2
9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ
SAIASAT
––––––––––––––––––––––––––
Үкімет үйінде Премьер-Ми ни стр
Бақытжан Сағынтаев эко но-
микалық сім, еңбек нім ді лігі,
инвестициялар тарту, жұ мыспен
қамту және жаңа жұ мыс орын-
дарын ашу бойынша 2018 жыл ға
арналған мақсатты кр сеткіштерге
қол жеткізу мәсе лелері жніндегі
жұмыс кеңес те рінің топтамасын
бастады, деп хабарлады Премьер-
Министрдің баспасз қызметі.
–––––––––––––––––––––––––
Бес бастама
жөнінде кеңінен
ақпарат берді
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Елбасы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы
халықтың қызығушылығын оятып, баянды істердің
бастауына айналып отыр. Парламент депутаттары
осы оң згерістерді түсіндіру мақсатында ңірлердегі
сайлаушыларымен мәнді кездесулер ткізді.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі
жəне құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий
Ким Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің
басшылығы жəне жеке құрамымен кездесті. Сенатор поли-
ция қызметкерлеріне Мемлекет басшысының бастамаларын
жүзеге асыру тетіктері жайында ақпарат берді. Сонымен
қатар Сенаттың заң шығару қызметінен хабардар етті.
Осы орайда облыстық ішкі істер департаментінің
бастығы Мергенбай Жаппаров Президенттік бастамалар-
да көтерілген жеңілдетілген ипотекалық несиелер ішкі
істер органдары қызметкерлері үшін айтулы жаңалық
болғандығын атап өтті. Өйткені полицейлер арасында
баспанаға зəру қызметкерлер жеткілікті.
Сондай-ақ сенаторлар Георгий Ким, Сəуле Айтпаева
жəне Дулат Құсдəулетов облыстың Осакаров ауданын-
да болып, жергілікті активпен, аудандық мəслихат депу-
таттарымен, прокуратура, сот жəне өзге де құқық қорғау
органдарының өкілдерімен кездесті.
* * *
Алматыда сенаторлар Динар Нөкетаева мен Нұржан
Нұрсипатов «Қазақстан теміржолы» акционерлік
қоғамының локомотив депосы мен басқа да бөлімшелері
қызметкерлерінің алдында əр отбасына тұрғын үй сатып
алудың жаңа мүмкіндіктері, еңбекақысы төмен адамдар
үшін салық ауыртпалығының азайтылуы, сондай-ақ жоғары
білім алудағы жеңілдіктер мен студенттік жатақханалардың
салынуына байланысты кеңінен əңгімелеп берді.
Депутат Н.Нұрсипатов теміржолшыларды шағын несие
беру көлемінің артуы мен еліміздің орталық жəне солтүстік
өңірлерін газбен қамтамасыз етудің келешегі жайында
хабардар етті. Кездесуге Мəжіліс депутаты Шаймардан
Нұрымов та қатысты.
* * *
Сенат депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман
Төреғалиев Орал газ, мұнай жəне салалық технологиялар
колледжінде болды.
Қазір бұл оқу орнындағы 2400 оқушының басым бөлігі
шалғай ауылдардан келіп оқиды. Сондықтан олар үшін бас-
пана мəселесі маңызды болғандықтан, Президенттің баста-
масына сай жатақхана салу жоспарланып отыр.
– Біз Елбасының бес əлеуметтік бастамасын іске асыруға
бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Сол кезде бұл мəселе
толықтай шешіледі деп сенемін, – деді Н.Төреғалиев.
Сенаторлар елімізде білікті мамандарға сұраныс жоғары
екенін, сондықтан мемлекет тарапынан жастарға қосымша
гранттар бөлінетінін айтты.
* * *
Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов
Теміртау жоғары политехникалық колледжі студенттерімен
жəне оқытушыларымен кездесті.
Ол студенттерге Мемлекет басшысының бес əлеуметтік
бастамасының мəн-маңызын жан-жақты түсіндіріп,
қойылған сауалдарға жауап берді.
Шараға қатысушылар колледж түлектерін жұмысқа ор-
наластыру, қажет мамандар деректері енгізілетін бірыңғай
база құру, оқытушылардың біліктілік дəрежелеріне жəне
тəжірибелік жұмыстарына қосымша ақы төлеу мəселелеріне
де назар аударды. Студенттер мен мұғалімдер Теміртау
қаласының экологиясына байланысты өзекті мəселелерге
алаңдаушылық білдірді.
Сенатор бұл мəселені шешу үшін жұмыс тобын құруды
ұсынды.
* * *
Мəжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракция-
сы ның мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс
са пары аясында Аққайың, Қызылжар жəне Мамлют аудан-
д а рына барды. Халықпен кездесулерде мəжілісмендер
Президенттің бес əлеуметтік бастамалары туралы айтып,
ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап берді, сондай-ақ
бірқатар кəсіпорындардың жұмысымен танысты.
Атап айтқанда, Айзада Құрманова жəне Айгүл Нұркина
Қызылжар ауданына сапары барысында «Зенченко жəне
К» коммандиттік серіктестігінің ұжымымен кездесті.
Кəсіпорын ет жəне сүт өнімдерін өндіруге жəне сатуға ма-
ман данған əрі асыл тұқымды мал шаруашылығымен де
ай налысады.
Ал Мамлют ауданы Воскресеновка селосында депу-
таттар Светлана Бычкова жəне Жəмилə Нұрманбетова
ауданның бірқатар шағын жинақты мектептерін біріктіретін
ре сурстық орталыққа барды, сондай-ақ педагогикалық ұжы-
мымен кездесіп, білім беруді дамыту жəне бес əлеу меттік
бастамаларды іске асыру мəселелерін талқылады.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар қосымша
бөлінетін гранттар есебінен білім берудің сапасын жақсарту
жайына да тоқталды. Бұдан басқа, елімізде салынатын 75
мың орындық жатақхананың 2300-і Солтүстік Қазақстан
облысында бой көтеретіндігі белгілі болды.
Аққайың ауданында депутаттар Қанат Мусин мен
Александр Суслов жергілікті ауыл шаруашылығы тауа-
рын өндірушілерімен шағын несиелендіру мəселелерін
тал қылады. Кездесуде олар ауыл кəсіпкерлігін дамытудың
ма ңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ Қиялы аграрлық
колледжінің жұмысымен танысты.
* * *
Ал Мəжіліс депутаттары Бақытгүл Хаменова, Ирина
Унжакова, Тарас Хитуов пен Геннадий Шиповских
Маңғыстау ауданының Шетпе кентінде орналасқан «Каспий
Цемент» зауыты ұжымымен кездесті. Бұл зауыт неміс тех-
нологиясы бойынша «Хайдельберг» маркасымен цемент
шығарады. Ол – өндіріс кезінде құрғақ бор пайдаланатын
əлемдегі алғашқы зауыттардың бірі. Өндірістік қуаты жы-
лына 800 мың тоннаны құрайды. «Каспий Цемент» зауыты
аймақтың экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді.
Жергілікті тұрғындардың 60 пайызы осында жұмыс істейді.
Кездесуде жұмысшылар депутаттарға өздерін толған-
дырған сұрақтарды қойып, пікір алмасты.
* * *
Мəжілістегі «Халық коммунистері» фракциясының
мүшесі Тұрғын Сыздықов Астана қаласында ІІМ төтенше
жағдайлар департаменті ұжымымен кездесті.
Депутат өрт сөндіру бөлімінің қазіргі тыныс-тіршілігімен
танысып, заманауи техникалық қондырғыларға назар ау-
дарды. Құрылымның жеке құрамымен кездесу барысында
Елбасының бес əлеуметтік бастама əңгімеге арқау бол ды.
Сонымен қатар техникалық жарақтандыру мен қыз мет-
керлердің əлеуметтік жағдайын жақсарту тақырыбы да на-
зардан тыс қалмады.
ТМД аясындағы ықпалдастық
Минскіде талқыланды
Серік БДІБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Жиынды ашқан Əлеуметтік-
мəдени даму жəне ғылым коми-
те тінің төрағасы Бірғаным Əйті-
мо ва Елбасы Н.Назарбаевтың
«Төртінші өнеркəсіптік револю-
ция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» атты Қазақстан
халқына Жолдауында қамтылған
үздік денсаулық ісі жəне дені сау ұлт
бағытына тоқталды. Парламенттік
тыңдауда Президенттің тапсырма-
сы бойынша қазақстандықтардың
өмір сүру ұзақтығын арттырып,
өлім деңгейін төмендету, ана
мен бала денсаулығын қорғау
мəселелеріне ерекше мəн берілді.
Жиында сөз алған Сенат
Төр ағасы Қасым-Жомарт Тоқа-
ев елімізде денсаулық сақ тау
мəселелері басты назарда тұр-
ға нын, заңнамалық база қа лып -
тас тырылғанын, саланы қар-
жы ландыру айтарлықтай арт-
қан ын атап өтті. Соған сəйкес,
нау қастарды емдеуде қымбатқа
түсетін стационарлық емге қара-
ғ ан да негізінен аурудың алдын
алуға бағытталған шараларға ба-
сымдық берудің, ауруды уақ-
тылы анықтау мен емдеуді қам-
та масыз ететін жаңа технология-
лар ды енгізудің маңызы зор екен-
дігіне тоқталды. Алайда бұл жетіс-
тіктерге қарамастан, құзырлы
органдар қаперде ұстайтын мəсе-
ле лер жетерлік.
– Президент медициналық кө-
мек көрсетудегі мемлекеттің мін-
деттемелерін қайта қарастыру
қа жеттігін бекерден-бекер атап
өт кен жоқ. Мəселе тегін меди ци-
налық көмектің кепілдік берілген
көлемінің нақты сипатқа ие бола
алмай отырғандығында. Тегін
жəне ақылы түрде көрсетілетін
медициналық қызметтің аражігі
айқын болмағандықтан, тұрғындар
тарапынан қосымша төлем жасау
жағдайлары орын алуда. Бас қаша
айтқанда, медицина сала сын да
көрсетілетін ақылы қыз мет тердің
көлемі біртіндеп артуда. Сон-
дықтан медициналық көмек тің
қай түрінің ақылы жəне қай тү-
рінің кепілдік берілген көмекке жа-
татындығы тұрғындар үшін ай қын
əрі түсінікті болуы керек, – деді
Сенат Төрағасы.
Қ.Тоқаев сонымен қатар соңғы
жылдары сатып алынған замана-
уи технологияларды пайдалана-
тын мамандардың тапшылығына
алаңдаушылығын білдірді. Кадр-
дың болмауынан бағасы қымбат
əрі қат құрылғылар кейбір емдеу
ме кемелерінде құр босқа тұрған-
ды ғын ескертті.
Айналып келгенде, дəрі гер-
лердің кəсіби деңгейі мен тиісті
дə режеде ынталандырудың
азды ғы нан пайда болатын
басқа да кемшіліктер əлі көп.
Сенат Төрағасы соның ішінде
кадр тапшылығын жою жəне
қателіктерге жол бер меу маңызды
екендігін жет кізді.
– Елімізде медициналық жоға-
ры оқу орындары жыл сайын
4000-нан астам маманды дая р лай -
тынына қарамастан, осы сала да,
əсіресе ауылдық жерлер де бай-
қа лып отырған маман тап шы-
лығы бізді алаңдатады. Олар дың
кəсіби дайындығының сапасы да
мəселе туындатуда. Кейбір жекеле-
ген сараптама нəтижесіне сəй кес,
медициналық жоғары оқу орын-
дарын бітіруші түлектердің əрбір
төртіншісі ғана таңдаған маман-
дығы бойынша қызмет етуде. Ме-
ди циналық жоғары оқу орындары-
на қабылданатын сту дент тердің
санына емес, олар ды дайындаудың
сапасына көбі рек көңіл бөлген жөн.
Елбасы ме ди циналық сақтан ды руға
өту бой ынша дайындық жұмыс-
тарын мұқият өткізуді тапсырды.
Естеріңізде болар, міндетті меди-
ци налық сақтандыруды енгізген
кезде көптеген олқылықтарға жол
берілген болатын. Ендігі ке зек-
те бұл жұмыстың тиісті дең гей де
орындалуын қамтамасыз ету қажет,
– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мұнан соң баяндама жасаған
Денсаулық сақтау министрі
Елжан Біртанов аталған салада
Елбасы Жолдауында жүктелген
міндеттер бойынша жүйелі жұ-
мыстың жолға қойыл ған дығына
тоқ талды.
Министрдің айтуынша, Пре-
зи денттің тапсырмалары негізін-
де дəрі-дəрмек бағаларын реттеу,
отандық өндірушілерден сатып
алынатын дəрі-дəрмек көле мін
ұлғайту, денсаулық сақтау сала-
сын дағы бəсекелестікті күшейту,
же ке меншік секторды қолдау,
сон дай-ақ мемлекет-жекеменшік
əріп тестігін дамыту мен саланы
цифрландыруға басымдық бе-
ріл ген. Бұл салаларда ілгерілеу
бар, алайда кейбір мəселе бо-
йынша, мəселен халықты дəрімен
қамту ісінде министрлік бірқатар
жүйелі кемшіліктерді анықтаған.
Атап айтқанда, медициналық ұй ым-
дар дəрілік заттарға деген сұ-
раныс пен оны қамтамасыз етуді
дұрыс қалыптастыра алмай келеді,
өңірлердің ақпараттық жүйелеріне
қате деректердің енгізілуі, дəрі-
лер дің қозғалысын бақылау мен
есепке алудың бұзылуы жəне тегін
амбулаториялық дəрі-дəрмекпен
қам тамасыз етуге қаржының жет-
кіліксіздігі жиі қайталанып отыр-
ған жайы бар.
Оның үстіне, тегін дəріге мұқ-
таж жандардың 20 пайызы қажет-
ті дəрі-дəрмекке қол жеткізе ал-
ма ғандықтан, министрлік əкім-
дік термен бірлесе отырып емдеу
ме кемелерін жоспардан тыс тек-
се руді бастаған. Тек серу қо ры-
тын дысы бойынша кем ші лік ке
жол берген тұлғалар тəртіптік
жауапкершілікке тартылмақ.
Министрдің пайымдауын-
ша, саланы цифрландыру ар қы-
лы биылдың өзінде дəрі гер лер-
ді қағазбастылықтан құт қару ға
болады. Себебі өткен жыл дың
қорытындысы бойынша меди ци-
на лық жүйемен қамтамасыз ету
кө лемі екі есеге артып, компьютер-
мен жарақтандыру – 2,4 пайызға,
ин тернетке қолжетімділік – 15
пайызға өскен.
2017 жылдың қорытындысы
бойынша елімізде жалпы өлім – 3,1
пайызға, ана өлімі – 5,5 пайызға,
нəресте өлімі – 6,2 пайызға, қан
айналымы жүйесінің аурулары-
нан болатын өлім – 1,8 пайызға,
қатерлі ісіктерден болатын өлім
– 5,3 пайызға жəне туберкулезден
болатын өлім – 11,8 пайызға азай-
ған. Ал қазақстандықтардың жал-
пы өмір сүру ұзақтығы 72,4 жасқа
жеткен.
Бұл жетістіктерге қарамастан,
дəрі герлер тапшылығы елдің
ішін де жиі айтылып, арыз-шағым-
дарға дəйек болуда.
– 2017 жылы дəрігер маман-
дар ға деген қажеттілік 9 пайызға
төмендеді. Өңірлерге дəрігерлерді
тарту жəне оларға əлеуметтік
қол дау көрсетуде жергілікті ат-
қа рушы органдар маңызды рөл
ат қаратынын атап өткім келе ді.
Əкімд іктер өңірлерде меди ци на
қыз меткерлерін бекіту мен ұс-
тау жұмыстарын тиісінше жү р-
гізбей отыр. Ден сау лық сақ тау
басқармалары шаруа шы лық жүр-
гізу құқығына өткен кəсіп орын-
ға дəрігерлердің жалақысын өз
бетінше белгілеуге мүмкіндік
беретін медициналық ұйымдардың
əлеуетін жұмылдыра алмай отыр,
– деді Денсаулық сақтау министрі.
Парламенттік тыңдауларға
қатысқан Қарағанды облысының
əкімі Ерлан Қошанов, «Ұлттық
ней рохирургия орталығы» АҚ
бас қарма төрағасы Серік Ақшо-
ла қов, Қостанай облысы əкімінің
орынбасары Марат Жүндібаев,
« А м а н - С а у л ы қ » қ о ғ а м д ы қ
қорының президенті Бақтылы
Түменова мен өзге де отандық
жəне шетелдік сарапшылар осы
саланың жергілікті жерл ердегі
жетістіктері мен кем шіліктерін
баяндады.
Ал күні кеше өңірлерден оралған
депутаттар Денсаулық сақтау ми-
нистріне кадр тапшылығы, халық-
ты тегін дəрілермен қам ту жүйесін
же тілдіру, емдеу мекемелері ғима-
рат тарын жөндеу жəне тағы басқа
мəселелер бойынша сауалдарын
беріп, тұшымды жауаптарын алды.
Мемлекет басшысының сали -
қ а лы саясатының арқасында жүйелі
да му жолына түскен денсаулық
сақтау саласына байланысты
бұл жи ынға қатысушылар сайып
кел генде əр азаматтың денінің
сау лығы алдымен өз қолында
екендігін атап айтты.
Ал уақтылы медициналық
көмек көрсету, оның қолжетімділігі
мен сапасын қамтамасыз ету меди-
цина саласының басты міндеті бо-
лып қала бермек.
––––––––––––––––––––––
Астанада Сенаттың леу-
мет тік-мәдени даму жә не
ғылым комитетінің ұйым дас-
тыруымен «Үздік ден саулық
сақ тау ісі – дені сау ұлт» атты
парламенттік тыңдау тті.
Оған Парламент Сенатының
Трағасы Қасым-Жомарт
Тоқаев, қос палатаның депу-
таттары, Денсаулық сақтау
министрі Елжан Біртанов,
басқа да министрліктер
мен мүдделі органдардың,
аумақтық басқармалар мен
емдеу мекемелерінің кілдері
қатысты.
––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––
Қазақстанның Сыртқы істер министрі
Қайрат бдірахманов Минскіде ТМД
Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті
отырысына қатысты. Басқосуда Достастық
шеңберіндегі ықпалдастықтың перспек-
тивалары талқыланып, халықаралық күн
тәртібінің зекті мәселелері бойын ша пікір
алмасу болды және ТМД қызметінің тиім-
ділігін әрі қарай арттыру жайы қарас-
тырылды.
–––––––––––––––––––––––––––––––––
Парламент назарында – ұлт денсаулығы
Қ.Əбдірахманов өзінің баяндамасында
Қазақстан ТМД құрылғаннан бері оған белсенді
қатысып келе жатқанын жəне оны əртарапты
ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде
қарастыратынын атап өтті. Осыған байла-
нысты ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың Достастық дамуының қазіргі
концепциясына ревизия жасау жəне оның
ережелерін заманауи жағдайларға бейімдеу
жөніндегі бастамасына айрықша назар ау-
дарды. Министр Қазақстанның ТМД-ның
қазіргі төрағасы – Тəжікстан белгілеген басым
мақсаттарды қолдайтындығын жəне оларды та-
бысты жүзеге асыру үшін жан-жақты қолдау
көрсетуге дайын екендігін мəлімдеді.
Қазақстан тарапы өзінің БҰҰ-дағы төраға лы-
ғының нəтижелері жөнінде хабарлап, Президент
Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен БҰҰ ҚК-
нің «Жаппай қырып жою қаруын таратпау: се-
нім шаралары» тақырыбындағы брифингінің
ма ңызды қорытындыларына тоқталды. Жиында
деле гациялар басшылары Ауғанстанда жəне
Орта лық Азияда аймақтық серіктестік орнатуға
ар нал ған министрлер пікірталастарының қоры-
тын дылары таныстырылды.
Сонымен қатар басқосуда қауіпсіздік саласы-
на қатысты құжаттардың жобалары мақұл дан-
ды. Атап айтқанда, Ақпараттық технологиялар
саласындағы қылмыстармен күрес бойынша
ынтымақтастық жөніндегі келісімнің жəне 2019-
2023 жылдарға арналған қылмыспен күресу
жөніндегі бірлескен шаралардың мемлекетаралық
бағдарламасының жобалары бекітілді.
Бұдан соң министрлер сыртқы істер минис-
тр ліктері арасындағы 2018 жылға арналған көп-
деңгейлі консультациялар жоспарын бекітті. Бұл
құ жатқа сəйкес ағымдағы жылда халықаралық мə-
се лелер бойынша он екі тақырыптық консультация
көзделген. Атап айтқанда, ол ТМД-ға қатысушы
елдердің БҰҰ, ЕЫҚҰ жəне басқа да халықаралық
бір лестіктер шеңберіндегі ықпалдастығы, жаңа
сын-тегеуріндерге жəне қауіп-қатерлерге төтеп
беру мəселелері, қарусыздандыру саласындағы
ынтымақтастық жəне т.б. қамтиды.
Іс-шара барысында делегация басшыларының
Беларусь Республикасының Президенті Александр
Лукашенкомен кездесуі болды.
Министрлер кеңесінің аясында Қ.Əбдірах-
ма нов Əзербайжан жəне Түрікменстан ресми
делегацияларының басшылары Халаф Халафов
жəне Сердар Бердімұхамедовпен екіжақты кез-
десулер өткізді. Келіссөздер барысында тараптар
сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық
салал ардағы екіжақты ынтымақтастықтың
даму мəселелерін қарастырып, халықаралық
жəне аймақтық күн тəртібін, соның ішінде
Бесін ші Каспий саммитіне дайындық барысын
талқылады.
Тараптар мемлекеттер арасындағы ын ты-
мақтастық барлық деңгейде жоғары ықпал дас-
тықпен дамып жатқанын тілге тиек етті. Əсіресе
2017 жылы мемлекеттер басшыларының кез-
десулері барысында қол жеткізілген келісімдер
мен уағдаластықтардың жүзеге асырылуына ерек-
ше көңіл бөлінді.
Əзербайжан тарапымен Түркітілдес мем ле кет-
тердің ынтымақтастық кеңесі қызметіндегі кадр-
лық мəселелер талқыланды.
«Егемен-ақпарат»
Кеңес барысында Алматы қаласының
əкімі Б.Байбек пен Алматы облысының
əкімі А.Баталов АӨК-ті, туризмді, сау-
даны, көлік жəне логистиканы, білім
беру, денсаулық сақтау салаларын, жап-
пай кəсіпкерлікті дамыту, индустрия-
ландыру, технологиялық жаңарту жəне
цифрландыру жұмыстарын жүргізу,
инвестицияларды тарту жəне өнімді
жұмыспен қамтамасыз ету бойынша
атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Жиында мəселелерді талқылауға
Ұлттық экономика министрі Т.Сүлей ме-
нов, Инвестициялар жəне даму министрі
Ж.Қасымбек, Ақпарат жəне коммуника-
циялар министрі Д.Абаев, Білім жəне
ғылым министрі Е.Сағадиев, Мəдениет
жəне спорт министрі А.Мұхамедиұлы,
Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау
министрі М.Əбілқасымова, Ауыл
шаруашылығы вице-министрі Г.Исаева
жəне Денсаулық сақтау вице-министрі
Л.Ақтаева қатысты.
І тоқсан қорытындысы шығарылып,
2018 жылға арналған өсу нүктелері
анықталды. Облыс əкімдерінің есептерін
тыңдау жұмыстары жалғасуда.
Өңірлік даму
мәселелері
жөніндегі кеңес