__________________________ №_______________________
Астана қаласы город Астана
«Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2017 жылғы 21 тамыздағы № 145/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 145/НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 115073 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде 2017 жылғы 11 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:
10-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті меншік құқығындағы немесе ұзақ мерзімді жалға алған
өндірістік (қоймалық) үй-жайлардың, сондай-ақ технологиялық жабдықтардың және білікті мамандардың барын растайтын құжаттар.»;
Мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Уәкілетті органның және оған бағынысты ведомстволардың, мемлекеттік тапсырыс берушілердің ұйымдары Комиссияның қарауынсыз Тізілімге енгізілуге жатады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Оператор не болмаса Комиссия осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкессіздікті айқындаған жағдайда оператор, оларды жою үшін отандық тауар өндірушілерді немесе жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Отандық тауар өндіруші мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші хабардар етілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде белгіленген мерзім ішінде операторды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, айқындалған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Тізілімді мемлекеттік тапсырыс берушілердің (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі) келісуі бойынша уәкілетті орган бекітеді.»;
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қорғаныстық тапсырыстың мәні болып табылатын Комиссия айқындайтын тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті өндірістік үй-жайлардың, қуаттың, технологиялық жабдықтардың болуы заңды тұлға мәлімдеген көлемнен арту жағына қарай шынайы еместігі анықталған;»;
17-тармақ алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;
4) осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі Б. Атамқұлов
«КЕЛІСІЛДІ»__Қазақстан_Республикасының_Қорғаныс_министрі___________________'>«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
__________________
2018 жылғы «___» _________
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________________
2018 жылғы «___» _________
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |