Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
СӨЗ
Тақырыбы: Қазіргі қазақстандық отбасындағы "ұят " феномені
Орындаған:Балтабай Бекзат
Тобы:МS 19-6K2
Қабылдаған:Мұхамедин Марат
Шымкент 2021
Қазіргі қазақстандық отбасындағы "ұят " феномені
Ұят... Осы үш әріпте қаншама мән-мағына мен тәрбие жатыр. Бұл сөз қазақ халқының тәлім-тәрбиесінде ерекше орын алады. «Ұят» сөзінің мағынасын әрбір адам өзінше түсінеді. Себебі, кейбір адамдарға көп нәрселер мен құндылықтар норма болып саналады. Әрине, адамдар жағдай мен нәрсені қалыпты деп қабылдауына ең алдымен өскен ортасы мен қоршаған орта үлкен әсер етері сөзсіз. «Ұят»-ты адам бойында болатын ерекше сезім деуге болады. Адамда ұят сезімі оянған кезде ол өзі жасаған әрекетіне өкінішпен қарайды, қанағаттанбаушылық пайда болады, бұл бекер екен деп ойланып қалады. Сонымен қатар ұят сезімін қасындағы адамдардың теріс әрекеті де тудыруы мүмкін, әсірісе бұл адамдар туысқан немесе өте жақын дос болған жағдайда. Көптеген адамдарда ұят сезімі бұрын жасалған бұрыс әрекеттерді еске алған кезде пайда болады. Адамның ұялғандығын оның денесі нақты көрсетіп тұрады - беті қызарады, адам көзін жерге қаратады, дене температурасы және қысымы көтеріледі және т.б. симптомдар. Бұндай кезде адамдарға "Өлімнен ұят күшті" деген дәл келеді. Ұят-адамгершіліктің мүддесі, имандылықтың белгісі, тазалық пе н әділеттіліктің үлгісі және адамзатта болатын ең үлкен қасиет. Жербеті ұяты бар кісілердің құрметіне бар, ұят кеткен кезде тепе-теңдік пен түзелу бұзылады. Қазіргі таңда шыны керек, қоғамда ар, ұят, иман деген құндылықтар азайып бара жатыр. Ол рухани, адами тұрғыдан болсын немесе жүріс-тұрыс, киім-киіс тұрғысынан болсын білінеді. Бірақ, көп жағдайда «ұят» ұғымын орынсыз деп санаймын. Себебі, көп жағдайларға адам кінәлі емес қой. Мысалға, адам қаражат жоқтығынан әдемі киіне алмаса я белгілі себептермен тойға бара алмаса және т.б.
Қазақстанда «ұят» феномені ең жақсы мотиватор деуге болады. Меніңше, ұлттардың ішінде қоғамдық бақылауы күшті-қазақтар. Себебі, қазақтар критикаға ерекше мән береді. Біздер «ел не дейді?» деген сөзге байланған адамдармыз. Әрине, «ұят» деген ұғыммен тәрбие алған кей жерде дұрыс деп санаймын. Бірақ, бүгінгі таңда осы ұғыммен тәрбиеленген адамдар барлығына төзбеу ұят деп санайды. Төзбеу деген жерде, мен біздің қоғамда таралған құбылыс ажырасуды туралы айтқым келеді. Қазақстандық отбасыларды егер әйел күйеуімен ажырасып, ата-анасының үйіне қайтып келсе ұят деп саналады. Қазақстанда «ұят» феноменіне ерекше мән беретін еліміздің оңтүстік, батыс аймақтары. Неге? Себебі осы аймақтарда салт-дәстүр толықтай және таза күйінде сақталған. Басқа аймақтар орыстанғандықтан, Европалық тәрбие алған десем қате емес. Дегенмен, өзім еліміздің солтүстік аймағында туып, өскеніммен қоғамда ненің «ұят» екені жайында хабарым бар. Жастар осы «ұят» ұғына байлаулы. Қоғамда жұрттың балалары сияқты жақсы оқымаса, жоғарғы оқу орнында оқымаса; жастар үйленген кезде той жасамаса, ажырасса және т.б құбылыстар ұят деп саналады. Адам жеке тұлға болғандық- тан, өз жолын өзі таңдауға құқылы. Бірақ, кей адамдар бұл ұғымды басқаша түсіп, жаман жолға тап болуыда ықтимал.
Қазіргі Қазақстандық отбасындағы «ұят» феноменіне тоқталсам, өз отбасым жайлы айтқым келеді. Отбасы қазақ халқы үшін өте қымбат және киелі. Менің отбасым еліміздегі отбасылар сияқты ұят болады сөзімен тәрбиеленген. Менің отбасым да өзге отбасылар секілді барлық қоғамдағы жөн-жоралғылар мен құндылықтарды сақтайды. Кез келген қазақ баласы «ұят» немесе «ұят болады» деген сөздермен өсіп, дүниеден өтеді. Көп қазақ отбасылары елдің алдында ұят болмас үшін, өмір сүреді. Қазақ ұлтында адам қайтыс болғаннан кейінде ұят болып, елдің алдында масқара болмас үшін, адамды ақтық сапарға жоғары деңгейде шығарып салуға тырысады. Қазақ халқы қонағың Құдайыңдай күтетін жандар. Біздер үшін қонақты дұрыс күте білмеу ұят нәрсе. Соңғы кездері елімізде отбасылық золық-зомбылық күрт көбейіп кетті. Теледидардағы жаңалықтар, ақпарат порталдары, әлеуметтік желідегі посттар осыған дәлел. Зорлық-зомбылыққа тап болған адамдардың ол туралы айтып, арыз жазуда ұят. Жәбір көрген жандарға адамдар біртүрлі қарайды және оларды сынға алады. Сол себептен, қыз балалар мен әйелдер елге масқара болып, ұят болмас үшін барлығын ешкімге айтпай, іштерінде сақтайды. Кей кезде салдары соның салдары адам өліміне дейін әкелуі мүмкін.
Университетке түскелі еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген өзіммен шамалас жастармен араласып, бір елде тұрғанымызбен біздің тәрбиеміз бен өмірлік құндылықтар мен ұстанымдарымыз, қоршаған ортаға деген көзқарасымыз әртүрлі екеніне тағы бір мәрте көзім жетті. Әрине, ең алдымен бұған әсер ететін фактор ол- отбасы. Мен араласқан адамдардың ішінен тіпті өзінің ойын айтуға да ұялатын талай адамды кездестірдім. Үлкендердің алдында ұялып сөйлемеу тіптен дұрыс, дегенмен өз қатарында ойынды еркін жеткізіп, келіспейтін кезде оны айта білу керек. Тағыда бір байқаған жайт мен туып өскен ортада, дәлірек айтқанда, кең байтақ өлкеміздің солтүстік аймағында балаға көп еркіндік беріледі. Ата-анасымен ерекше жақын қарым-қатынаста болады. Мысалға көп студенттер өз проблерамаларын ата-аналарына айтуға ұялады. Пробелема деп тұрғаным: ақшаның таусылуы, стипендиядан айрылып қалу, бағалардың төмен болып қалуы және т.б жағдайлар. Менің ойымша, бұндай жағдайда ұялмай ата-анамен бөліскен дұрыс. Бүгінгі таңда Қазақстанның кейбір өңірлерінде «алып қашу» деген салт әліде бар. Қызды кейде танымайтын адамда алып қашып жатады. Шамамен 10 қыздың 9 алып қашқан үйде қалады. Неліктен? Себебі, қайтып келген қыз жаман әрі біздің менталитетіміз бойынша табалдырақта жатқан ақжаулықты апаларды аттап кету, ұят болып саналады. Жалпы бұндай жағдай мен туып өскен аймақта өте сирек, дегенмен, алып қашу оңтүстік пен батыста жиі кездеседі.
Менің отбасым «қалың мал» деген салтқа қарсы. Себебі, әуелі де бұл салт адамдардың мұқтаждығынан пайда болған. Ертеде кедей адамдар бай адамдарға қыздарың қалыңдыққа беріп, қызың малға айырбас еткен дейді. Менің отбасымдағы түсінік бойынша махаббатты ақшаға сатып алу немесе ақшаға сату ұят. Сондықтан бұл салтқа отбасым тікелей қарсы және оны жоққа шығарады. Себебі адам көп жағдайда өзі шешім қабылдауы керек. Ата-аналармен келіспейтін жағдайда өз шешіміңді айту ұят емес деп есептеймін. Мысалға болашақ мамандық таңдаған кезде, ата-аналар балаға сен осы мамандық иесі боласын деген нұсқау айтуы мүмкін. Ол шешімге қарсы келіп, өзіміз қалаған және ұнайтын мамандыққа оқуға баруға әрбіріміз құқылымыз.
Әрине, ұят әрбір адамда болу керек. Себебі, бұл сезім болмаса ұлтымыз бұзылып, бүлінеді. Мен Абай, Шәкәрім сияқты қазақтың кемеңгер ақын-ойшылдарының ұстанымдарымен толықтай келісемін. Бұл ақындардың шығармаларынан жемқорлық, өтірік пен өсек айту, мақтаншақ және еріншек болу ұят болып саналады. Қазіргі заманда ұяты бар адамдар күннен күнге азайып келеді. Көп адамдар қазіргі тренд пен модаға сай болу үшін өздерінің ар-ұяттарында ұмыт етеді. Дегенмен, біздер жастар ұят ұғымы жайында ұмытпауымыз керек және болашақта ол туралы өскелең ұрпаққа айта жүру парызымыз деп білемін. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсету ұяттылықтың бір белгісі іспеттес.
Достарыңызбен бөлісу: |