9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ
9
KELBET
Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Уəлиханның «Егемен Қазақ станның»
бас редакторы кезінде «Мін қайратқа, ауы-
лым...» атты сын мақала ұсындым. Өзімді
аға газеттің «Социалистік Қазақ стан» атал-
ған шағынан штаттан тыс авторы санай-
тын мен, мақаланы ұсынуын ұсынсам да,
жарық көретініне онша ма се німді болғаным
жоқ. Өй тіп көңіліме дүдəмал кіруінің се бе-
бін айтсам, өткен ғасырдың тоқса ныншы
жылдарының екін ші жар тысында, 1995
жылы қабылданған жаңа Конституция
бойын ша жерге жекеменшік те болуы ке-
рек деген тəртіп бе ріл ді. Колхоз, совхоздар
жаппай таратылып, ауыл атаулы, мы салы,
Шығыс Қазақстан об лы сы, Ұлан ауданының
көше леріне асфальт төселген, мəде ниет үйі,
ет комбинаты, су құ быры, канализация сы,
əр үй са йын ішінде ваннасы, туалеті бар
«Қараөзек» мал бордақылау совхозы əп-
сəтте тоз-тоз болды.
«Жекеменшік десе, қазір ішер асы мызды
жерге қоятын ды шығар дық. Оның бірде
пайдасы тисе, бірде зияны тие тінін құдай
біздің санамызға қон дыра алмай-ақ қойды.
Біз – Шығыс еліміз. Шығыс тарихында жер-
ге жекеменшік атымен бол маған...» деген
сияқ ты нарық науытына наразы «Мін қай-
ратқа, ауылым» атты мақа ланың ауылды
тығырықтан шы ғарудың амалы ретінде «Қа-
раөзекте» жаңадан құрыл ған «Бір лік» коо-
перациясын қолдап да мытуға шақырғаны
колхоз, сов хозды қайта жаңғыртпақшы кер-
тартпалық саналмақ-ты...
Дейтұрғанмен, аға газетіміз дің бас ре-
дакторы Уəлихан Қа ли жанов шырылдаған
шын дықты айнаға түсір гендей ма қала-
ны «Егеменнің» 1997 жыл ғы үш нөміріне
үтіріне дейін өз гертпей жариялады.
Не пікірдің дұрыс-бұрыс ты ғын уақыт
көрсетпек. Бас ре дак тор ауылдың кесапатқа
ұшы раған тағ дыры туралы сынға жол беріп
ағат тық жасамағанын өмір дің өзі растады.
Жұртқа мəлім, Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың 2016 жыл ғы мамырдағы
Жар лығы бо йын ша Жер кодексінің жекеле-
ген тар мақтарына 2021 жылдың желтоқсан
айына дейін мораторий енгізілді. Сөйтіп
ауыл ша руа шы лығы мақсатындағы жер -
лерді қазақстандықтарға жекеменшікке,
шетелдіктерге жал ға беруге тыйым салын-
ды. Жəне бір айтарлықтай жаңа лық – рес-
публикамыз да ауыл шаруашылық коопера-
тив терінің құры ла бастауы.
Шындық, əділеттілік үшін ар па лысу
журналист, жазушы Уəли ханға əуелден-
ақ бойына сіңісті қасиет. Күн дердің кү ні,
Уəли ханның «Ле нин шіл жас тың» бас ре-
дакторы кезінде ка би нетіне Халық əртісі,
даңқ ты ре жиссер Асқар Тоқпанов кіреді.
Кір ген бойда:
– Үй, айналайын, оқыдым, ағала рыңды
байқатпай арашалап алып сыңдар, келші бет-
те ріңнен сүйейін, – деп ақ батасын береді.
Асекеңнің өйтіп ағынан жары луы ның
себебі бар-ды. Қа зақ стан орталық комсомол
ко ми теті газет тің бас редакторы на Жел-
тоқсан көте рілісін ұйым дас тыру шылардың
бі рі Ас қар Тоқпановты аяусы з əш ке релей тін
мақала жария лайсың деп бұйырады. Бұй-
рықты жет кізуші: Күн тəртібінде партбилет
тұрғанын ұмытпағың! – деп дікің дейді.
Асекеңді оққа байлағысы жоқ редакция
амалын тауып, негізінен Қа зақ педагогика
инс ти тутының ком со мол коми те тінің жұмы-
сын сынайды да, Асқар Тоқпановты елеусіз
ке йіп кер етеді...
Уəлихан Қалижанов – қа ла мы қарымды
журналист, əді лет қа зы сы болуымен қатар,
дəуі рімен қанат тас, ысылған мем лекет жəне
қо ғам қайраткері де. 1978-1980 жыл дары ол,
Қа зақ стан комсомолы орталық ко митетінің
нұсқаушысы, сек тор меңгерушісі, 1995-1996
жыл дары Қазақстан Рес пуб лика сы Бас пасөз
жəне ақпарат құралдары министрінің орын-
басары, 1998-1999 жылдары Парламент
Сенаты баспа сөз қызметінің басшысы,
Парла мент Мəжілісінің ІІ, ІІІ, ІV шақы ры-
лым дарының депутаты болып, зор жауап ты
қызметтерді абы рой мен атқарды.
Мұхтар Əуезов атындағы Əде биет жəне
өнер институ тының директоры қызметіне
ауысқанында Уəлихан Қалижа нов өзінің
үлкен мемле кеттік жəне қоғамдық катего-
риялар мен ойлайтын дарынды қай рат кер
екенін дəлелдей түсіп, ме ке менің ғылыми-
зерттеу һəм ғы лы ми-ұйымдастырушылық
жұ мыстарына ойдағыдай бас шы лық етуде.
Соңғы жылдары институт əдебиеттанудың
ке лелі проблемаларын көте ріп, ғы лыми
тексеру-зерт теу лерінде айтар лықтай нəти-
же лерге қол жеткізді.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» еңбегінде «Біз жаң ғыру жолында
бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген,
бүгінде тамы рымызда бүлкілдеп жатқан ізгі
қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек...
Абай дың да на лығы, Əуезовтің ғұла ма лығы,
Жамбылдың жырла ры мен Құр манғазының
күйлері, ғасыр лар қойнауынан жеткен баба-
лар үнін – рухани мəдениетіміздің осы аса
маңызды парасын сақ тау, да мыту керек»
дегені мəлім.
Институт халқымыздың ер те заманнан
бергі рухани мұ ра сын түгел жинақтап, 100
том дық «Бабалар сөзі» сериясын шығарды.
Бұл игі лік ті іс Елба сының ата мұраны жа ңа
заман ыңғайына лайықтап, жас ұр пақтың
қажетіне жаратуы мыз керек деген пайы-
мын жүзеге асы руға Əдебиет институты
ұжы мы ның білек сыбанып кіріс ке ніне бұл-
жымас дəлел.
Іскер басшы Уəлихан Қали жанов – зер-
гер зерттеуші əрі қа ламы ұшқыр жазушы да.
Жиырмадан астам кітаптың авторы. Мұхтар
Əуезов атын дағы институт босағасына кел-
ге нінен бер мен қарай ғана, ай нал дырған 6
жыл ішінде «Ойкөз», «Ұлт рухы», «В пото-
ке времени», «Жам был», «Замана сөзі» де-
ген бес кітап туды. «Ойкөз» кітабы (2012):
«Репрессияланған эпос тар», «Ұлт рухы»
(2105): «ХV-ХVІІІ ға сырлар дағы əдеби мұра
жəне қазақ тарихы», «В потоке времени»
(2014): «Испы тание историей», «Замана сөзі»
(2016): «Зар заманнан заңғар заманға» атты
мақалалардан бас алады. Аталған мақалалар
тақы рыбының өзінен-ақ, əде биеті міз дің ерте
замандар дағы жай-күйі нен бастап бү гінгі
заманға дейінгі даму өрі сі қамтылатыны,
автордың ғы лы ми-зерттеу диа по зонының
мей лінше кең екен дігі көрінеді.
Баспа аңғартпасында «Жам был» кітабы –
ұлы ақын ның «ғұмыр намалық жəне шығар-
маларының əдеби-көркемдік əлемі туралы
зерттеу» делінген. Автор шығармасының
«Ақын деген бір бұлақ» атты бөлі мінің
жанрын «Эсселер» деп анық тапты. Ол
эсселерінің ұзын саны жүз отыздан асып
жығылады. Белгілі бір мезетте сан сапаға
айналып кете тін диалектика заңына сəйкес,
Жам былдың балалық, естияр, есею шақ-
тарын, қайтпас, қай сар күрескер харак терін,
жер жүзіне əйгілі ақын биігіне көтерілуін
бейнелеген бөлі мі нің жанрын, біздіңше, –
қазақ халық поэзиясының алыбы, қазақ ауыз
əдебиетінің көсемі Жамбыл Жа баев туралы
роман-эссе сана ған дұры сырақ.
Шығарма Жамбылдың əкесі Жапа ның,
ұстазы, пірі Сүйін байдың, Жəкеңнің атақты
ақын, сазгер замандастары – Кенен нің,
Шашубай мен Балуан Шо лақтың, қазақтың
басқа да өр кешті өнерпаздарының образын
беллетристикалық мəнерде, нақ тылы да
нақышты суреттейді. Ком позициясы шы-
мыр, жинақы, туған халқының ғасырдан
астам арғы-бергі тарихын қамтитын, Жетісу
өңірінен, Қазақтың ұлан-ғайыр даласынан
бастап сонау Мəскеу, Ленинград, Кав казға
дейінгі өңірлерге эпикалық құла шын жай-
ған, нəзік махаббатты лирикамен көм керіл-
ген туынды, айт-айтпа, – нағыз роман-эссе.
Шығарманың: «Сүйінбайдан Жам был
қалай бата алды?», «Жұл дыз қалай жана-
ды», «Өз құ нын өзі алып кеткен», «Жамбыл
қалай Жетісу дың бірінші ақыны атанды?»,
«Мадақ тан шыққан шатақ сөз», «Май көт
қалай ығыс ты?», «Үзеңгі жолдас», «Же-
ңіл ген Сарыбас жері осы», т.б. эсселерінен
өлең сөздің Жам былға ажырамас бақ болып
қо нуы ның, айтыс ақын өнерінің қа лып-
тасу, шыңдалу, бəйге бермес ша бан дозы
аталуының қыр-сы ры на қанығамыз.
Роман-эссе Жамбылды Жам был еткен,
ХХ ғасыр дың Гоме рі атандырған қасие ті-
нің қыр-сыр ларына қанық тырады. Жамбыл-
дың ұстазы Сүйінбайдың, дос, жолдас інісі
Кененнің, сондай-ақ Жам был мен айтыс
бəсекесіне түскен Құлмамбет, Майкөт,
Сарыбас, т.б. ақындардың бей нелері жəне
Жам былдың Өтеген, Саурық, Сұраншы
батыр ларға арнаған жыр-поэмалары бір
бөлек, Кеңес кезінде туған жыр, поэмалары
бір бөлек сөз етіледі.
Жамбылдың мінез-бітімі, ой-сезім ерек-
шеліктері – қайтпас қайсар жаужүректілігі,
«алмас қылыш» харак тері айтыстарда
шыңдалады. «Ауыз дығымен алыс қан ке-
мел шақ қа жеткен», «орда бұзған отызды»
артқа» тастаған Жамбылдың Құла наян Құл-
мамбетпен айтысы айтыл ғанға айқын дəлел.
Адамдықты айт, ерлікті айт,
Ел бірлігін сақтаған батыр лық ты айт.
Қарымбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап, əуре болмай, жөніңе қайт!
Роман-эссе суретінің бояу ла ры қанық,
тартымды, жыл ты ра уық, жарқырауық
емес. «Жам был бірден ат ойнатып, жа ңа
заманның жыршысы болды десек, тарихқа
да, Жəкең рухына да қиянат болар еді» деп
ескертеді автор. Роман-эссе жаңа заман-
ның жақсылықтарын асыр майды, жаман-
дықтарын жасырмайды. 1929 жылы Жамбыл
жиырмаға тарта жылқысын қо сып колхозға
мүшелікке өт кені мен, отызыншы жылдың
бас шенінде Қырғызстанға көшуге мəжбүр
болады. 1932 жылғы аштық та өзіне тарт қан
ақын, талант ты перзенті Қожаш опат болады
(«Қырғыз асқан екі жыл» атты эссе).
Жамбылдың бақытына қа рай, көп ұзамай
басына түскен қайғы ның қара бұлты сейіле
бастады. Бұл жайт тарды, Жам былдың жаңа
өкімет пен қалай тіл табысқанын роман-эссе
қыс қа да ұтымды жеткі зеді. Кер нейлетіп, сыр-
найлатпайды. Ел жақтан Жамбыл: «Ке ңес өкі-
меті кең екен». «Жаңа өкі мет бəрін те ңестірді.
Ен ді бай да, кедей де жоқ оты рық шы кəсіпке
үй ретеді» деген жү рек жылытар хабар ести-
ді. «Шал қардың шалқып жүр ген мен аққуы,
Келмеді сасық шалшық жерде қалғым» деп
шалқыта бас тағаны дəп сол кездер. Жамбыл
1934 жылы Алматыда ақындар мен əн-
шілердің, өнерпаздардың рес публикалық жи-
ынына қа ты сып, «Алматыға көк есекпен келіп,
даңқ пырағына мініп қай тады».
1936 жылдың көктемі. Жам был қазақ
əдебиеті мен өнері нің онкүндігіне қатысу-
шылар мен бірге Мəскеуге барады.
«Мəскеу Жамбылға қатты ұна ды. Аты
жер жарған қаланы кө рем деп ойлап па екен,
Жамбыл жаңарған елді көрді жол бойы...
Жамбылдың бойы на ерекше қуат құйылды...
Көрген көз, есті ген құлақ, сезінген жүрек
бар. Мұны қалай жырламасқа? Осы жыр
Мəскеуде шарықтады. Бұл Жамбылдың
жаңа заманға деген ризашылығы еді».
Роман-эсседегі, «Жамбыл» кі та бының
басқа да туын ды ларындағы, мысалға,
«Жам был поэзиясының тари хи не гіздері»,
«Жамбыл поэ зия сы ның поэ тикасы» атты
ғы лы ми-зерттеу мақалал арын дағы ав-
торлық позицияның субъек тив тілігінен гөрі,
объективтік жағы басым.
«Күнсіздерге күн болған» – тың метафо-
ра, қазақ халқы өмі рінің Қазан революция-
сынан кейінгі асқан қуа нышы бейнелен-
ген нағыз объек тивтік құбылыс. Əлбетте,
Қазақ елі не тіке қатысты. Николай ІІ пат ша
жағрафия картасы нан «қазақ» сөзін өшіріп,
өл ке-өлке лерімізді Батыс Сібір, Шы ғыс
Сібір, пəленбай, түген бай губер нияларға
бөлшектеп, ту-талақай етіп жіберді. Нико-
лай патша тақтан түскен соң Алаш орда
қозғалысы Қазақ ав то номиясын құруды,
Қазақ же рін тұтасымен қайтаруды Ресейдің
Керенский бастаған Уа қытша үкіметінен,
сонсоң ад мирал Колчактан, Сібір үкі меті
дейтіннен сұранды. Бірақ бұл шіркіндердің
бірінен қайыр болмады. Ел тілегіне тек
Владимир Ильич Ленин құлақ асты. 1919
жыл ғы 10 июльде В.И.Ле нин «Қырғыз
(Қазақ) өлке сін басқару жөніндегі Рево -
люциялық комитет құру туралы Декретке,
1920 жылғы 26 авгус та Қырғыз (Қазақ)
Авто номия лы Социалистік Совет Респуб-
лика сын құру туралы Декрет ке қол қойды.
1936 жылы мартта Қазақ елі Сталиндік
Конс титуция бойынша Одақтан бөлінуге
дейін құқылы Қазақ Совет Республикасы
атанды...
Жамбыл осы ұлы өзгеріс тер дің бəрін
көріп, бі ліп отырды. Ұлты мыздың ұлы қуа-
ны шын халық атынан жыр лады. Роман-
эссе сол бұл жы мас шын дықты, айдай ақи-
қат ты қаз-қал пында суреттесе, несі айып...
Жамбыл өлең-жыр ла рын дат таушылық
автор көз қарасына, дүниетанымына кө-
леңкесін түсір меді ме екен? – деген көңі-
ліңде туған сауалға роман-эсседен «алайда,
бұлайдаға» салынбайтын, айқын да ашық
жауап табасың.
Роман-эссе Жамбылдың Ле нин град
көшелеріне плакат болып ілінген өлеңін
шын жүрек тен сүйіне, сүйсіне толғайды: «...
Жақ сылық еш қашан ұмытыл май ды. Бүгінде
Егемен елдің Жамбыл ақыны Петербург тө-
рінде тұр... «Ле нин градцы, дети мои, Ленин-
градцы, гордость моя!» деп бас талатын өлең
мыс тан құйылып жазылған».
Академик Уəлихан Қалижа нов ғылы-
ми еңбектерінде Жам был Жабаев шығар-
маларына қа тыс ты өз еліміздің жəне ше-
тел оқымыс тыларының, қаламгер лері нің
зерттеулерін, ұлы ақын тура лы көптеген
еңбектерін шолып талқы лайды. Жамбылды
«восточная шарманка» деп жазып, тіпті
фольклор мен ауыз əдебиеті екі бөлек ғылы-
ми ұғым екендігіне қонақ бермеген шет ел
зерттеушілерінің осы секілді алыпқашты
тұжырымдарын Уəлихан Қалижанов сын
тезіне салады: «...Всегда ли здравый смысл
присутствует в предлагаемых вниманию
читателей статьях?».
Үлкен қаламгер, ғалым, сын шы, жазушы
Уəлихан Қали жанов тың мазмұны терең, тілі
шұрайлы, оқы луы тартым ды еңбектері оның
қазақ əдебиетін дегі биік орнын көрсетеді.
* * *
Өмір дегенің Алла тағаланың күні сияқты.
Бірде жаз. Жаз болып жадыратады. Бірде
қыс. Қыс болып қысады.
Уəлихан бауырым! Күні ке ше қаралы
жиында: «Үмітжан жарым ның тəнін ел-
жұрты жер қойнауына жерлесе, мен Үміт-
жа ным ның жанын жүрегіме жер ледім» деп
едің.
Қайтерсің, тағдыр не салса да көнесің...
Менің байқауымда, Уəкеңді ауыр қайғы
жасыта алған жоқ. Жет піс жасында Қытайда
бір əйел жоғары білім алғанын куə лан ды -
ратын диплом алғанына, ал, До нальд Трамп
жетпісінде АҚШ сияқты жер жүзіндегі ең
алып мемлекеттің тізгінін ұс тау мəртебесіне
ие болғанына қара ғанда, бұл жас – адамның
жетіп-піскен уақыты. Бүгінгі мерейтой иесі
Уəлихан Қалижанов жетпісінің желкесіне
мінген шағында, ұлы Абай айтпақшы,
«Ғылымды іздеп, Дүниені көз деп», өзі сүйіп
қалаған салада, рухани қазынамызды бай-
ыту жолында тас түйін, жігер-қайратпен
еңбектенуде.
ӨНЕГЕ ӨРНЕКТЕРІ
Дәуірмен қанаттас қаламгер
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Қазақстан ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, Шоқан Уәлиханов
атындағы сыйлықтың лауреаты, Республиканың еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан
Қалижанов есімі ел-жұртымызға Мұхтар уезов атындағы дебиет және нер
институтының директоры қызметінде істейтін қазіргі кезінен әлдеқайда бұрын,
«Қазақстан пионері», «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан» газеттерінің бас редак-
торы болған уақытынан танымал.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Бірегей жобаны қолға алып,
бастама көтерген Альянстың
өлкетанушы-этнографтар клу-
бы болып отыр. Жобаны жү зеге
асыруға археология, өлкетану
жəне этнография саласы бойын-
ша өз ықыласымен ізденіп жүрген
тарихшы ғалымдармен бірге,
бірнеше мың алматылық оқушы
мен студент те жұмылдырылды.
Жас өлкетанушылар алғашқы
табыстары мен əсері туралы
əлеуметтік желілерде, мерзімді
басылымдарда пайымды пікір-
лерімен бөлісіп отырады. Жоба
мерзімі аяқталған соң жұмыс
нəтижесі негізінде Ал маты
мен қала маңындағы тарихи,
археологиялық ескерткіштердің
картасы жасалып, «Алматы қа-
ласы туралы 100 қызықты дерек»
атты жаңа жинақ жарық көрмек.
Өлкетанушы-этнографтар
клубының жетекшісі, ҚазҰУ-
дің тарих, археология жəне
этнология факультетінің дека-
ны Меңдігүл Ноғайбаеваның
айтуын ша, жобаның мақсаты –
ғалымдардың қолдауымен жас
буынды Алматы қаласының
тарихи мұрасын зерттеп,
зерделеуге ерте бастан бау-
лу. «Жоба қоғамдық сананы
жаңғыртуға бағытталған «Туған
жер» бағдарламасының ма-
ңызды құрам дас бөлігі болып
табылады. Біз өлкетану тура-
лы ой мен ұстанымдарды оқу
бағдарламасына белсенді түрде
енгізуді қолға алдық. Сондай-
ақ жастардың бойындағы отан-
шылдық сезімді ояту мақ-
сатында тарихи-өлкетану жəне
этнографиялық жұмыстар жүр -
гіземіз. Ал Отанды сүю деге -
німіз, ең алдымен өз туған
жеріңе, өз айналаңа сүйіс-
п е н ш і л і к т е н б а с т а л а д ы » ,
дей ді қанат қағып отырған
жа ңа жобаның жетекшісі
М.Ноғайбаева.
Ал Қыздар мемлекеттік
педа гогикалық универ ситетінің
доценті Əлия Исаева өз баянда-
масында этнографиялық маз-
мұндағы сауалдама жүргізген
сту дент-еріктілер тобының
жұмысы туралы əңгіме лесе,
Қазақ спорт жəне туризм ака-
демиясының доцен ті, экскур-
сия жүргізуші О.Лютерович:
«Алматы – мың жылдық тарихы
бар қайталанбайтын қала. Мұнда
сəулет өнері мен мəдениеттің
сан түрлі ғажа йып ескерткіштері
шоғырланған. Шаһарымыз көз
қуан дыратын көрікті орындарға
өте бай. Алматы ерте ден-ақ
шетелдік жəне отандық саяхат-
шылар үшін ту рис тік орталыққа
ай налған, енді міне, оның
басқа да жа ңа мүмкіндіктерінің
көкжиегі көрініп келеді», дейді.
Жас өлкетанушылар өз
зерттеулерінің қорытын дысын
көпшілікке жариялай баста-
ды. Мысалы, М.Базарбаев
атындағы №138 мектептің 11
сынып оқушысы Дінмұхамед
Əлиасқаров өз мектебінің өл-
кетанушылар клубы арқы-
лы Алматы қаласындағы ғи-
ма раттардың тарихы, көше
атау лары, сондай-ақ атақты
адамдардың өмірбаяны ту-
ралы жаңа мəліметтер мен
ақпараттарға қанық болғанын
айтты. Мектеп бітіргелі отырған
жас түлектің айтуынша, мұндай
бағыттағы жұмыс адамның бо-
йындағы ізгілік, құрмет сезімін,
ең бастысы келешекке сенімін
оятпай қоймайды.
АЛМАТЫ
Жас өлкетанушылар
назарындағы шаһар
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
л-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Рухани жаңғыру»
бағдарламасын жүзеге асыруға жұмылдыру мақсатында 38
жоғары оқу орнының басын біріктіріп, жуырда ғана құрылған
Университеттер альянсы «Алматы туралы 100 қызықты дерек»
жобасының тұсауын кесті.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Ұларбек
НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
«Ұстазы Сүйінбайдың
Қабан ақын,
Бас иген Ұлы жүзде тамам
ақын.
Нағашысы жалайыр
Қабан ед деп,
Жамбыл атам айтатын
маған атын»,
– деп əйгілі Кенен Əзір баев жыр -
лағандай «айтыс өнерінің алтын
дің гегі» атанған Сүйінбай мен
сөзінің «басы алтын, бақайы жез»
Бақтыбай бас иген, халқы қадір
тұтып «Ақын ата», «Абыз ата»,
«Қабан жырау» деп атаған атақ-
ты Қаблиса жырау атында «Жыр
атасы – Қабан жырау» атты I
Рес публикалық жыршылар бай-
қауы өтті.
Елбасының «Болашаққа бағ-
дар: рухани жаңғыру» мақаласы
аясында ұйымдастырылып,
Астана төрін 1-сəуірден 5-сəуірге
дейін бес күн бойы жырға бөлеген
байқау жыр жүйріктерін үш
кезең бойынша сыннан өткізді.
Жыр додасына республиканың
түкпір-түкпірінен 20-45 жас ара-
лығындағы өнерпаздар қатысты.
Қатысушылар əр кезеңде бірінші
Қабан жыраудың бір жырын ай-
тып, екінші өз қалауы бойынша
жырласа, үшінші кезеңде билетте
шыққан жырды төкпелету талап
етіл ді. Көп жыршының сүрінетін
тұсы да осы үшінші кезең болды.
Сайысқа Қазақстанның ха-
лық əр тісі, Мемлекеттік сый-
лық тың лауреаты, профессор,
Қайрат Байбосынов, со нау
Ақтау дан келген əйгілі жыр-
шы Жеткізген Сейітов, Сыр елі
– жыр елінен мəдениеттанушы
Би дас Рүстембеков, Қабан жы-
рау жыр төккен Жетісу жерінен
шақы рылған халықаралық
«Алаш» əдеби сыйлығының
лауреаты, ақын Əміре Əрін,
Қазақстанның еңбек сіңірген
қай раткері Айтқали Жайымов,
Мем ле кеттік «Дарын» жастар
сый лы ғының иегері, əнші Айгүл
Қо санова, сондай-ақ осы бай-
қауды ұйы м дас тырып отыр-
ған Астана қаласы əкім дігінің
мемлекеттік академиялық фи лар-
мониясының бас директоры Сə-
кен Əбдірахманов қазылық етті.
Байқау қорытындысы шығар
ал дында ұйымдастырушылар
мен қа зылар алқасы арнайы
конферен ция өткізіп, жарыстың
қалай өт кені туралы баяндау-
мен бірге жур налистердің
сұрақ тарына егжей-тег жейлі
жауап берді. «Алдымен артық-
шылықтарынан бастайын» деген
жыршы Жеткізген Сейітов: «Сыр
елінің жыршылары бəрібір мек-
теп көргендігін байқатты. Бəріне
ортақ кемшілік, жырды бойға
сіңіріп айту жеткіліксіз болды,
оның себептері де жоқ емес.
Бұрынғы жыршылардың жыр
жаттап, оны ел ішінде жырлау-
дан өзге жұмысы болмаған ғой,
шіркін, бұларға айлық төлеп, ай
сайын есебін сұрап отырса қанша
жырды жаттар еді, бойына сіңіре
отырып халыққа қайта жеткізер
еді. Сосын бұлардың мүмкіндігін
ашатын жыр кештері өтетін бол-
са, ақпаратты есте сақтаудың
өзі қиынға соққан осы кезеңде
бұл жыршылық дəстүрімізге
таңғалмайтын жұрт болмас еді»,
– деді. Ал Айтқали Жайымов бол-
са: «Бұрынғы жыршылар жырлап
келіп, арасында қара сөзбен де
көсілтіп-көсілтіп алып əрі қарай
жалғайды ғой, қазіргі балалар
сол қарасөзбен айтатын тұсында
кібіртіктеп жатыр, оны да даң-
ғайыр жырауларымыз секілді
көркем, көсемсөзбен төгілтіп
айтуға жат тығу керек. Ал ұзақ
жырдың əр бөлімін əртүрлі са-
рынмен айтқан жыршылардың
талантына шынымен де тəнті
болдық», – деді. Журналистер
сауалына ұйымдастырушылар
атынан жауап берген Сəкен
Əбдірахманов бұл байқауды
бұдан былай екі жыл да бір рет
өткізіп тұру жоспар ланып отыр-
ғанын жеткізді. Астана қала -
сының əкімдігі, Астана қала-
сының мəдениет, мұрағаттар
жəне құжаттама басқармасының
қол дауымен өткен игі шара елор -
дадағы «Астана» кон церт залын-
да арнайы концерттік бағ дар-
ламамен шымылдығын жапты.
Қазылардың бағасы бой-
ынша Бас жүлде (2 000 000 тг)
астаналық Айнұр Қонысбаеваға,
I орын (1 000 000 тг) астаналық
Ербо лат Шалдыбековке, II орын
(500 000 тг) қызылордалық
Марат Сүгірбайға, III орын
(250 000 тг) алматылық Мақпал
Тоқтағановаға бұйырды. Ал
Аманжол Дауылбаевқа Асан
қайғы атындағы арнайы дипло-
мы, Жұлдыз Ысқақовқа Мəдениет
жəне спорт басқармасының ар-
найы дипломы табысталды.
Сондай-ақ Фархат Оразов,
Хасенхан Кішкенеев, Темірбек
Асқанбаев дипломант атанды.
АСТАНА
Жыршылар
бәйгесі мәреге жетті
РОМАН-ЭССЕ ЖАМБЫЛДЫҢ ЛЕ НИН ГРАД КӨШЕЛЕРІНЕ ПЛА-
КАТ БОЛЫП ІЛІНГЕН ӨЛЕҢІН ШЫН ЖҮРЕКТЕН СҮЙІНЕ, СҮЙСІНЕ
ТОЛҒАЙДЫ: «...ЖАҚ СЫЛЫҚ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛ МАЙДЫ. БҮГІНДЕ
ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЖАМБЫЛ АҚЫНЫ ПЕТЕРБУРГ ТӨ РІНДЕ ТҰР»