№66 (29297) 9 Суір, ДҮйсенбі 2018 жыл



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет3/16
Дата19.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#20721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ

3

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: 

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еліміздегі экономикалық 

және технологиялық салалардың қарқынды дамуына айрықша мән берілген. 

Осы мақсатта «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылып, 

сандық жүйе экономиканың күре тамыры саналатын барлық бағыттарға жап-

пай енгізіліп жатыр. 

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Биылғы сәуір айының т„ртінші жұлдызында Ақт„бе қаласындағы шағын 

аудандардың біріне қарасты к„п пәтерлі тұрғын үйде қайғылы жағдай 

орын алды. Қазақстан-Ақт„бе телеарнасының бұрынғы қызметкері, 1990 

жылы дүниеге келген азаматша апатты жағдайдағы лифтіні пайдалану 

салдарынан к„з жұмды. †лбетте біздің басты мақсатымыз осы оқиғаның 

мән-жайы мен бүге-шүгесін қазбалау емес, Ақт„бе қаласындағы және 

тұтастай республикадағы лифт шаруашылығының қазіргі жай-күйіне 

тиісті талдаулар жасау екенін айтқымыз келеді. 

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ОҚИҒАҒА ОРАЙЛАС ОЙ

Газдандыру –

өңірді 

жандандыру

(Соңы. Басы 1-бетте)

Мұның өзі 3 мил лионға жуық адамды газбен 

қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көрінеді.

Президент тапсырмасына сай, наурыз айының 

басында жаңа жұмыс тобы ұйымдастырылып, оның 

құрамына Қарағанды облысының өкілдері де енді. 

Өйткені «Сарыарқа» газ құбы рының негізгі бөлігі 

Орталық Қазақстан арқылы өтеді. Оның ұзындығы 

шамамен алғанда 820 шақырымды құрайды. 

Қазіргі  таңда  Қарағанды  об лы сында  газ 

құбыры  тартыла тын  жəне  оны  тиімді  пайда-

лану  үшін  салынатын  ғимараттарға  ар налған 

жер  телімдерін  бөлу  ісі  қызу  қолға  алынды. 

Жалпы, өңірде үш бірдей авто мат тандырылған 

газ таратушы станса салу жоспарланған. Қара-

ғанды, Жезқазған жəне Теміртау қалаларында 

бой көте ретін бұл маңызды нысандар үйлер мен 

кəсіпорындарға газ берілгенде оның қысымын 

төмендетіп отыратын болады. Осы мегажобаны 

іске асыруға жауапты облыс əкімінің орынбасары 

Анатолий Шкарупаның айтуынша, бұл жұмыстар 

2020  жылдың  ортасына  таман  аяқталуы  тиіс. 

Энергетика министрлігі мен «ҚазТрансГаз» ком-

паниясы белгілеген мерзім осы. Яғни Қарағанды 

облысында газ тарату желісінің құрылысы 2019 

жылы басталады да, бір жылдан кейін оны магис-

тральды газ құбырына жалғауға мүмкіндік туады.

Айта кету керек, газ тарату желісінің құры лы-

сы біткеннен кейін облыстағы елді мекендер ортақ 

құбырға бірден жаппай қосыла салмайды. Бұл жер-

де бюджеттің мүмкіндігін ескеруге тура келеді. 

«Бəрін бірдей қамту мүмкін емес, дейді Анатолий 

Шкарупа. – Салынатын үш газ таратушы стансаға 

жақын маңдағы елді мекендер басымдық тəртібі 

бойынша біртіндеп қосылатын болады».

Қазіргі таңда маңызды құры лыстың жобалау-

сметалық  құжат тамасы  əзірленіп  жатқа нын 

Энергетика вице-министрі Мағ зұм Мырзағалиев 

таяуда  мəлім деген  болатын.  Ол  дайын  бол-

ғаннан кейін шілде айына дейін сараптамадан 

өтуі тиіс. Əлбетте, қандай да бір ірі жобаның дер 

кезінде жəне са палы түрде іске асуы қаржыға 

тəуелді. «ҚазТрансГаз» акцио нерлік қоғамының 

техникалық-эко номикалық  негіздемесіне  сай, 

жобаның жалпы құны 370 млрд теңгені құрайды 

екен. Ал Қы  зы л орда – Жезқазған – Қа ра ған   ды – 

Астана бағытындағы газ та   рату желісінің құны 

267,3 млрд тең геге тең. Жоспар ға сай «Са ры арқа» 

магис траль ды газ құ бы рының құры лысы төрт кезең 

бойынша жүргі зіл мек. Ұзын дығы 1081 шақы рым 

бола тын Қызылорда – Жезқаз ған – Қара ғанды – 

Астана бағы ты бірінші кезекте қолға алын бақшы.

«Туған ай тураған етпен тең» деген. Екі жыл 

де геніңіз екі айдай болмай өте шық қан да, Арқада 

газдан алау жағатын күнді де көрерміз, бұйыртса. 

Шынтуайтына келгенде, газ дандырудың өзі өңір 

тірлігінің тамырына қан жүгіртіп, өмірін  жан-

дандыру деген сөз емес пе?! 



ҚАРАҒАНДЫ

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Күні  кеше  Ауыл  шаруа шы лығы 

бірінші  вице-министрі  Арман  Евниев 

«АӨК-ті  цифрландыру  күні»  аясын-

да  бірнеше  инновациялық  жобаны 

таныстырды.  Отандық  кəсіпкерлер 

арқылы ауыл шаруашылығындағы ақ-

па ра ттық  технологияларды  дамы ту ды 

мақсат  еткен  шарада,  цифр ландыру 

жүйесін енгізудегі түйткілді мə селелер 

тізбектеліп,  болашақтың  еншісіне 

енетін  жоспарлар  бекітілді.  Со лар-

дың  бірсыпырасына  кеңірек  тоқтала 

кетсек,  аталған  министрлік  бүгінгі 

күні  «Цифрлы  Қазақстан»  мем ле-

кеттік  бағдарламасы  аясында  4  жо-

баны  жүзеге  асыруды  көздеп  отыр. 

Ауылшаруашылық  өнімдерін  өткізуді 

жүйелеуде, экс порт нарығын дамытуда 

сан дық жүйенің берері мол. Осы не гізде 

келер жылы мал ша руа шы лығы, өсімдік 

жəне балық өнімдерін бақылау мақ са -

тында мониторинг жасалып, ақ паратты 

электронды түрде алу мүмкін болмақ. 

Мысалы, жаңа туған мал бірден тіркеліп, 

соған қатысты барлық ақпараттар, қан-

дай екпе алғанынан бастап, қай жерде 

сойылғаны,  еттің  қай  базарда  са ты-

ла тыны  анық  электронды  базада  тір-

келетін  болады.  Бұл  арқылы  сатып 

алу шылардың  азық-түлік  қауіпсіздігі 

қамтамасыз етілмек. Əрбір кезеңде мал-

дың таза еке ні не көз жеткізілгеннен ке-

й  ін экспорттаушылардың да саны арта-

ды деген сенім бар. Қазіргі уақытта мал 

шаруашылығына  қатыс ты  ет  импорт-

таушы елдер дің негізгі талаптары бойы  н-

 ша өнімнің өндірілу барысына қа тыс-

ты  ақпараттың  толыққанды  бе рілуі 

маңызды.  Сондықтан  бұл  бағыттарда 

кейбір түйткілдердің талмаурын тұсын 

дөп  басуға  сандық  жүйе  таптырмас 

шешім.


Министрлік басымдық берген екінші 

бастама – электронды сауда-саттықты 

дамыту. Мем ле кеттік көрсетілетін қыз-

мет тер ді  дамыту  жəне  АӨК-ті  цифр-

лан дыру  департаментінің  директоры 

Бауыржан  Айымбетовтің  айтуынша, 

еліміздегі  астық  ша руашылығымен 

айналыса тын кəсіпкерлер қазіргі таңда 

электронды форматта өз өнімдерін са-

туды қолға алған. Осыдан екі жыл бұ-

рын іске қосылған minagro.kz веб-пор-

та лына 195-ке жуық ірі астық қоймасы 

тіркелген. Ал онлайн түрде сауда жа-

сау  мүмкіндігінен  бейхабар  шаруа лар 

қаншама?  Қоймадағы  астық ты  күнде 

бақылауда ұста ғаннан гөрі, барлық мəн-

жай дың  ақ-қарасын  үйде  отырып  та 

электронды түрде қадағалауға болады. 

Сонымен қатар кез кел ген астық сатып 

алушы  үшін  қоймадағы  өнім  жайын-

да ақ па рат жүйеде тіркелген. Тіп ті ке -

лісімшарт  жасау,  оны  заң дас ты ру  да 

«ақылды  тех но ло гия ның»  көмегімен 

шешімін  тауып  отыр.  Айта  кетер лігі, 

жүйенің қолданыс аясы да артып келеді. 

Бұған  дейін  тіркелгендер  саны  4  мың 

болса, қазір 39 мыңға жеткен. 

«Ендігі  меже  жүйенің  ауқымын 

шетелдік  астық  им  порт таушы  елдер-

ге  де  қол же  тім ді  болатындай  дең-

гей ге  жет  кізу.  Осы  мəселе  жан-жақ-

ты  тал қыланып,  біздің  назарымыз да 

болады.  Астық  өнімдерін  жет  кізуде 

темір  жол  саласында  да  цифрланды-

ру жүйесін енгізу жос  парланып отыр. 

Бұ ған  қоса,  мал  шаруашылығында  да 

он лайн режимінде сауда-саттық жасау 

мүм кіндігін қолжетімді ете міз. Аталған 

ба ғыттар бойын ша АӨК-дегі 101 мем ле-

кеттік қызмет көр се ту мен оған байла-

нысты про цес тер автоматтанды рылатын 

болады», дейді Б.Айымбетов.

ІТ-технологияларды нақты егін шілік 

пен SMART фермалар да пайдалануды 

дамыту үшін бизнес өкілдерін тартуға 

минис тр лік мұрындық болмақ. Яғни, өз 

кəсібінің көш ілгері дамуын, бəсекеге 

қабілетті болуын көз деген шаруа, кəсібін 

сандық  фор  мат қа  сəйкестендіреді. 

Алды мен жаңа технологияның жілігін 

ша ғып,  майын  ішкен  сала  мамандары 

ұсын ған  жобалардың  ішінен  тиімдісі 

инвестицияланады. Бұл ретте, мемлекет 

онлайн сау да жүйесін қолға алған ІТ- 

маман  дарына салық жүйесінде жеңіл-

дік тер қарастыруды көздейді.

Канада, Оңтүстік Корея, Малайзия, 

Сингапур, АҚШ сияқ ты дамыған елдер-

де ақпараттық дамыту стратегиясы сəтті 

іске асқанын аңғару қиын емес. Осы рет-

те ауыл шаруашылығын цифр ландыру 

аясында бірқатар елдердің компанияла-

ры өз ұсыныстарын білдірген.

Негізінде сандық форматқа толықтай 

көшірудің əр елде жолы, бағыты əрқалай. 

Мəселе шет ел діктер ұсынған жоба баға-

сы ның  қымбаттығында  болып  отыр. 

Қазір гі уақытта өз заң дар ымызға сəй-

кес тендіріп,  Ау стра лияның  қолда ны-

сындағы  əдістеме  бойынша  жұмыс 

істемекпіз. Айта кету керек, бұл ел ет 

тасымалы бойынша үздіктер қа тарында. 

Ал аустралиялықтар өз кезе гінде біздің 

ел  арқылы  Қытаймен  ет  тасымалына 

кететін  логистикалық  шы ғын  дарды 

азайтуды көздеп отыр, деді Бауыржан 

Айымбетов.

Егіншілік шаруашылығы 

үшін электронды жүйенің 

берері мол

Ауыл шаруашылығын цифрландыру 

аясында егіншілік элементтерін енгізу 

фермерлерге өндірістік тиімділікті ай-

тар лықтай  жақсартуға  жəне  ке шенді 

түрде ауыл шаруа шы лығы өндірісінің 

шығынын ке мін де 25 пайызға азайтуға 

мүм кіндік  береді.  Негізгі  мақсат 

−  өнді рушілердің  əлеуетін  артты-

ру,  бағаны  тұрақтандыру,  егіс  алқап-

тарын  жақсарту.  Егін шілік  эле мен ті 

егістіктердің  элек тронды  кар таларын 

жасап, ауа райының нақты деректерін 

анық тап,  сенсор  мен  датчиктер  жə не 

космониторинг жасауды бі різ ділендіру 

үшін қажет. 

Егіншілік  саласындағы  диф фе рен-

цияланған жүйеде ауа рай ының ықпа лы, 

агро химиялық жағдай, ылғал дылық жан-

жақты қамтылады. Бүгінгі күнге дейін 

егін егетін жердің барлығына тыңайтқыш 

себіледі,  жаңа  технологиялық  жүйе 

бойынша  электронды  карта  жасалып, 

оған  агрохимиялық,  метеомəліметтер 

тіркеліп трактор арқылы нақты қай жер-

ге тыңайтқыш себу керектігі автомат-

тандырылады.  Бұл  жүйеге  көшу  үшін 

жаңа техникалар алу қажет болады, деді 

Бауыржан Сəдуақасұлы. Оның айтуын-

ша, мұндай бағдарламалар шет елдерде өз 

тиімділігін көр сетіп отыр. Ал бізде жаңа 

тех нологиялық  бастамаларға  ұмтыл-

ған шаруаларға субсидия беру арқылы 

қажетті техникалармен қамтамасыз ету 

жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 

нақты  қан ша  қаражат  көлемінде  тех-

никалық жабдықтар алу керектігі Ауыл 

шаруашылығы министрлігі тарапынан 

анықталатын болады.

Мемлекет  жекелеген  шаруа лар  дан 

белгілі бір мөл шер де ас тық сатып алу 

барысында  көк темде  жерге  астықтың 

толық тай егілгенін, алынатын өнімнің 

кө лемі соған сəйкестігін анықтау мақ-

сатында  электронды  картаны  ен гізіп, 

оған  космомониторинг  жүк теген.  Сол 

бойынша əр шаруа картада өзі егін ек-

кен  жерін  бел гі леп  көрсетеді.  Өз  ке-

зегінде  жер  серігі  арқылы  шаруаның 

би  ылғы жы лы егін еккен-екпегені, кө-

л е  мі  нақтыланып  отырады.  Егер  ша-

руа   шылық  шамадан  көп  өнім  алаты-

нын  мəлімдесе,  жер  сері гінің  NDVI 

индексі  арқылы  келген  мəлімет  оны 

жоққа  шығара  алады.  Бұл  шаруаның 

астықты  өзі  екпей,  арзан  бағаға  са-

тып алғанын жəне оны көтерме бағаға 

өткізіп отырғанын анықтайды. Осындай 

ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүріп, 

пайда табуға қам жасағандарға электрон-

ды жүйе шектеу қояды. 

Ел  Президенті  биылғы  халық қа 

Жолдауының  бір  бағытын  «Ақылды 

технологиялар» – агро өнеркəсіп кешенін 

қарқынды  дамыту  мүмкіндігі»  деп 

бекер  атаған  жоқ.  Елдегі  қарасы  қа-

лың  көпшіліктің  басты  табыс  көзі 

–  ауыл  шаруашылығының  да муы  ел 

экономикасының  да  тұрақ ты лығын 

қамтамасыз етеді. 

Агроөнеркәсіптік кешен цифрлы жүйеге қадам басады

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Мəселенің мəнісіне тереңдеп үңі-

ле  келгенде,  тек  Ақтөбе  ғана  емес, 

еліміздің  үлкенді-кішілі  қа ла  ла -

рын да  тұрғындардың  лифт  қыз ме-

тін  пайдалануы  мəселесінде  бі раз 

түйін  дер  мен  түйткілдер  жинақ та -

лып, қордаланып қалғанына көз жет-

кіздік. Республикамызда екінші мың 

жыл дықтың  алғашқы  он  жыл дығы 

аяқталған  кезде  өңірлерді  да мы-

тудың  2011-2020  жылдарға  ар нал-

ған  мемлекеттік  бағдарламасы  қа-

бы лданған. Осы бағдарлама аясын да 

Ақтөбе қаласында 2011-2016 жылдар 

аралығында 102 көп пəт ер  лі тұрғын 

үй күрделі жөндеуден өткі зіліп, нор-

ма тив тік  қызмет  мерзімін  өтеген 

апат тық жағдайдағы 38 лифт ауыс-

ты рыл ған. 

Əйтсе де лифтілерді жөндеу мен 

жаң ғырту  ісі  2016  жылдың  екінші 

жар тысынан бастап тоқтап қалыпты. 

Бұған  республика  Үкіметінде  осы 

жылдың 30 шілдесі күні қабылданған 

№449 қаулының əсері болған екен. 

Өйткені бұл қаулыда көп пəтерлі үйлер 

бойынша атқарылатын қызметтердің 

ең аз жəне ең көп түрі деп аталған қос 

нұсқасы белгіленген. Оның алғашқы 

нұс қасында  автоматтандырылған 

жылу  қондырғыларын  орнату  мен 

пай  далану  жəне  тұрғын  үйлердің 

ша тырын,  қасбеті  мен  жертөлесін 

жөн деу  мəселелері  қарастырылған. 

Яғ ни бұған ескіріп, тозығы жеткен 

лифт жабдығын жөндеу мен ауысты-

ру кірмейді деген сөз. Бұл іс аталған 

қаулыдағы жұмыстың ең көп түрі деп 

аталған  екінші  бөлігінде  алғашқы 

нұсқада көрсетілген қызметтерге қоса 

қарастырылған. 

Үкімет  қаулысында  көрсетілген 

жұмыстың көп деп аталған түрі жыл 

сайын  жүргізіле  бермейді.  Мұның 

бас ты себебі – жыл сайын оған қажетті 

қаражаттың  қарастырылмауында. 

Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспек-

ция сы бөлімінен алынған деректер-

ге  сүйенсек,  лифт  жабдықтарын 

ауыс тыруға сонау алпысыншы жəне 

жетпісінші  жылдарда  тұрғызылған 

жетпістен астам үй кезекте тұрғанын 

көреміз.  Алайда  жоғарыда  аталған 

өңірлерді дамыту бағдарламасының 

Ақтөбе  аймағындағы  басты  үйлес-

ті  рушісі  мен  операторы  «Табыс 

Ақтөбе» ЖШС-да қаражаттың мүл-

дем жеткіліксіздігі барлық үйді қам-

т уға мүмкіндік бермейді. Оның бас ты 

се бебі, тұрғындардың тарапынан тө-

ле нетін қайтарымды төлемнің жоқ-

тығынан туындайды. 

Өйткені  жоғарыда  аталған  мем-

ле к еттік мекеменің басшысы Хайдар 

Ер машевтың мəлімдеуіне қарағанда, 

жер гілікті тұрғындар мен пəтер ие-

ле рі кооперативтері мүшелері жаңа 

лифтіні  орнатуға  қажетті  қаражат 

бюджет есебінен бөлінуі керек деген 

ес кіше  ойлау  жүйесінен  əлі  күнге 

дейін арыла алмай жүр екен. Соның 

салдарынан  тиісті  алымдар  жинау 

жұмыстары ешқандай нəтиже бермей 

келеді. Қазіргі кезде нарықтағы бір 

лифтінің  құны  8-10  миллион  теңге 

аралығында. Мұндай қомақты сома-

ны көп пəтерлі тұрғын үйлерге бюд-

жет есебінен аударудың мүмкіндігі 

тым  шектеулі.  Оны  сатып  алу  əрі 

орнату негізінен тұрғындардың төл 

ісі болып табылады. Бұл тəртіп «Тұр-

ғын үй қатынастары туралы» заңның 

35-бабының  2-тармағында  тайға 

таңба басқандай көрсетілген дейді ол. 

Қазіргі кезде Ақтөбе қаласындағы 

7-9 жəне одан да көп қабатты үйлерде 

776  лифт  қондырғылары  ор на тыл-

ған  болса,  соның  ішінде  283  лифт 

нормативті  қызмет  мерзімін  əлде-

қашан өтеп, əбден тозығы жетіп тұр. 

Бұл уақыт 25 жылға есептелген. Өкі-

нішке қарай қайғылы жағдай орын ал-

ған 12-ші шағын аудандағы 19-шы көп 

пəтерлі үйдегі лифт де осы аталған қо-

мақты санның қатарына кіреді. Нақ-

тырақ айтқанда, мұндағы лифт қон-

дырғысы 1987 жылы Самарқанд ли фт 

зауытында шығарылған. Бұл деректің 

өзі оның əбден ескіріп, отыз жылдан 

астам уақыт бойы жөндеу көрмегенін 

əрі ауыстырылмағанын айғақтайды. 

Біз осы материалды газет өнді рі сі-

не əзірлеу кезінде Ақтөбе қаласында 

көп   пəтерлі  тұрғын  үй  иелеріне 

лифтіні пайдалану қызметін ұсынатын 

20 құ рылым бар екенін білдік. Оның 

бірі  өз  істеріне  салғырт,  жауапсыз 

қа раған,  оның  соңы  адам  өліміне 

əкеліп соқтырған «ЖаңабекСервис» 

ЖШС екенін де жасырып қалғымыз 

кел мейді.  Журналистік  зерттеулер 

ба рысы  адам өміріне қауіп төн ді ру 

ықтималдығы жоғары лифт ша руа-

шылығының басы-қасында жүр ген-

дер дің  басым  бөлігі  жеке  тұл ға лар 

мен жеке кə сіп иелері екенін көр се-

теді.

Олардың қолында тиісті сертифи-



ка ты  болса  болғаны  пəтер  иелері 

коопе ративтері  көп  ойланбастан 

олар мен  өзара  келісімшарт  жасай 

бе ретін  көрінеді.  Бір  қызығы,  олар 

лифт  сынып  немесе  істен  шыққан 

жағ дайда  оның  шығынын  өз  есе-

бі нен  төлеуге  мүлдем  құлықсыз. 

ПИК  жетекшілерінің  біліктілігі 

төмен,  салалық қызмет көрсету тə-

жі рибесінен түсінігі мен хабары аз 

тұл ғаларға желімше жабыса қалуы-

ның басты себебі, олардың өте арзан 

ба ға ұсынатынынан болып шықты.

Қынжылтатын мəсе ле, Ақтөбеде 

ғана емес, еліміздің бар лық қала ла-

рында лифт қызметін көр сетіп жүр-

ген дердің бəрі лицензия сыз жұмыс 

істейді.  Бұл  салаға  лицензия  беру 

тəртібі  елімізде  2012-2013  жыл дар 

аралығында шағын жəне орта бизнес 

субъектілеріне тексерулер жүргізуге 

мораторий жария лау кезінде алынып 

тасталыпты. Уа қыттың талабы мен 

қажеттілігіне сай мұндай қадам жасау 

мүмкін қа жет те болған шығар. Əйтсе 

де  бүгін де  лифт  шаруашылығымен 

айна лы сатындардың лицензия тəртібі 

бой ынша  жұмыс  істеу  дағдысын 

қай та дан орнықтыратын кез келген 

секілді. 

Əрі  мəселенің  дəл  осылайша 

қойы луы Ақтөбеде орын алған қай-

ғылы оқиғадан тиісті сабақ ала білу 

үшін де қажетті деуге болады. Өйт-

кені  бүгінде  қолында  тек  сертифи-

каты бар жеке тұлғаларға бар сенім ді 

арта салу лифт саласының бағы емес, 

соры  болып  шығатынын  өмір дің 

өзі көр сетіп отырғандай əрі мұн дай 

жан дар тиісті лицензиясы бол ма ған-

дықтан,  Үкіметке  көк  тиын  салық 

төлемейтінін, оны түсіруге де тиісті 

емес екенін қайда қоямыз?! 

Бұл  біріншіден,  ал  екіншіден 

елімізде лифт қызметін көп жағдай-

лар да күмəн туғызатын сертифи кат 

ар қылы  жүргізетін  жеке  тұл ға лар-

ды  бақылау  мен  тексеру  тетік те рі 

қарастырылмаған. Оларға өз қыз ме-

тіне  жауапсыз  қарағаны  үшін  бел-

гілі бір əкімшілік шаралар қолдану 

немесе  айыппұл  салу  тəртіп те-

рі  белгіленбеген.  Сондықтан  да 

көп  пəтерлі  үйлердегі  лифтілердің 

техникалық  жағдайы  қандай  күйде 

екендігі  белгісіз  қала  береді.  Бұл 

жағдай адам өміріне қауіп ті екені айт-

паса да белгілі. Сірə, «əй дейтін əже, 

қой дейтін қожа жоқ» деген нақылға 

бергісіз тіркес сөз осын дай жағдайда 

айтылса керек.

Бір сөзбен айтқанда, елімізде лифт 

шаруашылығын  жүргізу  мен  пай-

далануға орай жоғарыда айтылған бір-

қатар жайттар бұл мəселеге қатысты 

жа ңаша  көзқарас  енгізу  қажеттігін 

көр сетеді. Мақаламызға арқау болған 

ой-пікірлер мен ұсыныстар тиісті құ-

зыр лы органдардың назарына ілін се, 

ойға  алған  мақсатымыздың  орын-

дал ғаны. 

АҚТ“БЕ

Лифт шаруашылығына жаңаша көзқарас қажет



inform.kz

smallbiztrends.com

QOǴAM



жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау