EUR/KZT 392.41 USD/KZT 319.68 RUB/KZT 5.56 CNY/KZT 50.71
ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:
№66 (29297)
9 СУІР, ДҮЙСЕНБІ
2018 ЖЫЛ
E-mail: info@egemen.kz
www.egemen.kz
TWITTER.COM/EGEMENKZ
FACEBOOK.COM/EGEMENKZ
QOǴAM
3-
бет
ЛИФТ
ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАҢАША
КӨЗҚАРАС ҚАЖЕТ
KELBET
QUQYQ
9-
бет
8-
бет
RÝHANI JAŃǴYRÝ
7-
бет
«АЖАРЫҢ АШЫҚ
ЕКЕН АТҚАН ТАҢДАЙ»
НЕКЕ ШАРТЫ
ДЕГЕН НЕ?
ДӘУІРМЕН
ҚАНАТТАС ҚАЛАМГЕР
ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ
Газдандыру – өңірді жандандыру
Қайрат БІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Жасыратыны жоқ, көмірдің
үстінде отырған Қарағанды
өңірінің күні кешеге дейін көгілдір
отынға шекеден қарап келгені рас.
Мұның объективті һəм субъективті
себептері жеткілікті. Жеті қат жер
астынан шыққан қара алтынның
бойды қыз-қыз қайнатқан жылуы
«əй, осы тас көмірге қарағанда
табиғи газ арзан əм зиянсыз-ау»,
дегенді ойлантпауы да мүмкін-
ау. Алайда уақыт алға ілгерілеген
сайын ірі деп жүргенің ұсақталып,
кешегі қадірліңнің бүгінде сиқы
кете бастайтыны өмір заңы. Құй
келісіңіз, құй келіспеңіз, қазіргі
таңда табиғи газдың дəурені жүріп,
аты озып-ақ тұр. Неге десеңіз,
дүниеде көп елдің күйбең тірлігі,
күнкөрісі осы көгілдір отынмен
тығыз байланысты. Сəтін сал-
са, аздап сабыр қылсақ, игіліктің
мұндай түріне Арқа жұрты да қол
жеткізбек: газбен ас-суын əзірлеп,
алты ай қыста жалынымен жылы-
натын күн де таяу. Яғни көмірді
эшелондап жұтатын жылу электр
стансалары ендігіде лап етіп жанып,
зым-зия жоғалып кететін көгілдір
отынның күшімен жұмыс істейтін
болады.
Жалпы, табиғи газдың арзан-
дығы, экономикалық жағынан
тиімділігі өз алдына, оның бас-
ты қасиеті қоршаған ортаға деген
зиянсыздығы болса керек. Иə,
түтінге тұншыққан Теміртауды
көз алдыңызға елестетсеңіз, за-
лалсыз газдың алдында амал-
сыз бас иер едіңіз. Экология
демекші, осы жерде бір ғана мы-
сал келтіре кетейік. Елорданың
жылу электр орталығы 651 мың
тонна көмір жағып, жылына ауаға
36 мың тоннадай зиянды қалдық
шығарады екен. Енді көмірді
өзі арзан, өзі зиянсыз табиғи газ
алмастырмақ. Сол кезде ауаның
ластануы алты есеге дейін азаяды
екен. Бұл дегеніңіз бір оқпен екі
қоян атып алу деген сөз ғой. Ауа
былғанбайды, қалта қағылмайды.
Бұдан бөлек, газ құбырын тарту
барысында жүздеген адам тұрақты
жұмыс тауып, нəпақа айыратын
болады. Мысалы, газ құбырының
құрылысы кезінде 800-ге тарта
адам екі қолға бір күрек тапса,
оны пайдалану кезеңінде 225 адам
жұмыспен қамтылмақ.
Таяуда Қарағанды об лы сының
қоғамдық кеңесі алдында есеп бер-
ген өңір басшысы Ер лан Қошанов
Елбасының осы бес əлеуметтік ба-
стамасын жүзеге асыру жұмыстары
аймақ үшін жаңа мүмкіндіктердің
есігін айқара ашатынын айтты.
«Қарағандылықтар, – деді об-
лыс басшысы, – бұл бағдар лама
шеңберінде бірқатар мүм кін діктерге
ие болады. Алайда эко номикалық,
əлеуметтік жəне экологиялық
максималды əсер ді біз əрине, газ
құбыры магистралінен күтіп отыр-
мыз. Ол біздің ірі қалалар арқылы,
сон дай-ақ 120 ауылдық елді мекен
арқылы өтетін болады. Тек біздің
облыс бойынша ғана бұл жоба 1
миллион адамды қам тымақ. Ол
өнеркəсіптің дамуы на жаңа ықпал
беретіні анық. Сон дықтан біз күш-
жіге рі мізді осы мегажобаны жүзеге
асыруға барынша жұмсайтын бо-
ламыз».
Негізі елімізді кезең-кезең-
мен көгілдір отынмен қамта-
масыз ету ісі осыдан төрт жыл
бұ рын көтеріліп, қолға алына бас-
таған болатын. Үкімет газдан-
ды рудың 2015-2030 жылдарға
дейінгі бас сызбасын жасап, ол бо-
йынша 2030 жылға қарай газ бен
қамту деңгейін 56 пайызға дейін
жеткізу меже ретінде алын ған-тын.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Мемлекет басшысының наурыз айының басында жария болған
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіндегі
«Біз Қара
зек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды –
Теміртау – Астана бағытында магистралды газ құбырын салу жобасын
жүзеге асыруымыз керек», деген с
зін Арқа жұрты қуанышпен қабыл
алды. Олай, болатын да ж
ні бар: жоғарыда аталған газ құбыры іске
қосылғанда Қарағанды облысының алты ірі қаласы мен жүзден астам
елді мекені к
гілдір отынның игілігін к
реді екен.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Еліміздің байтағына, мемлекеттің мақтанышына айналған
Астананың тыныс-тіршілігіне қатысты кез келген түйткіл
Елбасының назарынан тыс қалған емес. Мемлекет басшы-
сы тіпті әрбір нысанның атауына да зор мән беретіні белгілі.
Елорда т
ріндегі кейбір ғимараттардың эскизін сызып, халық
к
ңілінен шыққан ұлттық нақыштағы атауларды да
зі қоюы
– соның айғағы. Президент
ткен аптада елорданы одан әрі
дамыту ж
ніндегі кеңес барысында да қала инфрақұрылымын
жетілдіруді, тұрғындарға неғұрлым оңтайлы жағдай жасауды
тапсыра отырып, бірқатар түйткілді мәселелерге назар ау-
дарды. Соның бірі – ономастика. Расында да бұл т
ңіректе
елімізде мәселе к
п екенін «Егемен Қазақстан» былтыр
(«Алматыда 34 уезов, 24 Абай к
шесі бар» – 19.01.2017)
жазған болатын. кінішке қарай, мұндай түйткілдер, соның
ішінде шетелдік с
здермен қойылған алашұбар атаулар аттап
басқан сайын кездесетіні рас.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Елбасы Жарлығымен Алматы облысының Райымбек ауданының
әкімшілік құрылысына
згеріс енгізіліп, орталығы Кеген ауылы
болатын Кеген ауданы және орталығы Нарынқол ауылы бола-
тын Райымбек ауданы болып қайта құрылған болатын. Қазір
жаңа аудандағы ұйымдастыру жұмыстарының алғашқы кезеңі
аяқталып, Райымбек ауданының әкімдігі Нарынқол ауылына
к
шіп, жұмысын бастады.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаевтың
Пасха мерекесімен
құттықтауы
Қымбатты отандастар!
Баршаңызды жарқын мереке – Пасхамен шын
жүректен құттықтаймын!
Көктемнің осы күні əлемнің əр түкпіріндегі
адамдардың жүрегі ерекше жылылыққа, қуаныш пен
үміт сезіміне бөленеді. Пасха мейрамының символда-
ры саналатын махаббаттың мəңгілік құндылықтары,
қайырымдылық пен мейірімділік – еліміздің бүкіл
тұрғыны үшін қымбат əрі қастерлі.
Барлық конфессия өкілдерінің өзара үйлесімді
ықпалдастықта болып, бейбіт еңбек етуі – Қазақстанның
басты байлығы. Біз мұны көздің қарашығындай сақтап,
əрі қарай дамыта беруіміз керек.
Жаңару мен жақсылыққа деген сенімді білдіретін
бұл мерейлі мереке қоғамымыздың барлық сала-
сында жүріп жатқан жаңғырумен үндеседі. Жоғары
адамгершілікті дəріптейтін Пасха мейрамының
мəн-маңызы игі істерге жетелеп, біздің өміріміздің
гуманистік негіздерін нығайта түседі.
Баршаңыздың шаңырақтарыңызда татулық пен
тыныштық болсын!
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке тілеймін!
(Соңы 3-бетте)
(Соңы 15-бетте)
Қалмаханбет
МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Өткен сенбіде облыс əкімі
Амандық Баталов Кеген жəне
Рай ымбек аудандарына жұ мыс
са парымен барып, өңір тұрғын-
да рына екі ауданның жаңадан
та ғайындалған əкімдерін та-
ныстырды. Тиісінше, жаңадан
ашыл ған Райымбек ауданының
əкімі болып Жолан Омаров
тағайындалса, Кеген ауданын
басқару міндеті Талғат Баеділовке
жүктелді. Сондай-ақ облыс бас-
шысы Нарынқол ауылындағы
əкімшілік басқару орталығы мен
қызмет көрсету орындары ор-
наласатын ғимараттардағы жөн-
деу жұмыстарымен танысып,
бірқатар ескертпелер айтты. Ал
аудан əкімінің аппараты уақытша
ғимаратқа қоныстанып, жұ мысын
бастады. Осылайша облыстағы он
жетінші ауданның орталығында
тіршілік көрігі қыз ды.
– «Темірді қызған кезінде
соқ» дегендей, Президент Жар-
лы ғы шыққан күннен бергі санау-
лы уақыт ішінде аудан орта лы-
ғын көшіруге қатысты қыруар
жұ мыс атқарылды. Ең бастысы
шекараның шебіне аудан орта лы-
ғы қоныстанды. Жас, іскер əкім
тағайындадық. Енді өңірдің ты-
нысы ашылып, ауыл көркеюі ке-
рек. Облыс əкімдігі тарапынан
барлық көмек, қолдау жасалады.
Жаңа аудан ауылға жастардың
қайтып келуіне ұйытқы болуы
тиіс. Енді Нарынқолда биз-
нес дамып, жаңа жұмыс орын-
дары ашылады, – деді аудан
тұрғындарымен кездескен облыс
əкімі Амандық Баталов.
Шекаралық ауданды дамытуға
қатысты жоспарды жүзеге асыру
өңір дегі ауыл шаруашылығының
өрісін кеңейтеді. Негізінен мал
өсіріп, картоп егумен даңқы
шыққан Нарынқол аймағының
еңбеккерлері үшін жарқын бола-
шақ жақын. Əсіресе картоп ша-
руа шылығын демеп, қолдау жа-
сау Нарынқол топырағында өн ген
өнімнің облыс, қала берді елі міздің
сұранысын өтейтіндей мүм кіндікке
жол ашады. Биылғы жы лы картоп
егістігінің көлемін арт тырып, 110
мың гектарға жет кізу міндеті тұр.
Жалпы, жаңадан ашылған
аудан да жасалатын жұмыс ауқы-
мы үлкен. Нарынқолдағы ғи ма-
ра т тар мен нысандардың бар-
лығы дерлік күрделі жөндеуді
қажет етеді. Ауылдың жолдары
да сын көтермейді. Жастар мен
тұр ғындардың туған ауылына
ора луына да жағдай жасау керек.
Ол үшін баспана мен басқа да
мəдени-спорт нысандарының есі-
гі ашық болуы тиіс. Мұнсыз ше-
ка радағы ауылдың шамы самала-
дай жарқырамайтыны аян. Ел
ке л е шектен үмітті. Нарынқолдың
на ғыз дəуірлеу кезеңі туады деп
сенеді.
Айтпақшы, осы сапарында
Амандық Баталов Нарынқол
ауылында жаңадан 50 үй салына-
ты нын айтты. Баспана қыз мет-
керлерге арнап тұрғы зылады.
Бұл – ауданға жастарды, білікті
ма м ан дарды тартудың бірегей
жо лы.
Алматы облысы
Ая МІРТАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Астана тарихы туралы айт-
қанымызда есімізге ел тағ-
д ыры үшін маңызды бол ған
тарихи шешім оралады. Осы-
дан жиырма жыл бұрын ел-
дің экономикалық жəне гео-
саяси мүддесіне байланысты
Президент Н.Ə. Назарбаевтың
бастамасымен Қазақстанның
байтағы Алматыдан Астанаға
(ол кезде Ақмола) көшірілген
еді. Қаланың архитектуралық
бейнесін қалыптастырар сəтте
Нұрсұлтан Назарбаевтың оған
еуразиялық рең беру қажет деген
ұсынысы негіз етіп алынып, аз
уақытта қала бейнесі айтарлықтай
құлпырып шыға келген бола-
тын. Осылайша жедел детілген
құрылыс қар қыны айналдырған
оншақ ты жылдың шамасында
Қазақ стан ның даласынан зама-
науи модернизацияланған, қай та-
ланбас бейнесі бар қала тұр ғы зу ға
мүмкіндік берді. Жыл өткен сай-
ын Астана қызмет көрсету саласы
дамыған ірі мегаполиске айна-
лып, жүздеген дəмхана мен мей-
рамхана, дүкендер, көңіл көтеру
ошақтары мен сауда үйі ашылды.
2002 жылы Үкіметтің кеңейтілген
мəжілісінде Елбасы қаладағы
қаптап кеткен ағылшын тіліндегі
нысандардың атауларын сынға
алғаны естеріңізде шығар. Ай тыл-
ған сыннан кейін 700-ден астам
атау қазақшаланған бо латын.
«Синема сити» − «Самұрық»,
«Европа Палас» − «Ақ сұңқар»,
«Сити Маркет» − «Қазына»
болып шыға келді. «Улыбка»
ательесі – «Жібек» ательесі,
«Уют» жиһаз дүкені – «Жайлы»
жиһаз дүкені, «Золотой ключик»
балалар əлемі – «Алтын кілт» ба-
лалар əлемі, «It
,
s skin» корей кос-
метикасы – «Ару», «Щин-щин»
мейрамханасы «Жұлдыз» болып
өзгертілгені де сол кезде еді.
Одан бері де біраз уақыт
өтіп, қаланың ажарын ашатын,
сəн-салтанатын арттыратын та-
лай ғимарат салынып үлгерді.
Осыдан оншақты жыл бұрын
шетелдік фильмдерден көріп
қана жүретін мұндай үйлер
көрікті ауласымен, сəулетті ар-
хитектурасымен көздің жауын
алып, нарықтағы өтімді мүлікке
айналды. Алайда мəдениеттер
тоғысы мен ақпарат алмасу
жылдамдығынан тұрғын үй-
жай кешендерінің атауы да ан-
глицизм үрдісіне тез ұшырап,
бүгінде ойымыз да, бойымыз
да біржола үйренісіп кеткен-
дей. Астанада аттап басқан са-
йын кездесетін шетелдік атау-
лар өзге елде жүргендей се-
зім қалдыратыны да жасы-
рын емес. Қаладағы премиум,
биз нес-класс тобына жата-
тын ке шендердің атауын өзге
тілде қоюдың басты себебі өзге
нысандардан ерекшелеу əрі
болашақ тұрғындардың стату-
сын аңғартудан туындаса керек.
Тіпті құрылыс девелоперлері
ағылшынша атауды қою арқылы
құрылыс жұмыстарына шетелдік
сəу летшілердің қолтаңбасы қал-
ғанын осылайша меңзеп жа тады.
Ел дегі жылжымайтын мүлік
на рығына арналған интернет-
алаң kn.kz сайтында Астанада
563 тұрғын үй кешені бар екен-
дігі көрсетілген. Санап шық-
тық, оның 250-ге жуығына
өз ге тілдегі атау беріліпті: 7
бо чек, Alanda, Art House, Bi
Village, Caspian Palace, Castle
House, Family Town, KingHouse,
Pioneer, Smart House, Авиценна,
Анфилада, Дельфин, Титаник,
Лазурный квартал, Солнечный
жəне басқа.
Астанадағы атаулар
Ала-құлалықтан қайтсек арыламыз?
Жаңа ауданда жұмыс
басталды