге 

асыруға және бюджеттік есептілікті арттыруға көмектестік. 

Бұл - кен орындарының табыстарын халықтың дамуына 

жұмсау мақсатында жасалды. 

Бүгінде әлем бойынша ашық қоғам үшін оңай емес 

кезең басталды. Діни экстремизмнің, лаңкестіктің 

өсуі, саяси және экономикалық тұрақсыздық ашық 

қоғам қалыптасты деп есептелетін елдердің өзінде 

адам құқықтарының бұзылуына және демократиялық 

құндылықтардан кері шегінуге алып келді. Қазақстан 

сынды демократиялық дәстүрлер мен либералдық 

құндылықтар қалыптасып үлгермеген елдер үшін мүлде 

қиын. Сондықтан біз бүгінде ашық қоғам құндылықтарын 

қорғау мен алға жылжытуды басты міндетіміз деп білеміз. 

Біз Қазақстанды мықты елдер қатарынан көргіміз келеді, 

ал ашық қоғам құндылықтары салтанат еткен қоғам мықты 

болары даусыз. 

Біз  қорда жұмыс істеген әр қызметкермен, 

қамқоршылар кеңесінің әр мүшесімен мақтанамыз. 

Қызметіміздің барлық саласындағы серіктестерімізді 

құрметтейміз. Өкінішке орай, бәрін атап өту мүмкін емес. 

Бірақ біз әрқайсысының азамттық қоғамды дамыту жолында 

қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.

Наргис Қасенова, 

қамқоршылар кеңесінің 

төрайымы

Антон Артемьев,

басқарма  

төрағасы



4

Қазақстан.  

Фото: әділет Смағұлова



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

5

Ашық  


қоғАмғА қАрАй:

Ашық қоғам құндылықтарын қорғай және жылжыта отыра алға ұмтылу




жүктеу 3,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау