9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ
7
RÝHANI JAŃǴYRÝ
Мектепте интегралға байланысты есеп-
терді жақсы шығаратынмын. Бірақ уақыт
өте келе бұл білімім қажетсіз бол ғандықтан,
ұмытылып қалды. Бір күні балаларға
арналған энциклопедиядан интегралдың
не үшін керек екенінің мы салмен берілген
оңай түсіндірмесін оқыдым.
Шын мəнінде қиын деген нəрселердің
оңай түсіндірмесі бар екенін барлығымыз
біле бермейміз. Мұны барлық нəрсеге де
қатысты айтуға болады деп ойлаймын. Соңғы
кездері адамның дамуына байланысты оқып
жүрген кітаптарда көп зерттеушілер өз ой-
ларын тек ғылыми тұрғыдан дəлелдеп қана
қоймай, өз тəжірибесі, күнделікті өмірде
болған оқиғалар, оған өздері мен басқа
адамдардың реакциясын сипаттау арқылы
түсіндіріп, түрлі қорытындылар жасап жата-
ды. Сондықтан дəрігерлер немесе əр саланың
танымал мамандары түсінікті тілмен кітаптар
жазып, онысы бестселлерге айналып жатады.
Еуропада немесе АҚШ-та бестселлер болған
кітапты түрлі тілдерге аударады, сол арқылы
олардың танымалдылығы одан сайын арта
түседі. Қазақ тіліне мұндай əдебиеттер тікелей
аударылмайтындықтан, біз оны көбінесе
ағылшын немесе орыс тілі арқылы оқып жа-
тамыз. Солардың біразы квант физикасына
сілтеме жасап, ойларын түсіндіруге тырысады.
Квант физикасы деген тіркестің өзі,
бір қарағанда, түсініксіз жəне қажет емес
болып көрінуі мүмкін. Əрине, ешкім ба-
сын қатырғысы келмейді ғой. Дегенмен
осы тіркесті естігенде əр адам білуге тиіс
нəрселер бар, оның ең бастысы – «бəрі
толқыннан тұрады», «квант физикасы –
сиқыр емес, ол математикалық ережелер
мен принциптерге негізделген» жəне «квант
физикасы теориямен емес, тəжірибелермен
сипатталады».
Квант физикасы мен адамның сана-сезімін
қалай байланыстыруға болады? Сұрақты дəл
осылай қоймаса да, кітабының бірінші та-
рауын «Квант адамы» деп бастаған дəрігер
Джо Диспенза «Breaking the habit of being
yourself: How to lose your mind and create a
new one» кітабында бейсана күші арқылы
өмірді қалай өзгертуге болатынын, адамның
да əлем сияқты энергиядан тұратынын айта
келе, «əр адам өзін тұлға ретінде қалай сезінсе,
бүкіл əлемдік сана да өзін солай сезіне ала-
ды» дейді. Яғни ғаламдық (универсалды)
сана «бəрін көріп тұрады, оған біздің ойла-
рымыз, армандарымыз, əрекеттеріміз жəне
қалауларымыз да белгілі. ...Егер сіз өміріңізде
қатты қиналған болсаңыз, ол сіздің миыңыз бен
денеңізде сақталып қалады да, ойларыңыз бен
сезімдеріңіз арқылы шығады, яғни сіз квант
өрісіне азап пен бейнет дабылын жібересіз, ал
ол сізге соған сəйкес менталды жəне эмоци-
оналды реакцияны қайтарады». Яғни сіздің
ойыңыз «мен қиналып жатырмын» деген
белгі жібергенде, сезіміңіз сол сезімге сəйкес
оқиғаны өзіне тартады, сонымен сіз одан сайын
қиналып, азап шегуге мəжбүр боласыз.
Осыдан мынадай қорытынды жасауға
болады: сіз өзіңізді жамандап, «Менің
қолымнан ештеңе келмейді, жолым бол-
майды, оқуға түспеймін, əдемі емеспін,
мұны үйрене алмаймын, уақытым жоқ,
үлгермеймін» деген сайын, сол ойыңызға
сəйкес нəтиже аласыз.
Адамның бойында өзін-өзі құртатын жа-
ман əдеттер болады. Осы əдеттерді өзгертуге
бола ма? Осы əдеттердің орнына өзіңді да-
мытатын, басқа деңгейге көтеретін əдеттер
қалыптасу үшін не істеу керек?
Дəрігер Диспензаның пікірінше, «осы-
ған дейін өміріңізді өзгерткіңіз келген
əрекеттердің бəрінің сəтті болмауының бір
себебі – ойыңыздың шектелгенінен, мүмкін
сіз тек қана сыртқы жағдайлар өзгеруі керек
деп ойлаған боларсыз». Шынымен өзгеремін
дегендерге Джо Диспензаның кеңестері
былай сипатталады. Бұрынғы сезімдеріңіз
мен ойларыңызды қайта-қайта жаңғырта
бермеңіз, өйткені сіз дəл сондай өмірлік
жағдаяттарды жəне сезімдерді тудырып жа-
тырсыз, сол арқылы бірдей қиындықтарға тап
бола бересіз. Бұрынғы өзіңізден бас тартыңыз,
яғни денеңіздің əр бөлшегі жаттап қалған
сезімдерді басқасымен ауыстыруыңыз керек.
Бұл үшін қоршаған орта, дене жəне уақыттан
асып түсуіңіз керек. Адамның миы үйреншікті
нəрселерді қайталай бергенді жақсы көреді
бір уақытта тұрады, бір жолмен жұмысына
барады, күнде бірдей міндеттерді атқарады,
бірдей адамдармен қарым-қатынасқа түседі,
онымен қоймай өмірінде жаңа бір нəрсенің
пайда болғанын қалайды. Ал ғылымда
дəлелденіп қойылғанындай күнде бірдей
деректерді енгізе отырып, жаңа нəтиже алуға
болмайтынын ұмытып кете береміз. Адам тек
қана ойын емес, сонымен бірге əрекетін де
өзгертуі тиіс.
Əр адамның бойында өзіне ғана тəн
мінез-құлық, жүріс-тұрыс моделі бар. Бірақ
барлық бəле жағымсыз ойлар, кері тартатын
əдеттер, сенімсіздіктен болады. Көбінесе адам
қатты күйзеліс, психологиялық зақым немесе
қайғылы хабар алғанда өзгереді деп жатады.
Бірақ өзгеру үшін тек қана қиындық пен азап
не қайғы-қасіретті күтіп отыруға болмайды,
олар келсе, сіз онсыз да өзгересіз ғой.
Бұл айтылғандар оңай жəне түсінікті
нəрселер сияқты. Дегенмен оны түйсіну жəне
жүзеге асыру оңай болмай тұр. Сондықтан
өзгеру үшін, əсіресе, жаңа тіл үйренуде,
спортпен айналысуда, өз кəсібіңізді ашу-
да, саламатты өмір салтын ұстануда бар
ерік-жігеріңізді салыңыз. Адам барлық
нəрсеге бейімделетін жəне дағдыланатын
болғандықтан, өзімізді тек қана жақсылыққа,
кеңдікке, тапқырлыққа, саналылыққа тəр-
биелейік.
Бақытгүл
САЛЫХОВА,
педагогика ғылымдарының
кандидаты
Қиын мен оңай
Балнұр ҚЫДЫРБЕК,
композитор,
Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты,
Қазақстан
Композиторлар
қауымдастығының
трайымы
1979 жыл. Мəскеуде Ком-
по зиторлар одағының съе-
зі өтіп жатыр. Кешкі ас үс-
тінде Еркеғали Рахмадиев мені
шақырып алып «Гауһар тасты»
кім шығарды, білесің бе?», деді.
Тыңдаған кон церт терге, жал-
пы съезге бұл сұрақтың қандай
қа ты сы барын түсінбедім.
«Гауһар тастың» авторы Сегіз
сері. Алматыға барған соң
сұра, іздестір», деді. «Мен му-
зыка зерттеуші емеспін ғой,
со ларға неге айтпайсыз?» деп
едім, «Олар не білуші еді»
деп қолын бір сілтеді. Əрине
ха лық əні делініп жүрген
əр шығарманың негізінде
нақтылы автор тұрғаны түсі-
нікті, бірақ Еркеғали əкей
неге бұл аманатты маған жүк-
тегенін түсінбедім. Деген мен
Сегіз сері туралы мəлі мет іздей
бастадым.
Арада біраз уақыт өтті.
Тəуел сіздік туы тігілді, жа-
сырын сырлар ашыла бас-
тал ды, Алашорда ақталды.
«Гауһартас» Сегіз серінің əні
деп айтыла бастады, бірақ
бəрі сонымен-ақ шектелді.
1998 жылы «Қазақ энцикло-
педиясын» шығару тура-
лы Үкімет қаулысы шықты.
Энциклопедияның бас ре-
дакторы «Егемен Қазақстан»
газетіне берген сұхбатында
«Қазыбек бек Тауасарұлы мен
Сегіз сері сияқты жұмбақтар»
басылымға кірмейді деп кесіп
айтты. Қайран Сегіз бабам!
Бар лық қазақ əнін салатын
Сегіз аты қоғам өмірінде атал-
майтындай соншама не іс теп
еді деген ой маза бермей та-
рихқа үңілтті.
Тəуелсіздік алған соң қа-
зақтың XVII-XVIII ғасыр-
дағы өмірінің шымылдығы
ашылып, қазақ-қалмақ со-
ғысындағы батырлар аты, ер-
лігі бүгінгі ұрпақпен қауыша
бастады. Ал келесі ХІХ ғасыр
туралы не айтуға болады?
Келімсектер кекетіп айта-
тын «қазақтың көп батыры»
сарқылып қалған ба?
Қазақ тарихы бір-ақ мақ-
сатқа толы, ол – тəуелсіз ел
болу. ХІХ ғасырда ұлт- азаттық
қозғалыстың ор та лығы елдің
батысына ауы сады. Сырым
Датұлы бас таған қозғалыстан
бастап ХХ ғасырдың 16-жылғы
дүрбелеңіне дейін қазақ
жерінде талай толқу өткен.
Есет Көтібарұлы басқарған
соғыс, Бөкей төңкерісі, Адай
қозғалысы, Кенесары жо-
рықтары – бəрі бізге айтыл-
май жасырын қалған. Жасыра
ал маған Исатай-Махамбет
кө терілісінің өзі ұлт-азаттық
қозғалыс делінбей, біз оқыған
тарихта «шаруа соғысы» деп
қана сипай қамшыланды. ХІХ
ғасыр шайқастары да, оған
қатысқан батырлар есімі де
жасырын қалған. Мұхамед-
Қанапия Бахрамұлы Шақ-
шақов тың (Сегіз сері) аты
атал мауы да бодан елдің бір
қа сіреті еді. Сөйтіп Сегіз се рі
бір жарым ғасыр бойы саясат
құр баны болып келді.
Ежелден қазақ музыка сы
екі жолмен дамыды. Аспап-
та орын далатын дүние ні
«күй» деді, дауыспен айта-
тын ды «əн» деді. Бүгінде де
сол үрдіс жалғасып жатыр.
Қорқыт, Кетбұға күй ле рі біз -
дің оркестрлік туынды лар -
дың негізі десек, романс, хор,
кантата Майқи би за ма нынан
келе жатқан əн жалғасы. Қазақ
жерінде музыка өнерінің ең
шарықтаған кезеңі ХІХ ғасыр
болды. Күй атасы Құрманғазы
десек, əн атасы Сегіз сері
деп санау керек. Сегіз сері
шығарған дү ние лер Ақан
сері, Жаяу Мұ салардан бастап
бүгінгі бізге дейін бүкіл кейінгі
ұр паққа көрсеткен бағыт, са-
лып кеткен даңғыл жол болды.
Əйгілі 16 əнді қазақ музыка
өнеріндегі 16 шың дейміз.
Бүгінгі күнде сал-сері де-
генде көз алдыңа үкілі бө рік
киген, қолына домбыра ұс-
таған бейне келе қалады. Ал
ХІХ ғасырдың ортасына дейін
сал-серілердің негізгі аспабы
қобыз болған. Сегіз сері де
əнін қобыз сүйемелдеуімен
айтқан. ХІХ ғасыр соңына
қа рай əншілік домбыра сүйе-
мелдеуіне қарай көшіп, ал қо-
быз жеке орындаушылыққа
шық қан. Себебі қобыз ас па-
бын жасау қиын, қо быз ды
меңгеру де қиын. Ком по-
зитор дүниелеріндегі əуеннің
қиылған иірімдері, мажорлық
мақамы сияқты музыкалық
элементтер Сегіз серінің
қобыз орындаушылық дəстү-
рін жалғастырған Ықы лас
Дүкенұлы шығарма шылы-
ғының да негізі болып келеді.
Композитор ретінде Се гіз
серіні классикалық қа зақ əнінің
негізін қалаушы ре тінде санай-
мыз. Олай дей тініміз, бүгінгі
бізге жеткен қазақ əнінің
музыкалық пішіні толайым
Сегіз шығарма шылығында
қалыптасып, тұрақталған.
Əлемдік музыка теориясы-
на сүйене айтсақ, мұны екі
бөлімді қарапайым форма
дейді. 11 буынмен жазылған,
екі мəрте қайталанатын музы-
калық сөй лемнен тұратын
бас ты шумақ жəне мүлдем
ұқ са майтын, 5-6-7 буынмен
шыға рылған қайырмасы. Қа-
зір бұл схема өз-өзінен түсі-
нікті көргенімен, кезінде əн
жанрына жаңашылдық болып
кірген. Сегізден бұрын мұн-
дай көлемді қайырма қол-
данылмаған.
Барлық синкретті өнер
иел ері сияқты, Сегіз əндерінің
алғашқы орындаушысы өзі
болды. Шығармаларын тал-
дап отырып байқайтынымыз:
сері атаның дауыс диапа-
зоны мейлінше кең болған
драмалық баритоннан дра-
малық тенорға дейін. Дем
алу барысы да ауқымды.
Мə селен, бейтаныс əншінің
орын дауында «Гауһартасты»
тың даған кезде, əсіресе «сəу-
лем-ау» деп əн əуені кө те-
рілген кезде «əншінің демі
жетпей қала ма, əлде дауы сы
жетпей қала ма» деген қа уіп
өз-өзінен пайда болып тұ-
рады. Осы қасиеттер кейін
шə кірттері Біржан сал, Жаяу
Мұса шығармашылығында
жал ғасын тапқан.
Ел есінде тек өзіне тəн
ерек шелігі бар, шынайы да-
рын иелері сақталып, ел мақ-
танышы атанады.
Қазір не көп – əн көп, əн шы-
ғарушылар да көп, орындау-
шылар да көп. Айтылып ұмы-
тылған əн, айтылмай жа тып
ұмытылған əн, оны орын даған
ұмыт болған əнші, жан бай жа-
тып сөніп қалған жұл дыздар...
«Осындай да əн бола ма!?» деп
ренжіген ата-апайларға ай-
тарым «шыдай тұр, əрі кетсе
бес жыл ішінде біржола жоққа
шығады». Бұл жағдайдың
себебі, авторлардың 99 па-
йы зы техника жетістігін пай-
даланған, білімі жоқ əуесқой.
Əр əуесқой өз-өзіне деген
сүйіс пеншілігі мол, мүлдем
сын көтермейтін өркөкірек.
Бүгінгі «қазақ əні» дегеннің
бə рін қазақша қылып тұрған
мə тіні. Əуенін басқа тілдегі
мə тінмен айтса, сол елдің əні
болып шыға келеді. Сүйе-
мелдеу гармониясының да
қа заққа үш қайнаса сорпасы
қосылмайды. Қазақ əуезінің
гармониясы домбыра-қобыз
бұрауынан шығады, негізі
кварта-квинта. Ал біз күнде
естіп, құлақты жеп жүргеннің
бəрі еуропалық минор ак-
кордтарымен сүйемелденген,
оның үстіне басым көпшілігі
үш буынды вальс екпінімен
жасалған əрі бір-бірінен су дың
екі тамшысындай айнымайды.
Бүгінгі секіріп, билеп ай-
ты латын əннің бəрі эстрада
сүйемелдеуінде жасалып, тек
қана эстрада екпінімен тың-
дала алады. Ал нағыз əн түр-
лі – эстрадалық, класси ка-
лық мəнерде болсын, оркес-
трлік əлде домбыра-қо быз
сүйемелдеуінде, тіпті сүйе-
мелдеусіз құр дауыспен айт-
қан да да өз құндылығын жо-
ғалт пайды. Сегіз сері, Ақан
се рі, Біржан сал, Жаяу Мұ са
шы ғар маларының дені сондай.
Мəселенің мəн-жайын те-
рең зерттемей, білмей, шолақ
пікір айтатындар қатары да
бар шылық. Маған «Ақерке»
Сегіз серінің əні дегендер де
болды. Мұхамед-Қанафия
Кіші жүздің жиеншары
екенін, талай жыл елдің ба-
тысында жүргенін бəріміз
білеміз. Исатай-Махамбет кө-
т ерілісіне қатысқаны да жасы-
рын емес. Сол тұста, бəлкім,
за мандастары Құрманғазы,
Дəу леткерейлермен де қарым-
қа тынаста болған шығар. Ба-
тыс Қазақстан музыкасына
қа нық болғаны анық. Бірақ
«Ақерке» де, «Жылы ой» да,
«Япур-ай» да Сегіз серінің əні
емес. Бұларда əуен құрылысы
басқа, метро-ритмикасы өз-
геше. Сегіз тек өзіне тəн сти-
лі нақтылы, мəнері анық ав-
тор. Əрине композитордың
та лай туындысы қолды бо-
лып кетті, бірақ оларды өзін-
дік авторлық стиліне сəй-
кес келген жерден іздеу ке-
рек. Бұл тиянақтылықты,
та бандылықты тілейтін
ғалымдардың жұмысы. Ал
бүгінгі күнде Қазақстанда
өнер тану ғылымы кенжелеп
қалды деуге де келмейді,
өнертану ғылымы мүлдем
жоқ. «Олар не білуші еді»
деп Рах ма диевтің қол сілте-
генінен бері 40 жыл өтті. Еш-
теңе өзгерген жоқ. Өзгелерді
былай қойғанда, дипломын да
мамандығы «музыка зерт теу-
ші» дегендердің өзі де компо-
зитор Сегіз серіден бей хабар.
«Жақсы əке жаман балаға
қырық жыл азық» дейді қазақ.
ХХ ғасырда дүниеге келген
қазақ академиялық музыкасы
үшін Сегіз сері нағыз жақсы
əке болды. Сегіз əндерінің
не гізінде опералық ариялар,
кон церттік хорлар жазылды,
Сегіз əуендері симфониялық,
ка мералық шығармалардың
бас ты тақырыбы болып алын-
ды. Кейде «сегіз қырлы, бір
сырлы» деген мақал, бəл кім,
Сегіз серінің атынан туын-
даған шығар деп те ойлаймын.
«Болашаққа бағдар: руха-
ни жаңғыру» мақаласында
Н.Назарбаев былай деген: «Əр-
бір жер атауының төркіні ту-
ралы талай-талай аңыздар мен
əңгімелер бар. Əрбір өл кенің
халқына суықта пана, ыстықта
сая болған, есім дері ел есінде
сақталған бір туар перзенттері
бар». Алай ормандарында
туып-өскен сондай перзенттің
бірі – Сегіз сері. Сондықтан
да ұлы композитордың 200
жылдық мерейтойын қа-
сиетті Солтүстік Қазақстан
же рінде бастап отырмыз.
Бірақ Сегіз сері бүкіл қазақ
мақтанышы, ұлттық асыл
мұра. Кезінде Мұхамед-Қа-
напия Бахрамұлы өз бабасы
Қожаберген Толыбайұлы,
нағашысы Сырым Датұлынан
қалған аманатты толық орын-
дады, бар өмірін, жан-тəнін
Қазақ елінің, Қазақ жерінің
тəуелсіз мемлекет болуына
арнады. Бабалар армандаған
тəуелсіз мемлекетте өмір сүру
бізге бұйырыпты, Сегіз серінің
əн аманатын бүгінгі Алаш
ұрпағына жеткізу – парызы-
мыз.
«Ажарың ашық екен атқан таңдай»
Сегіз серінің туғанына – 200 жыл
––––––––––––––––––––––––––––––––––
1958 жылы Қазақ те-
левизиясы жарыққа
шықты. Теледидардан
күнде 20 минуттық
бір-ақ концерт кр-
се тетін. Күнде тың-
да ған соң, әрине, сол
концертті толайым жатқа білетінбіз. Сол
бейнематериалдағы ән-би ансамблінің ер-
лер тобы тізерлеп отырып «Ай қабақ, ал-
тын кірпік, қызыл ерін» деп ән салғаны
әлі кз алдымда. Кейін музыка мектебінің
бастауыш класында оқып жүргенде папам
Латиф Хамиди нотаға түсірген «Илигай» мен
«Ақбақайды» сыйлады. Үйге келген қонақтар
«Ғайни», «Қарғаш», «Алқоңыр» әндерін
қосылып айтатын. Тек қана «Гауһартасты»
Бибігүл апайдан басқаның айтқанын жа-
ратпайтынмын. Барлық қазақ білетін бұл
әндердің авторы бір жарым ғасыр бойы жал-
пы жұртшылыққа беймәлім еді, ал нақтылы
білетіндер үндемеді. Неге екенін уақыт те
түсіндік.
––––––––––––––––––––––––––––––––––
Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
Осы орайда Тараз қаласында
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Төр тінші өнеркəсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүм-
кін діктері» атты Жолдауын іске
асы ру аясындағы туризмді дамы-
ту мəселелері бойынша еліміздің
Мəде ниет жəне спорт министрлігінің
ұйым дастыруымен Жамбыл облы-
сы аумағында орналасқан «Ежелгі
Тараз ескерткіштері» қорық-му-
зейі не қарасты «Ақыртас» кеше-
нін де республикалық бұқаралық
ақпарат құралдары өкілдеріне ар нал -
ған баспасөз конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – елі міз-
дегі туризмді дамыту, тарихи, киелі
ескерткіштерді зерттеу жəне наси-
хаттау болып табылады. Мəдениет
жəне спорт министрі Арыстанбек
Мұхамедиұлы төрағалық еткен
конференция жұмысына Жамбыл
облысының əкімі Асқар Мырзахметов,
«Қазақстан Темір жо лы» Ұлттық ком-
паниясы» АҚ-ның өкіл дері, елімізге
танымал ғалымдар мен республикалық
бұқаралық ақ па рат құралдарының бас-
шылары қа тысты.
Жиын барысында ЮНЕСКО-ның
Бүкілəлемдік мұралар тізіміне жəне
Қазақстанның жалпыұлттық маңызы
бар киелі жерлерінің тізіміне енген
«Ақыртас» кешенін жəне Жамбыл
өңіріндегі өзге де тарихи нысан-
дарды туристік орталыққа айнал-
дыру мəселесі талқыланды. Жалпы,
«Ақыртас» кешені бір жарым ғасырға
жуық уақыт бедерінде зерттеліп
келеді. Енді аталған кешенді өзіміз та-
нып қана қоймай, өзгелерге де таныту
мақсатында кешен аумағын туристік
орталыққа айналдыру мəселесі
күн тəртібінде тұр. Осы мақсатта
Мəдениет жəне спорт министрлігі,
Жамбыл облысының əкімдігі жəне
«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық ком-
паниясы» АҚ үшжақты меморандумға
қол қойды.
Сонымен қатар «Ақыртас» кеше ні-
нің Сапар орталығында «Ежелгі Тараз
ескерткіштері» қорық-музейінің
жылжымалы «Рухани жаңғыруға –
1 жыл» атты көрмесі өтіп, көрмеге
облыс аумағындағы тари хи орындар-
да жүргізілген археологиялық қазба
жұ мыстары барысында табылған
жəдігерлер қойылды.
Жамбыл облысы
Таразды туристік орталыққа айналдыру қажет
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Жамбыл облысы – тарихи-мәдени нысандарға бай лкенің бірі. Ежелгі
Тараз тарихының зі – адамзат тарихымен астас рухани құндылық.
Бүгінгі таңда ңірдің әлеуетін арттыру, экономикасын ктеру, отандық
туризмді дамыту мақсатында кне улиеата аймағын туристік орталыққа
айналдыру жұмыстары қолға алынуда.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
НАҒЫЗ ӘН ТҮР ЛІ – ЭСТРАДАЛЫҚ, КЛАССИ КА-
ЛЫҚ МӘНЕРДЕ БОЛСЫН, ОРКЕС ТРЛІК ӘЛДЕ
ДОМБЫРА-ҚО БЫЗ СҮЙЕМЕЛДЕУІНДЕ, ТІПТІ
СҮЙЕ МЕЛДЕУСІЗ ҚҰР ДАУЫСПЕН АЙТ ҚАН ДА ДА
ӨЗ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖО ҒАЛТ ПАЙДЫ. СЕГІЗ СЕРІ,
АҚАН СЕ РІ, БІРЖАН САЛ, ЖАЯУ МҰ СА ШЫ ҒАР-
МАЛАРЫНЫҢ ДЕНІ СОНДАЙ.