10
9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ
RÝHANIAT
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
М.Əуезов атын дағы ака-
демиялық драма театры ұсынған
«Адасқақтың» сах на лық нұсқасын
жасап, ықшам даған белгілі əдебиет
сыншысы, мəдениеттанушы Əлия
Бө пе жанова болса, қатпары қалың,
астары мол күрделі шығар ма-
ның бас-аяғын қамтып, режис-
сура тілімен тəпсірлеген Əу-
бə кір Рахимов. Ілгеріректе
А.Сү лейменовтің «Төрт тақта
– жай намаз», «Қыз дай жесір –
штат қысқарту», «Жетінші па-
лата», «Кек» секілді фи лосо-
фия лық мəні терең пьесаларын
сахналаған Ə.Рахимов «Адас-
қақпен» отыз жылдан бе рі
«ауырмаса» дəл осындай кең
ауқымдағы даналықты май дан
қыл суырғандай етіп, динамикалы
драмаға айналдыра алуы екіталай
еді. Асқар шы ғар машылығындағы
ешкімге ұқ самайтын тіл, ой, стиль
ерек шелігімен ертерек танысқан
шеберге ғана бағынатын кесектік
бұл.
Спектакльдің инсцениров-
касын жасаған Ə.Бөпежанова
шығарманың өзегін сақтай оты-
рып, Біржан өмір сүрген кезеңге
тəн ахуалды, Ақан – Біржан
– Абай тізбегін көтеретін ең
маңыз ды диалог-діңгекті дұрыс
ірік тей алғаны туындының то -
лық, біртұтас сахналық шы-
ғарма болуына мүмкіндік
бер ген. Спектакльдің мəңгі
қозғаушы күші махаббат па
– бар жəне ол қандай махаб-
бат десеңізші, аспандағы айға,
Абай дың айнамкөзіне азуын
бі леген ессіз əлде есірік сезім.
Елінің сөзін сөйлеп, еркесіне
айналған əншілер өз кезеңінің
бай-манабының қолжаулығы
болды ма – болған. Бармақ бас-
ты, көз қысты жемқорлық па –
дерттің тамырын сол заманның
топырағынан да тауып аласыз.
Жалпақшешей, жағымпаздық
ше – жайлап алған. Жадағай,
жабы əншілеріңіз бе – олар бүгін
өніп шыққан жоқ, өлермендер
Біржан мен Ақанның өзін де
жабықтырған. Осының бəрі
бүгінгі көрерменге ғажап таныс
оқиғалар. Біржан – Əпіш, Біржан
– Абай, Біржан – Ақан, Біржан –
Паң Нұрмағамбет, тіпті Біржан
– Тəшмат арасында өрбитін
диалог-спектакльде біз іздеген
өзектілік кезек-кезек көрініс та-
уып жатты.
Спектакль өң мен түс арасын-
да, екі əлемнің ортасындағы кеңіс-
тікте өтеді. Əлдеқашан о дүние-
лік болған жақындарының бəрі
– өбектеп, жанынан шықпайтын
жан жары Əпіш, Жанботаның
қысастығы, Паң Нұрмағамбеттің
нығыметіне бөленген күндер,
Абаймен кездесуі, Ақанмен қа-
уышуы – кенет Біржанның жа-
дында қайта жаңғырады. Өлім
ал дындағы алаң-елең дүние. Кү-
нəл ары көз алдына келіп жатыр.
Ар азабы тəн азабынан ауыр.
Ұят адамды өмір бойы қуалайды,
міне, Біржанды да ақыры уысы-
на түсіріп, өлетін сəтінде бе тіне
шыжғырып басып жатыр. Бір-
жанның екі аяғы мен екі қолы
тақ тайға тарс таңулы, байлаулы
жіпті шешкісі келіп бұлқынады.
Ағаш тақтай болғанымен, режис-
сердің пайымында, бұл – ар тақ-
тайы. Біржанның жантəсілім
етер алдындағы жарты сағаттық,
бəл кім жарты минөттік жан
қиналысын Ə.Рахимов бір жа-
рым сағаттық драмаға құрған.
Режиссер Біржанның ажал ал-
дындағы арылуын, арымен, əні-
мен арыздасуын тұтас драмаға
ай налдырарда, əр штрихты, əр
детальды мейлінше ойластырған.
Қара киінген қарақшылардың
көзіне əзірейіл болып көрініп,
қайта-қайта сабап кететін тұсы
– осқылап жатқан Біржанның өз
күнəлары.
Фəнимен қоштасып жатқан-
дағы қас-қағым сəтте күнəдан
арылудың бір мүмкіндігі, жалғыз
жолы қазақтың салтында бағзы
заманнан «бақұлдасу» аталғаны
аян. Негізгі қақтығыс – Біржан
мен Абай, соңыра Біржан мен
Ақан арасында өрістеп, бірі ма-
хаб бат, ар идеясын, бірі əн, өнер
идеясын түрлі қайшылықта қау-
зағанымен, бұларды ортақ ли-
нияға біріктіріп тұрған осы бақ-
ұл дасу.
Біржан секілді күрделі əрі
терең, қазақ музыка əлеміне ерек-
ше əсер еткен қуатты құбылысқа
«Адасқақпен» ескерткіш соққан
Асқар Сүлейменов оның қара-
пайым қалыпқа, жалпақ ұғымға
сыя қоймайтын жұмбағын шешу-
ді діттегенін осы спектакль анық
аң датады. Əйелдің намысынан
əн нің құдіретін, əншінің алтын
басын биік қойған Абайдың ал-
дындағы өкініш өлімнен де күш ті
болып өртеп барады қазір. Абай-
мен жауаптасуы – өртеген ары-
мен жауаптасуы.
Ал Ақанмен кездесуі шиыр-
шық атқан шарпысуға толы. «Мен
ғашықтықты машық қылған сен
емес. Көңілім құламаса, бар май-
мын да, алмаймын. Үздіге қал-
сам, кер домбыра əзірге дүмі-
мен түсіп жарылған жоқ. Бірақ
жа дыңда желімдеп сақта: менің
бір əнім матап берген қырық
то ғыз» дейді Ақан. «Əн мал ма
сон да?» дейді Біржан. «Əн – зар.
Зар һəм мінəжат. Ал мал ма,
жоқ па, оны өзіңнен сұра». Ақан
ұстазына зор айып тағып тұр.
«Əнді көңілдестің қалыңмалы
сияқты пайдаланасың, ал мен
үшін зар жəне мінəжат» деп тұр.
Ақан үшін əн деген – махаббатқа,
адалдыққа деген мінəжат. Əн
құдіреті деген бар. Ол – ардың үні.
Ақан Біржанға «сен жұмсалдың»
дейді. «Сен əніңді, өнеріңді,
атағыңды малға саттың». Өнерді
дүние-малдың жолына жұмсадың
деп кінə тағып тұр. Ал өнер
жұмсалмауы керек. Азды-көпті
ғұмырында жалған өмірден мəн
іздеген рухы биік Біржанның
жантəсілім алдындағы шындығы
шошындырмайды, керісінше,
сүйсіндіреді. Бұл үшін Біржанды
еш жазғыра алмайсың. Себебі
артына өлмейтін, өміршең əн
қалдырып кеткен Біржанның
өзі өмір сүрген қоғамның шарт-
ты заңдылықтарына мойын-
сұнбай, тіршіліктің мəнін өнер-
дің биігінен табу үшін бəрі-
нен безініп, рухани арпалыс-
пен ғұмыр кешкені онсыз да
көп шілікке бұрыннан белгілі
шын дық емес пе? Біржанның
мінезіндегі ең маңызды қасиеті –
өзін-өзі түсінбей, əділдік таппай,
қоршаған ортасынан қорған, тірек
таба алмай, бəрінен беті қайтып,
өкініп, аласұру, соған сəйкес
кейіп керінің ішкі жан дүниесін
ашатын əрекет, штрихтар тау-
ып, құбылтуға жанын салғанына
қарап Біржан – Бекжан Тұрыстың
рөлге тыңғылықты дайындықпен
келгенін байқатады. Бүкіл спек-
такльдің жүгі бір өзіне көбірек
түсетін Біржанның кесек бейнесі
Бекжанды ия «бар», ия «жоқ»
жасайтын, көрерменнің алдын-
да күрделі сынақтан өткізетін
жауапкершілігі мол рөл бола-
тыны аян еді. Актерлік таланты,
му зыкалық қарымы сыналатын
тұс осы. Актерлік ішкі қуаты мол
Б.Тұрыс Біржанның бойын кер-
неген ызаны, ойын бүкпей айта-
тын тікмінезділігін, əншінің ішін
өртеп бара жатқан күйінішін,
рухани күйзелісін бір бояумен
емес, жан-жақты шеберлікпен
ашып көрсетті.
Қойылымның мазмұнын ашу-
ға қызмет етіп тұрған декорация-
ны құрудағы суретші Мұрат
Сапа ровтың еңбегін де атап өту
орын ды. Қара көлеңке сахнадағы
қара киімді қарақшылардың го-
тикалық əсер беруі, Лəйлім-шы-
рақтың хор қыздарының ара-
сынан табылуы, қайта-қайта қақ-
пақылға түсетін қаңбақ секілді
дөң гелек шар – спектакльдің
ұтымды ой-тұжырымы. Шар –
дүние-қаңбақ. Қаңбақтың обра-
зы. Ал қаңбақ – халықтың обра-
зы. Олар осы қаңбақтың ішінде
отыр. Жел айдаса домалап жүре
береді. Абай мен Біржанның,
Біржан мен Ақанның диалогын-
да олар бір-біріне бар екпінімен
қаңбақ домалатады. Осындай
ұлы адамдардың ерегесінде
халық қаңбақша домалап, қай
жағына жығыларын білмейді.
Екі ұлы адам егесті ме, орта-
сында халық топалаң бола-
ды. Тегеурінді ре жис серлік
тың шешім. Режиссер халықты
екі ұлының диалогының ішіне
тастады да, отаршылдық
идеологиядағы қазақтың халінің
қандай болатынын қапысыз
көрсетті. Тікенек шардың ішін-
дегі халық қызыл ала қанға боял-
ған. Халық қансырап торда отыр,
ал əншісі бай-байшыкештің
шаш бауын көтеріп, əнін ай-
тып, əңгімесін қыздырып жүр.
Триумф сұрақ осы – ал халықты
кім ойлайды? Бай-байшыкеш
пе, əлде халықпен арадағы дел -
дал Паң Нұрмағамбеттер ме?
Режиссер Ə.Рахимовтың көрер-
менді осы сұрақтың төңірегінде
ойландырғысы келген мақсатын
батыл қадам деп бағалауға əбден
тұрарлық.
Біржанның соңына қал дыр ған
музыкалық мол мұ расының қай-
қайсысы да сахнада шырқалуға
сұранып тұ ратынына қарамастан,
за ма нының əділетсіздігіне, зор-
лық-зомбылығына күйіне оты-
рып шығарған трагедияға то лы
бір ғана «Теміртастың» таң-
далып, лейтмотив ретінде алы-
нуы спектакльдің салмағын арт-
тыра түскен. Бұл – Біржанның
жанайқайы. «Теміртас» – жал-
пы, «Адасқақ» қойылымының
темірқазығы, жұлын-жүрегі.
Ара да енді жүз, мың жыл өтсе де,
əр заманның өз Біржаны болаты-
нына, оның зары бірде у, бірде
дəрі болып, осы оқиғалардың тап
осылай қайталана беретініне мы-
нау «Теміртас» куə бола бермек...
АЛМАТЫ
ТЕАТР
Ар алдындағы арылу
Анар Т ЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Барлығы көрші баланың план-
шетінен басталды. Алдымен жас -
өспірімдердің гаджетке тəуел -
ділігінің өзі қайдан шы ғу да?
За ман ағымынан қа лу ға бол-
майтын, ақпараттық жыл дам -
дыққа көз ілеспейтін уа қыт та
дəс түрлі құндылықтар мə ні нің
сол ғындауынан ба, əлде қо-
ғам дағы ата-ана мен бала, дос-
жаран мен пен қарым-қатынастың
басқа деңгейге ауысуынан, əл-
де ығысуынан дейсіз бе, əлде
вир туалды əлемдегі ықпалдың
санаға тигізер əсерінен дейсіз бе?
Спектакль осы сауалдарға жауап
іздегендей.
Ермек, Айгүл, Еркін – бір
үйдің балалары. Еркін ауылда
əжесінің тəр биесін көрген, тай
мініп, асық ойнаған, домбы-
раның үніне елти тін кенже ұл
болса, Ермек пен Айгүл сабақ-
тарын өте жақсы оқып, ата-
ана сына қолғабыс жа сап, іні-
сінің сабақ оқуына да кө ңіл
бө ліп, кітап ақтарып ба ла лық
қы зық тарын біліммен ұш тасты-
ратын жеткіншектер. Бірақ осы
бақытты өмір Асан ат ты көрші
баланың планшетпен ойнап
жүр генін көрген соң нілдей бұ-
зылады. Балалардың оған қат-
ты қызыққаны сондай, от ба-
сындағы өте құнды, анасы үшін
қимас домбыраны планшетке
айырбастайды. Еркін домбы-
раны қимай қанша қиылса да,
үл кен екі баласының көңілі үшін
ана сол қадамға барды. Алайда
ойынға берілген балалар анасы
мен кітапты тыңдаудан қалып,
компьютерлік ойындар иесі
У-Сананың ықпалына көшеді.
Сахнада – гаджет жетегіне ілесіп,
балалық кейпінен өзгеріп кеткен
жеткіншек. Шиыршық атып, жан
күйзелісіне түсіп, шарқ ұрған
ана. Ана рөлінде биші Гаухар
Исмағұлова би тілімен осы бір
ішкі иірімдерді шебер жеткізеді.
Сахнадағы У-Сананың (Қар-
лығаш Нəсен) ықпалы өте зор.
Қимылы əбжіл, құдіретінің күшін
білген У-Сана патшайым бала
біткеннің ой-санасын жаулаған.
Алдында ғана ана алдында тал-
шыбықтай иіліп жүрген бала-
лар құрыққа түскенде роботқа
айналғандай. Бар зейіндері, есіл-
дерті тек қолдарындағы гад-
жетте. Залдағы көрермен тым-
тырыс. Уланған Айгүл (Ай дана
Дайрабаева) жанары шоқ тай
жанып, залға көз тіккен. Жан-
ды денеден гөрі пультпен бас-
қарылатын компьютерлік ойын-
дардағы бейнелерге айнал ған
балалар бірінен соң бірі кө-
рер мендер залын қақ жарып
сах наға беттеген. Қолындағы
план шетімен қызықтырып,
зал аралап кеткен көрші бала
Асан ның қармағына (Марғұлан
Жү нісов) дəл қазір-ақ талай
жет кіншек түсердей. Еліктіреді,
қы зықтырады, түрлі ойынның
ке реметтерін беріле көрсетеді.
Ал жан қармана балаларын іздеп,
таба алмай шиыршық атып,
шарқ ұрған ана жанында ұлттық
ру хы өлмеген кенжесі Еркін
(Ер жан Құдайбергенов) ғана.
Балалар табылды. Бірақ олар
У-Сананың ықпалынан шыға
алмайды. У-Сананың құлына
айналған балалар өткен өмірін
ұмытып, іздеп келген бауырына
да қарамайтын жағдайға түскен.
Сахнада арпалысты би. Деко-
рацияда, лэд экранда шыр ма-
уыққа шырмалып алыс тап кеткен
домбыра суреті. У-Сана шеңгелі
қусырып барады. Жан ұшырған
ана мен бала ойынға тəуелді
қымбаттарын тұтқыннан шы-
ғаруға, бұрынғы өмірлеріне қайта
əкелуге бар күшін жұмсайды.
Неге бұлай болды? Табан ті-
рер тұрлауы, рухани діңгегі осал
ма? Солай тəрізді. Ата-бабадан
жет кен діл, таным, көзқарас,
дəс түр байланысы қай жер-
ден үзілді? Домбыра, қамшы,
асық тəрізді құндылықтарды
тəрк етпей, бойдағы қанмен бе-
рілген ұлттық рухтың діңіне
құрт түспесе, тамырдан жеткен
нəр жас шыбықты иілтіп, бүк-
тіргенімен жұлып əкете алмайды
екен. Анасымен бірге У-Санамен
арпалысқан Еркін сол тамырын
үзбеген шыбық. Спектакльдің
нағыз шарықтау шегі. Анасы мен
Еркін У-Сана басындағы тəжді
шешуімен барлық бала роботтық
кейіптен, санасы уланған, ойын-
паз, ойсыз бейнеден арылып, са-
налы жеткіншектерге айналады.
У-Сана жеңілді.
Кейінгі буын бойында қауқар
бар екен, күресе алады екен. Ер-
кін бауырларын жамандықтан
құт қарып, бұрынғы өмірлеріне
қайта əкеледі. Қойылым ғаламтор
жетегінде кетіп, білімнен алыс-
тап, тек қана ойынның соңына
түскен балаларды білім əлеміне
жетелейді.
Əлемдік мəселеге айналған
виртуалды əлемге тəуелділік
тақырыбын қозғаған қойылым
«Наз» би театрының əлеуетін, ел
алдын да ғы жауапкершілігін де
көр сет кендей. Либретто авторы
Са ғаділдə Үсібəлі, қоюшы хоре-
ографтар Арман Баймағамбетов,
Ұлан Изенаев, Сағит Дүзбаев,
композитор əрлеуші Байдалы
Рыспанбет, театрдың көркемдік
жетекшісі, бас балетмейстері
Қадиша Ағымбаеваның үйле-
сімге ұмтылған қимылымен,
əлеу меттік мəні зор мəселені
сах наға алып шығып, кішкентай
кө рермендерге ұсынуын үлкен
же тістік деп бағалаған орынды.
Естеріңізге сала кетейік, ли-
бретто авторы Сағаділдə Үсібəлі
тұңғыш «Қазақ елі» анимациялық
фильмінің сценарийін жазған,
балалар тақырыбына қалам
тартып жүрген қаламгер болса,
«Наз» мемлекеттік би театры
сан түрлі ұлт пен ұлыстардың
би лерін, хореографиялық қойы-
лымдар мен композицияларды
сахналаған Қазақстандағы бір-
ден-бір кəсіби би театры.
Ібір-Сібір жұрты дейтін
қиыр ды жайлаған түркітілдестер
ішінде камасин атты халық бо-
лыпты. Өзінің тілі, мəдениеті,
дəстүрі бар еді. Əуелі дəстүрі
мен тілінен айрылған жұрт
құм ға сіңген судай қарасы көп
халықтың арасында жоғалып
кетіпті. Қазір камасиндер жоқ.
Ал сахнадағы би тілі камасиндей
жоғалмауға үндейді. Қапастан
шығып, шырмауықтан арылған
домбыра ұлттық болмыстың
шырақшысындай көрінді!
ӨНЕР
Би тілімен айтылған биік ой
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры
«U-Sana» би спектаклінде әлеуметтік мәні зор мәселені кпшілік
назарына ұсынды.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
нерді серік еткендердің ішін дегі ркештісі сал Біржан ның мірі
арқылы ән мен ән шілік тағдырдың ғақлиясын шерткен жазу-
шы Асқар Сүлей меновтің «Адасқақ» повесі отыз жылдан кейін
драма тілімен сй леді.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––