О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет59/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69

219
Орынғазы Әбутәліп
Бұлардың әрқайсысын төмендегідей үлгіде толтыруға болады.
1. Мекеменің, (ұйымның, кәсіпорынның) атауы. Мекеменің атауы 
және өткізіліп отырған шара түрі ісқағазының ортасына жазылады. Мы-
салы,
Халықаралық Бизнес Академиясы,
Қаржы-экономика факультеті, 
Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
2. Құжат нөмірі мен құжат атауы. Жаңа жолдың ортасына үлкен, 
қоюлатылған әріптермен құжат нөмірі мен атауы жазылады. Мысалы,
№7 ХАТТАМАСЫ
Хаттамалар  күнтізбелік  жыл  бойынша  нөмірленіп  отырады.  Келесі 
жылы  қайтадан  1-ден  бастап  нөмірленеді.  Оқу  орындарының  хаттама-
лары күнтізбелік жылдан бастап емес, әр оқу жылының басынан бастап 
нөмірленеді.
3.  Жиналыстың  (мәжілістің,  отырыстың)  өткізілген  орны  мен 
күні.  Жиналыстың  өткізілген  орнына  кәсіпорын  я  мекеме  орналасқан 
елді мекеннің атауы мен жиналыстың өткізілген күні жазылады. Мыса-
лы,
    Алматы қаласы 
                  2011 жыл, 11 қаңтар
Хаттамаға оның жазылған немесе рәсімделген күні, я болмаса төраға 
мен  хатшының  қол  қойған  күні  емес,  міндетті  түрде  жиналыстың 
өткізілген күні жазылады. Егер жиналыс бірнеше күнге созылатын бол-
са, онда басталған күні мен соңғы күні көрсетіледі. Мысалы,
2011 жыл, 11-14 қаңтар 
4.  Жиналыс  төрағасы  мен  хатшы  туралы  мәлімет.  Жиналысқа 
төрағалық  етуші  лауазымды  тұлғаның  қызметі,  аты-жөні  жазылады. 
Келесі жолға хатшы туралы мәлімет жазылады. Мысалы:
ТӨРАҒА: Гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, фи-
лософия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышева.
ХАТШЫ:  Гуманитарлық  пәндер  кафедрасының  ассистенті  
Ә.С. Қалығұлова.
5. Қатысқандар мен қатыспағандар туралы мәлімет. Жиналысқа 
қатысушылардың аты-жөні, лауазымы жазылады. «ҚАТЫСҚАНДАР:» 


220
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
деген сөз азат жолдан үлкен әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. 
Содан  кейін  азат  жолдан  бастап  қатысқандардың  лауазымы,  аты-жөні 
тізбелеп жазылады. Мысалы,
ҚАТЫСҚАНДАР:
1. Ж.Т. Дәулетбекова – п.ғ.д., профессор.
2. А.Б. Тұманова – ф.ғ.д., профессор.
3. М.Ж. Әбдіров – т.ғ.д., профессор.
4. Ж.Б. Әбілғожин – т.ғ.д., профессор.
5. Р.С. Рахметова – п.ғ.д., профессор.
6. З.К. Аюпова – профессор.
7. Серік Қожа-Ахметұлы Мырзалы – профессор.
8. Ғ.А. Жайлин – з.ғ.к, доцент, профессор
9. Ғ.О. Тажина – б.ғ.к., доцент
10. Ә.З. Камалиденова – философ.ғ.к., доцент
11. Н.Ә. Әміреев – п.ғ.м., аға оқытушы.
12. Г.К. Өтебаева – п.ғ.м., аға оқытушы.
13. Б.Р. Бекенова – аға оқытушы.
Мәжіліске қатысушылардың ішінде басқа ұйымнан келіп отырғандар 
болса, олардың аты-жөні, лауазымымен қоса ұйымның ресми атауы да 
жазылады. Мысалы,
А.Байтұрсынов  атындағы  Тіл  білімі  институтының  ғылыми 
қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Г.Көбденова.
Мәжіліске қатысушылардың саны көп болған жағдайда оларға жеке 
тізім  жасалып,  ол  хаттамаға  қосымша  ретінде  беріледі.  Тізімдегі  аты-
жөндер әліпби тәртібімен немесе лауазым, дәрежесіне қарай иерархиялық 
тәртіппен жазылады. Қатысқандар тармақшасында олардың жалпы саны 
ғана көрсетіледі. Мысалы,
ҚАТЫСҚАНДАР: Жалпы саны – 14.
Немесе:
ҚАТЫСҚАНДАР:
Дәлелді себептермен келмегендері – 1. 
Дәлелсіз себеппен келмегендері – жоқ. 
Қатысқандардың жалпы саны – 14.
«Қатыспағандар»  туралы  жазғанда  мәжіліске  олардың  қаншауы 
дәлелді себептермен келмегені немесе дәлелсіз себептермен келмегендігін 
аты-жөнімен қоса нақты саны көрсетілуі қажет. Мысалы,


221
Орынғазы Әбутәліп
ҚАТЫСПАҒАНДАР:
А.Мүсірәлиева (себепті – іссапарға кетуіне байланысты).
6. Күн тәртібі. Күн тәртібінде сол күнгі мәжілісте қаралатын негізгі 
мәселелер жазылады. Күн тәртібіндегі мәселелер маңыздылығына қарай 
нөмірленіп  беріледі.  «Күн  тәртібі»  деген  сөз  жолдың  ортасына  үлкен, 
қоюлатылған әріптермен жазылады. Мысалы,
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Кафедра оқытушыларының ғылыми жобаға қатысуы туралы.
2. Эдвайзерлік туралы.
3. Ашық сабақтар туралы. 
7. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет. Бұл тармақ азат жолдан 
«Тыңдалды»  деген  сөзбен  басталады.  Бұл  сөз  үлкен,  қоюлатылған 
әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. Егер күн тәртібінде бірнеше 
мәселе  қаралатын  болса,  олар  күн  тәртібіндегі  нөмірлермен  сәйкес 
нөмірленіп көрсетіледі. Мысалы,
1. ТЫҢДАЛДЫ:
2. ТЫҢДАЛДЫ:
3. ТЫҢДАЛДЫ:
Егер күн тәртібінде бір ғана мәселе болса, онда нөмірленбейді. Мы-
салы,
ТЫҢДАЛДЫ:
Әдетте  күн  тәртібінде  қаралатын  негізгі  мәселе  бойынша  баянда-
ма жасалатын болса, баяндама туралы қысқа ғана мәлімет үшінші жақ, 
жекеше  түрде  жазылып,  баяндама  мәтіні  хаттамаға  қосымша  ретінде 
тігіледі. Мысалы,
1.ТЫҢДАЛДЫ:
Жиналыс төрағасы Гуманитарлық тілдер кафедрасының меңгеруші- 
сі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышеваның 
баяндамасы (Баяндама мәтіні қосымша тіркелді).
Сұрақтар туралы мәлімет азат жолдан бастап беріледі. Азат жолдан 
СҰРАҚТАР:  деген  сөз  қоюлатылған,  үлкен  әріптермен  жазылып,  қос 
нүкте  қойылады,  одан  кейін  азат  жолдан  сұрақ  қоюшының  аты-жөні, 
қызметі немесе лауазымы жазылады. Егер бірнеше адам бірнеше сұрақ 


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау