5
Орынғазы Әбутәліп
1-cабақ
ІСҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН СИПАТТАРЫ
Ісқағаздарының қызметтері:
- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты
реттеуші;
- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты
реттеуші;
- әртүрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын
реттеуші;
- мекеме, ұйым
жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;
- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды
айғақтаушы;
- мемлекеттік басқару ісін
жүйелеуші;
- тарихи құбылыстарды зерттеудің
қайнар көзі;
- мекеме мен
ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты
көрсеткіші.
Ісқағаздарының сипаттары:
-
саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
-
әлеуметтік (қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
-
ұйымдастырушылық (басқару қызметі жүйесінде);
-
құқықтық (заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
-
тарихи (әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай
қатынастарда);
-
ресмилік (міндетті түрде заңды тұрғыда тіркелуінде).
Құжаттау үдерісінің элементтері:
1. құжаттарды дайындау;
2. құжаттарды жолдау, тіркеу;
3. сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;
4. құжаттарды
қолдануға дайындау;
5. құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;
6. құжаттарды мұрағат қорына дайындау.
Ісқағаздарын зерттейтін ғылым салалары
тіл білімі
педагогика
тарих
саясаттану
мұрағат ісі
6
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
2-cабақ
ҚАЗАҚ РЕСМИ ІСҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ТАРИХЫ
І. Хан жарлықтары
ІІ. Кеңес үкіметі құрылған кезең
ІІІ. ҚР Тәуелсіздік алған кезең
І. Хан жарлықтарына хандар мен би, болыстардың жазған хаттары
жатады.
Олар:
1. «Жеті жарғы».
2. 1856 ж. Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүз-
басы Қазанғапов бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналы-
суға рұқсат ету туралы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа
өтініші.
3. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың қол астындағы адамдармен бірге
Ресей бодандығына алуды сұрап, Анна Иоанновнаға жазған хаты
(ХVIII ғ.).
4. 1716 жылғы 13 қыркүйек. Қайып хан елшілерінің қазақтардың
Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі (ХVIII ғ.).
5. 1718 жылғы 10 желтоқсан. Қайып ханның жоңғарларға қарсы
бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап, император
І Петрге жазған хаты (ХVIII ғ.).
«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
Ғалымдардың айтуынша, бұл құжат Тәуке ханның тұсында 1684-1685
жылдары құрастырылған.
«Жеті жарғы» – Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды данагөй билердің
қатысуымен жазылған көшпелі қазақтардың ел билеу заңы.
Бұл заңдық құжатта жер дауы, жесір дауы, бала тәрбиесі және неке,
қылмыстық жауапкершілік арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз
ету сияқты үлкен мәселелер қаралады.
«Жеті жарғы» кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, денеге зақым
келтіру, зорлау, әйелді алып қашу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту
сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. Қылмыстық жауапқа тарту
13 жасқа толған кезден басталған.
Қазақтың қылмыстық құқығы мақау, есі дұрыс емес адамдарды
жауапқа тартпаған.
Қазақ халқы «Жеті жарғыны» ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып
келді.
7
Орынғазы Әбутәліп
«Жеті жарғы»
Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы:
– қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу
(ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);
– ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі,
жазаны ердің құнын төлеу
арқылы жеңілдетуге болады;
– денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ – 100
қой, шынашақ – 20 қой);
– төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;
– егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары
кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат
әйел жасаса, жазадан босатылады);
– егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;
– ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал ана-
сы
баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
– өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;
– егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес
айлық бала үшін – бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға – әр айына 1
түйеден (анықтама үшін 10 түйе – 300 атқа немесе 1000 қойға тең);
– әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі.
Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төленуге
тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан боса-
тылады;
– егер ері әйелін көзіне шөп салуда ұстаса, өлтіруге құқылы, бірақ
қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс, әйелін көзіне шөп салды деп
күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз
деп табылып, жазадан босатылады;
– біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлім-
ге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімі-
мен әкетсе күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге
тиіс;
– әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса
арсыздығы үшін
айып салынады;
– қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар
белгілеген жазаға бұйырылады;
– құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
– кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;
– құл өмірі құнсыз, ол – қожайынның билігінде;
– ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара
сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады,
ал
қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;
– ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;