№66 (29297) 9 Суір, ДҮйсенбі 2018 жыл


9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ PARLAMENT Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет6/16
Дата19.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#20721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

6

9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ

PARLAMENT

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

Сенат депутаты 

«Егемен Қазақстан» газетінің 

үстіміздегі жылғы 26 қаңтардағы 

санында «Ақыл-ой көші ары асып 

бара  ма?»  деген  тақырыппен 

жарияланған мақалада аса өзекті 

мəселелер көтерілді. Онда соңғы 

жылдары  теріскей  өңірлердің 

шекаралық елді мекендерде туып-

өсіп, білім алған балаларымыздың 

көрші  елдің  орта  жəне  жоғары 

оқу  орындарына  құжат  тапсы-

руы жиі көрініс бере бастағаны 

баяндалған. 

Соңғы  жылдары  Ресейдің 

жоғары  оқу  орындарының 

шекаралық  облыстардағы  елді 

мекендердегі мектеп оқушыларын 

іріктеп, дарындыларын өздеріне 

оқуға шақыру фактілері жиілеп 

кетті.  Ол  үшін  Қазақстанның 

мектептерінде əртүрлі байқаулар 

ұйымдастырып,  білімділерін 

ерте бастан іріктеп алып, тегін 

оқуға мүмкіндік беретін серти-

фикаттар  табыстауда.  Əрине, 

жастардың таңдау еркіне, талап-

тілектеріне шектеу қоя алмаймыз. 

Шетелде білімі мен біліктілігін 

жетілдіріп келгеннің еш айыбы 

жоқ. Бірақ, олардың өзге елдерге 

жаппай кетуі бізді ойландыра ды. 

Мысалы, тек 2017 жылы елі міз-

ден 10 мыңға жуық жоғары білім-

ді кəсіби маман сыртқа кеткен.

Білім жəне ғылым минис тр-

лігінің жалпы білім беретін мек-

теп тердің  11-сыныпты  бітіру-

шілеріне қатысты мəліметтеріне 

сəйкес,  2017-2018  оқу  жы-

лында  127  414  оқушы  мектеп 

бітіріп, соның ішінен тек 92 827 

түлек, яғни 72%-ы ғана ұлттық 

бірыңғай  тестілеуге  қатысқан. 

Жыл өткен сайын бұл көрсеткіш 

төмендеп барады. Оның бір ұшы 

түлектердің өз елінің оқу орны-

нан  гөрі  шетелдің  білім  орда-

сын  таңдауына  келіп  тіреледі. 

Мысалы, 2015-2016 оқу жылда-

рында  Павлодар  облысында  3 

оқушы өз тағдырын шетелдегі оқу 

орындарымен  байланыстырса, 

2017-2018 оқу жылында 412 түлек 

шетелде оқуға тілек білдіріп, бұл 

көрсеткіш  135  есеге  көбейген. 

Ақмола облысында екі жыл бұрын 

осындай 62 түлек болса, былтыр 

бұл  көрсеткіш  6  есеге  артқан. 

Айта  кетуіміз  керек,  бұлардың 

көпшілігі  мектепте  жақсы 

оқыған талантты оқушылар. Бұл 

секілді жағдай Ресеймен шекара-

лас Батыс Қазақстан, Солтүстік 

Қазақстан,  Шығыс  Қазақстан, 

Қостанай облыстарында да орын 

алуда. 


Сонда Қазақстан тарапы басқа 

мемлекеттің экономикасы үшін 

қаржы  шығындап,  орта  білім 

берген  болып  шығады.  Бұл  – 

ақыл-ой көші. Экономикаға пай-

далы  жастық  қуаттың,  жұмыс 

əлеуетінің кетуі. Мектепте білім 

алу үшін мемлекет жыл сайын əр 

балаға 3 млн 200 мың теңге қаржы 

бөліп, əр тұлғаның қалыптасуына 

қаншама маман тер төгеді. Соның 

бəрі кейін өзгелерге дайын еңбек 

күші  ретінде  үлестіріліп  отыр. 

Бұл ел үшін үлкен экономикалық 

шығын,  адами  капиталға 

келтірілген  нұқсан  екеніне  көз 

жеткіземіз.

Ресеймен  шекаралас  ай мақ-

тардың  орыс  тілді  мектептері 

түлек терінің көпшілігі ҰБТ тапсы-

руға  құлықсыз,  өйткені  оның 

тəртіп-ережелерін қиынсынады. 

Оған қарағанда Ресей оқу орын-

дары  көптеген  жеңілдіктер 

ұсынатындықтан,  жастарымыз 

көбіне сол жаққа қарай ұмтылады. 

Ресей түлектерді ақысыз оқуға 

түсіреді  жəне  оқу  бітіргеннен 

кейін  жұмысқа  орналастыруға 

кепілдік береді. Ал Қазақстанда 

оқу  ақысы  қымбат,  сондықтан 

жастар  шекара  асуға  мəжбүр. 

Қарапайым ғана мысал, Еуразия 

ұлттық  университетінің  бір 

жылдық оқу ақысы 750 мың теңге 

шамасында  жəне  жатақханада 

жиі  орын  болмауына  байла-

нысты  пəтер  жалдап  оқу  сту-

дент  үшін  жылына  1  миллион 

теңгеден астам шығын əкеледі. 

Ал, Ресейдің Омбы қаласындағы 

мемлекеттік университеттің бір 

жылдық  оқу  ақысы  орта  есеп-

пен  400  мың  теңгені  құрайды. 

Осының  өзі  көп  жайдан  хабар 

береді ғой деп ойлаймыз. 

Біз осының бəрін депутаттық 

сауал арқылы Премьер-Министр 

Б.Сағынтаевқа  жеткізіп,  шека-

ралық  елді  мекендерде  туған 

мек теп түлектерінің көрші елдің 

орта жəне жоғары оқу орындары-

на  ауысу  себептерінің  алдын 

алып, еліміздің келешегі – ақыл-

ой иелерінен көз жазып қалмау 

жолдарының кешенді іс-шарасын 

қарастыруды сұрадық. 

ФОТОКҮНДЕЛІК

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП 

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»



Жеке 

шаруашылықтар 

қолдауға зәру

Кооперативтер туралы заң 

талабы орындалмауда 

Владислав КОСАРЕВ,

Мәжіліс депутаты 

Үкіметтің аграрлық секторды дамытуға деген тал-

пынысы үлкен үміт тудырады. Дегенмен өз ауласында 

мал өсіретін жеке шаруашылықтарға деген қолдаулар 

əлі де мардымды болмай тұр. Ал бұлар ішкі рыноктағы 

ет  пен  сүт  өнімдерінің  75-80  пайызын,  жұмыртқа 

мен  құс  етінің  жартысын  береді.  Аса  қажетті  картоп 

сияқты көкөністердің де жартысы осылардың үлесінде. 

«Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» Заң ауыл 

тұрғындарының бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 

материалдық,  қаражаттық  əлеуеттерін  біріктіруді 

қарастырған. Алайда оның орындалып жатқанын көрмей 

жүрміз. Қазір кооперативтер деп бұрыннан келе жатқан 

фермерлік ұйымдарды жəне шаруа қожалықтарын атай-

тын болыпты, осылайша жергілікті органдар олардың 

саны артты деп көрсетеді. Бірақ бұлар нағыз коопера-

тивтер емес. Заң ауыл, село тұрғындарының ауладағы 

шаруашылықтарында кооперативтер ашуды көздеген еді, 

іс жүзінде оның талаптары қағаз бетінде ғана орындалып 

тұр. Сондықтан да ауласындағы жекеменшік малдарын 

өсіретіндердің бейнеті əлі де азаймауда, олар малдары-

на жем-шөпті өздері дайындай алмайтын болғандықтан, 

қымбатқа сатып алуға мəжбүр. Сауын аппараттары да жоқ, 

дəн үгетін техникалары жəне басқа да құрал-жабдықтары 

болмайды, сондықтан бəрін де қолмен істейді. Осындай 

бейнеті мол жұмыстардың себебінен мал басын көбейте 

алмай отыр. Кооперативтер осы мəселенің шешім табу-

ына ықпал етіп, жеке мал өсірушілердің бейнетін азай-

тар  деген  үмітіміз  ақталмады.  Ал  ауылшаруашылық 

саласындағы  шенеуніктер  жеке  шаруашылықтарды 

үлкен құрылымдарға қосу керек дегенді айтады. Біз оның 

қалай болатынын білеміз, кезінде бастан өткіздік қой. 

Жекешеге берілген жер үлестерін үлкен ауылшаруашылық 

құрылымдарына берген тұрғындар қазір содан ешқандай 

пайда көрмей отыр. Кездескен тұрғындардың бəрі бізге 

жер үлестерін бергені үшін пай ала алмай жүргендерін 

айтып, шағымданады. 

Ауылдағы  аулалық  жеке  шаруашылықтардың  да-

муына мемлекеттік тұрғыдан ықпалды көмек болмаса 

тұрғындарда ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге де-

ген енжарлық туып, қалаға көшуді аңсайды. 2011 жыл 

мен 2017 жылдарды салыстыратын болсақ, мал басы 1,2 

миллионға, яғни 25 пайызға азайып кетіпті. Сайып келген-

де бұл еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтірері 

сөзсіз. Біздіңше, осы тығырықтан талапқа сай құрылған 

кооперация ғана құтқара алады. Сондықтан осы істі жан-

дандырып, дұрыс жолға қоюды ұсынып, біз Премьер-

Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі 

Ө.Шөкеевтің атына депутаттық сауал жолдадық. 



Талғат МҰСАБАЕВ,

Сенат депутаты, ғарышкер

Еліміздің  ғарыш  саласындағы 

төмендегідей өзекті мəселелерді ай-

тып, Үкімет басшысы Б.Сағынтаевқа 

депутаттық  сауалмен  ұсыныстар 

жолдадық. 

1.  Қорғаныс  жəне  аэроғарыш 

өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш 

комитетінің қарамағында 7 кəсіп-

орын  бар:  «Инфракос»  ШЖҚ 

РМК,  «Ғарыш-Экология»  ғылы-

ми-зерттеу орталығы» ШЖҚ РМК, 

«Бəй терек» Қазақстан-Ресей бірлес-

кен кəсіпорыны», «Республи калық 

ғарыштық  байланыс  орта лығы», 

«Қазақстан  ғарыш  сапары»  ҰК», 

«Ұлттық ғарыштық зерттеу лер мен 

технологиялар»,  «Ғалам»  ЖШС. 

Қазғарыштың  осы  кəсіпорын-

дарының басқарылуы бəрінде ак-

ционерлік қоғам формасында ұйым-

дастырылған,  осының  өзі  қабыл-

данатын шешімдердің жеделдігін 

жəне  бірінші  басшылардың  жа-

уапкершілігін  қамтамасыз  етеді. 

Ал  алқалық  басқару  формасы-

мен құрылған «Қазақстан Ғарыш 

Сапары» ҰК мемлекетке 450 млн 

теңге  («Есіл»  зымырандық-ға-

рыштық кешенін құру жобасында 

жəне 392 млн теңге «Сарышаған» 

полигонына жабдықтар алу кезінде) 

залал келтірудің алдын ала алма-

ды. Сондықтан бір адамның бас-

қаруындағы  форманы  мұнда  да 

қалдырған жөн. 

2.  Ғарыштық  аппараттарды 

құрастыру-сынау кешенін іске қосу 

2018 жылдың аяғына жоспарланған. 

Бұған  ғарыштық  техникалардың 

Арнаулы  конструкторлық-тех но-

логиялық  бюросы  да  енгізілген. 

Осы  бюроның  жұмысы  қазірдің 

өзінде  аяқталды,  басқаларының 

технологиялық жабдықтарды мон-

таждау жұмысы əлі аяқталған жоқ. 

Сондықтан  Аэроғарыш  комитеті 

конструкторлық-техникалық  бю-

роға 2018 жылдың алғашқы жар-

тысында бөлек ғимарат беруі керек 

деп санаймыз. 

3. Соңғы үш жылда «Қазақстан 

ғарыш сапары» ҰК 2011-2020 жыл-

дарға арналған стратегиясына түр-

лі қатысты министрліктер өз өзге-

рістерін енгізу үстінде, соның кесі-

рінен  стратегия  əлі  күнге  бекі-

тілген жоқ. Үкімет тез арада осы 

стра тегияны бекітіп, Елбасы алға 

қойған міндеттерді шешетін келесі 

онжылдықтағы  жоспарларды 

дайын дауға кірісетін мезгіл жетті. 

 4. 2009 жылдың 6 қазанында 

Қа зақстан мен Франция үкіметтері 

арасындағы келісімге сəйкес «Қа-

зақстан  ғарыш  сапары»  ҰК-нан 

Қазақстан-Франция  бірлескен 

кəсіпорыны  «Ғаламға»  берілуге 

тиісті мүліктер екі метрден жоғары 

түсірілген ғарыштық түсірілімдерді 

таратпау жөніндегі шектеуге жəне 

салықтық əкімшілендіру мəселесінің 

шешілмеуіне  сəйкес  берілмеуі 

еліміздің ғарыштық жүйесінің да-

муына кедергі келтіруде. Сондықтан 

екі елдің арасындағы осы келісімге 

өзгерістер енгізу керек. 

5.Бүгінгі  таңда  ғарыштық 

саланың  дамуын  тежеп  отыр ған 

фак  торлар  қатарына  квази мем ле-

кеттік сектор мен кəсіпкерлік субъ-

екті лерінің ғарыштық технология-

лар ды  енгізудегі  деңгейінің  тө-

мендігін қосуға болады. Оның негізгі 

себебі  ғарыштық  іс-əрекеттердің 

нəтижелерін пайдалануға құқықтық 

тетіктердің  болмауы.  Сондықтан 

орталық  атқарушы  органдар  мен 

ведомстволардың  қорғаныс  пен 

қауіпсіздік мүддесіне бағытталған 

ғарыштық  мониторингтері  бюд-

жеттік заңнамада көрсетілген тəр-

тіппен  Ғарыш  жүйесінің  ұлттық 

операторына берілуі керек. 

6.  2009  жылғы  6  қазандағы 

Жер ді  қашықтықтан  зондтау 

ғарыш  жүйесін  жəне  Ғарыштық 

аппараттарды  құрастыру-сынау 

кешенін  құру  жəне  пайдалану 

шарттары  туралы  үкіметаралық 

келісімге  сəйкес  шектеулер  бар 

–  Үкіметаралық  келісімнің  4-ба-

бында  қазақстандық  тараптың 

ЖҚЗ ҒЖ-ны үшінші тарапқа фран-

цуз  тарабының  алдын  ала  жаз-

баша  келісімінсіз  табыстамау 

міндеттемелері көзделген. 

Қазақстанда  бағасы  100  млрд 

теңгеден астам активті (ҚСК мен 

ЖҚЗ ҒЖ бағасы) сатып алатын ин-

весторлар жеткіліксіз екенін еске-

ре отырып, ұлттық ғарыш компа-

ниясын  жекешелендіру  шетелдік 

инвесторлардың қатысуымен неме-

се тікелей шетелдік инвесторлардың 

өзімен  жүзеге  асырылатын  бола-

ды.  Алайда,  осы  уақытқа  дейін 

біз дің Үкімет (Ұлттық экономика 

министрлігі «Қазақстан ғарыш са-

пары»  ҰК»  АҚ-ны  жеке ше лен-

діретін  кəсіпорындар  тізбесіне 

енгізу  бастамашысы  ретінде 

француз тарапының тиісті жазба-

ша  келісімін  алу  жөнінде  шара-

лар  қабылдамады)  ЖҚЗ  ҒЖ  мен 

ҚСК-ны үшінші тұлғаларға қайта 

табыстауға  Франция  Үкіметінің 

жазбаша келісімін алған жоқ. Осы-

лайша, «Қазақстан ғарыш сапары» 

ҰК» АҚ-ны жекешелендіру Қазақ-

стан тарапынан халықаралық мін-

дет темелерді бұзуға жəне АҚШ пен 

Еуропа одағының тарапынан санк-

циялар енгізуге соқтыруы мүмкін.

Осыған байланысты, «Қазақстан 

ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ны жеке-

шелендіретін кəсіпорындар тізбе-

сінен алып тастау ұлттық мүддеге 

сəй кес  болады.  Бұдан  басқа,  бұл 

кəсіп орын ерекшелік ретінде оған 

қос  мақ саттағы  технологиялар 

табыстал ған, НАТО-ға мүше емес 

жалғыз  елде  француз  тарапының 

көмегі мен құрылған қос мақсаттағы 

страте гиялық нысанды (ЖҚЗ ҒЖ) 

пайда ланады.

Премьер-Министр  Б.Сағын-

таевқа осы мəселелерді жеткізе оты-

рып, оларды зерттеуді жəне ғарыш 

саласында осынау маңызды мəсе-

лелерді шешу жөнінде қандай пəр-

менді  шаралар  қабылданатынын 

айтуды сұрадық.



Ақылды жастан

айырылып қалмайық

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,

Мәжіліс депутаты 

Ауыл  шаруашылығы  тауарларын 

өндірушілердің көктемгі дала жұмыстары 

қарсаңында жанар-жағармай материалдары, 

атап айтқанда, дизель отыны бағаларының 

жыл сайын өсуі алаңдаушылық тудырады. 

Үкімет  басшысы  Б.Сағынтаевтың  атына 

жолданған  депутаттық  сауалымыз  осы 

өзекті мəселеге арналып отыр.

2015  жылы  дизель  отынының  құны 

–  82,0  теңге,  2016  жылы  –  95,4  теңге, 

2017 жылы – 140,7 теңге болса, биыл ол 

156 теңгеге жеткен немесе 2015 жылмен 

салыстырғанда 1,9 есе өскен. Бұл жағдай 

Ақмола,  Шығыс  Қазақстан,  Қостанай 

жəне  Қарағанды  облыстарында  өсімдік 

шаруашылығы  мен  мал  шаруашылығы 

өнімдерінің  едəуір  қымбаттауына 

соқтырып,  осы  өңірлердегі  көптеген 

ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің 

қаржылық жағ дайын қиындата түсті. Сайып 

келгенде  бұ лардың  ауыл  шаруашылығы 

өнімдерін  өндірудегі  шығындарында 

жанар-жағармай  материалдарының  үлесі 

25  %-ға  дейін  жетті.  Мұндай  жағдай 

еліміздің басқа өңірлерінде де орын алып 

отыр.


Қалыптасқан жағдай ауылшаруашылық 

өнімдерінің бəсекеге қабілеттілігін тө мен-

детуде.  Əрине,  ағымдағы  жылы  Үкімет 

көк темгі  егіс  жұмыстарын  жүргізу  үшін 

дизель  отынын  зауыт тардан  алғанда  1 

литрінің  бағасын  130  теңге  деңгейінде 

ұстауды белгілеген, бірақ оны өңірлерге 

жеткізуді ескерсек, баға орта есеппен 150 

теңгеге дейін көтеріліп отыр.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өнді-

рушілерге  агротехникалық  іс-шараларды 

уақтылы  жүргізу,  сонымен  бірге  өнімнің 

ішкі жəне сыртқы нарықтардағы бəсекеге 

қабі лет тілігін арттыру үшін бұл баға тиімсіз 

болып табылады. 

Осыған байланысты, біз Премьер-Ми-

ни с тр  Бақытжан  Сағынтаевтан  дизельді 

отын ға  белгіленген  бағаны  қайта  қарап, 

оны  25–30%-ға  дейін  төмендету  туралы 

мəселені қарастыруды сұрадық. Бұл сауал-

ға палатадағы «Нұр Отан» партиясы фрак-

циясының  мүшелері  Н.Сабильянов  пен 

С.Звольский де қол қойды. Үкімет басшы-

сы біздің ұсынысымызды оң шешер деген 

үміттеміз. 

САУАЛ САЛМАҒЫ

ДЕПУТАТ ДАБЫЛЫ 

ПАРЛАМЕНТШІ ПАЙЫМЫ



Көктемгі егіске көмек керек

Ғарыш саласындағы маңызды мәселелер


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау