Педагогика тәрбие туралы ғылым
1.Педагогика пәні және негізгі ұғымдары, оның дамуы мен міндеттері.
Адамзат дамуы барысында білімдлік педагогиканың саласы ең ежелгілерден, әрі қоғам дамуынан ажырап көрген емес. Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс-әрекетінің ерекше бір саласына кіреді. Педагогика жөнінде сөз болғанда әдетте, бұл термин оқу-тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен баламалас қолданылады. Ал, тәрбиенің өзі жас әулетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы қалануымен бірге пайда болды. Міне, осыдан бастап, адамзат қоғамның белгілі кезеңінде, дәлірек құл иеленуші дәуірдің аяғына таман, өндіріс пен ғылым едәуір дамыған шақта ерекше қоғамдық қызметке айналды, арнайы тәрбиелік мекемелер пайда болды, кәсіби мамандыққа балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады. Тәрбиенің кең өріс алып күрделенуі тәрбие қызметімен байланысты теориялық білімдердің ерекше саласының қарқынды мен дамуына жол ашты. Қоғам мен табиғат жөніндегі біршама білімдер секілді тәрбиелік білім де философия аясында нақтыланып, зерттелді. Бұл жағдай ежелгі грек дүниесімен басталып, XI ғасырдың аяғына дейін сақталды.
Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas»(«пайд»- бала, «гогос»- жетектеймін) - баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылым ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Адамзат есейген сайын,, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік-тәжірибені игеруі үшін – делдал – ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана-ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән – бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.
Ал педагогика пәні – индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар әлеуметтік тәжінрибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.
Педагогиканы ғылым ретінде анықтау үшін бірнеше факторлар қатарын құру маңызды:
1. Педагогика пәнінің зерттеу пәні- тәрбие.
2. Обьектісі- бала болып табылады.
3. Ғылыми қоғамның тәжірибелік қажеттілігінің пайда болуы.
4. Педагогикалық білім беру мен тәрбиелеу заңдарын зерттейді, ол әр түрлі фактілерді жалпылайды, сұрақтарға жауап береді.
5. Педагогика ғылымы өз пәнін зерттеу үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолданады (сауалнама, бақылау, тест, интервью, әңгіме т.б.) .
6. Кез-келген ғылым сияқты педагогикада өз категориялары бар (оқыту, тәрбиелеу, білім беру)
Педагогика пәнін және зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Олар педагогикада- тәрбие, білім беру, оқыту болып табылады. Осы педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Сонымен қатар педагогикада «мақсат», «құрал», «тәсіл», «даму», және «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына байланысты тоқталамыз.
Енді педагогикалық негізгі ұғымдарға жеке-жеке тоқталсақ:
1.Білім беру - оқытудың нәтежиесі. Бұл сөз нақты бір жастың кезеңіне «мен» қасиетінің қалыптасуына сай қандай да бір тәрбиенің аяқталуын білдіреді. Білім беру ұғымын ең алғаш педагогикаға еңгізген Иоганн Генрих Песталоцци. Білім беру деп- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның еңгеруін және оны өмірде тиімді пайдалана білуін айтады. Халыққа білім беру ісінің негізі- жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой- өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады.
Қандай да болмасын жүйе (биологиялық, техникалық, әлеуметтік) жағдайының өзгеруі процесс деп аталады. «Ұстаздар - оқушылар» жүйесі жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекетінде тұлғаның қайта өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық педагогиканың категориялары, ұғымдары жүйелері арқылы бейнелене алады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі білім алумен байланысты. «Білім беру» деген сөзді орыс тілінде «образование» түбірі – «образ» деген (бет-лицо, лицо-пішін) лексикалық мағынасы бойынша индивидтің дене және рухани қасиеттері қалыптасуын, индивидтің қоғамдық болмыстың нақтылы әлеуметтік – экономикалық және мәдени – тарихи жағдайларында дамуға, өзін жүзеге асыруға және өзін ынталандыруға қабілетті тұлғаға айналуын білдіреді. Сондықтан білім беру ұғым ретінде педагогикалық жетекші категория болады.
Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол оқыту ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекет процесі, білім беру мен оқу орындарында оқылатын ғылымдар негіздер мазмұнын меңгеру барысындағы оқудың бірлігі. Сабақ берудің ролі оқылатын материалдарды ғылыми білім мазмұнында, іс-әрекеттер тәдсілдерін айқындай көрсету. Оқу материалдары мазмұны мен оқушылар арасындағы делдал ретінде ұстаз оқушыларды қажетті іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретеді. Оқушылар іс-әрекеттер тәсілдерін меңгере отырып оқуға үйренеді, оқу пәнінің мазмұнымен саналы және белсенді жұмыс істейді, соның негізінде индивидтің әрікет күштері мен қабілеттері заттық формаға ауысады, оқушы тұлғасының өзгеруі жүзеге асады.
2.Тәрбие.
Педагогикада тәрбие түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада тәрбие- мектептегі тәрбиелеу жұмысын, яғни мұғалім тарапынан мақсатқа бағытталған ұйымдастырылған процесті көрсетеді. Осы мағанадағы тәрбие бұл –оқушының ұйымдастырылған өмірлік іс-әрекетінің мақсатқа бағытталған процесі. Ал, кең мағанадағы тәрбие деп жеке тұлғаның қалыптасуы және дамуы барлық обьективті және субьективті факторлардың ықпалынан болатын әлеуметтік процесті айтады.
3. Оқыту бұл екі жақты процесс. Бұл оқушы мен оқытушының біріккен іс-әрекеті, оқытушы өз білімін береді және оқыту процесін басқарады, ал оқушы оқиды, яғни білімді меңгереді және оның негізінде дағдыларын іскерліктіигереді, өз қабілеттерін дамытады.
Оқыту білім беру мен тәрбиенің ең маңызды құралы болып табылады. «оқыту» деп келешек ұрпаққа білімді жеткізуді, оның осы білімдерді меңгеруін және үздіксіз білім берудегі танымдық іс-әрекеттерді айтамыз. Оқыту бұл- оқып үйрену, оқу әрекеті.
Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы әлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортада іс-әрекеттерін талап етеді. Сондықтан да әлеуметтену ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін-өзі сезінуі, «меннен» басқа «менге» қозғалысқа, әлеуметке енуі. Әлеуметтендірудің негізі белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез-құлық нормалары жүйесін меңгеру деген сөз, ол сол тұлғаға сол қоғамның толық жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
.
Достарыңызбен бөлісу: |