ШҚО: Зайсан ауданы. Зайсан қаласы.
М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп.
Жоғары санатты
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Жакебаева.Б.Ж.
10 «А» сынып. Әдебиет пәні.
І. Сабақтың тақырыбы:
Әнші ақындар. Сегіз сері Баһрамұлы шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру.
ІІ. Білімділік мәні:
Оқушыларға Сегіз сері Баһрамұлы шығармашылығы туралы, өмір жолы жайлы мағлұмат беру, талдай меңгерту.
ІІІ. Дамытушылық мәні:
Оқушылардың Сегіз смері Баһрамұлы шығармашылығы туралы білімін жетілдіріп тиянақтау, өз бетінше жұмыс жасауға бейімдеу, қосымша материал жинақтап жүйелі пайдалану, іздену, ой қорыту, өз ойын жүйелі жеткізу, өздік баға беру, шығармашылық тапсырмалар орындай білу дағдыларын қалыптастыру.
ІV. Тәрбиелік мәні:
Сегіз сері шығармашылығын оқып – үйрену негізінде тағлым алуға, мұрасын қастерлей білуге баулу, тәрбиелеу, өнерді, өнер иесін дәріптеу.
Сабақтың типі:
Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың түрі:
Баяндау, талдау сабағы.
Сабақтың әдістері:
Оқыту әдісі – іздену, сабақ өту әдісі – қозғау салу, оқу әдісі-ізденіс,.
Сабақтың жабдықталуы: оқулық, қосымша материал (газет–журнал материалы), интерактивті тақта, қағидалар, ән мен күй жазылған дискет.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Әнші – ақындар шығармашылығынан өткенді еске түсіру.
1. Әнші – ақындар тобының өкілдерін ата?
2. Оқушылардың шығармашылығына тән ерекшеліктер неде?
О1 – О2 – О3 (шолу ретінде жауап алу)
Жаңа материалды меңгерту.
Сегіз сері Баһрамұлы шығармашылығы.
Жоспар:
І. Өмір жолы.
ІІ. Ақын шығармашылығының зерттелуі мен жариялануы жайлы.
ІІІ. Махаббат тақырыбындағы лирикалық өлең.
ІV. Ақынның арнау өлеңдері.
V. Ақын туындыларындағы қанатты сөздер.
VI. Сегіз серінің айтыс ақыны ретінде көрінуі.
Сабақтың девизі:
Білім жолы қиын жол... Ойлан бала!
Бар ғаламат ойдан ғана...
Сабақтың қолданылған негізгі қағидалар:
Оқулық – оқушының өз білімімен жұмыс жасауының құралы.
Салыстырыңдар, ізденіңдер, табыңдар, дәлелдеңдер.
Өзің ойлап, өзің іздеп, өзің шеш...
Өзіңді тану үшін өзіңді - өзің тәрбиеле, мақсатты түрде өзіңмен - өзің жұмыс істе.
Өзіңе сен, өзіңді сүйреп шығар...
Абай.
Жоспар негізінде топ бойынша жұмыс. І-ІІ-ІІІ- ІV- V топ.
а) Мәтін бойынша талдау жасау. О4-О2-О6-О7 – І топ.
ә) Қосымша материалмен жұмыс. О8-О9-О10-О11 – І І топ.
б) Модель жасау, қорғау тақырып бойынша . О12-О13-О14-О15 – І І І топ.
в) Тақтамен жұмыс, сурет салу, қорғау О16 – ІV топ.
г) Шығармашылық тапсырмалар V топ.
Ребус құрау.
Сөзжұмбақ құрау шешу, талдау. О17 – О18 – О19
д) Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.
Әр топ мәтін негізінде сұрақ құрастырып, өзара жұмыс жасайды.
І – IV топ, ІІ –топ, І – ІІІ топ, IV - V топ.
Өздік бағалау айту.
«Сегіз сері – шоқтығы биік тұлға»
Жалпы сынып бойынша жұмыс.
Ой қорыту:
а) Егер мен әдебиетші болсам...
ә) Егер мен әнші болсам...
б) Егер мен ақын болсам... О24 – О25 – О26 – О27
VII. Үйге тапсырма:
«4» бағасы бойынша тапсырма:
а) 241 бет – бет, сұрақ – тапсырмамен жұмыс жасау.
ә) Бүгінгі күнгі дәстүрлі әншілер туралы мағлұмат жинау.
«5» бағасы бойынша тапсырма: Ой толғау жазу.
«Сегіз сері – шоқтығы биік тұлға».
Бағалау:
«5» - 12 «4» - 9 «3» - 1
Пән мұғалімі: Жакебаева Б.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: |