О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет56/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69

208
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
міндет жүктеу 
– возложить обязанность
өкілеттік жүктеу 
– возложить полномочия
комиссия құрылсын 
– создать комиссию
жұмысқа қабылдансын 
– принять на работу
белгіленген тәртіпте 
– в установленном порядке
жұмысқа қабылдау туралы 
– о приеме на работу
кезекті демалыс туралы 
– об очередном отпуске
кезектен тыс демалыс туралы 
– о внеочередном отпуске
ақшалай сыйлық беру туралы 
– о денежном вознаграждении
ескерту жариялау туралы 
– об объявлении замечания
материалдық көмек беру туралы   – о материальной помощи
күшіне енеді  
– вступает в действие
қалпына келтірілсін 
– восстановить
жарамсыз деп танылсын 
– считать недействительным
жауапкершілік жүктелсін  
– возложить ответственность
жәрдем көрсетілсін 
– оказывать помощь
бұйрықпен танысу 
– ознакомиться с приказом
марапаттауға ұсынылсын 
– представить к награждению
іссапарға жіберілсін 
– командировать
тексеру актісі негізінде 
– на основании Акта проверки
кадрлармен жұмыс кезіндегі  
– за упущения в работе с кадрами
салғырттығы үшін  
қызметтік этика Ережесін  
– за допущенные нарушения
бұзғаны үшін 
   Правил служебной этики


209
Орынғазы Әбутәліп
 
25-cабақ 
АНЫҚТАМА

 Анықтамасы:
Анықтама  –  мазмұны  белгілі  бір  фактіні  немесе  оқиғаны 
дәлелдейтін, растайтын ісқағазының бір түрі. 
Анықтаманың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күшке ие. Себебі 
біздің  жеке  басымызды  куәландыратын  құжатымызды  жоғалтып  алған 
жағдайда,  оның  орнын  уақытша  анықтама  ауыстыра  алады.  Сондай-
ақ,  перзентханаларда  сәбидің  өмірге  жаңа  келгендігін  растау  үшін  де 
анықтамалар беріледі. 
Анықтаманың түрлері:
1. Жеке адамға қатысты анықтама.
2. Қызметтік анықтама.
1. Жеке адамға қатысты анықтама
Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты 
растау  үшін  беріледі.  Мысалы:  тегі,  аты-жөні,  туған  күні,  туған  жері, 
еңбек өтілі, атқаратын қызметі, мамандығы, білімі туралы мәлімет, т.б.
Анықтамада берілген мәлімет әр кез мұқият тексерілуі қажет. 
Мәліметтің  дәлдігін  тексерумен  кадр  бөлімінің  қызметкері  немесе 
ұйым жетекшісі, өкілдік берген хатшы айналысады. 
Анықтама  беру  журналындағы  рет  санының  өсу  тәртібіне  орай,  әр 
анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. 
Мысалы, “422/2”.
Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды. Кейбір 
ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатын болса, ол жеке іс бумасына 
немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі. 
Анықтама А5 форматты параққа дайындалады. Кейбір көлемі үлкен 
анықтамалар үшін А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады. 
Мекеме  жетекшісі  өз  билігі  мен  өкілеттілігінің  шеңберінде  ғана 
анықтама беруге және оны растап қол қоюға құқы бар. 
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады.
Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері 
тексереді.  Мысалы,  еңбекақы  туралы  мәліметті  бухгалтерия  бөлімінің 
қызметкері,  белгілі  бір  мекемеде  жұмыс  істейтіндігі  туралы  мәліметті 
кадр бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды. 
Кез  келген  анықтаманың  тіркелген  нөмірі,  жауапты  адамның  қолы, 
мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар.


210
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
6
 Құрылымы:
1. Құжат атауы.
2. Берілген күні, айы, жылы, нөмірі, орны.
3. Негізгі мәтіні.
4. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгендігі туралы мәлімет.
5. Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет.
6.  Анықтама  мәтінінде  жазылған  мәліметтің  растығына  жауапты 
ұйым жетекшісінің лауазымы, аты-жөні, қолы.
7. Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі.
1. Құжат атауы. Құжат атауы үлкен әріптермен парақтың ортасына 
жазылады. Мысалы:
АНЫҚТАМА
 2. Берілген күні, айы, жылы, нөмірі, қала атауы. Мысалы,
10 қаңтар, 2010 жыл  
№115    
Алматы қаласы
  3.  Негізгі  мәтіні.  Негізгі  мәтіні  анықтаманың  берілу  мақсатына 
қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы, 
Осы  анықтама  Бияров  Бердібекке  оның  Абай  атындағы  Қазақ 
ұлттық  педагогикалық  университеті  Қазақ  филологиясы  факультеті 
күндізгі бөлімінің 3 курсында оқитынын растайды”.
4. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгені туралы мәлімет. 
Бұл  мәлімет  негізгі  мәтіннен  төмен,  азат  жолдан  басталып  жазылады. 
Мысалы: 
Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық әскери комиссариатқа 
көрсету үшін берілді”. 
5.  Анықтаманың  жарамдылық  мерзімі  туралы  мәлімет.  Бұл 
мәлімет  те  жаңа  жолдан  жазылады  және  берілген  анықтаманың  қай 
мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы: 
Анықтама 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды”.
Немесе:
“Анықтама берілген күннен бастап 6 айға дейін жарамды”.
(Кейбір  өзгермейтін  фактілер  жазылатын  немесе  болған  оқиғаның 
күні  көрсетілетін  анықтамалардың  жарамдылық  мерзімін  көрсету 
міндетті  емес.  Мысалы,  полицияда  болғандығы  туралы  немесе  белгілі 
бір құжатты, затты өткізгендігі туралы).


211
Орынғазы Әбутәліп
6.  Анықтама  беруші  адамның  қолы.  Бұл  мәлімет  анықтаманың 
жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей орын қалдырылып 
барып жазылады. Анықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы 
қойылады және аты-жөні жазылады. Мысалы,
Қазақ филологиясы
факультетінің деканы _______________ Т. Сағымбеков 
 (қолы) 
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады. 
Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланк- 
те дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.
2. Қызметтік анықтама
Қызметтік  анықтамалар  бекітілген  комиссия  мүшелері  жүргізген 
қандай да бір тексерудің жиынтық нәтижесінен тұрады: 

Белгілі бір мекемедегі материалдардың болуы туралы анықтама. 

ЖОО ішкі бақылау комиссиясының анықтамасы.

Белгілі  бір  мекемелердегі,  ұйымдардағы  немесе  олардың 
бөлімшелеріндегі  жұмыс  түрлерін  тексеріп  қорытындылау,  бағалау 
мақсатында да жазылған анықтама т.б. 
Осындай анықтамалар арқылы белгілі бір өкілдігі бар адамдар тобы 
тексерілген істер бойынша (мысалы, оқу орнының оқу-тәрбие жұмысын 
тексеру,  өндіріс  орындарының  міндеттемелерін  орындау  жөніндегі 
іс-шараларын  тексеру  т.б.)  өз  пікірлері  мен  қорытындысын  жоғарғы 
ұйымға, басшыларға жеткізеді.
Анықтамада  тексерудің  мақсатына  қарай  барлық  фактілер  мен 
оқиғалар рет-ретімен жүйелі түрде жазылуға тиіс.
Жеке  адамға  қатысты  анықтама  мен  қызметтік  анықтамалардың 
айырмашылықтары: 

қызметтік анықтамада адресат деректемесі рәсімделеді, 

жеке анықтамада адресат рәсімделмейді.


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау