16
9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Баянауыл ауданының Майқайың кентінде
«Кенші» мәдениет үйінде мектепке дейінгі
мекемелердің тәрбиеленушілері арасында
Астананың 20 жылдығына арналған «Астана бас
қалам» атты байқау тті.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––
Сәукеленің биіктігі
1,5 метр, ішкі жа-
ғы на 2 метр ақ сиса,
сыр тына 3 метр жар-
қыраған ақ парша
мата жұмсалыпты.
Айна ласы 400-дей
інжу-маржан, лағыл
сынды асыл тастар-
мен кмкерілген.
Ұ зы н ды ғ ы ж е р г е
жете тіндей тгілген
ақ же леңі бар.
«Ата мұра» деп ата-
латын нер жә не
мә дениет орта лы-
ғын да кзіміз бір-
ден кр ме блімінде
бір бұрыш ты алып
тұрған аппақ сәуке-
леге түсті.
–––––––––––––––
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
ХХ ғасырдың басында, 1917
жылы Орынборда жалпы Қазақ
құрылтайы өтіп, Алашорда үкіметі
құрылып, оның басқару органы
Семейге қоныстанғаннан кейін,
яғни 1918 жылдың көктемінде
ұлт қайраткерлері Алаш қаласына
жиналып ақылдасады. Мұндағы
мақсат – шеттегі қазақтарға ба-
рып, оларға Алаш идеясын наси-
хаттау. Басқосуға Абай мектебінің
өкілдері – Көкбай Жанатайұлы
мен Тұрағұл Абайұлы жəне атақ-
ты балуан Қажымұқан Мұңайт-
пасұлы қатысады.
Сөйтіп 1918 жылы жазға са-
лым Қытай елін бетке алып Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Салық Аманжолов, Райымжан
Мəрсековтер жолға шығады.
Олар төтелей тартып Шəуешек
қаласына барады. Осы тұста
Шыңжаң өлкесінде 150 мыңнан
астам қазақ болған екен.
Ахаңдар əуелі, кезінде Семей-
де тұрып, Шəуешекке қо ныс
аудар ған көпес Рамазан Шəнішев-
тің үйіне түседі. Елді жинап,
келген мақсаттарын айтады.
Осы кез десуда əйгілі əнші, ақын
Əсет Най ман бай ұлы да болады.
Ақынның екі жыл бұрын, яғни
1916 жы лы осы өлкеге біржола
қоныс аудар ған кезі-тін.
Алаш арыстарының бұл
сапарынан қалған екі жəдігер
бар. Біріншісі – Əсет ақының
басқосуда айтқан шағын толғауы
болса, екіншісі – Ахаң-Жақаңдар
күтіп алушылармен бірге түскен
фотосы. Бұл суретті түсірген адам
– Мұхаметжан Əбдікерімұлы.
Ол Шəуешекте орыс мектебінде
оқыған, 1915 жылдан бастап
фотоға түсірумен шұғылданған
адам екен.
Алматылық шежіре қария
Уақап Қыдырханның айтуын ша,
бұл кісінің ұлты өзбек. 1950 жыл-
дардың ортасында Қазақстанға
қоныс аударған. Мұхамеджанның
зайыбы танымал қайраткер Бал-
қаш Бапинның қарындасы Никəр
Бапина. Қысқасы, фотограф Мұ ха-
мед жан жоғарыдағы фотоны өзі-
мен бірге Алматыға алып келген.
Бертінде, 1989 жылы арыс-
тар ақталып, алашордашыларды
қысқан құрсау босаған тұста,
яғни 1990 жылы «Қазақ əдебиеті»
газетінің 18 мамыр күнгі саны-
на «Асыл ағаларды суретке кім
түсірді?» деген тақырыпта мақала
жарияланып, фото тұңғыш рет
жарыққа шыққан екен.
Соңғы жылдары аталмыш
фотоның ізіне түсіп, біршама зерт-
теген шыңжандық əдебиеттанушы
Білісбек Əбдіразақ өзінің 2014
жылы Үрімжі қаласында жарық
көрген «Жұңго қазақ баспасөзінің
қысқаша тариxи» атты еңбегінде,
жоғарыдағы жəдігерді 1956 жылы
Мұхамеджан Балқаш Бапиннің
нұсқауымен академик Аxмет
Жұбановқа көрсетеді. А.Жұбанов
топ адамның шетінде отырған
Əсет ақынның суретін ғана таңдап
алып, өзінің «Замана бұлбұлы»
атты кітабына енгізген дейді.
Замана бағамын аңдаған жə ді -
гердің иесі кейін бұл фотоны се-
нім ді сақтаушы деп Бауыр жан
Момышұлына сыйлайды. Жо ға-
рыдағы «Қазақ əдебиеті» га з е-
тін де жарияланған сурет Бау кең
ба тыр дың арxивінен алыныпты.
––––––––––––––––––––––
Кктем келіп, айнала
ағыл-тегіл еріп жатқанда,
Қарағандыда мұз қатыры-
лып, шыбын тайып жығы-
лар айдын пайда болды.
––––––––––––––––––––––
Қайрат БІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Кеншілер астанасында жаңа-
дан бой көтерген бұл спорт ныса-
нында енді хоккейшілер ала жаз-
дай шайба қуып, мəнерлеп сыр-
ғанаушылар мұз үстінде би билеп,
былайғы жұрт аяғына коньки
байлап, сырғанақ тебетін болды.
Мамандар аталған мұз айды-
ны балалар мен əуесқой хоккей
клубтары үшін хоккей ойынын
қолжетімді етіп, өңірде спорттың
осы түрінің кеңінен етек жаюына
игі əсерін тигізеді деп сеніммен
айтып отыр. Бұдан бөлек, спорт
нысаны мұзда мəнерлеп сырғанау
жəне шорт-трек сынды спорт
түрлерімен де айналысуға мол
мүмкіндік береді.
«Досжан» спорт сарайының
ашылу салтанатында айдын-
ға балғын мəнерлеп сырғанау-
шылар шығып, жаңадан құйыл-
ған көк мұз үстінде алғаш-
қылардың бірі болып өнер
көрсетті.
Спорт сарайындағы мұзды
құю, оның үстін тазалау жұ-
мыс тарын электр двигателді
экологиялық комбайн атқаратын
болады.
ҚАРАҒАНДЫ
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Бұл туралы бекерге сөз қоз ғап
отырған жоқпыз. Жа қында Зайсан
ауданының шекара шебіндегі
аттөбеліндей тұрғындары қалған
Кəкенталды ауылында осы бір
ғажайып дəс түрімізді дəріптеген
тағылым ды шара өтті.
«Ұлыстың ұлы күні ұйым-
дастырылған ашамайға мінгізу
рəсімі басталмас бұрын Қазақ-
стан, Жалши, Шілікті ауыл-
дарындағы үйлерді аралап, жет-
пістен астам отбасына, мүм кін дігі
шектеулі жандарға, қария ларға
наурызкөже тараттық. Осындай
тамаша дəстүрді насихаттаған
шараға Зайсан қаласынан, Шілікті
ауылдық округінен қонақтар көп
жиналды. Оюланған құрақ-көрпе
жабылған тайға басына үкілі
тақия, үстіне ұлттық киім киген 7
жастағы Мирас Заманбек есім ді
балдырғанды мінгізіп, наға шы ата-
сы Бақытбек ортаға алып шықты.
Алдымен баланың қадамы сəтті
болсын деген тілек пен үлкендер
ақ батасын берді. Одан кейін ата-
сы немересінің қолына тізгінді
ұстатып, ақжау лықты аналар
ақжарма тілек терін айтып, шашу
шашыл ды. Нағашы атасы жиені
мін ген тай ды жетектеп, арлы-
берлі жү ріп, жиналған қауымды
айна лып өтті. Бұдан кейін апа-
сы неме ресіне сыйлығын тап-
сырып, жиналғандар көрімдігін
беріп, сый-сияпаттарын жаса ды.
Бұл рəсімді өткізудегі мақ саты -
мыз – ең əуелі бүгінде ұмы ты ла
бас таған дəстүрімізді дəріп теу
болса, екіншіден, қазір бар бол-
ғаны 11 түтіні ғана қал ған Кəкен-
талды ауылы тұрғын дарының
көңілін көтеріп, бір сер пілт кіміз
келді», дейді осы игі шараны
ұйымдастыруға ұйыт қы болған,
Шілікті ауы лын д ағы əжелер
алқасының төрайымы Қамария
Əбусағитова.
Жалпы жылқы малының
қазақ үшін орны қашанда бөлек.
Атқа мінсең еңсең көтеріледі,
аруақтанасың, айбарланасың.
Қызыл қасқа тайына қарғып мінген
Мирас та ау толтырып ат мініп,
ауыз толтырып сөз айтқан бұрынғы
бабаларындай барақат сезімді
бас тан кешті, қуанды, шаттанды,
қайраттанды дейді бала ның əкесі
Арман. Ашамайға мінгізу салтана-
ты аяқталған соң ауыл тұрғындары
арасында ар қан тартыс, жаяу жа-
рыс ойындары ұйымдастырылып,
«Қара жорға» биінен сайыс өтіп,
балалар тай жарыстырды.
Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан ауданы,
Кәкенталды ауылы
Оған 4 пен 6 жас аралы-
ғындағы бал дырғандар қа-
тыс ты. Олар бірнеше кезең
бойынша бақ сынасты: бал-
дырғандарды таныстыру,
өнер, сəн үлгісі.
Байқауға ауданымыздың
əр ауылынан өнерлі бала-
лар жиналды. Олардың ішін-
де Мəшһүр Жүсіп Кө пей-
ұлы атындағы мек тебі міздің
«Еркетай» шағын орталығының
талантты əрі сүйкімді тəрбие-
ленушілері Інжу Жұмкен
мен Кəусар Мұрат шағын
орталы ғымыз дың намысын
қорғады. Байқау нəтижесі бой-
ынша Кəусар Мұрат 3-орын
алса, Інжу Жұмкен «Талантты
əнші» ата лымын иеленіп, бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
Млдір СЕТҚЫЗЫ,
Мәшһүр Жүсіп К пейұлы
атындағы мектептің
к ркемдік жетекшісі
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы,
Жаңажол ауылы
БӘРЕКЕЛДІ!
Ала жаздай хоккей ойнап, коньки тебеді
БІР СУРЕТТІҢ СЫРЫ
ФОТОЭТЮД
Шәуешектен
жеткен жәдігер
БАЙҚАУ
ІЗГІЛІК ИІРІМДЕРІ
ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ
Бас қалаға арналды
Суретті түсірген Жеңіс ЫСҚАБАЙ
Ашамайға мініп, ақ бата алды
DIDAR
Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады
Басқарма төрағасы
Дархан ҚЫДЫРƏЛІ
Басқарма төрағасының
орынбасары – бас редактор
Айбын ШАҒАЛАҚ
Басқарма төрағасының орынбасары
Ерболат ҚАМЕН
Индекс
65392. Аптасына
5 рет шығады.
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ
компьютер орталығында теріліп, беттелді.
Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің
сапасына редакция жауап береді. «Егемен
Қазақстанда» жарияланған материалдарды
сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.
Газетті есепке қою туралы
№01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда
Қазақстан Республи касының
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген.
«Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ
ҚР СТ ИСО 9001-2009
Сапа менеджменті жүйесі.
Талаптар талаптарына сəйкес сертификатталған.
А
Материалдың жариялану ақысы төленген.
Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне
тапсырыс беруші жауапты.
Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін
байланыс телефоны:
1499 («Қазпошта» АҚ)
ТАРАЛЫМЫ 206 459 дана
Нөмірдің кезекші редакторы
Еркежан АЙТҚЫЗЫ
MЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі,
5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58а
АНЫҚТАМА ҮШІН:
Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87;
Электронды пошта: info@egemen.kz
Интернет-редакция: portal@egemen.kz
Алматыда: 8 (727) 273-07-87,
факс 8 (727) 273-07-87;
Электронды пошта: almaty@egemen.kz
МАРКЕТИНГ БӨЛІМІ:
Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48,
advert@egemen.kz
Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26,
adv@egemen.kz
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:
Астана
– astana@egemen.kz
Ақтау
– mangystau@egemen.kz
Ақтөбе
– aqtobe@egemen.kz
Талдықорған – 7su@egemen.kz
Атырау
– atyrau@egemen.kz
Көкшетау
– kokshe@egemen.kz
Қарағанды – qaragandy@egemen.kz
Қызылорда – qyzylorda@egemen.kz
Қостанай
– qostanai@egemen.kz
Орал
– bqo@egemen.kz
Өскемен
– shygys@egemen.kz
Павлодар – pavlodar@egemen.kz
Тараз
– taraz@egemen.kz
Шымкент
– oqo@egemen.kz
Петропавл – sqo@egemen.kz
Бас редактордың орынбасарлары
Қамбар АХМЕТ
Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ
Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ
Жауапты хатшы
Самат МҰСА
Саясат жəне құқық бөлімі
Жолдыбай БАЗАР
Экономика бөлімі
Арнұр АСҚАР
Əлеумет жəне білім бөлімі
Думан АНАШ
Мəдениет жəне руханият бөлімі
Талғат БАТЫРХАН
Спорт бөлімі
Ермұхамед МƏУЛЕН
Интернет-редакция бөлімі
Дархан ӨМІРБЕК
МЕНШІК ИЕСІ:
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
– Бұл кереметті жасаған кім
екен? – деп жатырмыз таңғалып.
– Қазынагүл деген апамыз
бар, бұл сəукеле сол кісінің
қолы нан шыққан керемет, – деді
орта лық директоры Нұрсұлу
Еркебайқызы.
Нұрсұлудың айтуынша,
Қазынагүл Қылышбайқызы Қоян-
ды ауылдық клубының мəде-
ниет қызметкері. Ауылдағы
«Кəу сар» əжелер ансамблін бас -
қарады. Осы ансамбльдің мү-
шелері Нəсипа Алтаева, Шол -
пан Тежекова, Гүлбағиран
Қайырбай, Нəсіп Малыбай, Сұ-
лу шаш Құрманова 10 жылға
жуық уақыттан бері əн салып,
ою-өрнек ойып, жұртшылықты
қол өнерлерімен қызықтырып
келеді. Былтыр кəусарлықтардың
ұйымдастыруымен «Алтын
оймақ» қолөнер көрмесі ұйым-
дастырылыпты. Көрменің мақ-
саты – халқымыздың ұлттық
нақыштағы бұйымдарын заманға
сай жаңа үлгіде көрсету. Осы
орталықтағы көрмеде апа-əжелер
жасаған қолөнер бұйымдары
жинақталыпты. Тіпті əжелер
əртүрлі кимешектер үлгісін жасап,
«Кимешектер шеруін» де өткізіпті.
Мысалы, Гүлбағиран апай
көрпеше, жастықшаларды жа-
сап, тоқыма тоқиды, Қазынагүл
апай фетрдан ою құрайды, осы
матадан қыздарға арналған
ұлттық нақыштағы заманауи
қол сөмкелерін, қамзол, бас киім
тігеді. Ал көрмеге қойылған осы
бұйымдардың ішінде ерекше
көзге түсетіні қазақ қыздарының
сұлулығын паш ететін бас киім-
дерінің бірі – сəукеле.
Қазынагүлдің сəукелені биік,
көзге түсерліктей етіп жар қы-
ратып, əшекейлеп жасаудағы
мақ саты қыздарға өзге жұрттың
емес, өзіміздің ұлттық бас киімді
киіп ұзатылу керектігін еске салу
еді. Сəуке лені ұзатылған қыздар
жəне оның жанына еріп жүретін
құрбылары да киген. Негізгі
бөліктері – тəж, төбе, құлақбау жəне
артқы бойы. Маңдай тұсы на жібек
шашақ тағады. Қыз дарымызға
сəукеленің ұлты мыздың мəдениеті
мен өнерінің озық үлгісі, өнер
туындысы ре тінде бағаланатын
қастерлі дүние екенін ұқтыруды
ойлаған. Қазынагүл сəукелені 3 ай
бойы тігіп, жасап шығыпты.
– Жалпы, «Атамұра» орталы-
ғы 1993 жылы 16 желтоқсанда
ашыл ды. Мақсаты – ұмытылып
ба ра жатқан салт-дəстүрлер, та-
рих пен мəдениет, тілімізді, ұлт-
тық өнерімізді насихаттау. Мы -
салы, «Ғасырлар сарыны», «Жі гіт
сұлтаны», «Қазақтың келін дері-
ай», «Киелі кимешек», «Əу-
жар», «Тұсау кесер», «Селт еткі-
зер», «Ауыл дағы той» рухани-
мə де ни шараларын өткіздік.
Ор та лық та «Ақсақалдар əділ-
қазы лығы» қоғамдық бірлестігі,
«Жұл дыз» вокалдық үйірмесі,
«Жас толқын» ақындар мектебі,
«Ша быт» əдеби бірлестігі, «Қы-
ран», «Гүлзар», «Атамұра» фоль-
клорлық-этнографиялық ұлт-
аспаптар ансамблі бар. Орта-
лыққа қаланың 16 ауылдық клу-
бы қарайды. Барлық клубтарда
көркемөнерпаздар ұжымдары
жұмыс істейді. Орталықта, жа-
зушы Роллан Сейсенбаев, «Шал»
фильмінде басты рөлді сомдаған
Ерболат Тоғұзақов болды. Үндіс-
тан мен Франция елшілерін де
қар сы алдық, – дейді Нұрсұлу
Төлеу баева.
Сонымен бірге орталықта
Қуат Əбусейітов, Қалмұқан Иса-
бай, Фариза Оңғарсынова, Роза
Бағланова, Ермек Серкебаев
секіл ді белгілі тұлғалар болыпты.
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы
Суретті түсірген
Пана ЫДЫРЫСОВА
Сәні келіскен сәукеле