194
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
8-үлгі. Жалпылама хабарландыру
Хабарландыру!
2009 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 15.00-де №230 дәрісханада өтетін
“Қазақ тілі” сабағы 8 қыркүйекке №444 дәрісханаға ауыстырылады.
Кеңсе тіркеуші
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Хабарландыру дегеніміз қандай құжат?
2. Хабарландырумен қалай танысамыз?
3. Хабарландырудың қандай түрлері бар?
4. Хабарландырудың ерекшелігі неде?
Тілдік бірліктер:
• бос орынға байқау жариялайды
• негізгі талаптар
• жұмыс өтілі
• жеке тұлғалардың назарына
• хабарландыру бойынша
• хабарландыру жазу
• байқау өткізетіндігін хабарлау
• байқау жариялау
• құлағдар ету
• жұмыс орны
1-жаттығу: Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
Хабарландыру!
Физика-математика ғылымдарының ..... университеттерге ..... жоғары
оқу орындарына оқуға түсуге ..... физика және математика ..... бойынша
..... көрсетеді: ..... есептерді шешуге, ..... жұмыс істеуге дағдыландырады.
Төлемақысы –..... бойынша. Мына телефон ..... хабарласуыңызға болады:
67-29-36.
Керекті тілдік бірліктер: компьютерде, кандидаты, келісім, нөміріне,
көмек, техникалық, талаптанушыларға, пәндері, күрделі
ç
Тапсырмалар:
1. Бос орындарға байланысты хабарландыруға: газет бетінде
берілетін хабарландырулардан өз мамандығыңа байланысты үлгісін тау-
ып дайындаңыз.
2. Мәжіліс, жиналыстарға байланысты хабарландыруға жағдаят:
Жылдық есепті талқылау, келесі жылға арналған жылдық жоспарды
бекіту жөнінде өткізілетін бөлім мәжілісіне хабарландыру дайындаңыз.
195
Орынғазы Әбутәліп
3. Мәдени шараларға байланысты хабарландыруға жағдаят:
Студенттердің жетім балаларға көмек ретінде «Тәттілер жәрмеңкесі» іс-
шарасының ұйымдастырылатыны туралы хабарландыру дайындаңыз.
4. Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға байланысты
хабарландыруға: бір қаладан екінші қалаға пәтеріңізді ауыстыру туралы
хабарландыру үлгісін дайындаңыз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
хабарландыру
– объявление
хабарландыру бойынша
– по объявлению
хабарландыру жазу
– писать объявление
хабарландыру жапсыру
– приклеить объявление
хабарландыруды ілу
– вешать объявление
хабарландыруды оқу
– читать объявление
газетке хабарландыру беру
– подать объявление в газету
жұмыс орны
– место работы
қабырғадағы хабарландыру
– объявление на стене
кездесу өткізіледі
– проводится встреча
байқау жариялау
– объявлять конкурс
байқау өткізетіндігін хабарлау – объявить о проведении конкурса
байқауға қатысушыларға
қойылатын талаптар
– требования к участникам конкурса
байқаудың негізінде
– на конкурсной основе
мәжіліс болады
– будет заседание
мәжіліс туралы хабарландыру – объявление о заседании
ресми хабарландыру
– официальное объявление
салтанатты жиналыс
туралы хабарландыру
– объявление о торжественном собрании
құлақтандыру
– оповещение, объявление
бос қызмет орны
– вакансия
жылжымайтын мүлік
– недвижимость
құнды заттар
– ценные вещи
үміткер
– кандидат
өтетін орны
– место проведения
жалпылама хабарландыру
– общее объявление
жазбаша хабарлау, ескерту
– уведомление
алқа
– коллегия
196
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
24-cабақ
БҰЙРЫҚ
Анықтамасы:
Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда
тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді
шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті
ісқағаздарының бір түрі.
Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға
жүктеледі. Бұйрық ауызша да, жазбаша да беріледі.
Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:
1-ші топ. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.
2-ші топ. Жеке құрамға байланысты.
1) Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспар-
лау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған
бұйрықтар мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрық деп
аталады.
Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар негізі, әдетте,
“... байланысты”, “...жүзеге асыруда”, “... жақсарту мақсатында”, “...
орындау мақсатында”, “...жетілдіру мақсатында”, “... үшін”, “...сәйкес”
деген сияқты тұжырымдаулармен басталады.
2) Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа
ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке
құрам бойынша бұйрық деп аталады.
Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады.
Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі.
Мысалы:
•
Зейнеткерлікке шығуына байланысты
•
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты
•
Кәсіпорынның жойылуына байланысты
•
Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты
•
Өз өтініші бойынша
•
Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты
•
Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты
•
Ресми сапарға кетуіне байланысты
•
Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты
•
Айрықша жұмыс жағдайлары үшін.
Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы
көрсетілуі тиіс. Содан кейін «№7 БҰЙРЫҚ» деген сөз және не туралы
бұйрық екені жазылады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |