«Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу жөніндегі ұсынымдамалар І. Жалпы ережелер



жүктеу 0,7 Mb.
бет1/5
Дата10.12.2017
өлшемі0,7 Mb.
#3742
  1   2   3   4   5

Бекітілді:

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

___________К. Шәмшидинова

2009 жылғы «_____» _________

«Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу жөніндегі ұсынымдамалар

І. Жалпы ережелер

1.1. «Қамқорлық» республикалық акциясы жалпы оқыту айлығының шеңберінде өткізіледі және мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бағытталған.

ІІ. «Қамқорлық» республикалық акциясының мақсаты мен міндеттері

2.1. Мақсаты: Күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ киімінің мектептік керек-жарақтарының) сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.

2.2. Міндеттер:

-міндетті жалпы орта білім алу үшін мектеп жасындағы балаларға жағдай жасау;

-оқумен қамтылмаған немесе дәлелсіз себептермен сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу;

-мектеп жасындағы балалардың сабағын немесе олардың сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспауына ықпал ететін себептерді анықтау;

-жалпыға міндетті білім берумен (жалпы оқыту) қамтамасыз ету саласындағы білім беру органдары мен ұйымдарының қызметімен халықты таныстыру және жалпы оқыту проблемаларына қоғамның назарын аудару мақсатында ақпараттық кеңістікті құру;

- жетім-балалардың, мүгедек балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, материалдық жағдайы төмен отбасыларында тұратын балалардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін шараларды қолдану;

-күнкөрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындауға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға жұртшылықты тарту;

- жалпы оқыту және көмекті қажет ететін білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету проблемаларын шешу үшін білім беру органдары мен ұйымдарының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, жеке және қоғамдық құрылымдармен, меценаттармен және демеушілермен ынтымақтастығын нығайту.

ІІІ. Акцияның ұйымдастырушылары.

3.1. Акцияның ұйымдастырушылар:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

-Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;

-Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары;

-Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері;

-Білім берудің өңірлік органдары мен ұйымдары және басқа мүдделі ведомстволар.

ІV.Акцияның өткізілетін орны мен уақыты

4.1.Акция жылына 1 рет 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында барлық жалпы орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау ұйымдарында өткізіледі.

4.2. Акция үш кезеңде өткізіледі:

1) Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім беру бөлімдері мен басқармаларында жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізуге өңірлік органдарға нұсқау береді;

2) өңірлік білім беру органдары жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу жөніндегі жалпы орта білім беру ұйымдарын нормативтік және есептік құжаттамалардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

3) мәрелік, қорытынды-талдау кезеңі.

4.3. Жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу кезеңдері облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, аудандардың және қалалардың өңірлік білім беру бөлімдерінің бұйрықтарымен анықталады.

4.4. «Қамқорлық» акциясының басталуы мен аяқталуын облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында жетекші БАҚ-тың, телеарналардың және қамқорлық акцияларды ұйымдастыру мен өткізуге зор көмек көрсеткен серіктестердің қатысуымен баспасөз конференциясы нысанында өткізу ұсынылады.

4.5. Акцияның мектептік кезеңінде әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға қатыспайтын немесе жүйелі түрде сабақтарды жіберетін кәмелетке толмағандарды анықтау және оларды мектепке қайтару жөнінде жедел шаралар қабылдау бойынша жұмыстарды күшейту қажет.

V. Акцияның қатысушылары

5.1. Педагогтер, ата-аналар, мектептердің барлық үлгілері мен түрлерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілері; аудандық, қалалық, облыстық білім беру органдарының мамандары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі –ВАК) мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдар мен мекемелер, меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындар, жеке тұлғалар, меценаттар, еріктілер және т.б акцияның қатысушылары бола алады.


VІ. «Қамқорлық» акциясын өткізудің мазмұны мен нысандары

6.1. Акция мынадай нысандар мен әдістерді қолдана отырып мектеп деңгейінде өткізілуі тиіс:

1) Акцияның ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту, оқушылық өзін-өзі басқару, көшбасшылар мен балалар ұйымдарының қатысушыларын тарта отырып, жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау;

2) пәтер бойынша (аула бойынша) тексеруді ұйымдастыру және өткізу, мектептің бекітілген учаскелерінде тұратын 0-ден 18 жастағы балаларды есепке алу;

3) сабақтарға дәлелсіз себептермен бармайтын немесе жүйелі түрде сабақтарды жіберетін балаларды анықтау және оларды мектепке қайтару жөнінде шаралар қабылдау;

4) сабаққа келуіне күнделікті бақылауды ұйымдастыру, дәлелсіз себептер бойынша келмей қалу себептерін жою үшін барлық тиісті шараларды қабылдау;

5) білім алушыларды есепке алу және олардың қозғалысы жөнінде тиісті құжаттамаларды жүргізу және сабақты тоқтатқан немесе оқудан жалтарған балалар туралы білім беруді басқару органдарын, аудандық ВАК-ты уақытылы хабардар етіп отыру;

6) сабақтарды жиі қалдырудың алдын алуға немесе олардың жалпы болу ықтималдығын азайтуға бағытталған төмендегідей жеке алдын алу жұмыстарын өткізу:

- сабақтарды жиі қалдыру себептерін анықтап жою жөнінде білім алушылармен және олардың ата-аналарымен мектептің психо-әлеуметтік қызметін ұйымдастыру;

- оқушылардың білімдеріндегі кемістіктерді жою жөнінде оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарды бастан кешіретін білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру;

5) білім беру органдары мен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны оқудан жалтарған немесе оқудан қол үзген балалар туралы хабардар ету;

6) әлеуметтік қорғалмаған отбасыларды анықтау және оларды тұратын балаларды есепке алуды жүзеге асыру;

7) әлеуметтік көмекке және қолдауға мұқтаж балалар мен отбасылар туралы мәліметтерді акцияның ұйымдастыру комитетіне, білім беру органдарына беру;

8) логотиптер мен плакаттар серияларын (осы ұсынымдамаларға қоса беріліп отырған) пайдалана отырып «Қамқорлық» акциясы туралы ақпараттық стендін дайындау; жалпы оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультативтік көмек көрсету;

9) мұқтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсетуге ниет білдіретін әлеуетті қайрымдылық көрсетушілер мен меценаттарды іздеу жөнінде ұйымдарда, кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде, бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

10) қоса беріліп отырған индикаторлар мен нысандар бойынша Акцияның нәтижелігі мен тиімділігі мониторингін жүзеге асыру; кемшіліктер мен олардың жою жолдарын көрсете отырып, педагогикалық кеңесте Акцияның қорытындыларын талқылау;

11) салтанатты жиындарда, жалпы мектептік ата-аналар жиналысында акцияның белсенді қатысушыларының жүріп өтуі.

6.2. Аудандық, қалалық, облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының деңгейіндегі акциялардың іс-шаралары

1) облыстардың, Астана, Алматы білім басқармаларының жалпы оқыту жөніндегі айлықты және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы бұйрықтарын шығару;

2) ұйымдастыру комитетінің жалпы оқыту жөніндегі айлықты және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру іс-шараларын әзірлеуі және қабылдауы;

3) ұйымдастыру комитетінің бастапқы және қорытынды баспасөз конференцияларын қайырымдылық акциясына қолдау көрсеткен БАҚ-тың, демеушілер мен меценаттардың қатысуымен ұйымдастыру;

4) жалпы оқыту мәселелері бойынша (мектепке қабылдау, оқудан қол үзудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы құжаттарды беру,) халықты ақпараттандыру; акцияның логатиптерімен және сенім телефонының номерлерімен бірге үнпарақтарды, плакаттарды, буклеттерді тарату;

5) акцияның өту барысы туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау (акцияның өту барысы туралы сюжеттерді жергілікті телеарналарда “жүгіртпе жолда”, көрсету, акция, сенім телефондары туралы газеттерде мақалалар жариялау, хабарландырулар ілу);

6) мұқтаж балаларға жалпы оқыту және қайырымдылық көмек көрсету мәселелері жөнінде әлеуметтік педагогтерге, психологтарға, сынып жетекшілеріне, білім беру органдарының мамандарына арналған мастер-кластарды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу;

7) мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қамқорлық» акциясы туралы жарнамалық роликтерді көрсету;


6.3. Акцияның қорытынды-талдау кезеңінің іс-шаралары:

1) қайырымдылық іс-шараларының тиімділігін, білім алуға балалардың құқықтарын қорғау ісінде олардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін анықтау үшін Акцияның қатысушыларына сұраулар, сауалнамалар жүргізу;

2) акцияның қорытындыларын шығару және оларды, кеңестерде, жергілікті атқарушы билік органдарының алқаларында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында талқылау;

3) БАҚ-ты және акцияның белсенді қатысушыларын шақыра отырып баспасөз конференцияларын өткізу;

4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасын «Қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы» ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін хабардар ету.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Балалардың құқықтарын қорғау

комитетінің төрағасы

_____________ Ж. Жүкенов

2009 жылғы «_____» ____________





Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Орта білім департаменті

директорының орынбасары

_____________ Г. Жақыбай

2009 жылғы «_____» ____________




2-қосымша


Жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, зерттеулердің және әдістемелік материалдардың тізбесі.

Қазақстан Республикасының Конституциясына (30-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы Жолдауына (4-тапсырма) сәйкес мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды және мектепке балалардың толық баруын қамтамасыз ету мақсатында:

1. «Білім туралы» ҚР Заңы (1-тармақтың 2) тармақшасы, 2-тармақтың 11, 18, 19, 21) тармақшалары, 3-тармақтың 2, 5, 7, 11, 12, 21, 23, 24) тармақшалары, 4-тармақтың 4, 12, 14, 17, 18) тармақшалары, 6-баптың 5-тармағы; 8-баптың 2-тармағы; 30-баптың 3-тармағы; 31-баптың 1-тармағы; 47-баптың 10,18-баптары; 48-баптың 5,6-баптары; 49-баптың 2-тармағы, 66-баптың 1-тармағы).

2. ҚР Үкіметінің:

-әкімдіктер мен ҚР БҒМ-ді балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз етуді міндеттейтін «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» 1998 жылғы 28 тамыздағы №812;

-«Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы» 2000 жылғы 17 мамырдағы №738;

-білім беру ұйымдарын ашу және балаларды мектепке және үйіне кері апаруды қамтамасыз ету мәселелерін анықтайтын «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1256;

- «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттарды жұмсау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 25 ақпандағы №64 қаулылары;

3. ҚР Білім және ғылым министрлігінің:

1) ҚР ІІМ-мен бірлескен «Оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды есепке алу жөніндегі ведомстволық есептілік нысанын бекіту туралы»; 2001 ж. 29.08/03.09.№701-2645;

2) «Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» 2000 жылғы 10 шілдедегі №708 (2-т. Жалпы білім беретін мектеп – мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың шегінде тегін орта білім алу мүмкіндігін ұсынады; 20-т. – жалпы білім беретін мектептердегі тамақты ұйымдастыру жергілікті билік органдарына жүктеледі, мектепте оқушылардың тамақтануы үшін орын болуы тиіс) бұйрықтары қабылданды.

4. САНДЖ агенттігімен бірлесіп Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қазақстандағы жалпы оқытудың жай-күйіне зерттеу жүргізуінің қорытындылары бойынша басып шығарылған 4 атаудан тұратын «Жалпы оқыту» оқу құралдары:

1) Қазақстанда орта білім алуға баланың құқықтарын сақтау: жетістіктер мен проблемалар (2008 жыл.).

2) Баланың мектептен кетіп қалуы: алдын алу және қайтару (2008 жыл).

3) Орта біліммен балаларды қамту: Мониторинг үшін индикаторлар (2008 жыл).

4) Жалпы оқытулар: институционалдық талдау (2008 жыл).


3-қосымша
Жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру мен өткізуге акция ұйымдастырушыларының ұсынылатын функциялары
Білім басқармасының немесе органдарының өкілдері
-Жалпы оқытуды жүзеге асыруды және мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетуді жүзеге асыру саласындағы заңнамалық-нормативтік және концептуалдық құжаттарды анықтайды.

-Жалпы оқыту және мұқтаж білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша стратегиялық, концептуалдық, бағдарламалық-нұсқаулық, өкімдік құжаттар түрінде төменгі органдарға және білім беру ұйымдарына командалық ақпарат беруді жүзеге асырады.

- Жалпы оқыту және қайырымдылық қызметі бойынша іс-шаралар жоспарлауға, ұйымдастыруға және оларды өткізуге ведомстволық білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетеді.

- Басқаруындағы аумақтарда жалпы оқыту бойынша айлықтың өту барысына жалпы басшылықты жүзеге асырады, нәтижелерді болжайды және олардың жетістіктерінің әдістерін анықтайды.



Білім беру мекемесінің басшысы (мектеп директоры)
- Жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге жалпы басшылықты қамтамасыз етді.

- Жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын нормативтік-құқықтық алып жүруді анықтайды.

- «Қазақстан Республикасындағы 0-ден 17 жасқа дейінгі жастағы балалар мен жасөспірімдерді есепке алу нұсқаулығының» орындалуын қамтамасыз етеді.

-Мектепке бекітілген аумақтарда тұратын балаларды оқытудың барлық нысандарымен қамтуды қамтамасыз етеді.

-Мұқтаж балаларға қаржылық және материалдық көмекті көрсету үшін қаржылық қаражаттарды тартуды қамтамасыз етеді.

-Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бюджеттен бөлінген қаражаттарды бөлуді жүзеге асырады.

-Қайырымдылық мақсатқа жұмсалған қаражаттар туралы және мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтудың жай-күйі туралы уақытылы есеп беруді қамтамасыз етеді.

-Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларды тамақпен және оқулықтармен қамтамасыз етеді.

-Жалпы оқытуды қамтамасыз ету және мұқтаж балалаларға көмек көрсету жөнінде білім беру мекемелері ұжымының қызметін бағалайды.

- Жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы есептік құжаттарды уақытылы беруге бақылауды жүзеге асырады.

- Сабақтарды жиі қалдырудың алдын алуға немесе олардың жалпы болу ықтималдығын азайтуға бағытталған жеке алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады.

- Оқудан қасақана жалтарған, сабаққа қатыспайтын кәмелетке толмағандар, сондай-ақ оқытуға кедергі келтіретін немесе тәрбиелеу мен оқытудан жалтарған ата-аналар туралы білім беру органдары мен аудандық ВАК-ты уақытылы және жедел хабардар етіп отырады.
Мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары

- Жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі бақылау-диагностикалық қызметті жүзеге асырады.

- Мектептің шағын аудандарында тұратын мектеп жасындағы балаларды есепке алу сапасына бақылауды жүзеге асырады.

- Мектептің шағын ауданында тұратын (№1 нысан) 0-ден 18 жастағы балалар контингентін анықтайды.

-Оқумен қамтылмаған немесе 10 және одан көп күн дәлелсіз себептермен сабақтарға қатыспаған балалардың есебін жүзеге асырады, білім беру органына ай сайын №2 нысан бойынша есеп ұсынады.

-Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бюджеттен бөлінген қаражаттарды бөлуге жәрдем көрсету.

- Әлеуметтік қорғалмаған балаларға материалдық көмек көрсету үшін демеушілік қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етеді.

-Мұқтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша білім беру мекемелерінің сынып ұжымының қызметін бағалайды.

- Жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы туралы көрнекі үгіт-насихаттарды (плакаттар, парақшалар, буклеттер) ресімдеуге көмек көрсетеді және ықпал етеді.

-Мониторингтік қызметті жүзеге асырады, білім беру ұйымдарына жалпы оқыту жөніндегі айлықтың және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы есептік құжаттарды №1, №2 нысандар бойынша ұсынады.

- Білім алушылардың сабаққа қатысуына тұрақты күнделікті бақылау мен есепті, сондай-ақ дәлелсіз себептермен сабақтарды қалдырудың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Әлеуметтік педагог
-Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар санатының деректер банкін айқындайды.

-Мектептің әлеуметтік-педагогикалық паспортын ресімдейді.

-Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыстық жағдайын тексереді.

-Қоғамдық ұйымдармен балаларға қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара әрекет етуді жүзеге асырады.

-Мұқтаж балалар үшін киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын, тамақ өнімдерін қабылдау жұмыстарын ұйымдастырады.

-Мұқтаж балаларға ыстық тамақ пен тегін оқулықты қоса алғанда, түрлі материалдық көмек алуға ықпал етеді.

-Жалпы оқыту жөніндегі және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының туралы көрнекі үгіт-насихаттарды (плакаттар, парақшалар, буклеттер) басып шығаруды жүзеге асырады.

-Бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

-Жалпы оқыту жөніндегі айлықтың және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы есептік құжаттамаларды уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

- мектеп психологымен бірлесіп сабақтарды жиі қалдыру себептерін анықтап жою жөнінде білім алушылармен және олардың ата-аналарымен жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастырады.


Сынып жетекшісі

-Бекітілген учаскенің аулалары бойынша тексерісті жүзеге асырады, мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді.

-Бекітілген учаскеде (шағын ауданда) тұратын барлық мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтуды қамтамасыз етеді.

-Материалдық көмекке мұқтаж әлеуметтік қорғалмаған балалардың санаттарын анықтайды.

- Сыныптың әлеуметтік-педагогикалық паспортын ресімдейді.

-Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайын тексереді.

- Ата-аналар жұртшылығының жалпы оқыту жөніндегі айлықты «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізуге қатысуын қамтамасыз етеді.

-№2 нысан бойынша ай сайын есептік құжатты және №1 нысан бойынша жалпы оқыту жөніндегі айлық пен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы есепті директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарына және әлеуметтік педагогке уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

-Мұқтаж балаларға киімді, аяқ-киімді, мектепке қажетті құралдарды, тамақ өнімдерін жинауды ұйымдастырады.

- Пән мұғалімдерімен, мектеп психологымен бірлесіп балалардың білімдеріндегі кемістіктерді жою жөнінде оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындықтарды бастан кешіретін білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастырады.


Ескерту: №1, №2 нысандар қосымшада берілген

Заңды және жеке тұлғалар
-Мектеп әкімшілігіне «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді көмек көрсетеді.

-«Қамқорлық» қайырымдылық акциясының идеяларын тұрғындардың арасында үгіттеуді, меншіктің түрлі нысандарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

-Мектептің әлеуметтік педагогымен және психологымен бірлесіп, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайын тексеруге көмек көрсетеді.

-Билік органдарымен және әлеуметтік институттармен балаларға қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара әрекет етуді жүзеге асырады.


4-қосымша


«Қамқорлық» қайырымдылық акциясының индикаторлары
-Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларды қаржылық және материалдық көмекпен қамтудың үлесі

-Күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларды қаржылық және материалдық көмекпен қамтудың үлесі

-Тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан білім алушыларды қаржылық және материалдық көмекпен қамтудың үлесі

- Акцияларға белсенді қатысушы балалардың үлесі

- Заңды тұлғалардың қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі

- Ата-аналардың қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі

- Педагогтердің қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі

- Бюджет қаражаты есебінен көрсетілген көмектің үлесі

- Демеушілік қаражат есебінен көрсетілген көмектің үлесі

- Ата-аналар қаражаты есебінен көрсетілген көмектің үлесі

- Мұғалімдер қаражаты есебінен көрсетілген көмектің үлесі

- БАҚ-тағы акция туралы жарияланымдардың, хабарлардың, жаңалықтардың, баспасөз конференцияларының саны

- Мектептегі оқуын қайта бастаған акция барысында анықталған балалардың (сабаққа бармаған) саны

- Шеф-мемлекеттік органдарға бекітілген және көмек алған тұрмысы төмен оқушылардың үлесі


5-қосымша


«Қамқорлық» қайырымдылық ақциясының мониторингі




р/с


Индикаторлар

Объектілердің немесе субъектілердің жалпы саны

Іс-шараға қатысушы объектілердің немесе субъектілердің жалпы саны

Үлесті %-ға есептеу

Д бағанындағы санды С бағанындағы санға бөлу және 100-ге көбейту

А

В

С

Д

Е

1

Әлеуметтік қорғалмаған ?білім алушылардың қаржылық және материалдық көмекпен қамту үлесі










2

Күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балаларды қаржылық және материалдық көмекпен қамту үлесі










3

Тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан білім алушыларды қаржылық және материалдық көмекпен қамту үлесі










4

Акцияларға белсенді қатысушы балалардың үлесі










5

Көрсетілген көмектің әртүрлі түрлерінің үлесі










6

Заңды тұлғалардың қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі










7

Ата-аналардың қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі










8

Педагогтердің қайырымдылық акцияларға қатысу үлесі










9

Бюджет қаражаты есебінен көрсетілген көмек үлесі










10

Демеушілік қаражат есебінен көрсетілген көмек үлесі










11

БАҚ-тағы акция туралы жарияланымдардың, хабарлардың, жаңалықтардың саны










12

Мемлекеттік органдардың акцияға қатысу үлесі










13

Акцияның шығарылған және жапсырылған плакаттарының саны










14

Акция барысында анықталған сабаққа келмеген балалардың саны










15

Акция барысында анықталған (сабаққа келмеген) мектеп партасына отырғызылған балалардың саны










16

Шеф-мемлекеттік органдарға бекітілген және мектепке жинау кезінде көмек алған күнкөрісі төмен оқушылардың үлесі










17

Күнкөрісі төмен оқушыларды қамқорлыққа алған мемлекеттік органдардың үлесі











жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау