- ТІЛДІК ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ
- Мукашева Роза Айромбаевна
- Презентация тақырыбы: Түйіндеме
Түйіндеме - Бүгінгі нарық заманында мемлекеттік органдарға, фирма, кәсіпорындарға қызметкерлер қабылдау үшін түйіндеме талап етеді. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Сауатты әрі толық жазылған түйіндеме сіз туралы жақсы әсер қалдырады. Бұл өзіңіз қалаған жұмысты тезірек табуға көмектеседі. Түйіндеменің ерекшелігі - үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі...
Түйіндемеде үміткердің: - Түйіндемеде үміткердің:
- - Аты-жөні
- - Туған жылы, күні, айы, туған жері
- - Ұлты
- - Жынысы
- - Мекен-жайы, телефоны
- - Отбасы жағдайы
- - Азаматтығы
- - Білімі
- - Бітірген оқу орындары
- - Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі
- - Тілдік дағдылары
- Компьютерлік сауаттылығы
- Жеке қасиеттері…
... - Жеке қасиеттері. Мысалы: жауапкершілік, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық кабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т. б.
- - Қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т. б.) туралы мәліметтер және косымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертифи-каттар, наградалар, патенттер т. б.) көрсетіледі.
- Кейде мақсаты да көрсетіледі. Онда қызықтыратын жұмыс түрі, қанағаттандыратын еңбекақы көлемі туралы мәлімет беріледі.
- түйіндеме — резюме
- жеке қасиеттер — личные качества
- ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілет - организаторские и лидерские способности
- адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік - коммуникабельность
- алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас - творческий подход к выполнению поставленных задач
Жақсы қызметке орналасу үшін білім мен кәсіби біліктіліктен бөлек алдымен сауатты түрде құрастырылған түйіндеме керек. Дұрыс құрастырылған түйіндеме сізге қалаған қызметке шақырту алуға жол береді. Түйіндеме құрастырудың өз талабы, өз құрылымы бар. Сондықтан оған аса мән беріп, үлкен жауаппен қарау керек. - Түйіндемені қалай жазу керек?
- Жақсы қызметке орналасу үшін білім мен кәсіби біліктіліктен бөлек алдымен сауатты түрде құрастырылған түйіндеме керек. Дұрыс құрастырылған түйіндеме сізге қалаған қызметке шақырту алуға жол береді. Түйіндеме құрастырудың өз талабы, өз құрылымы бар. Сондықтан оған аса мән беріп, үлкен жауаппен қарау керек.
Өзіңізді асыра мақтап, өтірікті шындай, шындықты мөлшерінен тыс айту дұрыс емес. Жалған ақпарат өз кедергісін болашақта келтіру мүмкін. Сондықтан да түйіндеме тек шындықты көрсету керек. - Түйіндемеде жалған ақпаратты жазып, өтірік айтудың қажеті жоқ.
- Өзіңізді асыра мақтап, өтірікті шындай, шындықты мөлшерінен тыс айту дұрыс емес. Жалған ақпарат өз кедергісін болашақта келтіру мүмкін. Сондықтан да түйіндеме тек шындықты көрсету керек.
- Егер де сіздің түйіндемеңіз арқылы өзіңізді көрсеткіңіз келсе, әуелі өзіңізге баға беріңіз. Артықшылықтарыңызды тізіп шығыңыз. Жөн деп санаған қасиетіңізді түйіндемеге енгізіңіз.
- Түйіндемеде артықшылықтар, білім мен кәсіби біліктіліктен басқа қызығушылық, жетістіктер пен қосымша ақпарат бөлігі толтырылу керек. Тек оның өзін толтырғанда мұқият болу керек.
Қызығушылыққа «суретке түсу», «компьютер ойнау», «ғаламторды пайдалану» деп жазу үлкен қателік. Орнына «кітап оқу», «психология», «саяхат» деп жазған абзалырақ. - Қызығушылыққа «суретке түсу», «компьютер ойнау», «ғаламторды пайдалану» деп жазу үлкен қателік. Орнына «кітап оқу», «психология», «саяхат» деп жазған абзалырақ.
- Қосымша ақпаратқа жоғары оқу орнынан тыс алған біліміңіз, яғни оқыған дәрістеріңіз, тіл білімі көрсетілу керек.
ТҮЙІНДЕМЕ 2 - Түйіндеме коммерциялық кәсіпорындарға жұмысқа қабылдауда талап етілетін кеңінен тараған құжат болып табылады. Түйіндеменің ерекшелігі білімі және еңбек жолы туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен жазу болып табылады.
РЕЗЮМЕ - Резюме является распространенным документом при приеме на работу в коммерческие предприятия. Особенностью резюме является изложение сведений об образовании и трудовой деятельности в обратном хронологическом порядке.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз. - Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы неде ?
- Түйіндеме не үшін жазылады ?
- Түйіндемеде қандай мәліметтер болу керек ?
2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз. - Азаматтығы туралы мәлімет, тілдік дағдылары, жұмыс тәжірибесі, нарық заманы, кысқа әрі нақты, жұмысқа орналасу, компьютерлік сауаттылығы, ұйымдастырушылық қабілет, алға қойған міндеттер, спортқа қатысы, бос уақытында шұғылданатын ісі, ғылыми дәрежесі.
3-жаттығу. Түйіндеме үлгісімен танысыңыз. - АТЫ – ЖӨНІҢІЗ
- Туған жылы: 15. 02. 1969 ж.
- Ұлты: қазақ
- Жынысы: әйел
- Отбасы жағдайы: ұрмыста
- Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы
- Білімі: жоғары
- 1992 - 1995 ж ж. Әлем тілдері университеті, халықаралық қатынастар факультеті 1984-1991 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, заң факультеті Кәсіби тәжірибесі: 1996 - 2001 жж. "Саяхат"туристік фирмасы, кеңесші-заңгер. (Алматы қаласы) 1994 - 1996 ж.ж. «Сенім» нотариалдық кеңсесі, кеңесші-заңгер (Алматы қаласы). Тілдік дағдылары: қазақ тілі - ана тілі, орыс тілі - еркін, ағылшын тілі — өте жақсы .
- Компьютерлік сауаттылығы: Windows 98, Word , Ехсеl, Intегnеt.
- Жеке қасиеттері: ұстамдылық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық және басқарушылық кабілет. т. б. Қосымша ақпараттар: «Lifе» адвокаттық кеңсесінің сертификаты (Лондон қ., 1998) Қызығушылығы: БАҚ, жарнама, спорт, саяхат.
- Тапсырма. Өзіңіздің түйіндемеңізді жазыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |