9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ
5
ÁLEM & QAZAQSTAN
Бейбітшіліктің
тірегі –
толеранттылық
Əлемде, өз айналамызда адами
қатынастарға жат көріністерге, бірін-бірі
орынсыз кемсіткен, жөнсіз айыптаған
жандардың іс-əрекеттеріне куə болғанда
француз жазушысы Антуана де Сент-
Экзюперидің: «Егер сен мен сияқты
болмасаң, сол үшін сені кемсітпеймін, қайта
құрметтеймін» деген сөзінің ішкі мəнінен
өзгенің наным-сеніміне, ұстанымына,
əртекті келетінін жаратылыстардың
болмысына түсіністікпен қараудың
маңыздылығын ұққандай боласың.
Ғаламда бұрыннан қалыптасқан, дəстүрлі
түрде орныққан толеранттылық, төзімділік
үрдістері бүгінгі халықаралық қоғам-
дастықтағы татулық пен келісімді, ұлтаралық,
конфессияаралық жарасымдылықты сақтауда
маңызды рөл атқарып отыр. Дегенмен, осы
толе ранттылық үрдістері солғын тартқан
аймақтарда саяси кикілжіңдер, түрлі қақты-
ғыстар орын алуда. Бұл жағдаяттар бізге
төзім діліктің, өзгеге құрметпен қараудың,
тірші ліктегі əртектілікке түсіністікпен ой
жіберудің аса қажет екенін ұқтырады.
Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050»
Стратегиясында: «Аза маттық татулық пен ұлт-
аралық келісім – біздің басты құндылығымыз.
Көп ұлтты еліміздегі татулық пен келісім,
мəдениеттер мен діндердің үндесуі əлемдік
эталон ретінде танылған», деген сөзінен біз
Қазақстанның толеранттылық қағидаттарына
баса назар аударып, оны сыртқы жəне ішкі
саясатта басым бағыт ретінде қарастырып
отырғанын аңғарамыз.
Қазіргі таңда əлемдік ауқымда түрлі өзге-
рістер болып жатыр. Бұл өзгерістердің басым
бөлігі адамзаттың қол жеткізген жетістік-
теріне тікелей байланысты. Ғылым мен тех-
ни кадағы прогресс, экономикалық тұрғыда
даму, озық технологиялардың қолданысқа
көптеп енгізілуі жəне басқа да игіліктер мол
мүмкіндіктерге жол ашуда. Десек те, осын дай
жақсылықтарға қарамастан, адамзат баласын
толғандырар сын-қатерлерге тұсау салы-
нар емес. Өркениет өріне өрмелей түскені-
мізбен жолымызды кескестеген соғыс тар
мен жанжалдар ошағы көбейе түсуде. Бұл
қақтығыстардың туындауына мемле кет-
аралық, дінаралық келіспеушіліктер, əлеу-
меттік теңсіздіктер, экстремистік, лаңкестік
топтар ылаңы, адам құқығының тапталуы
сияқты жағдаяттар ықпал етіп отырғаны
түсінікті. Бірақ осы арада мұның барлығы
толеранттылық қағидаттарына жүгінбеудің
себебінен пайда болған салдарлар екенін
мойындағанымыз жөн.
Тағаттылыққа қарсы ұғымдар – төзім сіз-
дікке, шыдамсыздыққа бой алдырған қоғам
өз басын өзі жұтпай тынбайды. Тағатсыздық
көбінесе асығыс шешім қабылдауға алып
келеді де, ол кереғар көзқарастағы тараптар
арасындағы тұтануын күтіп тұрған оттың ла-
пылдай жануына басты себепкер болады. Бұл
оттың ешкімді жылытпасы, қайта керісінше,
адамдарды шыңғырта өртейтіні анық.
Төзбеушілік белең алған жердегі қарсы
күштердің қолтығына су бүрку тəсілі ақтауға
болмайтын айла екені белгілі. Мұндай
аярлықты айла-тəсілдер қолданылған оқи-
ға лар тарих бедерінде көптеп кездеседі. Бұл
құй тыр қы тəсілдердің озық үлгісі бүгінгі
əлемде де кеңінен қолданылуда. Оның мысал-
дары қазіргі таңда орын алып жатқан қақты-
ғыстар мен кикілжіңдердің төңірегінен төбе
көрсетіп жүргенін ішіміз сезеді.
Өз ортасында төзімділік көрсетпей, «бəрі
менің көзқарасыма сай өмір сүру керек» деп,
басқаның пікірімен санаспай астамшылық
танытудың соңы жақсылыққа соқтырмайды.
Мəселен əлемде өзіндік мəдениеті, дəстүрі,
наным-сенімі бар түрлі ұлттар өмір сүреді.
Олардың ішіндегі əлеуеттілері келесі бір
ұлттарға өз құндылықтарын тықпалап, соны
тұтынуға мəжбүрлер болса, оған қарсы
күштер пайда болатыны сөзсіз. Осылайша
өзара қарсылықты күштердің өніп шығуының
арғы негізінде кереғар көзқарастар жататыны
айтпаса да түсінікті. Ал осы қайшылықты
ұстанымдағы топтардың жанжалсыз қатар
өмір сүруі үшін ең қажеті – төзімділік.
Абай атамыз өзінің отыз төртінші қара
сөзінде: «Адам баласына адам баласының
бəрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде
туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың,
қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ
жерің – бəрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге
кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың –
бəрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пəлесіне
қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың –
бəрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ
па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге
де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне
білместігін таластырып, біреудің бағына,
малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық
қылып, көз алартыспақ лайық па? Тілеуді
құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен
еңбегімді жандыр демей, пəленшенікін əпер
демек – ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай
біреу үшін біреуге жəбір қылуына не лайығы
бар? Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы
жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін
жөн қыламын деп, құр «ой, тəңір-ай!» деп
таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?»
дейді. Хакім Абайдың бұл сөзінен əлем
жұртшылығы, іс басында жүрген ірі саяси
қайраткерлер хабардар болса, қанеки.
Қорыта айтқанда, бүгінде толерант ты лық-
тың мəн-маңызын тереңнен түсіну қажеттігі
айқындала түсуде. Өйткені тағаттылық
қағидаттарына жүгінбеген əлем қауіп-
қатердің қоршауынан құтыла алмайды.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»
САРАПТАМА
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Жыл басынан бері бірқатар елде – Ресейде, Египетте, Арменияда
президенттік сайлау тті. Енді сәрсенбінің сәті, 11 сәуір күні
зербайжанда кезектен тыс президенттік сайлау ткелі отыр. Бұл жолғы
сайлаудың ең басты ерекшелігі – президент бұрынғыдай бес жыл мерзімге
емес, жеті жыл мерзімге сайланады. йткені 2016 жылдың күзінде
ткізілген ел конституциясына згерістер мен толықтырулар енгізуге
қатысты жалпыхалықтық референдумда әзербайжандықтар сайланатын
президенттің кілеттік мерзімін жеті жылға ұзартуды қолдап, дауыс берді.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
лисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Əзербайжан президентінің прези-
дент тік сайлауды осы жылдың 11
сəуіріне тағайындау туралы өкімі 5
ақ пан күні шыққанынан көпшілік ха-
бардар. Мемлекет басшысының бұл
өкімі əзербайжандық қоғамды, əсіресе
билікке оппозициялық бағыттағы сая-
си партиялар мен белгілі бір сая си
күштерді таңғалдырғаны шындық.
Себебі кезекті прези денттік сайлау
биылғы жылдың күзін де өтуі тиіс еді.
Саяси науқанды жарты жылдай бұрын
өткізуге қатысты сарапшылар мен сая-
саткерлер тарапынан түрлі пікірлер
айтылды.
Əсілі сайлауларда əртүрлі сыни
пікірлердің айтылатыны, саяси күш-
тер тарапынан билікке қарсы «нау-
қанның» ұйымдастырылатыны əлем-
дік тəжірибеде бар. Бұл да – демо кра-
тияның бір көрінісі. Өйткені кез кел-
ген сайлау демократиялық жəне саяси
бəсекелестік жағдайда өт кені жөн...
Ал кезектен тыс сай лау ға байланыс-
ты туындаған ой-пікір алуандығын
Əзербайжан пре зи дентінің қоғамдық-
саяси мəселелер жө ніндегі көмекшісі
Əли Гасановтың мəлімдемесі сəл
бəсеңдеткендей болды.
Оның атап өтуінше, кезектен тыс
президенттік сайлау өткізу елде саяси
жəне əлеуметтік-экономикалық ре-
формаларды жүзеге асыруға қосымша
мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ
биылғы жылдың екінші жартысын-
да Əзербайжанда жоғары деңгейдегі
бірқатар халықаралық іс-шараларды
ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Соның ең бастысы – Əзербайжан
демо кра тиялық республикасының
құрыл ға нының 100 жылдығы. Атал-
ған ауқым ды мереке де жиын-терім
аяқталатын кез – күз маусымына
белгіленген.
Президенттікке кандидаттардың
сайлауалды кампаниясы саяси нау-
қанды 19 наурызда бастады. Ол
елдің сайлау туралы заңнамасына
сəйкес 10 сəуір күні сағат 08.00-де
аяқталады. Осы мерзім аралығында
елдің Орталық сайлау комиссиясы
тір кеген кандидаттар сайлау нау қа-
нын барынша ашық жүргізді деуге
болады. Қандайда бір кандидатқа
ар тық шылық берілген жоқ. Ал кан-
дидаттар қатарында билік партия-
сы – «Ени Азербайджан» пар тия-
сы ұсынған елдің қазіргі прези денті
Ильхам Əлиев, өзін-өзі ұсыну шы
Захида Оруджа, Социал-демокра-
тиялық партиясының өкілі Араз
Али заде, Біртұтас халық майданы
партия сынан Гудрат Гасангулиев,
«Ұлт тық өрлеу қозғалысы» партиясы-
нан ұсынылған Фарад Гулиев, «Жаңа
Мусават» партиясынан Хафиз Гуд-
жиев, Ұлттық майдан топтарының
өкілі Рази Нуруллаев бар.
Аты-жөндері аталған осы кан-
дидаттардың ішінде сайлаушылардың
басым дауысына Ильхам Əлиев ие
болатынын əзербайжандық сарап-
шылар да, шетелдік саясаткерлер де
ашық айтып отыр. Сарапшылардың
болжамынша, ол сайлаудың бірінші
турында-ақ жеңіске жетеді, жергілікті
к а н д и д а т т а р д ы ң е ш қ а й с ы с ы
И.Əлиев пен бəсекелесе алмайды.
Еуропа лық əлеу мет танушылардың
пікіріне қара ғанда, қазіргі биліктің
саясатын ел халқының 83 пайыздан
астамы қолдайды. Мұның ең басты
се бебі соңғы жылдары Əзер байжан-
ның кезінде мойындарына түскен
эконо ми калық дағдарыстан шы ға
бастаға нында жатыр. Бұған сондай-
ақ мұнай бағасының біршама өсе
түскені оң ықпал еткенін ешкім жоқ-
қа шығар майды. Рас, Əзербайжан
экономикасы мұнай мен табиғи
газға тəуелді. Екінші жағынан, əзер-
бай жандықтар «Бритиш петроле-
ум» компа ниясымен мұнай сатуға
қатысты 2050 жылға дейін жаңа
келісім жа сауға қол жет кізді. Бұдан
екі жақ та ұтыл майды.
Кейбір сарапшылар президенттік
сайлаудан кейін И.Əлиев елде түрлі
салалар бойынша реформа жасауға
мүм кіндігі жеткілікті екенін айта-
ды. Бұл көптен бері күн тəртібінде
тұр ған мəселенің бірі болса керек.
Реформаларды жүзеге асыруға бағыт-
талған жобаларды іске асыруға ше-
телдің компаниялары да тартылатын
сияқты. Əзербайжандық бауырлар
Қазақстан секілді мұнай мен та биғи
газға өте бай ел. Оларды өнді ріп, экс-
порттаудан қомақты табыс тау ып та
келеді. Мысалы бұл мемлекет өткен
жылдың тоғыз айында 40 миллион
тонна мұнай, 29,5 милли ард текше
метр газ өндіріпті. Сон дай-ақ олар
ОПЕК жəне ОПЕК-ке мүше емес
елдер алдында берген міндеттерін
мүлтіксіз орындап жүр ген санаулы
елдердің бірі саналады. Сонымен қа-
тар бұл мемлекет биылғы жыл дың
соңына дейін аса ірі қоры бар «Шах-
дениз» газ конденсаты кенішін иге-
руді қолға алмақ.
И.Əлиев туралы айтқанда, мына
мə селеге де тоқтала кеткенді жөн са-
на дық. Жалпы Əлиевтер əулетінің
Əзербайжанда билік құрғанына жар-
ты ғасырға жуықтапты. Мысалы
қазақ халқының ең жақын досы
Гейдар Əлиев 1969-1982 жылдары
Əзербайжан КП ОК-нің бірінші хат-
шысы болды, 1993-2003 жылдары
елдің президенті қызметін атқарды.
Содан кейін билік оның ұлы Ильхам
Əлиевтің қолы на тиді. Ал И.Əлиев
алғаш рет прези дент тік лауазымға
2003 жылы, одан кейін 2008 жылы,
бұдан соң 2013 жылы қайта сайлан-
ды. Сарапшылар ол бұл жо лы да
сайлаушылардың басым дауысын ала-
ды деген болжам жасап отыр.
Осыдан төрт-бес күн бұрын Қа-
зақ стан Республикасының Орталық
сайлау комиссиясы Қазақстан тара-
пынан Əзербайжандағы президенттік
сайлауға қанша байқаушы баратынын
хабарлады. Олардың жалпы саны – 49
адам. Оның 35-і ТМД бай қау шылар
миссиясынан, 10-ы ЕҚЫҰ Демо-
кратиялық институттар жəне адам
құқығы бюросы құрамында байқаушы
ретінде қатысады.
Əзербайжан Орталық сайлау ко-
мис сиясының хабарлауынша, дауыс
беретін күні республика бойын ша
5641 сайлау учаскесі қызмет көр-
сетеді. Сондай-ақ 54 мемлекет пен 52
ха лықаралық ұйымдардан барлығы
603 байқаушы тіркеліп отыр. Тағы
бір атап өтетін мəселе, дауыс беретін
күн – 11 сəуір, демалыс күні деп жа-
рияланды.
Жыл өткен сайын Қазақстан мен
Əзербайжанның саяси, сауда-эконо-
микалық жəне мəдени-гуманитарлық
салалардағы ынтымақтастығы ар-
тып келеді. Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Əзербайжан бас-
шысы Ильхам Əлиевпен кездесуінде
атап өткендей, ынтымақтастықтың ма-
ңызды аспектілерінің бірі – транзиттік
əлеует. Өйткені Əзербайжан аумағы
ар қы лы өтетін кавказдық бағыт Қазақ-
станның Еуропа елдеріне шығуына
мүмкіндік береді. Ал Қазақстан Əзер-
байжанның Орталық Азия мен Қы-
тайға шығуына жол ашады. Оның үс-
тіне бүгінде Бакуде жылына 350 мың
тоннаға дейін ауыстырып тиеу қуаты
бар жəне бір мезгілде 15 мың тонна
астық сақтай алатын «Баку астық
терминалы» бірлескен кəсіпорны жұ-
мыс істеуде. Екі елдің бұдан өзге де
бір лескен кəсіпорындары баршылық.
Елдер арасындағы осы жəне басқа
да байланыстардың негізі Қазақстан
мен Əзербайжан прези де нттерінің əр
жылдардағы достық пен сый ластыққа
толы кездесулерінде жатыр.
Сайлау – елдің тұрақтылығы үшін қажет
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
ткен аптада әлем жұртшылығының назарын аударған
мәселенің бірі – Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған,
Ресей президенті Владимир Путин және Иран президенті
Хасан Руханидің қатысуымен ткен Анкара саммиті.
Басқосудың негізгі тақырыбы Шам еліндегі жағдайды
реттеуге арналып, Ресей, Түркия, Иран тарапы Сирияның
тұтастығын қолдап, ол елдегі террористерді түбегейлі жою
басты мақсат екенін жеткізді.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Абай
АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Айта кету керек, Түркия,
Ресей жəне Иран – кепіл гер
ретінде Астана про це сі не
қа тысушы елдер. Елі міз де
бұ ған дейін Сирия мə се ле-
ле рін реттеуге ба ғыт тал ған
ке ліс сөздердің бір не ше раун-
ды өткізілгені белгілі. Соған
сəй кес бірқатар келісімдерге
қол жеткізіліп, деэскалация
аймақтары құрылды. Бұл
ретте Қазақстан түйіні тар қа-
ма ғанына жеті жылдан асқан
мəселенің шешім табуына,
тараптардың өзара мəмілеге
келуіне, бейбіт халықтың
азап шегуін тоқтатуға үлес
қо суға мүдделі.
Сирия мәселесі
басты назарда
Саммитте кепілгер атанған
Түркия президенті Р.Ердоған
Сирия мен көршілес мем-
лекеттерге қауіп төндіретін
содырлармен күрес жалғаса
бе ретінін мəлімдеді. Өз ке-
зегінде Ресей басшысы В.Пу-
тин əлем елдерін Сирия ға
қол дауды сөзбен ғана емес,
іс пен көрсетуге үндеді.
Саммит жұмысына қатысу
үшін Түркияға ресми сапар-
мен келген Кремль басшы-
сы Анкара билігімен бұдан
бөлек бірқатар мəселелерді
талқылаған екен. Сапар бары-
сында В.Путин мен Р.Ердоған
«Аккую» АЭС-інің ашылу
салтанатына қатысты. Бұл
атом стансасы Түркияны
электрмен қамтамасыз етсе,
Ресейге жаңа жұмыс орнын
ашуға мүмкіндік береді. Бұ-
дан бөлек Анадолыға Р е сей-
ден газ жеткізу мəсе ле ле рі де
талқыланды. Жос пар ға сəйкес
жоба 2019 жыл дың соңына та-
ман іске қо сылады. В.Путин
Түр кия ға са парының табыс-
ты бол ға нын мəлімдеді. Бұл
– оның Ре сей президенттігіне
қай та сайланғаннан кейінгі ал-
ғаш қы ресми сапары.
Жиында соғыс салдары-
нан қираған елдің эконо-
микасын қалпына кел тіру
үшін халықаралық қауым-
дас тықтың ықпалы қажет
екені сөз болды. Үш ел бас-
шы лары БҰҰ-ны Сирия хал -
қын қолдауға, қосымша гу-
ма нитарлық көмек беру ге
шақырды. Сондай-ақ ел де оқ
атуды тоқтату мен гума ни тар-
лық көмек жеткізу жө нін де
пікір алысты.
Палестиндіктерге
оқ жаудырды
Анкарада өткен саммит
Таяу Шығыстағы жағдай
шиеленісе түскен уақытпен
тұс па-тұс келіп отыр. Есте-
ріңізде болса, Израиль əс ке-
рі шеруге шыққан палес ти-
налықтарға оқ жаудырып,
со ның салдарынан 16 адам
қа за тапқан болатын. Осыдан
кей ін Түркия президенті Ре-
жеп Тайип Ердоған еврей
сар баздарының бұл əре кетін
айыптады. Бұл мə селеде
Израиль пре мь ер-ми нистрі
Биньямин Нета нь яху де қарап
қалмай, жауабын айтты.
Түркия президенті Р.Ер-
до ған Адана қаласында өт-
кен Əділет жəне даму пар-
тия сының съезінде сөй леген
сө зінде Израильді – тер рор-
лық мемлекет, ел пре мьер-
министрі Биньямин Не та-
ньяхуды «террорист» деп
мə лімдеді.
«Халықаралық қоғам-
дас тыққа Израиль əскерінің
қан шалықты зұлым екенін
жет кізудің қажеті жоқ. Тер-
рор истік мемлекеттің əре-
кетін Газа секторы мен Иеру-
салимдегі жағдайға қа рап-ақ
көруге болады», деді Р.Ер до-
ған. Daily Sabah басылы мы
таратқан ақпаратқа сүйенс ек,
ел президентінің мұндай мə-
лім деме жасауына Газа сек-
торы шекарасындағы палес-
ти налықтар мен Израиль
əс ке рінің қақтығысы себеп
бол ған.
Палестина мен Израиль
ара сындағы дүрдараздық
ұза қ қ а созылып келгені бел-
гілі. Халықаралық қоғам-
дас тық түйткілді шешуге
талпынғанымен, нақты нəти-
же ге қол жете қойған жоқ.
Кей ін гі қақтығыс 30 наурыз
кү ні басталған-ды. Жоғарыда
ай тып өткеніміздей, атыс сал-
да рынан 16 адам қаза тапты.
Түркия президентінің айып-
тауынан соң, Израиль пре-
мьер-министрі Б.Нетаньяху
да іле жауап қатып, «Африн ге
əскер кіргізген Анкара билі гі-
нің Израильге «моральдық дə-
ріс» беруге құқығы жоқ» деді.
Р.Ердоғанның мəлім-
демесі Израиль басылым да-
рының да шымбайына ба-
тып кеткен сыңайлы. The
Jerusalem Post басылы мы
Түр кия президентін жер ден
алып, жерге салды. Басы-
лым Палестина – Израи ль
шиеленісіне келгенде өз мем-
лекетінің мүддесін қор ғай-
тынын анық аңғартып, Газа
шекарасындағы палес ти-
налықтардың қаза табуын
бүкіл Батыс медиасы айып-
тап жатқанда оқиғаны бас-
қаша сипаттады. Газеттің
пай ым дауынша, шеруге шық-
қандардың басым бөлігі «Ха-
мас» ұйымының сарбаздары
кө рінеді. Бірақ The Times of
Israel сайты таратқан видео-
да қарусыз жүрген жастарды
Израиль əскерінің оқ астына
алғаны бейнеленген.
Жалпы, Түркия мен
Израильдің қарым-қатынасы
күні кеше бұзылған жоқ.
2008-2009 жылғы «Израиль
– Газа шиеленісін» Түркия
тарапының айыптауы екі ел
арасындағы дипломатиялық
байланысқа сызат түсіргені
белгілі. Ал 2010 жылы Газа
секторы блокадаға түсіп,
оларға теңіз арқылы жі беріл-
ген гуманитарлық көмек ті
Израиль қарулы күштерінің
басып алуы жағдайды тіпті
күрделендіріп жіберді.
Осыдан кейін өзара мəмілеге
келу қиынға айналған-ды.
Францияның
әрекетін құп
көрмеді
Бұдан сəл бұрын Түркия
мен Франция арасынан да
қара мысық жүгіріп өткен еді.
Өткен аптада Франция пре-
зиденті Эмманюэль Макрон
Парижде «Сирия де мо-
кратиялық күштері» (СДК)
өкілдерімен кездес кен. Ол
Түркия мен күрдтер ара сын дағы
шиеленісті шешуге еме урін та-
нытты. Алайда «үш жолақты
ел» басшысының бұл қадамын
Анкара билігі құптаған жоқ.
Біріншіден, «Сирия демо-
к ратиялық күштері» Ана-
долыда террористік ұйым
ре тінде саналады. Екіншіден,
Түр кия қарулы күштерінің
«Зəй түн бұтағы» деп атала-
тын əскери іс-қимылды бас-
тап, Африндегі күрдтермен
ай қасып жатқанына біраз бол-
ды. Оған қоса Э.Макронмен
кез десуден кейін күрдтер
Фран ция президенті Түркия
м е н С и р и я ш е к а р а с ы
маңын да орналасқан Манбиж
қа ласына əскер жіберуге уəде
бер генін мəлімдеді. Мұ ның
қаншалықты шындық еке ні
белгісіз. Алда-жалда Фран-
ция сарбаздары шаһарға
көмекке келе қалса, бұл шека-
ра маңындағы күрдтерді түре
қуу ға бекінген Түркия үшін
бүй ірден қадалған шаншу-
мен тең болады. Сондықтан
Ан кара билігі Э.Макронның
əре кетін сынға алды.
Э.Макронның кенеттен
мұндай əрекетке баруын та-
раптар сан-саққа жүгіртіп
жатыр. Мəселен, France24
ар насына сұхбат берген
жур налист «Күрд халқы:
Таяу Шығыстың іргетасы»
кітабының авторы Оливье
Пиоттың пайымдауынша,
Франция осы қадамы арқылы
Сирияны қайта қалыптастыру
жө ніндегі ұзақмерзімді жос-
пары бар екенін көрсетеді.
Екіжақты қарым-қаты нас-
тың бұдан əрі қалай өр битіні
белгісіз болып тұр. Алай-
да француз басылымдары-
на шыққан мəліметтерге
көз жүгірте отырып, мы-
наны аңғаруға болады. Па-
риж билігі түріктердің кей
əрекеттерін, əсіресе Ман биж
шаһарына кіруін қол да май-
т ынын білдірді. О.Пиот айт-
қандай, алдағы уақытта дип-
ломатиялық пікірталас жет-
кілікті болмауы мүмкін. Он-
дай жағдайда Францияға өз
ық палын қалай жүргізетініне
қа тысты шешім қабылдауға
тура келеді.
Саяси дүрдараздық –
қауіпсіздікке төнген қатер
rbc.ru