200
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
2-үлгі
Халықаралық
Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
«08» қаңтар 2011 ж.
Алматы қаласы
Логистика мамандығының 3 курс студенті Е.С. Асқаровты
академиялық үзілістен кейін қайта қабылдау туралы
№280/с БҰЙРЫҚ
Студенттің өтініші негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
1. Логистика мамандығы бойынша ақылы негізде оқитын Асқаров
Елдос Сапарұлы академиялық үзілістен кейін 3 курсқа қабылдансын.
2. 2010-2011 оқу жылының көктемгі семестрінен (17.01.2011) бастап
сабаққа кірісуге рұқсат етілсін.
3. Аталған бұйрықтың орындалуын қадағалау Оқу ісі жөніндегі
проректор А.А. Қарабаеваға жүктелсін.
Ректор Т. Балықбаев
201
Орынғазы Әбутәліп
,
3-үлгі
Халықаралық
Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
«25» қаңтар 2013 ж.
Алматы қаласы
«Аймақтану» мамандығының 2 курс студенті Д.А. Омарованы
«Маркетинг» мамандығына ауыстыру туралы
№282/с БҰЙРЫҚ
Студенттің өтініші негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аймақтану» мамандығы бойынша (қазақ бөлімінде) оқитын 2
курс студенті Омарова Дина Алтайқызы «Маркетинг» мамандығына
2012-2013 оқу жылынан бастап ауыстырылсын.
2. ХБА-мен Д.А. Омарованың арасында білім беру қызметін көрсету
бойынша келісімшартқа сәйкес өзгертулер енгізілсін.
3. Аталған бұйрықтың орындалуын қадағалау Оқу ісі жөніндегі
проректор Ж.С. Қапалбековке жүктелсін.
Ректор Т. Балықбаев
202
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
4-үлгі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2 сәуір 1999 жыл Астана қаласы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы» Заңының іске асырылуын бақылауды күшейту туралы
№115 БҰЙРЫҚ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
тілдер туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
туралы» 1998 жылғы 14 тамыздағы №769, «Тілдер туралы Заңды
сақтауды бақылау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» 1999 жылғы
8 қаңтардағы №19 Қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің 1999 жылғы 24 ақпандағы №01-8/49 нұсқауын іске асыруды
қамтамасыз ету мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Ведомстволық мекемелер басшылары ішкі мүмкіндіктері есебінен
Мемлекеттік тілде ісжүргізуші мамандар мен аудармашылар қызметін
ескерсін.
2. Жоғары оқу орындарының ректорлары 1999-2000 оқу жылының
оқу бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу»
мамандықтарының арнайы курсын енгізсін.
3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау және ақпараттық
инфрақұрылым департаменті Қазақстан Республикасы Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Ғылым және жоғары білім
министрлігінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі
ақпарат жиынтығын әр тоқсан сайын ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Министр _______________________ В.Школьник
(қолы)
Ескерту!
Бұйрық журналға тіркеліп, оған нөмір қойылады және кеңседе
сақталады.
203
Орынғазы Әбутәліп
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Бұйрық қандай құжат?
2. Бұйрыққа кім қол қояды?
3. Бұйрықтың қандай түрлері бар?
4. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге
бағытталады?
5. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қандай жағдайларға байланысты
шығарылады?
6. Бұйрықтың екінші бөлігі қалай аталады?
Тілдік бірліктер:
• Өз өтініші бойынша
• Басқа жұмысқа ауысуына байланысты
• Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты
• Зейнеткерлікке шығуына байланысты
• Жасалған және еңбек келісімшартына сәйкес
• 70 жылдық мерейтойына байланысты
• Отбасы жағдайына байланысты
• Бала күтіміне байланысты
• Қабылдансын
• Жүктелсін
• Тағайындалсын
• Дайындасын
• Рәсімделсін
• Босатылсын
• Ұйымдастырылсын
• Баяндасын
• Енгізілсін
• Толықтырылсын
• Анықталсын
• Рұқсат етілсін
• Жүзеге асырылсын
• Тыйым салынсын
• Өзгеріс енгізілсін
• Қамтамасыз етілсін
• Шешім қабылдансын
• Іске қосылсын
• Жарамсыз деп табылсын
Достарыңызбен бөлісу: |