№66 (29297) 9 Суір, ДҮйсенбі 2018 жыл



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет4/16
Дата19.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#20721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

4

9 СƏУІР 2018 ЖЫЛ

Лифт шаруашылығына жаңаша көзқарас қажет

JOLDAÝ


СЫРТ КӨЗ – СЫНШЫ

–––––––––––––––––––––––––



Елбасымыз зінің биылғы 

«Тртінші неркәсіптік револю-

ция жағдайындағы даму дың 

жаңа мүмкіндіктері» атты 

Қазақстан халқына Жол-

дауында еліміздің дамуы-

на тың серпін беретін, аса 

маңыз ды 10 міндетті белгілеп 

берді. Оның ішіндегі үшінші 

м і н д е т   –   а г р о  н е р к ә с і п 

кешенін қарқынды дамы-

ту мүм кіндігі аясында тиімді 

ндірісті қамтамасыз етуі 

және тауарларының бәсекеге 

қабілеттілігін арттыруы үшін 

ауылшаруашылық тауарын 

ндірушілерге айрықша елеулі 

қолдау болады деп күтілуде. 

––––––––––––––––––––––––––



Абдалы НҰРАЛИЕВ, 

Парламент Сенатының 

депутаты 

Елбасымыз осы Жолдауында «Біз 

егін  егіп,  дəнді  дақылдарды  өсіру-

ді  үйрендік.  Оны  мақтан  тұта мыз. 

Алайда қазір ол жеткіліксіз. Шикі-

зат ты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, 

əлемдік нарықтарға жоғары сапалы 

дайын өніммен шығуымыз қажет», 

деп ауыл шаруашылығы тауарларын 

өндірушілер алдына нақты міндеттер 

қойып отыр. Айта кету керек, бүгінде 

еліміз  астық  экспорты  бойынша 

əлемдегі алғашқы он елдің сапында, 

ал  ұн  экспорты  бойынша  алғашқы 

үштіктеміз. Десек те, ғалымдардың 

айтуынша,  табиғи  ауа  райы  біздің 

жерімізге сəйкес келетін Канаданың 

Саскачеван аймағында нөлдік техно-

логия қолдану арқылы əр гектардан 

2,5-3 тонна астық бастырылуына қол 

жеткізілуде  екен.  Ал  бізде  орташа 

көрсеткіш бұдан екі еседей төмен.

Рас, соңғы 5 жыл көлемінде ауыл 

шаруа шылығы малының орташа өнім-

ділігі артты, дегенмен дамы ған ел-

дер деңгейінен төмен күйінде қалып 

отыр. Мысалы, біздегі 1 бас мүйізді 

ірі  қара  малының  орташа  тірі  сал-

мағы 335 кило болса, экономи касы 

дамыған елдерде бұл көр се т кіш 520 

килоны құрайды. Ал рес пуб ликамыз 

бойынша бір сауын сиырдан орташа 

сүт сауылымы 2200 килодан айнала-

ды, жоғарыда айтылған Канадада бұл 

көрсеткіш 4 есе жоғары.

Мемлекетіміз  тарапынан  ауыл 

шаруашылығы саласына көрсетілетін 

қолдау, көмек жылдан-жылға ұлғаю-

да. Мұндай ынталандыру шаралары-

мен мал шаруашылығы саласының 

барлық бағыттары дерлік қамтылған. 

Десек те, саланың дамуы əлі де төменгі 

деңгейде. Бұл ешкімге де құпия емес. 

Не себепті еліміз ауылшаруашы лық 

саласының  өркендетілуі  тұрғысы-

нан өркениет көшіне ілесе алмауда? 

Меніңше, оның мына төмендегідей 

бірқатар  себептері  бар.  Бұл  ретте 

ғылыми-зерттеу  институттарының 

қабырғаларында, тəжірибелік алқап-

тарында егжей-тегжейлі зерттеулер-

мен бекітіліп, өндіріске ұсынылған 

ғылы ми технологиялар талапқа сай 

орын далмайды,  қажетті  техника 

жəне  агрегаттар  жетіспейді,  қайта 

өңдеу  кəсіпорындарының  қондыр-

ғылары  моральдық  тұрғыда  əбден 

ес кірген, өндірілетін өнімдер бəсеке-

лес тікке  қабілетті  емес,  жергілік ті 

басшылар мен мамандар тарапы нан 

қолданыстағы бірқатар ауылшаруа-

шылық  заңдарының  орындалуына 

бақылау кемшіндеу болып тұр.

Ауыл  шаруашылығы  министр-

лігі нің  деректері  бойынша,  соң ғы 

бес  жылда  егінге  себілген  ауыл-

шаруашылық дақылдары тұқым дары 

құрамының  супер  элитасы  –  0,6, 

элитасы – 3,4, бірінші репродукция-

лысы – 20,2, екінші репродукциялы-

сы – 26,9, үшінші репродукциялысы 

– 30, төртінші репродукциялысы – 

9,6, бесінші репродукциялысы – 6,3, 

жаппай  репродукциясы  2,8  пайыз-

ды құраған. Тыңайтқыштарға деген 

жыл  сайынғы  ғылыми  негізделген 

қажеттілік, əрекет етуші құрамда 1 

миллион тонна болса, енгізілген ми-

нералды тыңайтқыш орташа 130 мың 

тонна (соңғы бесжылдықта) құрап, 

тыңайтылған алаңның үлес салмағы, 

барлық егіс алаңының 6,9 пайызын 

ғана қамтып отыр. Сол сияқты орга-

никалық тыңайтқыштарға қажет тілік 

100-110 миллион тонна, енгізілгені 

– 0,6 миллион тонна, үлесі – 0,3 пай-

ыз  ғана.  Егістікте  қолданылатын 

гербицидтің  көлемі  сұраныстан  3 

есе кем. Шағын шаруа қожалықтары 

иелігіндегі жерлерде ауыспалы егіс 

жүйесі сақталмауда. Бұған себеп рес-

публикамызда, оның ішінде оңтүстік 

өңірлерде ұсақ шаруашылықтардың 

шектен тыс көп тіркелуі айтарлықтай 

орын алып отыр. Мысалы, жер көлемі 

Жамбыл облысындағы 18693 шаруа-

шы лық тың 173-інде екі мың гек тар-

дан жоғары, 328-інде – 2 мың, 3840-

ында – 1 мың, 2446-ында – 50-100, 

6132-інде – 10-50, 5653-інде – 2-10, 

121-інде 1 гектар көлемінде ғана. 

Инновациялық  технологиялар 

əрқашанда өсімдік жəне мал шаруа-

шылықтары  салаларының  талап-

тарына  сай  технологиялық  жүйе-

леуді қажет етеді. Ғылыми-зерттеу 

институттарының  зерттеулеріне 

қарағанда,  елімізге  кешенді  түрде 

өнім өндіру, өңдеу жəне сақтау үшін 

1200-ден  астам  түрлі  ауылшаруа-

шылық машиналары мен техникалық 

құралдар, қондырғылар қажет жəне 

олармен қамтамасыз ету өте төменгі 

деңгейде.  Қолда  бар  техниканың 

80 пайызы тозған. Машина-трактор 

көлігінің жаңаруы жылына 1,5-2 пай-

ыздан аспайды.

Тағы да сол ғылыми-зерттеулер-

ге  сүйенсек,  əлемдік  экономика-

да  ауыл  шаруашылығының  негізін 

шағын отбасылық фермалар құрайды 

екен. Жапонияда олардың саны 1,8 

миллионға жетеді, Оңтүстік Кореяда 

– 1,5 миллион, ал біздің елде небəрі 

200 мыңдай ғана, ал миллиондаған 

гектар жайылымдық  жерлеріміздің 

пайдаланылмай,  тектен-текке  бос 

жатқаны баршамызға аян. Яғни ұсақ 

жекеменшік  шаруашылықтар  са-

нын  бүгінгіге  қарағанда  əлденеше 

есеге  көбейтудің  мүмкіндігі  бар. 

Осыған  орай  ұсақ  жəне  шағын 

шаруашылықтарды  одан  əрі  дамы-

ту  мен  оларға  жан-жақты  қол дау 

көрсетудің тиімді жолдарын қарас-

тыру қажет-ақ. Салада қорда ланған 

мəселелерге  байланысты,  əсіресе 

Ауыл  шаруашылығы  министрлігі 

ғалымдарды, мамандарды, сарапшы-

ларды көптеп тарта отырып, ауыл-

шаруашылық  өндірісінің  көлемін 

ұлғайту жəне қайта өңделген ауыл 

шаруашылығы өнімдерінің экспор-

тын  дамыту  мақсатында  бəсекеге 

қабілетті  өнімді  бастапқы  қайта 

өңдеу,  сақтау  мен  өткізу  бойын-

ша  қолайлы  жағдай  жасау  жəне 

инфра құрылым  қалыптастыру 

арқылы  ауылшаруашылық  тауа-

рын  өндірушілерді  мемлекеттік 

қол даумен  мейлінше  мол  қамтуды 

қамтамасыз етуге тиіс.

Осы  орайда  өткен  жылы  ұсақ 

жəне орта шаруашылықтарды ауыл-

шаруашылық  кооперациясына  тар-

ту,  агроөнеркəсіптік  кешендегі 

мемлекеттік  реттеу  шараларын 

жетілдіру, ішкі жəне сыртқы сауда 

саясатын  оңтайландыру  сияқ ты  8 

негізгі бағытты қамтитын еліміз дің 

Агроөнеркəсіптік кешенін дамы ту-

дың  2017-2021  жылдарға  арнал ған 

мемлекеттік  бағдарламасы  қабыл-

данғаны белгілі. Бағдарлама аясын-

да  ауыл  шаруашылығы  саласында 

белгіленген мақсаттарға қол жеткізу 

үшін  тиісінше  іс-шаралар  жоспа-

ры  əзірленіп,  ауқымды  жұмыстар 

нақты іс жүзіне де асырыла бастады. 

Ауыл шаруашылығы министірлігінің 

мəліметіне қарағанда, былтыр ауыл-

шаруашылығы  жалпы  өнімінің 

көлемі  оның  алдындағы  жылмен 

салыстырғанда  2,9  пайызға  ар-

тып, 4,1 триллион теңгені құраған. 

Оның  ішінде  өнім  өндіру  мал 

шаруашылығында  –  3,9,  өсімдік 

шаруашылығында 2,2 пайызға өскен. 

Былтыр, сондай-ақ 836 кооператив 

құрылған,  оның  ішінде  297-і  сүт 

жəне  405-і  ет  өндіру  бағытында. 

Бұдан  бөлек  119  мың  бас  ірі  қара 

малға  арналған  7422  отбасылық 

бордақылау алаңы құрылыпты.

«KAZAGRO» ұлттық холдингі» 

АҚ-тың несие саясаты қайта қаралуы 

да салаға соны серпін берері анық. 

Сондай-ақ 2017 жылдың маусымынан 

бастап кредит жəне лизинг алу үшін 

электронды өтініш жүйесі енгізілді. 

Соның нəтижесінде холдингтің кре-

дит тік өнімдеріне құжаттар пакеті 24 

пайызға қысқартылды.

Бағдарламада  белгіленген  мін-

деттер аймақтарда, жергілікті жер-

лерде ауылшаруашылық тауарларын 

өндірушілер тарапынан қызу қолдау 

табуда. Мысалы, Жамбыл облысын-

да 196 ауылшаруашылық коо перативі 

шаңырақ  көтерген.  Олар дың  күш 

жұмылдыруымен былтыр 2 мың тонна 

ет, 32 мың тонна сүт өндіріліпті. Шын 

мəнінде де қуанарлық һəм құптарлық 

нəтиже емес пе?

Алайда кооперативтерге қатысты 

қиындықтар  да  жеткілікті.  Оның 

ішіндегі күрделісі, əрине мамандар 

тапшылығы. Мүшелікке тартылған 

шаруа қожалықтары жетекшілерінің 

көпшілігінің  ауыл  шаруашылығы 

жұмыстарын жүргізудегі тəжірибелері 

жеткіліксіздеу, арнаулы білімдері де 

жоқ. Шаруашылықтар бойынша жер-

ге орналастыру, алқаптарда ауыспа-

лы егіс жүйесі бойынша агрошара-

лар  жүргізілмейді.  Техникалар  алу 

үшін көптеген тұрғындар мен шаруа 

қожалықтары  қолында  кепілдікке 

қоятын мүліктер де жоқ. Мемлекеттік 

қолдау тетіктерін пайдалану бірнеше 

факторлармен ғана шектелген.

Осы тектес, басқа да мəселелер 

жүйелі  жоспарлы  жұмыстар  жүр-

гізуге  қолбайлау  болуда.  Алайда 

бағдарлама  аясында  қабылданған 

заңдар  негізінде  оларды  тиімді 

шешудің  мүмкіндіктері  бар.  Ауыл 

шаруашылық  өнімін  өндіруші, 

өңдеуші, қайта өңдеуші, кредиттік-

сервистік  жəне  ақпараттық-марке-

тингтік  қызмет  көрсетуші  жеке 

жəне  заңды  тұлғалар  аймақтарда, 

аудан дарда жəне жергілікті жерлер-

де  кооперативтік  негізде  бірлесіп 

қызмет істей алады. Кооперацияның 

басты  бағыттарының  бірі  –  еңбек 

өнімділігін ұлғайту жəне өндірістік 

шығындарды  төмендету  негізінде 

ауылшаруашылық тауарын өндіру-

шілердің  нарыққа  кірігуіне  қолдау 

көрсету.

Сол себепті бірінші кезекте аграр-

лық сала қызметкерлерінің ой-сана-

сы  мен  нақты  іске  көзқарастарын 

түбегейлі өзгертуге күш салу керек. 

Себебі,  шаруалардың  басым  дені 

бірігудің, кооперативтік негізде жұ-

мыс істеудің артықшылықтарын əлі де 

жете түсінбейді немесе түсінгі сі кел-

мейді. Көбінесе, «ортақ өгізден оңаша 

бұзауым  артық»  деген  қағи дат ты 

ұстануда. Елбасымыздың қоғам дық 

сананы өзгерту жөніндегі алға қойған 

міндеті  бізді  осындай  немқұ рай-

лылықтан арылуға үндейді емес пе? 

Екіншіден,  орта  жəне  ұсақ 

шаруашылықтар  жетекшілерінің, 

мамандарының  кең  көлемде  қол 

жеткізуін  қамтамасыз  ете  отырып, 

қайта даярлау жəне біліктілікті арт-

тыру  орталықтарында,  ҒЗИ  жəне 

университеттер, колледждер базала-

рында бүгінгі күннің инновациялық 

шараларын  жүргізу  жолдарын 

оқытып,  оның  технологияларын 

қолдану мен озық тəжірибелерді та-

ратып, насихаттауды ауылдық тауар 

өндірушілердің озық үлгідегі өндіріс 

орындарында  ұйымдастыру  керек. 

Бұл  шара  кезіндегі  компьютерлік 

сауат  ашуда  ұйымдастырылған  іс-

əрекеттер сияқты кең көлемде, жап-

пай жүргізілуге тиіс. 

Үшіншіден,  қоғамдық  сананы 

түбегейлі  өзгерте  отырып,  тиісті 

ма мандарды  дайындау,  ұсақ  жəне 

шағын  шаруашылықтарды  əртүр лі 

кооперативтерге  біріктіру  жұмыс-

тарын  жандандырған  жөн.  Ауыл 

шаруашылығы  министрлігінің бас-

шылары  қолға  алып  отырған  ірі, 

орта жəне ұсақ шаруашылықтардың 

тік жəне көлденең кооперативтерін 

дамыту  керек-ақ.  Алайда  кешегі 

күнгі шаруа қожа лықтарының жəне 

ауыл тұр ғын дарының жеке қосалқы 

шаруа шылықтарының, кооператив-

тердің жұмысын жылы жауып қоюға 

мүлдем  болмайды.  Оларға  одан 

əрі де қолдау көрсетіп, дамыту ке-

рек. Мысалы, Жамбыл облысының 

Талас,  Сарысу,  Мойынқұм  секілді 

шалғай аудандарының тауарлы-сүт 

фермаларында  ертеректе  жүздеп, 

мыңдап сиыр сауылып, өнімі шаруа-

шылық  орталықтарына  тасымал-

данып,  өткізілетін.  Ауыл  тұрғын-

дарының да өздеріндегі басы артық 

сүттерін шаруашылық арқылы өткізу 

мүм кіндіктері бар болатын. Ал соң ғы 

жылдары тұрғындар қолда бар сауын 

сиырларын отбасылық қажет тіліктері 

көлемінде ғана сауып, көбінесе өріске 

бұзауларымен  бірге  айдап,  жайып, 

сүт дайындауды мүлде қойып та кет-

кен  еді.  Ауылдарда  кооперативтер 

мен  сүт  қабылдау  пункттерін  құру 

қайта қолға алына бастауына байла-

нысты жаппай сүт дайындау мəселесі 

жүйелі  жолға  да  қойылып  келеді. 

Бұл мақсаттағы жұмыстар одан əрі 

жемісті  жалғасын  табуы  керек  деп 

ойлаймын.  Əлеуетті  инвесторлар, 

ірі  шаруашылықтар  шалғайдағы 

ауылдарға барып, ауылшаруашылық 

кооперативтері құрылуына қозғау са-

лып, уақ шаруалар іріленіп жатса, нұр 

үстіне нұр! Алайда оған біраз уақыт 

қажет болады.

Төртіншіден,  несиелеу  жүйесі 

басым  бағытқа  ие  болуға  тиіс. 

Қолжетімді несие – ауыл шаруашы-

лығын  дамытудың  кепілі.  Біздегі 

екінші  деңгейлі  банктер  ауылдық 

тауар  өндірушілерді  15  –  17  – 

20  пайыздық  үстеме  ақысымен 

несиелендіреді. Талаптары тым ауыр. 

ҚазАгро-ның жеңілдетілген несиесі 

əлеуетті талапкерлердің барлығына 

бірдей  жетпейді.  Сондықтан  бұл 

мəселе тиімді шешілуі тиіс. 

Бесіншіден, əлемдік тəжиірибеде 

кең қолданысқа ие өндірілген өнімді 

субсидиялау  тетіктерін  жетілдіру 

керек-ақ.  Оның  ережелерінің  жиі 

өзгертілуі  шаруалардың  орынды 

наразылығын  туындатуда.  Себебі 

белгілі бір жобаның бизнес-жоспар-

ларында мемлекеттік қолдау тетіктері 

ескеріледі де, ал жобаны жүзеге асы-

ру  барысында  мемлекеттік  қолдау 

ережелерден алынып тасталған бо-

лып шығады. 

Жалпы,  ауыл  шаруашылығын 

қарқынды  дамытуды  қамтамасыз 

ету  үшін,  тұқым,  тыңайтқыш,  тех-

ника жəне жылыжай субсидиялары-

нан басқа субсидиялардан бас тарта 

отырып, арзандатылған қолжетімді 

несие көлемін ұлғайтқан дұрыс деп 

ойлаймын. 

Жер жəне жер ресурстары ұлттық 

байлығымыз.  Қазақстанның  ауыл 

шаруашылығы  алқаптарының  жал-

пы алаңы 177,8 млн гектарды, оның 

ішінде жайылымдар 146,9 млн гек-

тарды, егістік пен тыңайған жерлер 

26,7 млн гектарды, шабындықтар 4,2 

млн гектарды құрайды. 

Республиканың  барлық  өңір-

лерінде жер сапасының нашарлауы-

на, құрамында қарашіріктің, қоректі 

заттардың, өсімдіктердің түрлік құра-

мы  мен  оның  өнімділігінің  төмен-

деуіне қатысты тұрақты үрдіс бай-

қалуда, бұл ауылшаруашылық өнді-

рі сінің  əлеуетін  төмендетеді.  Сол 

себеп ті Сенат қабырғасында қаралып 

жатқан «Қазақстан Республикасының 

кейбір  заңнамалық  актілеріне  жер 

қатынастарын реттеу мəселелері бой-

ынша өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы» заң жобасы арқылы 

мемлекеттік бағдарлама аясында жер 

қатынастарына  байланысты  қор да-

ланған мəселелер өз шешімін таба  ды 

деген үміт бар. Мысалы, заң жоба -

сы ның ережелері ауыл шаруа шылы-

ғы  жерлерін  пайдалануға  тұрақ-

ты мониторинг жүргізуді көздейді. 

Айта лық 5 жыл ішінде жыл сайын, 

ал кейінгі кезеңдегі əрбір 3 жылда 

суармалы жерлерде жəне 5 жыл сай-

ын тəлімді жайылымдарға тұрақты 

түрде  мониторинг  жүргізіледі.  Бұл 

шаралар  ауылшаруашылық  жер-

лерін тиімді жəне ұтымды пайдала-

ну ды,  пайдаланылмаған  жер лер  ді 

ай қындауға жəне ауыл шаруашы лы-

ғы айналымына енгізуге мүмкін дік 

береді.  Сондай-ақ  жерді  пай дала-

ну  дағы  қоғамдық  бақылау  рөлін 

жəне жерді ұтымды пайдалану үшін 

жер  пайдаланушылардың  жауап-

кершілігінің де деңгейін арттырады.

Сондай-ақ  меңің  əріптестерім 

көтеріп  жүрген  шалғайдағы  шека-

ралас  елдермен  қатар  орналасқан 

əлеуеті төмен ауылдардың тұрмыс-

тіршіліктері  көңіл  құлазытады.  Ал 

көршілес  Ресей,  Қытай,  Өзбек стан 

елдерінде  шекаралас  елді  мекен-

дерінің өсіп, көркейіп жəне ұлғайып 

бара  жатқанын  көріп  отырмыз. 

Шекаралас  елдердегі  сияқты  бізде 

шалғай, шекара бойында орналасқан 

ауылдық елді мекендердің өсіп өркен-

деуіне  Үкімет  кешенді  бағдар ла ма 

қабылдап, жүзеге асырғаны дұ рыс бо-

лар еді. Жерімізді сақтап, қор ғап жəне 

тиімді пайдалануымыз керек.

Бұл – ауылды дамытуды 

көздейтін аграрлық саясат

Кепілдікке 

кеңшілік 

жасалмақ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––



Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бас-

тамасын жүзеге асыру аясында ауылдағы 

кәсіпкерлікті дамытудағы мәселелер Үкі-

меттегі баспасз мәслихатында толығы рақ 

айтылды. Шағын және орта кәсіп кер лікпен 

айналысуға ниетті тұлғаларға биылғы жылы 

да берілер мүмкіндік мол. 

––––––––––––––––––––––––––––––––––––



Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Осы мақсатта, шағын несиелендірудің көлемі 

20  млрд  теңгеген  ұлғайып,  62  млрд  теңгені 

құрап  отыр.  Мемлекет  жеңілдетілген  несие 

беруді  2017-2021  жылдарға  арналған  нəтижелі 

жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерлікті да-

мыту бағдарламасы арқылы жүзеге асырмақ. Бұл 

арқылы биылғы жылы өз кəсібін ашуға, ісін өрге 

домалатуға мүмкіндік алған қазақстандықтардың 

саны 14 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр. 

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 

АҚ  басқармасы  төрағасы  Жандар  Омаровтың 

айтуынша,  шағын  несиелендірудің  негізгі 

қағидалары  мен  механизмдері  бағдарламада, 

сондай-ақ несиелеу ережелерінде қарастырылған. 

Несие алушылар 6 пайыздық үстемемен 5 жылға, 

оның  ішінде  мал  шаруашылығы  саласындағы 

несиелерді 7 жылға ресімдеуге мүмкіндігі бар. 

Ал берілетін несие мөлшері 8 мың айлық есептік 

көрсеткішке  дейін,  яғни  19  миллион  240  мың 

теңгені құрайды. 

Бағдарлама  аясында  біздің  қор  19,3  млрд 

теңгеге  5694  жобаны  қаржыландырды.  Оның 

ішінде 11,5 млрд теңге бөлінген 3426-сы стартап 

жобалар. Бұл барлық қаржыландырудың 60 пай-

ызын құрап отыр, деді Ж.Омаров.

Өткен жылы стартап жобаларға 4 млрд 600 

мың  теңгеге  850  несие,  соның  ішінде  «Бизнес 

Бастау» жобаларына 3 млрд көлемінде 523 не-

сие  берілген.  Еліміздегі  микронесиенің  көп 

бөлігін  Алматы  облысы,  Оңтүстік  Қазақстан, 

Шығыс Қазақстан жəне  Қарағанды облыстары 

алып отыр. Ескеретіні, халық көп шоғырланған 

Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысын-

да несие алуға нетті шарулардың қарасы қалың. 

Былтыр көбі аталған жобаларға ілікпей қалған 

еді. Енді биыл осы олқылықтың орнын толтыру 

қарастырылып отыр.  

Еліміздегі шаруалар екінші деңгейлі банктер-

ден несие алу үшін меншігіндегі мүлкін кепілдікке 

ұсынуға тиіс. Ал кепілдікке қояр мүлкі жоқтар, 

көп жағдайда қала сыртындағы, я болмаса ауыл 

шаруашылығына арналған жер телімдерін ұсынып 

жатады. Мұны өз кезегінде банктер қабылдамай, 

жағдай күрделене түсетін-ді. Осындай қордаланған 

мəселелерді шешу үшін Ауыл шаруашылығын 

қаржылай қолдау қоры кепілдік саясатын жүргізе 

бастады. Қолын іске іліктірген жас кəсіпкер үшін 

бұл бастаманың берері мол. Аталған қор барлық 

шектеуді алып, жылжитын немесе жылжымайтын 

мүліктер, салынған жылы мен материалдарына 

қарамастан, үйлер мен ғимараттарды кепіл ретінде 

қабылдауға нетті. 

Кəсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама 

бойынша шаруаларға кепіл ретінде қолдау білдіру 

елімізде  былтырғы  жылдан  бастап  жүргізіліп 

келеді.  Осы  орайда  бұл  жүйе  жас  шаруа  үшін 

не  береді  деген  сұрақтың  тууы  заңдылық.  Өз 

кəсібін  ашуға  ниетті  тұлға  банктерден  несие 

алу үшін кепіл ретінде қалдыратын қаражаты, я 

мүлкі болмаған жағдайда қысқа мерзімді, пай-

ызы жоғары, тиімсіз несие алуына тура келеді. 

Осындай  жағдайдың  алдын  алу  мақсатында 

елімізде  «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдік мəселесін 

жүйелеген. Яғни шаруа аталған мекемеден кепіл 

қағазын алып, қажетті ақшаны кедергісіз іске жа-

ратады. Ал кəсіпкер белгілі себептермен банктегі 

борышын өтей алмаған жағдайда, кепіл қағазы 

арқылы мəселе өз шешімін табады. 

Басқарма төрағасы Қайрат Əміржанұлының 

айтуынша,  өткен  жылы  180  кəсіпкерге  1  млрд 

теңгеден асатын кепілдік берілген. Биылғы жылы 

бұл салаға бөлінетін қаражат 7 есеге артып, мыңға 

жуық кəсіпкерге көмек көрсетілмек. 

Кемел келешекке 

бастар жол

Паскаль ЛОРО,

Шуазель институтының президенті, 

ЭКСПО-2017 халықаралық крмесіндегі 

Франция павильонының бұрынғы 

комиссары 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті 



Нұрсұлтан Назарбаевтың бес əлеуметтік баста-

масында елдегі газдандыру жүйелерін дамыту ту-

ралы айтылды. Бұл, менің ойымша, ЭКСПО-2017 

халықаралық көрмесінің заңды жалғасы іспеттес 

жоспар. Естеріңізде болса, Астанадағы ЭКСПО 

көрмесі  аясында  100-ден  аса  мемлекеттің, 

халықаралық  ұйымдар  мен  компаниялардың 

өкілдері «Болашақтың энергиясына» байланыс-

ты  XXI  ғасырдағы  əлемді  мазалаған  негізгі 

энергетикалық мəселелерді талқылап, шешімін 

тапқан алаңға айналған еді. 

Газдандыру бастамасы алдымен елді энергия-

мен қамтамасыз етудің аймақтық тепе-теңдігін 

қалыптастыратындығына көз жеткізіп отырмын. 

Газ құбыры солтүстікке дейін жетіп, əлеуметтік 

жəне экономикалық серпілістерге жол ашады. 

Сондай-ақ табиғи газ қоршаған ортаға залалы 

аз отын болғандықтан, экологияның жақсаруы 

келер ұрпақтың дені сау болуына ықпал етеді. 

Тиісінше, денсаулық сақтау саласының жүгі де 

жеңілдей түседі. 

Ең  бастысы,  халықаралық  инвесторлар-

ды  тартуға  жағдай  туғызатын  бұл  жобаның 

стратегиялық маңызын да жоққа шығаруға бол-

майды. Бір сөзбен айтқанда, Президенттің бес 

бастамасы  елді  өлшеусіз  табысқа  кенелткелі 

отыр. 



жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау