Мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын



жүктеу 269,19 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата17.11.2017
өлшемі269,19 Kb.
#778
  1   2   3   4


№ 18

№ 18

  

(459)

(459)

29 сәуір   2016 жыл

29 сәуір   2016 жыл

Сүйінші

Президент

Құрметті жерлестер! 

Тәуелсіз  Қазақстанды  мекендеп  отырған  барлық  ұлттар  мен 

ұлыстардың ортақ мейрамы 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі 

мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.

Әлемдегі  көптеген  мемлекеттердің  ішінде  біздің  еліміз  өзінің 

бейбіт  саясатымен, көп  жылдан  бері  дәстүрге  айналған ұлтаралық 

татулығымен ерекшеленеді.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар тарих өлшемімен қасқағым 

сәт  болғанымен  осы  азғана  уақыт  ішінде  еліміздің  қол  жеткізген 

табыстары  біздің  көп  ұлтты  халқымыздың  ынтымағының 

жарасқандығын  көрсетеді.  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  көп  ұлтты  және  көп  конфессиялы  мемлекетіміздің 

ішкі және сыртқы саясатын жүргізудегі даналығы мен көрегендігіне 

бүкіл әлем қауымдастығы жоғары баға беріп отыр.

Елбасының  жыл  сайынғы  Жолдауында  ұстанатын  саясатының 

негізгі принціпі тұрақтылық пен ұлтаралық татулық болып табыла-

ды. 

Осы  саясатты  жүзеге  асыру  мақсатында  аудан  тұрғындары  да 



аянбай еңбек етіп, еліміздегі тұрақтылыққа өз үлесін қосуда. Себебі 

тұрақтылыққа,  татулық  пен  келісімге  негізделген  мемлекеттің 

болашағы зор, жоспары айқын болады.

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 21 сессиясында  Елбасы 

«Дамудың  сыры – бірлікте,  Табыстың  сыры – тірлікте»  екенін 

баршаңыз  білесіздер.  Мұратқа  жолын  тапқан  жетеді.  Еңбегіміздің 

жанбағы  біздің  ортақ  үйімізді  бейбітшіліктің  бесігі  етіп,  барды 

бағалай  білуімізге  байланысты.  Қазақты  қасиетті  қара  шаңыраққа 

баласақ  еліміздегі  барша  этностар – сол  шаңыраққа  шаншылған 

уықтар» деген салиқалы ой айтты.

Ортақ ордамыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік 

ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат. Сонда ғана «Қазақстан-2050» 

стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің 

отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол – жері 

гүлденген,  елі  түрленген,  дамуы  жедел,  ұрпағы  кемел  Мәңгілік 

Қазақстан!  

Баршаңызды  айтулы  мерекемен  құттықтай  отырып,  Сіздерге 

мықты  денсаулық,  бейбіт  өмір,  әр  шаңыраққа  береке-бірлік  пен 

мол  табыс  тілеймін.  Ортақ  Отанымыз – Қазақстан  Республикасы 

гүлденіп, халықтар достығы мәңгі жасай берсін!



Аудан əкімі Қ. Испергеновтың

1-Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне 

арналған құттықтауы

Сіздерді  татулық  пен  келісімнің  нұрына  малынған 1-мамыр 

–  Қазақстан  халықтарының  бірлігі  мерекесімен  шын  жүректен 

құттықтаймын. 

Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негізі 

бар.  Еліміздің  өркендеуімен  бірге  аудан  экономикасы  да  ілгерілеу 

үстінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан 

да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сенімдімін. 

Бір  шаңырақ  астындағы  халқымыздың  ынтымақтастығы  мен 

өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, ауданымыздағы ұлтаралық татулық 

әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін! 

Атаулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға 

зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін. 

Ш. ҚҰСАЙЫНОВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы.

Құрметті бұландылықтар! 

Осы  бір  өлең  жолдарымен  елге  таны-

мал  болған  Абай  Бегей  бұландылықтар 

алдында 


өнер 

көрсетіп, 

көпшіліктің 

ілтипатына  бөленді.  Сахна  төрінде  өзінің  

қарапайымдылығымен көрерменнің шынайы 

қошемітіне    бөленген  Абай  Бегей  өзінің 

Макинск қаласына  сапары  былтыр жоспар-

ланып,  отбасында  болған  қайғылы  оқиғаға 

байланысты  кейінге  шегерілгенін,  сәті  түсіп 

биыл  Ақмола облысының бірқатар ауданда-

рына  жол  түскенін  ән  арасында  айтып  өтті. 

Әншінің жеке өмірінің қыр сырын көпшілігіміз 

біле  бермейміз.  Ол 19 жасында 17 жасар 

Нұржанатқа  үйленгенін,  былтыр  сүйген 

жарының қайғылы қазаға ұшырағанын  айтып, 

жарына  арнаған  әнді  орындады.  Шыным-

ды  айтсам, бұл  ән сағыныш пен мұңға толы 

қам  көңілмен жаралы жүректің зары сияқты 

көрінді  маған.  Әншінің  көрерменге  жақын 

тұруы,  бойында  жұлдыздардың  кейбіріне 

тән тәкаппарлықтың болмауы,  әншінің өнер 

сүйер қауымның сүйіктісі болып қала береріне 

шүбә  келтірмейді.  Тағы  бір  байқағанымыз

залдағы  көрерменнің  көпшілігі  жастар  мен 

орта жастағылар болуы және олардың басы-

мы  қолдарындағы  телефонмен  сельфи 

жасап, видеоға түсіруі, жастар арасында жаңа 

үрдістің қалыптаса бастағанын көрсетеді. 

  Жұлдыздардың  аудан  сахнасына  жиі 

көрінуі  оларға  еліктеп,  ел  ішінен  жас  

жұлдыздарымыздың шығуына септігін тигізер 

деген ойдамыз.



Т. БАЛАБИ, автордың фотосуреті.

«Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын»

Сағымдар билеген сары далада көш керген, жатырқамай жаттың 

бәрін дос көрген халықпыз. Пейілі пәк, көңілі кең, құшағы ашық, 

мінесе мін табылмас елміз. Сондықтан болар тілі басқа, тілегі бір 

136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақ астында тату тәтті ғұмыр 

кешуде.  Осы  орайда  Елбасымыздың 1-мамырды  «Қазақстан 

халқының бірлігі күні»,- деп жариялауында үлкен мән жатыр. Бұл 

айтулы  күн  Қазақстан  Республикасының  президенті  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаевтың 1995 жылғы 18 қазандағы  жарлығы 

бойынша белгіленген еді. 1996 жылдан бастап жыл сайын дәстүрлі 

түрде аталып өтер мерекеге айналған. Ұлттар тұтастығы, халқытар 

достығының арқасында еліміз тыныш, еңсеміз биік.

Біздің аудан да, өзге ұлт өкілдерінің көптеп шоғырланған жері. 

Оны  «сырт  көз  сыншы»,-демекші  ауданымызға  келген  қонақтар 

тілге  тиек  етіп  жатады.  Иә,  айтса  айтқандай-ақ  аудан  өңірінде 

біршама ұлт өкілдерінің ынтымағы жарасып отыр. Басында айтып 

өткендей  елімізде 136 ұлт  пен  ұлыс  өкілдері  тұрса,  ауданымыз-

да 26-дай  ұлт  өкілдері  бар  екен.  Отыз  мыңнан  астам  халқы  бар 

ауданға  бұл  әрине  аз  көрсеткіш  емес.  Десе  де  бір  біріне  деген 

құрмет пен сыйластықтың үстемдік етуі көңілге қуаныш ұялатады. 

Басқа  елдердегі  дүрбелеңді,  ұлттар  арасындағы  алауыздықты 

көргенде бұл күнге тәуба дейсің. 



Ж. ЗАНДЫБАЙҰЛЫ.

Бір шаңырақ астындағы баянды ғұмыр

Қазақстан  Республикасының  президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге таны-

тамыз,  қазақ  халқын  танытамыз.  Абай  әрқашан  біздің  ұлттық 

ұранымыз  болуы  тиіс»,-  деген  болатын.  Мемлекеттік  тілдің 

қолданыс  аясын  кеңейту,  Абай  шығармашылығын  насихаттау 

арқылы  қазақ  мәдениетіне,  тілі  мен  әдебиетіне  деген  өзге  ұлт 

жастарының  ықыласын  арттыру  мақсатында  үстіміздегі  жылдың 

22-  сәуірінде  облыстық  «Абай  оқулары»  байқауы  өткізілді. 

Байқауға қатысушы үміткерлер Абай шығармаларын (білім, ғылым 

және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын неме-

се  қара  сөзін)  мәнерлеп  оқып,  Абай  әндерін  орындап, «Абай 

жолы»  романынан  үзінділерді  жатқа  оқудан  жарысты.  Осы 

үміткерлердің  ішінде  біздің  Бұланды  ауданы  Макинск  қаласы 

мектеп-гимназиясының 9 «В»  сынып  оқушысы  Ахметбек  Айжан 

«Өлең-сөздің  патшасы  сөз  сарасы»  аталымы  бойынша  өзінің 

бағын сынады. Ол, аудандық сайыстан жүлделі орынға ие болып, 

облысқа  жолдама  алған  еді.  Абайдың 150 өлеңін, 2 поэмасын, 

он шақты қара сөздерін мүдірмей жаттап алған Айжан әр аудан-

нан іріктелген небір дарынды оқушылар арасынан біздің ауданға 

жүлделі І орынды жұлып алып келуі бізді, мектеп ұжымын, ауда-

нымызды үлкен қуанышқа бөледі. Мойнына медаль тағып оралған 

Айжанның  марапаттау  кезінде  қуаныштан  ішкі  толғанысын 

айтып  жеткізу  мүмкін  емес.  Грамотаны  қолына  алғанда  көзіне 

жас  келгенін  де  жасыра  алмады.  Бұл  Айжанның  соңғы  жетістігі 

емес  екенін  айта  кетейін,  өйткені  үстіміздегі  жылы  қыркүйек 

айында  Семей  қаласында  өткізілетін  республикалық  сайыста 

облысымыздың  атынан  өз  бағын  сынамақшы.  Сол  байқауда  да 

айы оңынан туып, қанжығасы майланып, жүлдемен келеді деген 

сенімдеміз.  Айжанды  және  ұстазы  Тұржан  Мәриям  Батырқызын 

осы  жетістіктерімен  құттықтай  отырып,  ауданымыздың  атын 

асқақтата беріңіздер демекпіз. 

А. ҚЫДЫРАЛИНА,

мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Аудан абыройын 

асқақтатқан

талантты жас

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару 

және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 

10-бабына  сәйкес 2016 жылғы 5 мамырда  сағат 11-де  Бұланды 

аудандық  мәслихатының  алтыншы  шақырылған  кезекті  үшінші 

сессиясы шақырылады.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар:

1.  Аудандық бюджеттің 2015 жылда орындалуы туралы.

2.  Өзіне  жүктелген  функциялар  мен  міндеттердің  орындалуы 

туралы Ерголка ауылдық округі әкімінің есебі және тағы да басқа 

сұрақтар.

Ш. ҚҰСАЙЫНОВ,

Бұланды аудандық мәслихатының хатшысы.

АУДАНДЫҚ МƏСЛИХАТТЫҢ

ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АУДАН 

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Кездесу  барысында  Қазақстан-Испания  ынтымақтастығының 

негізгі  бағыттары  талқыланды,  сондай-ақ  екі  елдің  бірлескен 

жұмысының перспективалы салалары қарастырылды.

Нұрсұлтан  Назарбаев  екі  мемлекеттің  өзара  іс-қимылын 

нығайтуға  оң  ықпал  етіп  отырған  Қазақстан  мен  Испанияның 

стратегиялық серіктестігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы теміржол машиналарын жасау, мұнай-газ, 

коммуникация  және  құрылыс  салаларында  бірқатар  бірлескен 

жобалар бар екенін, олар ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге 

елеулі негіз болып отырғанын атап өтті.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫНАН.

Мемлекет басшысы 

Испания Корольдігінің 

Сыртқы істер министрі 

Хосе Мануэль 

Гарсия-Маргальоны 

қабылдады



жүктеу 269,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау