О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет58/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69

216
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ç
 Тапсырмалар:
1. Халықаралық Бизнес Академиясы Қаржы-экономика факультетінің 
1  курсында  оқитын  Қойшыбеков  Бөгенбай  Нәбиұлына  Ұлттық  
кітапханаға  тіркелу  үшін  оқитын  жерінен  алған  анықтама  үлгісін 
жасаңыз.
2. Ақшабаев Серіктің Өскемен қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 18 
үй, 47 пәтерде тұратынын растап анықтама жазыңыз.
3. Әскери комиссариатқа өткізу үшін Халықаралық Бизнес Академия- 
сы,  Қаржы-экономика  факультетінің  1  курс  студенті  Омаров  Олжасқа 
анықтама жазыңыз.
h
 Сөздік және сөз тіркестері:
анықтама 
 – справка
анықтама алу  
– взять (брать) справку
анықтама беру  
– дать (давать) справку
анықтама сұрау  
– просить (спросить) справку
осы анықтама 
– настоящая справка
жұмыс орнынан анықтама  
– справка с места работы
анықтама бюросы  
– справочное бюро
растау үшін берілді 
– дана для подтверждения
растайды, дәлелдейді 
– подтверждает
қорытындылау  
– сделать вывод
берілді 
– выдана
болып табылады 
является
берілген күннен бастап 
– со дня выдачи
көрсету үшін 
– для предъявления
... айлық жалақымен 
– с окладом 
... болып жұмыс істейтіндігін 
– в том, что он (она) работает
... мекенжайы бойынша 
– по адресу
талап етілген орынға 
– по месту требования
тіркелгенін растайды 
– подтверждает регистрацию
ұлттық кітапханаға 
– в национальную библиотеку
үш айға дейін жарамды 
– действителен до 3-х месяцев


217
Орынғазы Әбутәліп
 26-cабақ 
ХАТТАМА

 Анықтамасы:
Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және ал- 
қалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау, шешім шы- 
ғару мен қаулы қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. 
Мекеме  жұмысының  бағыты  мен  тыңдалған,  қаралған  мәселенің 
ерекшелігіне  қарай  жазылатын  хаттамалар  көп.  Мысалы,  мәжіліс  хат-
тамасы, кеңес хаттамасы, тексеру хаттамасы, жауап алу хаттамасы т.б. 
Бұлардың  әрқайсысының  мазмұндық  тұрғыдан  алғанда  ерекшелігі 
болғанымен,  барлығының  жазылуы  мен  рәсімделуінде  көп  өзгешелік 
жоқ. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен рәсімделуіне ұйым хатшысы жа-
уапты  болады.  Хаттама  қысқаша  да,  толық  түрде  де  жазылады.  Толық 
жазылған хаттама алқалық ұйымның отырысы барысымен, қабылданған 
шешіммен жан-жақты танысуға мүмкіндік береді.
Хаттаманы  хатшы  отырыс  кезінде  жүргізеді.  Жиналысқа 
қатысушылардың  сөздерін  конспекті  етіп  жазып  отырады.  Кейбір 
жағдайларда стенография жасайды немесе диктофонға жазып алады. 
Хаттаманың күні (отырыс, мәжіліс) жиналыс өткен күн болып табы-
лады, ал хаттаманың нөмірі алқалық орган отырысының реттік нөмірі 
болады (реттік нөмір жыл басынан басталады). 
Хаттаманың тақырыбы (отырыс, мәжіліс) қандай жиналыс екендігі 
көрсетіліп  жазылады.  Мысалы,  «комиссия  отырысы»,  «бухгалтерия 
қызметкерлерінің  жиналысы»,  «кафедраның  мәжілісі».  Хаттаманың 
тақырыптық бөлігін отырысқа дейін рәсімдеуге болады. 
Хаттаманың түрлері:
1. Қысқа хаттама. 
2. Толық хаттама.
1.  Қысқа  хаттамалар  жиналыс  барысында  жазылады.  Бірақ  қысқа 
хаттамада  сөйлеген  сөздердің,  тыңдалған  мәселелердің  толық  мәтіні 
келтірілмейді. Тек қана қосымша ретінде (мысалы, тыңдалған жылдық 
есеп, баяндама т.б.) тіркеледі. 
Қысқаша  хаттама  талқылау  кезінде  айтылған  ескертпелер  мен 
пікірлердің сипаты туралы түсінік алуға мүмкіндік бермейді. Хаттаманың 
бұл  түрі  жедел  мәжіліс  өткізгенде  не  сөйлеген  сөздердің  мәтіндері 
хаттамаға қоса берілгенде немесе стенограмма бар болғанда жасалады. 
2.  Толық  хаттамаларда  сөйлеген  сөздердің  мәтіні  толық 
көрсетіледі. 


218
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл 
жағдайда  құжаттың  заңдылық  жарамдылығын  қамтамасыз  ету  қажет. 
Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың 
дұрыс  толтырылуымен  және  хаттамадағы  мәліметтердің  шындыққа 
сәйкестігімен  анықталады.  Мысалы,  жиналысқа  қатысушылардың 
санының  көрсетілуі  маңызды,  ол  қабылданған  қаулының  неме-
се  шығарылған  шешімнің  жеткілікті  дауыспен  қамтамасыз  етілгенін 
көрсетеді.
Мәжіліс,  отырыс  барысында  қаралған  мәселелер  бойынша  көп 
жағдайда  қаулы  қабылданады,  я  болмаса  шешім  шығарылады.  Ал 
қабылданған  қаулы  мен  шығарылған  шешімнің  жүзеге  асырылуы 
міндетті, сондықтан хаттама мазмұн-мақсатына қарай өкілетті құжат бо-
лып табылады.
Жиналыстың барысында хаттаманың бірінші нұсқасы жазылады. Хат-
тама нақтыланады, тексеріледі, редакцияланады және 5 күндік мерзімде 
толық рәсімделеді. 
Толық дайындалған хаттамаға төраға және хатшы қол қояды. 
Хаттамалар  –  мекеменің  маңызды  құжаттарының  бірі.  Сондықтан 
хаттамалар  мекемеде  10  жыл  көлемінде  сақталады.  Он  жылдан  кейін 
сақтауға мұрағатқа жіберіледі. 
Хаттаманың мәтіні 2 бөліктен тұрады: 

Кіріспе бөлік. 

Негізгі бөлік. 
6
 Құрылымы:
Кіріспе бөлік:
1. Мекеменің, (ұйымның, кәсіпорынның) атауы.
2. Құрылымдық бөлімшенің атауы.
3. Құжаттың тақырыбы.
4. Құжат нөмірі мен құжат атауы.
5.  Отырыстың  (мәжілістің,  жиналыстың)  өткізілген  орны  мен  күні, 
айы, жылы.
6. Мәжіліс төрағасы мен хатшы туралы мәлімет.
7. Қатысқандар мен қатыспағандар туралы мәлімет.
8. Күн тәртібі.
Негізгі бөлік:
9. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет.
10. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет.
11. Дауысқа салу.
12. Қабылданған қаулы / (шығарылған шешім) туралы мәлімет.
13. Төрағаның және хатшының қолдары.


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау